Төлен Әбдіков Әңгіменің аты



бет1/5
Дата12.12.2023
өлшемі51.47 Kb.
#486287
  1   2   3   4   5
оқуға құштар қонақтар 8 (1)


Авторы:Төлен Әбдіков
Әңгіменің аты: «Қонақтар» әңгімесі
Кейіпкерлері:
Ерғабыл қарт-Мадияров Аслан
Кемпірі-Дайрабай Дильназ
Сапабек(ұлы)-Райымбек Әлішер
Тома (келіні)- Қалжанова Жанель
Жеңіс(немерсі)-Айтмахан Мирас
Ауыл адамдары-Мадияр Мақсат,Қожахмет Сәулет
Аспандияр (әнші жігіт)-Мәделі Эльдар
Абыл қарт-
Автор: Курорттан қайтып бара жатқан сапарларында жолай үйге соқпақ болған балаларын күтіп, Ерғабыл шал түн ортасы ауғанда жатса да, ертеңіне күн шықпай оянды. Алагеуімде үндемей жүріп киініп алды. Мәсісін де, шұлғауын да ешкімнен сұраған жоқ. Кенет әжептәуір қатқыл дауыспен:
Ерғабыл қарт: Әй, шақшам қайда?
Автор: Кемпір естіді ме, естімеді ме — міз бақпады. Ерғабыл оның үстіне сәл төне түсіп:
Ерғабыл қарт: Кемпір, шақша көрмедің бе
Кемпір: Байғұс, «қайдалайды» да жүреді екенсің! Қойған жеріңді ұмытып қаласың ба?!. Мә.
Автор:Ерекең ләм-мим демей, алдымен бір атым насыбайды ерніне тастап, шақшасын қалтасына салды. Кемпірі басын ұстап, қайтадан төсегіне жантайды.
Кемпір: Басым сынып, өлейін деп жатырмын, мазалай бермеші.
Ерғабыл қарт: Өлсең, Бағила кемпірді алып келемін.
Кемпір: Иә, жетісерсің! Бала бір жақта, біз бір жақта. Мына қу моладан сүйегімізді табар бір күні. Осы Қаратүбектің басында жұмақ тұрғандай екі елі қия баспайсың... Бүгін келсін балалар, көрерсің, еріп кетемін. Қал жалғыз өзің, омалып. Кеше ноқтаның сағағын байламапсың ғой, кер кұлын ағытылып кетті.
Ерғабыл қарт:Ие, бүған бірдеңе айтсаң, бұл бірдеңе айтады.
Кемпір: Сен шал алжисың. Осы ғой міне, алжыған деген осы шығар. Екі бие сенің басыңа көктас қоя ма?
Автор: Ерекең ыңырана әндетіп, таяғына сүйенді.
Таяғына қаттырақ сүйенген Ерекеңнің жақ еттері жыбырлап, көздері қызарып, жасаурап кетті. Тым әріде, көз нұры, көңіл құрығы жетпейтін тым әріде қалған бейшара бір сағыныш жүрегінің түбін әлсіз түртіп, онсыз да қаусағалы тұрған әдіре қалғыр ит жанын күйзелткендей болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет