Бөж тақырыбы: Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру


Өндірістік үрдіске қатысты кіруші бақылау, операциялық бақылау, шығушы операция болып бөлінеді



бет2/12
Дата29.11.2022
өлшемі0.64 Mb.
#466055
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Аул шар өндіріс бөж 2 аралқ

Өндірістік үрдіске қатысты кіруші бақылау, операциялық бақылау, шығушы операция болып бөлінеді.

  • Кіруші бақылау дегеніміз кәсіпорынға келіп түсетін материалдық-техникалық жабдықтау элементтері мен сыртқы серіктестік байланыстарды бақылау жұмыстарын жатқызатын болса, операциялық бақылауға өнімді өндіру және құрастырудың барлық сатыларын бақылау жатады.
  • Шығушы операцияға дайын өнімді,жиынтық бірлікті, аяқталған дайын бөліктерді бақылау жатады.
  • Атқаратын міндетіне қарай бақылау ағындық, қабылдау, инспекциялық болып үш топқа бөлінеді. Ағындық (ескерту) бақылауға өндірістегі ақауды болдырмау мақсатында болатын бақылау түрін айтамыз. Қабылдауды бақылау іске жарайтын еңбек заттарын қабылдау және олардың ақауларын анықтау үшін жүргізілетін бақылау жатады. Инспекциялық бақылау өнім сапасын бақылаушылардың жұмыс сапасын бағалаумен айналысатын қызметкердің жұмысын айтады.
  • Бақылау операцияларын жүргізу орнына байланысты стационарлық және жылжымалы болып бөлінеді.
  • Стационарлық бақылау дегеніміз арнаулы бақылау пунктерінде бақылаушылардың жұмыс істеуін айтады.
  • Жылжымалы бақылауға негізгі жұмысшылардың жұмыс орындарында бақылау жұмыстарын жүргізуді жатқызады.
  • Кәсіпорын техникалық бақылау шартымен жұмыс істейтін жұмысшылардың өндірген өнімін сатуға хақысы бар. Жалпы және ірі сериялық өндірісте тиімді және үнемді бақылауға бақылаудың статистикалық әдісі жатады.
  • Бұл бақылаудың таңдамалы түрі математикалық статистика және ықтималдық теориясына негізделеді. Өндірістік үрдіс кезінде немесе аяқталғаннан кейін еңбек заттарының партиясын таңдау кезінде бағалау жұмыстары жүргізіледі.
  • Техникалық бақылау бөлімінің негізгі міндеттеріне стандарттарға, техникалық шарттарға, бекітілген үлгілерге (эталондарға), жобалау – конструкторлық және технологиялық құжаттарға, жабдықтау және келісімшарттарға сай келмейтін өнім өндіруді болдырмау, оның алдын – алу жұмыстары жүргізіледі. Мұның бәрі өндірістік тәртіпті күшейту, өнім сапасын арттыру үшін өндірістің барлық звеноларындағы жауапкершілікті арттыруды қамтамасыз етеді.
  • Техникалық бақылау бөлімі техникалық бақылау жүйесін жетілдіру және дамытуды қамтамасыз етеді, техникаларды өндіріске енгізуді ұйымдастырады, негізгі өндіріс үшін қажетті құрал – саймандар, комплект бұйымдарын, жартылай – фабрикаттар, материялдар, шикізаттарды бақылаудан өткізеді. Кәсіпорынның бақылау бөлімі кәсіпорын шығарған өнімнің тұтынушылық қасиеттері жөнінде статистикалық және басқа да мәліметтерді жинақтауға, талдауға және қорытындылауға қатысады. Сонымен қатар анықталған конструктивті және өндірістік ақаудың алдын алу шараларын дайындайды. Цехтық бақылау бюросын бас бақылаушы шебер басқарады, қалған бақылаушылар оған бағынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет