Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі
«Кітап-біздің досымыз»
Өткізген: «Қыран» тобы
Топ жетекшісі: Бекмұханова.Н.Ә
Маусым. 2024 жыл
Тақырыбы: «Ертегілер әлемінде»
Мақсаты: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән -
мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне
баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту,
логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп,
жаманнан жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу. Жауапкершілікке
тәрбиелей отырып достыққа, қарым - қатынастарын дамыту.
Көрнекілігі: шарлар, гүлдер, ертегі кейіпкерлерінің бейнесі, интерактивті тақта, ертегі кітаптарының сөресі.
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе сөз
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады.
Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ғажайып ертегілер әлемінде жақсылық әрқашанда зұлымдықты жоятынына көз жеткіздіңдер.
Бүгін біз сендермен өздерің оқыған ертегілереліне саяхат жасаймыз. Қазір сендер өздеріңнің қаншалықты кітапқұмар екендіктеріңді көрсетуге тиістісіңдер.
Ертегілер еліне жету үшін бірнеше кезеңнен өтуіміз керек. Егер әр кезеңнің тапсырмаларын жақсы орындасаңдар біз сендермен «ертегілер еліне» жетеміз.
Екі түрлі 22 кәпит қойып оқушыларға таңдатамын. Бір түрлі кәмпит алғандарды
«Ақылдылар», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Білгіштер» тобына бөлемін.
«Кейіпкерлермен сырласайық».Мұнда ертегіден үзінді ретінде сурет қойылады, ал сендер ол ертегінің атын, кейіпкерлерін тауып, қысқаша мазмұнын айту керексіңдер.
«Бауырсақ», 2. «Мақта қыз бен мысық».
:«Мен қай ертегіденмін?» деп аталады.
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері қойылады, ал сендер олардың қай ертегіден екенін тауып алу керексіңдер.
«Жыл басына таласқан хайуанаттар», 2- «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»,
3- «Қызыл телпек», 4- «Құйыршық», 5- «Аңқау арыстан», 6- «Кім неден күшті?»
«Өй-өрісті сергітейік» деп аталады. Бұл кезеңде ертегілерге байланысты сұрақтар қойылады, ал сендер жауап берулерің керек.
1-сұрақ: ““Арыстан мен түлкі” ертегісінде, арыстан түлкіні жақынырақ
шақырған кезде түлкі не деп жауап береді?
2-сұрақ: “Мақта қыз бен мысық” ертегісінде сиыр мысықты неге жұмсайды?
3-сұрақ. “Күншіл үйрек” ертегісінде үйрек аққуларды неліктен қызғанды?
4-сұрақ “Кім неден күшті” ертегісінде құмырсқа неден күшті болды?
«Кім жылдам?» деп аталады.
Мұнда оқушылар бөліктерге бөлінген бір ертегіні құру керек.
Осымен ойынымыздың барлық кезеңдерінен жақсы, әрі жылдам өттіңдер. Енді көптен күткен«Ертегілер еліне» қош келдіңіздер! «Жамандық неден болады?» ертегісін тамашалаңыздар!
Жамандық неден болады?
Автор : Ертеде орман арасында жалғыз кісі тұрыпты. Бұл кісіден аң, құстар қорықпай, адамша сөйлесіп жүреді екен. Бір күні кісі талдың түбінде жатса, құстар жиналып, сол жерге түнемек болыпты. Аң, құстар өзара әңгімелесті.
Барлығы бірге:
- Осы дүниеде жамандық не себептен болады?
ҚарғаДүниедегі жамандық аштықтан болады, жүрегің қарайған соң, ешкімді тыңдамайсың. Осы ашаршылықтан біздің қанша жақын туысымыз өлді. Сондықтан аш болмаудың қамын ойлау керек, -деді...
Жылан :
- Меніңше жамандық ызақорлықтан болады. Егер дебіз тату тұрсақ, ызаланбас едік. Сонда бізге бәрі де жақсы көрінер еді. Егер де бір нәрсең көңілдегідей болмаса, бек қатты ашуланасың. Ашу кезінде ешкімді аямайсың. Біреуді шақсам екен деп жорғалай бересің. Ақырында біреуді шаққаннан кейін, өзіңді өлтіреді. Міне, жамандық ызақорлықтан болады, - деді.
Бұғы айтты:
-Меніңше, дүниедегі жамандық қорқақтықтан болады. Егер де біз еш нәрседен қорықпайтын болсақ, бәрі де жақсы болар еді. Мен жүйрікпін, күшім көп. Кішкентай аңдарды мүйізіммен сүзіп құлатамын, үлкен аңнан қашып құтыламын. Бірақ ағаштың бұтағы сыбдырласа, қорыққаныңнан есің кетіп қаша бастайсың. Қашып келе жатып құлайсың. Сондықтан қорықпай, батыр болу керек,-деді.
Аққу:
-«Ең тәтті де тіл, Ең ащы да тіл.» - деген қазақ халқымызда мақал бар. Өсекшінің, өтірікшінің тілі қышып тұрады. Өз тілің -ана тілің құрметтемеген, шұбарлап сөйлеген адам – бейшара адам. Бұл тек әдепсіздікке жатады.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.-деді.
Сонда баяғы тыңдап отырған кісі айтты:
-Сендер бәрің де жамандықтың не себептен болатынын дұрыс айттыңдар. Біз адам баласы оны жақсы білеміз. Неге десең, жамандықты да, жақсылықты да көп істейміз. Аштық, ызақорлық, қорқақтық – бәрі де біздің тәнімізді сақтау үшін керек. Егер де біз бәрінен бұрын тәнімізге қызмет қылмай, жан күйіне қызмет етуді тілесек, онда біз аман болар едік.-деді.
Ия балалар, дұрыс айтасыңдар! Біз өзімізді ғана ойламай , жанымыздағы жанашыр адамдарды да ойлауымыз керек, қамқор болуымыз керек. Барлық уақытша қиындықтарды сабырмен, байыппен шешу керек. Сонда ғана Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпақтары еліне адал қызмет етер еңбексүйгіш азамат болып өседі.
Осымен «Ертегілер елінде» атты тәрбие сағатымыз аяқталды, болашақта өзіміздің ана тілімізде одан да көп қызықты ертегілерді оқитыңдарыңа мен сенемін!
Достарыңызбен бөлісу: |