Оқытудың түрлі формаларын пайдаланудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне біріктіруге бетбұрыс жасауда. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Оссыған орай, ғылыми – зерттеу барысында әлемдік озық тәжірбиелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде.
Он бес жастағы оқушылардың білім мен білік дағдыларын халықаралық деңгейде бағалау барысында, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қатынасатын елдердіің мүшелері РІSА жобасы жасаған.
Онда мектепті бітіретін оқушы қоғамдағы өз орнын табу үшін қаншалықты білім мен білікті меңгергенін білу мақсатында құрылған бағалау жобасы үш бағытта жүргізіледі.
оқытудағы сауаттылық;
математикалық сауаттылық;
жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық.
«Сауаттылық» тирмині білім, білік, дағды мазмұнын бағалаудың кеңдігін көрсетеді. Біріккен ұлттар мен сауаттылықтың он жылдығы (20003-2012 жж.) құжаттарында сауаттылық дағдыларының жаңа түсінігі – адамның өзгермелі жағдайға бейімделуге арналған ақпараттарды іздеп табуы және пайдалануы, оның қоршаған ортаның шақыруларына тиімді қарсы тұра білу біліктілігі деп берілген.
Халықаралық практикада білім стандарты күтілетін нәтижелер (білім нәтижелері) түрінде берілген білім мақсаттарының жүйесі деп қарастырылып, «Нәтижеге бағдарланған білім моділіне» көшуге басым бет беріледі. Онда білім компонентілігі оқушының жеке пәндер бойынша бірін- бірінен пәндер алшақтықта емес, кешенді түрде жеке тұлға бағдарланған (білім, білік, дағыны) іс-әрекет білім комонентілігін қабылдауы қамтамасыз өтеді. Бұл жағдайда білім компоненттілігі көпжажақты қызымет атқарып, білім «объектті» болудан «тірі» білімге айналатын байқадық. Оқытудағы оқушының сапалық сиипаттамасының құрамдас бөлігі ретінде базалық компетенцияларының ауқымды сипат түрінде нақтыланған мақсат оқытудың күтілетін нәтижелерін береді.
Оқу сапасын жетілдіруде білім мақсаттарының күтілетін нәтижеге бағдарлануы жан – жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін бәсекеге түсе алатын жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектепте оқушыларды оқытудың сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады. Мектептегі әрбір оқушы даму динамикасын және оқу барысында алған білім нәтижесін сапасын жан – жақты және әділ бағалануға қол жеткізу.
Осыған орай мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және жаңа технологияларды пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысынын қалыптасуына басты назар аударылуы. Білім мазмұнында жаңа процессуальдық біліктілік ақпаратты алдын-ала болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөледі. Саралап және даралап оқытуға басым бағыт беріледі. Ақпаратты білім дәстүрлі тәсілдері- ауызша және жазбаша сөйлеу, компьютерлік құралдармен байытылады. Оқытудың механиткалық естілуінен - ақыл-ой процесінің дамуына статистикалық білім модулінен динамикалыққа, орта білетін оқушыға бағдарлап оқытудан саралап және даралап оқытатын бағдарламаға оқытудың сыртқы мотивациясының
ішкі адамгершілік еркін басқаруға мектеп және қоршщаған ортасының шығу процесіне басым бағыт беріледі.
Жалпыға міндетті орта білім стандарттарын білім объектісі ретінде білім мазмұны алынған болса, өркениетті елдердің тәжірбиесінде білім объектісі ретінде – оқыту нәтижесі алынған. Осыған орай, білім мазмұнын жаңарту мен оқытуды түрлі формаларын пайдалану және жаңа білім моделіне көшуді іске асыру жұмыстары кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. «Математика» білім саласы бойынша күтілетін нәтижелер білім мазмұнын жетекші компоненттері және білім, түсіну, қолдану, жоғары, сипаттағы біліктер деп саналатын категориялар арқылы бейнеленген оқу материалдарын меңгеру деңгейлерін ескере отырып, анықталады. Күтілетін нәтижелер барынша маңызды білім, дағдыларды, қатынастарды ғана бейнелеп қоймай, оқушылардың оқу жетістіктерінің біртіндеп даму динамикасын көрсетеді.
Жаңа білім моделіне көшудің бұрынғы жүйеден айырмашылығы оқушының жетістігінің өлшемдері жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |