- 1. Сертификаттауға өтініш беру. Өтініш беруші өтінішін сертификаттау органына, ол жоқ болса ҚР Мемстандарт комитетіне береді. Сертификаттау органы өтінішті қарап, өтініш берушіге сертификаттауды қандай орган жүргізетінін хабарлайды. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер беріледі.
- 2. Үлгі алу, бірдейлігін анықтау және сынақ жүргізу. Сынақ үлгісін атестатталған сынақ зертханасы немесе сертификаттау органдарының өкілетті мекемелері жүргізіледі. Сынақтан өткен үлгі сертификаттау жүйесінің нақты өніміне тарайтын ережесі бойынша сақталады.
- 3. Өндірісті бағалау. Таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша өндірістің жағдайы немесе сапа жүйесінің сертификаты талданады. Өндірісті бағалау тәсілі сәйкестік сертификатында көрсетіледі.
- 4. Сәйкестік сертификатын беру. Өнімнің сапасы жөніндегі сынақ хаттамасы, өндірісті бағалау нәтижесі және басқа құжаттар сертификаттау органында талданылып, өнімге қойылған талаптарға сәйкес немесе сәйкес емес екендігі туралы тұжырым жасалады. Бағалау нәтижесі жөнінде эксперттің қорытынды жасалып, оң шешім болғанда сертификаттау органы сәйкестік сертификатын береді.
- 5. Сәйкестік белгісін пайдалану. Тұтынушы сертификаттау органынан лицензия алып, алынған өнімді сәйкестік белгісімен белгілеу құқын алады. 6. Инспекциялық бақылау. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау сертификат мерзімі ішінде жүргізіледі, бірақ жылына 1 мәртеден аз болмауы керек.
Қызметті сертификаттау - Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге әзірлік жасап жатыр. Осы ұйымның қызмет саудасының Бас келісіміне (ҚСБК) қол қойған ел, техникалық кедергілер, инвестицияның бір елден бір елге еркін жүруіне кедергі жасамайды. Бас келісім бағалы қағаздар, көлік түрлері, телекоммуникация, құрылыс, банк жүйесі, туризм, білім, медициналық қызметтер т.б. қызмет ету түрлерін қамтиды. Бас келісімге қол қойған ел, қатысушы елдерге өз рыногында ең қолайлы жағдайлар жасауға тиіс, оның ішінде, сауда тарифын төмендету, реттеу мәселелерінің анықтығы, т.с.с. Қызметті сертификаттау, көрсетілетін жұмысқа нақты стандарт талабы болуын қажет етеді. Репспубликада қалыптасқан тұрмыстық қызмет етудің ішінде – шаштараз, монша, тұрмыстық радиоэлектроника, электр аппараттары, бас киім, сәнді бұйымдар тігу, автокөлік жөндеу, химиялық тазарту, кір жуу, аяқ киім тігу және жөндеу, үйді жөндеу т.с.с кең тараған. Нарықтық экономикаға көшкелі халықаралық туризм және қонақ үй қызмет ету жұмысы да кең тарап келе жатыр. Аталған қызмет көрсету жұмысы сертификаттауды талап етеді. Қызмет етудің қауіпсіздігіне байланысты басты міндеті бірнеше сатыларға бөлінеді.
- Қызметті сертификаттау құрылымына мына жұмыстарды қосуға болады: - материалдық қызмет етудің нәтижесін тексеру; - көрсетілген қызметтің сапа жүйесін сертификаттау; - қызмет ететін жұмыскерді аттестациялау; - қызмет ету технология тәсілін аттестаттау; - қызмет көрсететін кәсіпорындарды сертификаттау; - инспекциялық бақылау. Қызметті сертификаттау құрылымы негізінен орындаушының шеберлігін, көрсетілген қызметтің үрдісін, кәсіпорынды аттестациялау, сапа жүйесін сертификаттау, қызмет етудің нәтижесін қалауынша тексеруден тұратындай етіп алуға болады. Ал, инспекциялық бақылауды қызмет ету нәтижесін бағалау, технологиялық бағалау, үрдістің тұрақтылығын тексеру арқылы жүргізуге болады, ол көрсетілген қызметке байланысты таңдап алынады. Қызмет етудің материалдық түрін сертификаттағанда орындаушының кәсіптік деңгейін аттестациялау (шағын кәсіпорындар және кәсіпкерлерді) қызмет ету үрдісін аттестациялау, сапа жүйесін сертификаттау және осы аталған көрсеткіштерді инспекциялық бақылау арқылы жүргізіледі.
- Қызмет көрсетуді сертификаттау үшін халықаралық, регионалдық және ұлттық стандарттардың талаптарын пайдаланады. Қазақстан Рспубликасында қызмет етуді сертификаттауды мемлекет деңгейінде заң, ережелер, негіз болатын стандарттар, классификаторлар пайдаланылады. ҚРСТ-ы кәсіпорын деігейінде нақты қызмет ету түріне техникалық шарт, фирма, кәсіпорын стандарттары, конструкторлық, технологиялық құжаттар рецептер және мөлшерлеуіш құжаттары пайдаланылады.Міндетті сертификаттауда пайдаланылатын құжаттарда адамның денсаулығы мен өміріне қауіпсіздік нормасы, экологиялық параметрлері, қызмет ету тәсілі, технологиялық үрдістің орындалу, орындаушының шеберлігін, сапа жүйесін қамтамасыз ету тәсілдерінің талаптары көрсетілуі тиіс.Сертификаттау жүйесінде қызмет етуді инспекциялық бақылауды сертификаттау органы немесе эксперт-аудитор жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |