Бөж тақырыбы: Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру


Тақырыбы: Өнімді халықаралық, мемлекеттік, салалық және заводтық сертификаттау



бет5/12
Дата29.11.2022
өлшемі0.64 Mb.
#466055
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Аул шар өндіріс бөж 2 аралқ

Тақырыбы: Өнімді халықаралық, мемлекеттік, салалық және заводтық сертификаттау

Орындаған: Божбанбай А.

Тобы: жбт-111

Қабылдаған: Ерденов м.

Түркістан-2022

  • Сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімінің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім. Сертификаттау латыншадан аударғанда «дұрыс жасалған» «деген ұғымды білдіреді. Ол үшін қандай талаптар қарастырылып отырғанын, сол талаптарға сәйкестігін бақылаудың түрін анықтап алу қажет. Бақылаулар, негізінен сынақ зертханаларында іске асырылады. Берілген талаптарға сәйкестік дәрежесін жүйелі түрдегі тексеруді сәйкестік бағасы деп атайды. Сәйкестік бағасы сәйкестікке тексерумен, сәйкестікті қадағалаумен және сәйкестікпен қамтамасыз етулермен тығыз байланысты. Сертификаттау сәйкестікті бағалау бағытындағы іс-әрекеттің бірі болғандықтан, бұл салаға сәйкес келетін терминдер мен анықтамалар бар. Сәйкестікті бағалау – өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғандығының дәлелдемесі. Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу, тексеру және қадағалау сәйкестікті бағалау іс-әрекеттерінің айқын мысалы болып табылады.

Өнімді сертификаттау

  • Өнімдерді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау (импорттық өнімдерге де) бекітілген. Біртекті өнімдерді өзіндік ерекшеліктері бойынша сертификаттау жүйесі келісімді тәртібін жасайды. Тәртіп, өнім сипаты таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша, сертификатталатын өнім нормалық құжаттың қандай талаптарына сай келуін, сертификаттау жұмысы қандай кезекпен жүргізілуін және оның маңызын анықтайды. Сертификаттау тәртібі ИСО/МЭК нұсқауларының жалпы принциптеріне сай болуы керек. Сертификатталатын кезінде тексерілетін тауардың сипаты (параметрлері) мына нышандарға қарай таңдап алынады: - өнімнің бірдейлігін анықтау мүмкіндігі (белгілі бір өндіріс партиясына жатады); - тапсырылған өнімнің техникалық құжатына сәйкестігі; - алынған параметрлер қауіпсіздік нормасын, экологиялық өнімге нормалық құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкес толық және шын анықталуы; - заң актілеріне сәйкес, міндетті сертифкаттауда, басқа талаптарды көрсететін қажетті параметрлерді анықтау. Сертификаттау құрылымын таңдап алғанда өнімді өндірген өндірістің, сынақтың, тапсырудың, нақты өнімнің пайдасының ерекшеліктері еске алынады. Сертификаттау құрылымы Мемлекеттік стандартпен немесе өкілетті сертификаттау органдарымен анықталады. Өз еркімен сертификаттауда өтініш беруші сертификаттау құрылымын таңдап алып сертификаттау органына ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет