2-қосымшаға сәйкес, жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан өтінім және осы жоғары оқу орнының оқу кеңесінің ұсынымы (жоғары оқу орындарының бітірушілері санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін);
4) электрондық құжат көшірмесі түріндегі, таңдап алынған мамандықтың/зерттеу тақырыбының және оқу/тағылымдамадан өту елінің негіздемесі көрсетілген қағаз жеткізгіштегі еркін нысандағы өтініш;
5) электрондық құжат көшірмесі түріндегі, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес жұмыс органы бекіткен нысан бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін үміткер толтырған сауалнама;
6) электрондық құжат көшірмесі түріндегі, қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының нотариалды куәландырылған көшірмесі (тағылымдамадан өтуге үміткерлер қосымшаны ұсынбайды), сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда - білім туралы құжатты тану және нострификациялау туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі не білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжаттың көшірмесі;
7) электрондық құжат көшірмесі түріндегі, шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
8) мынадай санаттар үшін электрондық құжат көшірмесі түріндегі еңбек қызметінің кезеңдерін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері:
академиялық оқуға өз бетінше түскен немесе магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу білім алу үшін тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқып жатқан көрсетілетін қызметті алушылар үшін - жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл;
магистр дәрежесін алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде мемлекеттік қызметші болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - соңғы он екі айды қоса алғанда, мемлекеттік қызметтегі жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл;
магистр дәрежесін алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - жалпы ғылыми немесе педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл;
тағылымдамадан өтуге конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасы ұйымдарының ғылыми, педагог, инженерлік-техникалық не медициналық қызметкерлері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде көрсетілген қызметкерлер ретінде - кемінде 12 (он екі) ай;
магистр дәрежесін алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде мәдениет қызметкерлері, мәдениет ұйымдарының шығармашылық қызметкерлері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - мәдениет ұйымдарындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл;
магистр дәрежесін алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл;
9) электрондық құжат көшірмесі түріндегі, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есептері ашып жазылған) көрсетілген тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымның шартсыз (қаржылық шарттар мен шет тілін талап етілетін деңгейге дейін арттыру шартын қоспағанда) шақыртуын растайтын құжаттардың көшірмелері (тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін);
10) электрондық құжат көшірмесі түріндегі, жұмыс органы белгілейтін және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен талаптарға сәйкес құрастырылған тағылымдамадан өту бағдарламасы (тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін);
11) электрондық құжат көшірмесі түріндегі, оқу бағдарламасы, мамандығы және кезеңі көрсетілген, академиялық оқуға шартсыз (қаржылық шарттарды және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға түскен адамдар үшін - шет тілін талап етілетін деңгейге дейін арттыру бойынша шартты қоспағанда) қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелері және бар болған жағдайда, шетелдің жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/оқу мамандығын, курсын (оқу жылын), нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар, осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтама (өз бетінше оқуға түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін);
12) өз бетінше оқуға түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін электрондық құжат көшірмесі түріндегі, осы дәрежені алу үшін шетелдің жетекші жоғары оқу орны белгілеген мерзімдерден аспайтын, тізімге енгізілген шетелдің жетекші жоғары оқу орнымен келісілген жеке оқу жоспары (философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін);
13) электрондық құжат көшірмесі түріндегі, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес, жұмыс органы бекітетін белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың (болған жағдайда) көшірмесі;
14) бар болған жағдайда, электрондық құжат көшірмесі түріндегі, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижелері бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы ресми сертификаттың көшірмесі ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі зейнетақы аударымдарының төлемін куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді тиісті ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден өз бетінше алады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі зейнетақы аударымдарының төлемін куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
10. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушы толық ұсынбаған жағдайда ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану.
Шағым жазбаша түрде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Министрлік басшысының не оны алмастырушы адамның атына, не көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, Министрлік басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша ХҚО басшысының атына жазбаша немесе электронды түрде шағым беріледі.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы шағым жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушығаның «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отыратын өтініштер туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өрт қауіпсіздігі шаралары қабылданған ғимаратта көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында бланктерді толтыру үлгілері бар ақпараттық стендтер орналастырылады.
Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға жеке өзінің келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкерлері (қағаз тасымалдағышты толтырған кезде) көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бару арқылы жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында;
3) ХҚО-ның www.con.gov.kz;
4) порталдың www.e.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын
беруге арналған конкурсқа қатысу
үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МАМАН ДАЯРЛАУҒА ӨТІНІМІ
ЗАЯВКА РАБОТОДАТЕЛЯ НА ПОДГОТОВКУ СПЕЦИАЛИСТА
№ ________ «___» ____________ 20 __ж/г.
Ұйымның атауы/Название организации _____________________________________________________
Почталық индексі, мекенжайы/Почтовый индекс, адрес _______________________________________
Телефон _____________ факс __________ e-mail ______________________________________________
Жіберілетін үміткердің Т.А.Ә. / Ф.И.О. направляемого претендента
|
__________________________________
Тегі/Фамилия (жеке басын куәләндыратын құжатқа сәйкес/
согласно документу, удостоверяющему личность)
|
Фотосурет
Фотография
3,5 х 4,5
(міндетті
түрде/
обязательно)
|
|
__________________________________
Аты/Имя Әкесінің аты/Отчество (бар болса/при наличии)
жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес/согласно документу, удостоверяющему личность)
|
|
«Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу санаты/ Категория участия в конкурсе на присуждение международной стипендии «Болашак»
|
АКАДЕМИЯЛЫҚ ОҚУ/АКАДЕМИЧЕСКОЕ ОБУЧЕНИЕ
|
ТАҒЫЛЫМДАМА/СТАЖИРОВКА
|
|
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнының ағымдағы жылғы түлегі/
Выпусник высшего учебного заведения Республики Казахстан текущего года
|
|
Педагог қызметкерлер
Педагогические работники
|
|
Ғылыми қызметкерлер
Научные работники
|
|
Мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер/
Работники культуры, творческие работники
|
|
Инженерлік-техникалық қызметкерлер
Инженерно-технические работники
|
|
Бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері/ Работники редакции средств массовой информации
|
|
Медицина қызметкерлері
Медицинские работники
|
|
|
Жіберуші ұйымдағы жұмыс өтілі/Стаж работы в направляющей организации
|
____________________________________________________________________________
|
Үміткер жұмыс істейтін құрылымдық бөлімше/ Структурное подразделение, в котором работает претендент
|
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
|
Үміткердің лауазымы/ Должность претендента
|
____________________________________________________________________________
|
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ДЕРЕКТЕР (үміткер толтырады)/ДАННЫЕ ДЛЯ УЧАСТИЯ В КОНКУРСЕ (заполняется претендентом)
Болжанып отырған оқу елі/
Предполагаемая страна обучения
|
Болжанып отырған оқу бағдарламасы/
Предполагаемая программа обучения
|
Болжанып отырған оқу мамандығы/
Предполагаемая специальность обучения
|
Болжанып отырған оқу тілі/
Предполагаемый язык обучения
|
|
|
|
|
Жіберуші ұйымның «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру үшін үміткерлерге қысқаша ұсынымы/Краткие рекомендации направляющей организации на претендента для присуждения международной стипендии «Болашак»
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ/ТРУДОУСТРОЙСТВО
Жұмыс орнын сақтауды қамтамасыз етуге міндеттенемін / Обязуюсь обеспечить сохранение места работы.
|
Жіберуші ұйым басшысының Т.А.Ә./
ФИО руководителя
направляющей организации ______________________________________________________________
Жіберуші ұйым басшысының қолы/
Подпись руководителя Үміткердің қолы/
направляющей организации _______ Подпись претендента ___________
М.О/М.П
«Болашақ» халықаралық стипендиясын
беруге арналған конкурсқа қатысу
үшін құжаттар қабылдау»
Достарыңызбен бөлісу: |