“Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,” Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен, Халқымның қарапайым бір ұлымын, Жанымды арым үшін құрбан еткен”.— деген жолдар арқылы Бауыржан Момышұлы өзiнiң адами, азаматтық болмысын бiрауыз өлең жолымен танытқанды. Белгілі ғалым, әдебиеттанушы Мекемтас Мырзахметов Бауыржан Момышұлының алғашқы ақындық талабы жайлы “Бауыржан батыр” деген кітабының алғы сөзінде: “Баукеңнің бойындағы ақындық қуаттың бүршігі ерте белгі бергендігін мектеп ұстазы Тәңірберген Отарбаев та байқаған. Шәкіртіне шығарма жаздырып, қабілеттерін байқау үстінде бала Бауыржанға сенен ақындықтың иісі шығады” дептi-деген дерек бередi. Белгілі ғалым, әдебиеттанушы Мекемтас Мырзахметов Бауыржан Момышұлының алғашқы ақындық талабы жайлы “Бауыржан батыр” деген кітабының алғы сөзінде: “Баукеңнің бойындағы ақындық қуаттың бүршігі ерте белгі бергендігін мектеп ұстазы Тәңірберген Отарбаев та байқаған. Шәкіртіне шығарма жаздырып, қабілеттерін байқау үстінде бала Бауыржанға сенен ақындықтың иісі шығады” дептi-деген дерек бередi. Бауыржан Момышұлының бойындағы шыншылдық пен әділдік, пікірдегі батылдық жас кезiнде жазған тырнақалды өлеңдерінің өзінен айқын аңғарылып тұрады. 20-22 жастағы жас жігіттің “Біреулерге”, “Омарбекке” деген өлеңдерінде 1930 жылғы асыра сілтеу мен ашаршылықтың себепкері болған ұрда жық надан белсенділердің сотқарлық қылығы айқын көрiнiс табады. Жас талаптың: Жалғыз сиыр қалмады “ет планнан”. Ет етсіз, бала сүтсіз қалып кетті, Барып ең уәкіл боп сен ауданнан”, — деген өлең жолдарында қазақ жұртын қайғылы қасіретке ұрындырған қара бұлттың қоюланып келе жатқан қалпы дөп көрiнiп, дәл суреттелген. Белгiлi ақын Сырбай Мауленов Баукеңнiң ақындығы жайында: Белгiлi ақын Сырбай Мауленов Баукеңнiң ақындығы жайында: “Бауыржан өлең соңына түспегенмен әр кезде өзінің көңіл күйін дәптер бетіне жазып отырған. Оның толық бір кітаптық өлең-жырлары бар. Әрине, оның бәрі алтын емес. Қызу майдан үстінде, қараңғы окоп ішінде асығыс ат үсті, ұйқас, ырғағы шала-шарпы жасалған жырлар да ұшырайды. Бірақ Бауыржанның қай өлеңін оқысаң да майдан ақиқаты, солдат өмірі кең көсіліп жатады. Сонау өткен сұрапыл соғыс өзінің қатал шындығымен қарсы алдыңнан өтеді.Соғыстан кейінгі жылдары қазақ прозасындағы соғыс тақырыбы талай жазушыларымыздың шығармашылық iзденiсiне жол ашты. Туындыгерлердiң осы тақырыпқа жазған туындылары әдебиетіміздің сапалық тұрғыдан баюына аз үлес қосқан жоқ. Отан сүйгiштiк, патриоттық сезiмдер бұл шығармалардың негiзгi желiсiне айналды. Совет армиясын, советтiк құрылысты орынды-орынсыз мадақтау пафосы кей шығармалардың көркемдiк iзденiстерiне нұқсан келтiргенмен, соғыс тақырыбы кемшiлiктi жамап-жасқап жiбергендей әсер қалдырады. Әрине, ол кезде кеңес дәуірінің де аяқталар күнi жетерiн ешкім сезіп, болжай алмағанды, ал жазушылардың қиялы қанша биікке шарықтасадағы ондай ойға ерiк бермегендi. Сол заманда қоғамдық әлеуметтік орта қалай өмір сүріп, әрекет етсе, көркем проза да дәл солай өмір сүрді. Осы тұста қаламгерлер қандай көкейкесті тақырыптарды, өмірдің нендей өзекті құбылыстарын бейнелеуді негізгі нысаны етті дегенде, сөз жоқ, жеңістің оңайшылықпен келмегенін айта отырып, майдандағы сұрапыл соғысты қилы-қилы қырынан көрсетіп, тереңірек таныту мәселесіне, жауынгерлердің әр алуан жақтарын шынайы суреттеуге көңіл бөлді деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |