Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері
Әлемдік педагогикалық ойдың тарихы мен мектепте оқытудың практикасында оқытуды ұйымдастыру формалары жүйесіне берік көзқарас қалыптасты. Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «Forma» сыртқы көрініс дегенді білдіреді, Сыртқы сызық белгілі орныққан тәртіп. Философиялық сөздікте: «Түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген анықтама береді. Яғни «Түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен сабақтастықта. Жоғарыда «Түрлері» ұғымының мәнін басшылыққа отырып, оқытудың формасына былай анықтама беруге болады: «Оқыту формасы – оқу материалын меңгеруден оқушылардың өзара әрекеті». Оқыту формасы әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс- әрекетіне тәуелді болады. Ресей педагогы Чередов И.М. бойынша: «Педагогикалық іс- әрекетті бұл бірімен–бірі, өзара байланысты ықпалдасық, әсер етушілік белгілі-бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің қарым -қатынасы» деп түсіндіріледі. Оқытудың формасы – оқыту үрдісінің белгілі -бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс- әрекетін басқару мен оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас болып саналады. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішімін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткішімен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.
Педагогикалық сөздікте: «Оқуды ұйымдастыру формасы- оқудың -әдіс тәсілдерін тиімді қолдануды жүзеге асыру үшін оқушыларды топтастыру» деп анықтама берілген.
Г.Усмановтың «Педагогика» атты оқулығында: «Оқытуды ұйымдастырудың формасы- бұл мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ұйымдастырылған белгілі-бір тәртіппен өтілетін жұмыс» деп қарастырылады.
Оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі-бір тәртіп пен режим негізінде жүзеге асырылатын оқыту процесін ұйымдатыру тәсілі.
Мектептердің даму тарихыда ұлы педагогтардың тұжырымдамалары және оқуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары белгілі. Оның дамып жетілуі, қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап- мүдесіне қатысты.
Оқытуды тиімді ұйымдастыру мәселелерімен педагогиканың «дидактика» деп аталатын арнаулы саласы шұғылданады. Дидактика бұл - білім мен оқытудың теориясын жасап шығаратын, педагогика саласы. Дидактиканың негізгі проблемалары оқыту процесінің заңдылығын ашу, білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын жасап шығару болып табылады.
«Оқытуды ұйымдастыру формасы» ұғымының мәнін ашу үшін оқыту ұғымының педагогикалық анықтамасына тоқтала кетейік.
Оқыту- жеке адамның қалыптасуының және бірінші кезекте, ақыл -ойы мен жалпы білімін дамытудың маңызды құралы. Оқытудың білім алудың қалған барлық басқа түрлерінен және өздігінше білім алудан мынадай айырмашылығы бар. Ол белгілі бір жүйеде және жоспар бойынша, мұғалімнің басшылығымен өтіп жатқан бағдарлы мақсатқа бағытталған процесс болып табылады. Әрбір пәнді оқыған кезде оқушылар білімнің кейбір жиынтығын меңгереді және сол саламен байланысты белгілі іскерлік пен дағдыға ие болды. Іскерлік – деп іс жүзіндегі қимыл шәкірт алған білімнің негізінде жүзеге асырылатын және жаңа білім алуға алдағы уақытта ықпал жасай алатын әрекет деп айтуға болады.
Сонымен оқытуды ұйымдастырудың формасы ұғымының мәні «Оқыту» және «Ұйымдастыру формалары» деген категориялардың жиынтығы ғана емес, олардың синтезі болып табылады.
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігімен сұраныстың талап- мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың формалары бойынша жіктеледі:
Оқушылар санына байланысты оқытуды ұйымдастырудың формасының жіктелуі мынадай:
Оқытуды ұйымдастыру формасы (оқушының саны мен құрамы)бойынша
Көпшілік Топтық Жеке -дара 1.
1.Пәндік олимпиада 1. Сабақ 1. Үй жұмысы
2. Оқу конференциясы 2. Cаяхат 2. Қосымша жұмыс
3. Өндірістік тәжірибе 3. Экскурсия 3. Консультация
Оқыту процесінің әрқашанда мұғалімнің басшылығымен өтеді. Сын көзімен қарамаушылықтың нәтижесінде оқытудың әртүрлі формалары шетел педагогикасынан ауысып, мектептерде қолданылады. Біріншіден, мұғалім ролінің төмендеуі; екіншіден оқушылардың ғылым негіздерінен терең білім алуына зиянды әсер етті.
Ғалым-педагогтардың тәжірибелері бойынша оқытуды ұйымдастырудың формаларын былайша топтастырылады:
жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді);
жеке жұптық (оқушы-оқушымен, мұғалімнің оқушымен қарым- қатынасы, жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметімен) айқындалады.
жеке топтық: топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады. (оқытудың бұл түрлі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).
Өзара бірлескен оқыту.
Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі – оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі.
Бригадалық оқыту, тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші – бригадир, оқытудың бұл түрі ХХ- ғасырдың 20- жылдарына тән.
Мектеп практикасының тарихында оқытуды ұйымдастырудың сыныптық оқу жүйесін зерделеу және қорытынды, сабақтың орнықты ғылыми теориясын жасауды алғаш рет қолға алған А.Я. Коменскии болды.
Я.А. Коменский «Ұлы дидактика» (1632) атты әйгілі еңбегінде сабақтың бір мезгілде басталуы; сабақтың белгілі-бір уақыттағы; сабақ арасындағы үзіліс; топтағы балалардың саны мен жас шамасының біркелкілігі; материалды оқыту қарқынының бірдейлігі; сабақты белгілі-бір ұйымдастырылған түрде өткізу мұғалімнің түсіндіруіне оқушылардың назарын аудару; оқушыларға сұрақтар қою, тақырыпты игеруін бақылау сияқты талаптарды қанағаттандыратын оқу сабақтарын өткізетін топтың түрінің тиімділігін және қажетті теория жүзінде негіздеді. Сыныптық оқу аталған топтық оқытудың осындай түрі кеңіннен таралып, нығая бастады және қазірдің өзінде жетілдіру үстінде.
А.Әбілқасымованың «Қазіргі заманғы сабақ» атты еңбегінде «Оқытуды ұйымдасырудың негізгі формасы » сыныптық – сабақтық жүйесінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді:
жастары және дайындық деңгейлері біркелкі оқушылар бір сыныпты құрайды және мектептегі оқыту кезеңінде негізінен тұрақты құрамын сақтап қалады.
Сынып тұрақты кестеге сәйкес, бірыңғай жылдық жоспармен және бағдарламамен жұмыс істейді.
Сабақ оқудың негізгі бірлігі болып саналады.
Сабақ оқу пәніне, тақырыпқа арналады, Сондықтан сынып оқушылары сол материалмен жұмыс істейді.
Сабақта оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық жасайды, ол аз пән бойынша оқу нәтижесін, әрбір оқушының мегеру деңгейін жекеше бағалайды және оқу жылының соңында оқушыны келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылданды.
Оқудың сыныптық – сабақтық жүйесі осы кезге дейін әлем педагогтарын ойландырып келеді. Оның жетістіктері мен кемшіліктері дидактика жөніндегі көптеген оқу пәндерін оқыту әдістері жөніндегі көптеген іргелі еңбектерде сондай -ақ педагогикалық психологиялық өнімдегі еңбектерде жан-жақты талданған және сипатталған. Бұл еңбектердің авторлары оқытудың сыныптық сабақтық жүйесінің даралап оқытумен салыатырғанда бірқатар артықылықтарын және кемшіліктерін атап көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |