3. Жобаның мақсаты
Пәнаралық интеграцияның мазмұндық-технологиялық негіздерін зерттеу. ЖОО-да, орта мектепте физика, математика және ақпараттық технологиялар пәндерін оқытудың теориялық тұжырымдамасын жасау.
4. Жобаның міндеттері
Зерттеудің мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылады:
1) Пәнаралық интеграцияның мазмұны мен технологиялық негіздерін ашу.
2) ЖОО жағдайында оқу процесін ұтымды ұйымдастырудың объективті қажеттілігі ретінде физика-математика пәндерін және ақпараттық технологияларды кіріктіріп оқытудың мәні мен ерекшелігін анықтау.
3) ЖОО-ның, орта мектептің оқу үрдісінің ерекшеліктерін ескере отырып физика-математика пәндерін және ақпараттық технологияларды кіріктіріп оқытудың теориялық моделін жасау және интегративті оқытудың тиімділігін тәжірибеде тексеру.
5.Күнтізбелік жоспар
№
|
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының атауы
|
Орындалу мерзімі
|
|
Физика-математикалық пәндер мен ақпараттық технологияларды оқытудағы пәнаралық интеграция
|
2023-2025ж.ж
|
1
|
Университетте физика-математика пәндерін және ақпараттық технологияларды оқытуда пән аралық интеграцияны жүзеге асырудың теориялық-әдістемелік негіздері
|
2023 жыл
|
1.1
|
Пәнаралық ықпалдастық және оны білім алушы тәрбиесінде жүзеге асыру ерекшеліктері.
|
Маусым, 2023 жыл
|
1.2
|
Ғылыми мақалалар әзірлеу және баспадан шығару.
|
Желтоқсан, 2023 жыл
|
2
|
Болашақ мамандардың зерттеу құзіреттілігін қалыптастыру құралы ретіндегі пән аралық интеграция негізіндегі кәсіби-бағдарлы міндеттер кешені.
|
2024 жыл
|
2.1
|
Физика-математика пәндерін және ақпараттық технологияларды оқытуда кәсіби-бағдарланған тапсырмалар кешенін жүзеге асырудың іріктеу критерийлері мен технологиясы.
|
Маусым, 2024 жыл
|
2.2
|
Білім алушыларды пәндік олимпиадаға дайындаудың кәсіптік бағдарлы тапсырмалары.
|
Желтоқсан, 2024 жыл
|
3
|
Тәжірибелер жүргізу.
|
2025 жыл
|
3.1
|
Эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру.
|
Маусым, 2025 жыл
|
3.2
|
Эксперимент нәтижелерін статистикалық талдау.
|
Желтоқсан, 2025 жыл
|
3.3
|
Аралық және қорытынды есептер.
|
2023, 2024, 2025
|
Достарыңызбен бөлісу: |