«Болашақ» жазғы бейіндік лагерінің жоспары Топ жетекшісі: Бекмұханова Нұрайна Әділханқызы Маусым 2024 жыл


Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі



бет4/8
Дата17.06.2024
өлшемі5.94 Mb.
#502634
1   2   3   4   5   6   7   8
лагерь 2024

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі

«Салауатты өмір салты»





Өткізген: «Қыран» тобы
Топ жетекшісі:Бекмұханова.Н.Ә


Маусым. 2024 жыл


Тақырыбы: Кітап-біздің досымыз
Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, ұқыпты ұстауға баулу . Кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы, күту ережелерімен таныстыру
Барысы:
Жоспар:1.Кіріспе.(жұмбақ шешу)
Жүзі бар сәнді сұлу ондап, мыңдап сыры бар неше.
Алуан тұрсаң шындап жүрмейтін жеріде жоқ әлемде оның,
Қадірлі мейлінше зор,ол кеткен зат?
Ізіне іздегендер жол табады,
олжаны аздап емес мол табады.
Тіл бар да үні жоқ.,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар,қаны жоқ
Сөйлей туған ішінен.
(Кітап)
2) Кітап қалай жасалады.
3) Кітап-рухани байлығымыз
4) Кітап-адам досы (жыр)
5) Кітапты күту ережесі
6) Кітап мұңы. (ескертпе)
Кіріспе: Кітап та алма ағашы ,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін- деп
мазмұндар аталарың жырлағандай,әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі,
рухани қазына.Кітапты оқи отырып адамның еңбегімен, құрбы-құрдастары мен танысып,жақсы болуға, жақсылық істерге құштарландыратын осы-құрал кітап.
Кітап білімізді молайтады,кітаптар көп үлгі-өнеге, тәрбиесінен әсер аламыз.Оқыған,тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау алынбайтын қамал жоқ.. «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар» деген халық даналығы бекер айтылмаған.Ендеше кітап біздің рухани қазынамыз.
Кітап қалай жасалады? Кітапты жасау үшін адам көп еңбек етеді. Алдымен орманнан ағаш кеседі.Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағашты қағаз қылып шығарады. Содан кейін оған авторлар жазады, сурет салады.Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады.
Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған.Адамдар кітап басатын, әріп теретін машинкаларды ойлап тапты.Қазіргі кезде кітап басу ісі механикаландырылған.
Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңіл бөлінеді.Оған көптеген қаржы жұмсалады.
Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті, өнерлі болуы керек.Ол үшін терең білім,ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды білу үшін кітапты көп оқу керек. Кітап, қағаз ағаштан жасалады. Ағаш-табиғат байлығы.Кітап жасау көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етеді.
Кітап-рухани байлығымыз. Халқымыз кітапты аса құрметтейді.Сондықтан да «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы» дейді.
Оқулықты мектебің
Берер саған теп-тегін
Білмейсің-ау сен бірақ
Қаншама еңбек кеткенін
Оқулығың құралың
Жағар білім шырағын
Баса алмайсың ешқашан
Онсыз алға бір адым
Оқулықты құрметте
Күтіп ұста кірлетпе
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке.
Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады.Ол елді,жерді сүюге, талапты кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды.Кітап-жаман әдеттен аулақ болуға үндейді. Кітап біздің рухани жан азығымыз.
Кітап-адамның досы.
Адамның досы- кітап өмір кілті.
Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Тұрады басын құрап әріп неден
Басталған білім басы әліппеден
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит
Оқысақ кітап сырын ашып неден
Кітапты оқымайды сыйламаған
Білімге жанын салып қинамаған
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін
Сол кітап бек ақылшы күнде маған
Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп
Молайтып ақылыңды сан еселеп
Береді білім нәрін кітап көптеп
Кітап күту, ұстау ережесі
5.1. Кітап-адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы,ғылым-білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы екенін түсіну керек.
5.2. Кітапты күнделікті үзбей оқып, дағдыға айналдыру керек. Ол үшін күнде кітап оқуға 3-4 сағ бөлуді жоспарла.
5.3. Кітапты қалай болса солай оқымай,, белгілі мақсатпен жоспар бойынша оқуға дағдылан.
5.4. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітапты үлкен ой еңбегімен оқу керек.
5.5. Кітапты оқығанда ойға сақтауға жатқа айта білуге, керекті сөздерді жазып алып,өмірде пайдалануға әдеттен.
5.6. Кітапты көп оқысаң, сөз байлығың молайып,сөйлемнің мәні де өткір, ойлау қабілетің терең болады.
5.7. Балаларға арналған басылымдарды қоса оқы. «Ерке», «Балдырған», «Ұлан» газет-журналдарына жазылуды ұмытпа.
5.8. Кітап-адал пейіл, асыл дос.кітап шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап-мұхит, сол мұхиттан не терең? Мен біліммен ылги дос боп өтер ем.
Кітап мұңы: (Ескерте)
Кітап-қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. Кітап білім бұлағы деп бекер айтылмаған екен.
Бөбектерім оқы, ойна,
Оқу-білім саған пайда
Кітабыңның шетін жыртып
Сияменен бояп қойма
Оқы талмай, түй санаңа жас бөбек
Сыр құямын, жыр құямын бойыңа
Таза ұстап, оқы мені, қастерле!
Бар білімді мен егемін санаңа!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет