Бойынша әдістемелік ұсыным Астана, 2024



бет19/22
Дата12.04.2024
өлшемі87.79 Kb.
#498492
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
ҰБА әд. ұсынымдары 2024 Аралық атт. (1)

3) Әдеби тіл нормалары (1 балл). зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады.
Эссе мәтінінен бір зат есімді алып, септік жалғаулары арқылы түрлендіріп көрсет.
Жауап үлгісі:
А. саяхат - не?
І. саяхаттың - ненің?
Б. саяхатқа - неге? қайда?
Т. саяхатты - нені?
Ж. саяхатта - неде? қайда?
Ш. саяхаттан -неден? қайдан?
К. саяхатпен - немен? қалай?


12. Аралық аттестаттау тапсырмаларының үлгілері


(оқыту өзге тілдегі сыныптар үшін)
5-сынып.
1) Тыңдалым. Мәтін тыңдап, сұрақтарға жауап береді (0,5 балл).
2) Айтылым. Тыңдаған мәтін бойынша диалогқа түседі (0,5 балл).
3) Оқылым. (1 балл)
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды табады.
2-тапсырма. Мәтіндегі нақты ақпараттармен мәтінді мазмұндау жоспарын құрады.
«Саяхатты бала күнімнен бастадым. Алғашқы әскери дайындық деген пәннен Нұрлан деген ағайым балаларды тауға алып шығатын. 5-6-сыныптан бастап тауға шыға бастадым. Саяхатқа деген қызығушылық солай оянды. 2015 жылы алғаш рет шетелге шықтым. 25 жасымда алғаш ұшаққа міндім. Іссапармен Түркияға барып келдім.
«Саяхатқа көп ақша керек» деп ойладым. Саяхат деген «міндетті түрде шетелге бару, ұшақпен ұшу» деп түсіндім. Мен сияқты көп адам саяхаттау «міндетті түрде шетелді көру» деп ойлайды. Бірақ саяхаттау туған жеріңді аралаудан басталатынын түсіндім.
Жасым 30-ға таяған шағымда 5 елді көргенмін, бірақ өзімнің ауылымның жанында тұрған Көлсайды көрмеппін. Кейбір адамдар сонау алыс шетелдерден Көлсайды көру үшін келеді. Дәл солай Алматыда тұрып, Медеуге бармағандар қаншама?! Алматыда тұрып, Көктөбеге шықпайтындар бар. Алматының маңында әдемі жер көп. Шарынға бармаған, Көкжайлауға шықпаған адам көп. Ұлытауда тұрып, Жошының кесенесін көрмегендер бар. Астанада тұрып, Көкшетауға, Бурабайға бармағандар бар. Шығыс Қазақстанда, Өскеменде тұрып, Катон-Қарағайды көрмегендер бар. Айта берсең көп.
Алыс шетелді аңсау міндет емес. Саяхат деген туған жерді аралаудан басталады. Туған жердің кереметтерін танып алсаң, алыс шетел туралы ойлана бер.
(Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/84063/)
Тапсырманы орындау.
Нақты ақпараттар: саяхатқа қызығушылықтың оянуы бала кездегі тауға шығудан басталған. Саяхатқа шығуды шетел көру деп ойлаған. 30-ға жас келгенде іргесіндегі Көлсайды көрмей, 5 шет елді көргенін түсінген. Туған жерді аралау әлем танудың (саяхаттың) басы деп бағалаған.
Мазмұндау жоспары:
1. Нұрлан ағаймен тауға шығу
2. Саяхаттауға қызығушылықтың оянуы
3. Алғаш ұшаққа міну
4. «Саяхатты шетел көру» деп ойлау
5. 5 шет елді көріп, Көлсайды көрмеу
6. Саяхатты туған жерден бастау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет