Бойынша әдістемелік ұсыным Астана, 2023


Аралық аттестаттау тапсырмасы мазмұнының сипаттамасы



бет18/22
Дата16.01.2024
өлшемі87.45 Kb.
#489230
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
04.01.24 ж Қазақ тілі ӘҰ

6. Аралық аттестаттау тапсырмасы мазмұнының сипаттамасы
«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша білім алушының оқу үлгерімін тексеруге берілген мәтін саны, эссе тақырыптарының саны – 4.
Сөз саны кесте бойынша көрсетілген.

р/с

Сыныбы

Сөз саны (Қазақ тілі)

Сөз саны (Қазақ тілі мен әдебиеті)

1

5

100-110

80-90

2

6

110-120

90-100

3

7

120-130

100-110

4

8

130-140

110-120

5

10 (ҚГБ, ЖМБ)

140-150

120-130



«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен эссе жазуда тапсырмалардың мазмұны ақпаратты түсіну, мәтіннің құрылымы мен негізгі ойын түсіну, мәтіннің стильдік ерекшелігін тану, проблемалық сұрақтар құрастыру, түрлі дереккөздерден ақпарат ала білу, мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау, түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық нормаларға құрылған.
7. Эсседегі тапсырмалардың қиындығы: әр сыныптың жас ерекшелігіне сай берілген.
8. Білімді тексеру тапсырмасының формасы: (тыңдалым, айтылым) оқылым, жазылым дағдыларын қолданып эссе жазу
9. Білімді тексеру тапсырмаларын орындау уақыты: орындау уақыты – 90 минутты құрайды. Жалпы эссені жазу уақыты берілген тапсырмаларды оқуға жұмсалатын уақытты ескере есептелген.
10. Білімді тексеру тапсырмалары мен жалпы жұмысты бағалау: Критериалды бағалау жүйесімен байланысы білім алушыларды аралық аттестаттау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүйесінің бөлігі болып табылады. Дұрыс орындалған тапсырма үшін оқушы жиынтық балл (5 балл) жинайды.

1-кесте - Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы


(оқыту қазақ тілінде)



р/с

Сөйлесім әрекеті

Балл қою нормативі, ең жоғары балл

5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

1

Оқылым

1-тапсырма - 0,5 балл;
2-тапсырма - 0,5 балл

1

6

2

Жазылым

- құрылымын сақтауы – 0,5 балл;
- мазмұны - 2 балл;
- лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 0,5 балл

3

18

3

Әдеби тіл нормалары

1 балл

1

6










5

30

2-кесте Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы


(оқыту өзге тілде)



р/с

Сөйлесім әрекеті

Балл қою нормативі, ең жоғары балл

5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

1

Тыңдалым

1-тапсырма - 0,5 балл;

0,5

3

2

Айтылым

1-тапсырма - 0,5 балл;

0,5

3

3

Оқылым

1-тапсырма - 0,5 балл;
2-тапсырма - 0,5 балл

1

6

4

Жазылым

- құрылымын сақтауы - 0,5 балл;
- мазмұны-1 балл;
- лексика-грамматикалық норманы сақтауы - 0,5 балл.

2

12

5

Әдеби тіл нормалары

1 балл

1

6










5

30



11. Аралық аттестаттау тапсырмаларының үлгілері

(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)




5-сынып.
1) Оқылым. (1 балл)
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды табады.
2-тапсырма. Мәтіндегі нақты ақпараттармен мәтінді мазмұндау жоспарын құрады.
«Саяхатты бала күнімнен бастадым. Алғашқы әскери дайындық деген пәннен Нұрлан деген ағайым балаларды тауға алып шығатын. 5-6-сыныптан бастап тауға шыға бастадым. Саяхатқа деген қызығушылық солай оянды. 2015 жылы алғаш рет шетелге шықтым. 25 жасымда алғаш ұшаққа міндім. Іссапармен Түркияға барып келдім.
«Саяхатқа көп ақша керек» деп ойладым. Саяхат деген «міндетті түрде шетелге бару, ұшақпен ұшу» деп түсіндім. Мен сияқты көп адам саяхаттау «міндетті түрде шетелді көру» деп ойлайды. Бірақ саяхаттау туған жеріңді аралаудан басталатынын түсіндім.
Жасым 30-ға таяған шағымда 5 елді көргенмін, бірақ өзімнің ауылымның жанында тұрған Көлсайды көрмеппін. Кейбір адамдар сонау алыс шетелдерден Көлсайды көру үшін келеді. Дәл солай Алматыда тұрып, Медеуге бармағандар қаншама?! Алматыда тұрып, Көктөбеге шықпайтындар бар. Алматының маңында әдемі жер көп. Шарынға бармаған, Көкжайлауға шықпаған адам көп. Ұлытауда тұрып, Жошының кесенесін көрмегендер бар. Астанада тұрып, Көкшетауға, Бурабайға бармағандар бар. Шығыс Қазақстанда, Өскеменде тұрып, Катон-Қарағайды көрмегендер бар. Айта берсең көп.
Алыс шетелді аңсау міндет емес. Саяхат деген туған жерді аралаудан басталады. Туған жердің кереметтерін танып алсаң, алыс шетел туралы ойлана бер.
(Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/84063/)
Тапсырманы орындау.
Нақты ақпараттар: саяхатқа қызығушылықтың оянуы бала кездегі тауға шығудан басталған. Саяхатқа шығуды шетел көру деп ойлаған. 30-ға жас келгенде іргесіндегі Көлсайды көрмей, 5 шет елді көргенін түсінген. Туған жерді аралау әлем танудың (саяхаттың) басы деп бағалаған.
Мазмұндау жоспары:

  1. Нұрлан ағаймен тауға шығу

  2. Саяхаттауға қызығушылықтың оянуы

  3. Алғаш ұшаққа міну

  4. «Саяхатты шетел көру» деп ойлау

  5. 5 шет елді көріп, Көлсайды көрмеу

  6. Саяхатты туған жерден бастау

2) Жазылым. (3 балл)
«Табиғатқа саяхат туған жерді танудан басталсын» тақырыбында кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қамтып, лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, оқылым мәтініндегі оқиғаны сипаттап немесе кейіпкерді суреттеп эссе жазады.
Үлгі:
Саяхаттың табиғатқа, тарихи орындарға, теңізге, су астына сияқты алуан түрі бар. Ол саяхатшының қызығушылығына байланысты. Саяхаттаумен туған жерін жақсы таныған адам өзге елді танып, мәдениетін үйреніп, дүниетанымын кеңейте алады.
Ал мен табиғатқа саяхаттауды жақсы көремін. Қалың орман, құстар үні, кең дала, жәндіктердің әрекеттері мені қызықтырады. Мәтіндегі кейіпкер Көлсайдың маңында тұрса да, Қазақстанның көптеген ғажайыптарын көзімен көрмеген. Сондықтан мен кейіпкердің қателігін қайталамай, өз айналамдағы ғажайыптарды түгел көріп шығуды мақсат етемін.
Қорыта келе айтарым, ақшаң болса, шетелге саяхаттай ғой. Алайда кейіпкерім айтқандай, «Саяхат деген туған жерді аралаудан басталады». Сол себепті мен туған жерімнің кереметтерін танып алып барып, алыс шетел туралы ойланатын боламын. (100 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет