Болашақты бірге жасаймыз. Партияның жаңа миссиясы



бет2/4
Дата14.06.2016
өлшемі330.5 Kb.
#136104
1   2   3   4

«Нұр Отан» партиясы осы Бағдарламаның мақсаттары қазақстандықтардың жас буынының көңіл-күйі мен ұмтылыстарына үндес екеніне сенімді, олар белсенді және мүдделі қатысқанда ғана осы мақсаттарға қол жеткізу мүмкін болады.

ХАЛЫҚ БІРЛІГІ – ЕЛДІҢ ТАБЫСТЫ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

Экономиканы, әлеуметтік саланы, мәдениетті реформалау сияқты алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтаған жағдайда ғана іске асады.

Республиканың барлық азаматтарының қазақ халқы төңірегіне одан әрі топтасуы этносаралық келісім мен ұлттық бірліктің негізгі факторы болып табылады, бұл мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға, біздің басты байлықтарымыз – тәуелсіздікке, бірлік пен тұрақтылыққа ұқыпты қарауға бағытталған.

Елдегі бірлік пен келісімді сақтау – бұл мемлекеттік органдардың ғана емес, азаматтық қоғам институттарының, Қазақстанның әрбір азаматының міндеті.

Барлық азаматтарға ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген ұлттық бірлікті нығайту дамудың жаңа кезеңінде біздің стратегиялық басымдығымызға айналады.

Этносаралық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету саласында мыналар басымдыққа ие болады:

– бірлік пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтаудың шешуші факторларын қамтамасыз ету: жұртшылықты тарта отырып, халықтың нақты қажеттіліктерін шешуге негізделген тиімді әлеуметтік саясат; диалог пен ашықтық арқылы қоғамның өзекті мәселелерін шешу; отансүйгіштік пен толеранттық сияқты құндылықтардың негізінде жалпы азаматтық құқықтық мәдениетті дамыту; қазақ халқы мәдениетінің ықпалдастырушылық рөлі жағдайында мәдени сан алуандықты одан әрі қамтамасыз ету.

– елдегі этносаралық өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру: нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, этносаралық қатынастарды реттейтін мемлекеттік және қоғамдық институттар қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру; теңгерімді ұлттық саясатты іске асыратын орталық институт ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін нығайту; этномәдени бірлестіктерге қолдау жасау және дамыту, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың білім беру және ақпараттық жобаларды жүйелі іске асыруы; этносаралық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ақпараттық жұмыстың сапасын арттыру;

– елдегі конфессияаралық диалог пен ынтымақтастыққа қажетті жағдайды одан әрі дамыту, мемлекет пен діни бірлестіктер арасында қоғамдағы толеранттықты және діни төзімділікті дамытуға бағытталған әлеуметтік-гуманитарлық әріптестікті жандандыру.

Жалпы құндылықтар мен қағидаттарға негізделген Ел бірлігі доктринасы қазақстандық қоғамды біріктіру процесінің идеологиялық негізі болып табылады. Қоғамда тұрақтылық пен келісімді сақтау және нығайту берік қағидатқа айналып, әлеуметтік мәртебесіне, саяси көзқарастарына, этносына, діни сеніміне қарамай, барлық азаматтар үшін жалпы тұғырнама болып қалуға тиіс. Қазақстан халқының бірлігі елдің табысты дамуының шешуші факторы болып табылады.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ ФАКТОРЫ

Қазақстан халқының этностық топтарының санғасырлық дәстүрлерінің, тілі мен мәдениетінің әралуандығын сақтап қалу және дамыту қоғамдағы этносаралық келісімді қамтамасыз етудің басты шарты болып табылады. Сонымен қатар, азаматтарды топтастырудың, түрлі этностық топтардың арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің, жалпы азаматтық сәйкестікті қалыптастырудың маңызды және тиімді факторы ретінде мемлекеттік тілдің әлеуетін кең қолдану қажет.



Мемлекеттік тілді дамытуды қамтамасыз ету саласында мыналар басымдыққа ие болады:

– Қазақстан халқы бірігуінің факторы ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту: мемлекеттік тілді дамытудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, оның мемлекеттік басқару органдарында және басқа салаларда толыққанды қызмет етуін қамтамасыз ету, қазақ тілінде шығатын бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қоғамдық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттік тілді үйрену бойынша азаматтық белсенділікті ынталандыру;

– мемлекеттік тілді үйренудің тиімді жүйесін қалыптастыру: білім беру процесінің барлық кезеңдерінде мақсатты, қарқынды қолдау көрсету; оқыту мен үйренудің қазіргі заманғы әдістемелерін дамыту; іскерлік, ғылыми, көркем әдебиет және басқа да әдебиетті қазақ тіліне аудару жөніндегі жұмысты күшейту; мемлекеттік тілдегі интернет-ресурстарды дамыту; қазақ тілінің терминологиялық базасын, сондай-ақ ономастикалық атауларды ретке келтіру;

– Қазақстанда тұратын барлық этностық топтардың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, мемлекеттік тілге сүйене отырып «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын іске асыру; мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған сындарлы, байыпты шаралар қабылдау.



Ұлтаралық және конфессияаралық келісім, мәдени саналуандық пен өзара бірін-бірі байыту, мемлекеттік тілдің топтастырушылық рөлі қағидаттарын ұстана отырып, Қазақстан қоғамының дамуы елдің ұлттық бірлігінің одан әрі нығаюына негіз болады.

МӘДЕНИЕТ: ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ
ҮЙЛЕСІМДІ ҰШТАСУЫ


Мәдениеттің дамуы - саяси тұрақтылық пен экономикалық гүлдену сияқты елдің табысты дамуының маңызды факторы. Мәдениетке қоғам өмірінің маңызды емес саласы ретінде қарауға жол беруге болмайды. Мәдениет әртүрлі өнердің жиынтығы деген түсініктен арылу қажет. Мәдениет пен руханият – бұл, ең алдымен, негізгі қоғамдық құндылықтар, мінез-құлық модельдері, діл мен ұлттық мінез қалыптасатын сала.

Сондықтан әлеуметтік-экономикалық жаңғырту жоспарларын іске асыруда ел дамуының дербес және маңызды факторы ретінде мәдениеттің маңызын күшейтуді көздеу қажет.



Мәдени саясат саласында мыналар басымдыққа ие болады:

– дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіре ұштастыру негізінде шығармашылықтың басымдығы арқылы адам тіршілігінің экономикадағы, ғылымдағы және өнердегі түрлі салаларына ықпалдасатын заманауи мәдениетті дамыту үшін жағдай жасау; дәстүрлі қоғамдық құндылықтарды сақтау мен нығайту, сондай-ақ қарапайымдылық, еңбексүйгіштік, әлеуметтік жауапкершілік, кәсіби өсуге ұмтылу және адамгершілік тұрғысынан жетілу сияқты құндылықтарды ілгерілету;

– нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және мәдениетті дамытудың институционалдық нысандарын қолдау арқылы мәдениеттің ықпалдастық мәртебесін нығайту;

– елдің мәдениетін дамытуда мемлекеттің, қоғамның және бизнестің стратегиялық әріптестігі жүйесін құру;

– елдің мәдени мұрасын сақтау және тиімді пайдалану; мәдени ескерткіштерді қорғау және оларға халықты жақындату, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың ең маңызды нәтижелерін білім берудің барлық деңгейлерінде оқыту бағдарламаларына енгізу;

– мәдениет саласында жүйелі кадр саясатын жүргізу: шығармашылық мамандықтары бойынша отандық кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру, дәстүрді сақтау, мәдени және шығармашылық элитаның сабақтастығы және оны толықтыру, дарынды жастарды анықтау және қолдау процесін жетілдіру, мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен еңбекақысын арттыру;

– Қазақстанның шет елдегі мәдени беделін қалыптастыру, әлемдік мәдени кеңістікке ықпалдасу және қазақстандық мәдениетті халықаралық деңгейде ілгерілету.

Елдің мәдени саналуандығын сақтау, дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімді ұштасуы Қазақстанның қазіргі әлемде табысты дамуының маңызды факторы болып табылады.

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ:
ЕРКІН ЖӘНЕ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТАР ОДАҒЫ

Азаматтық қоғам белсенділігінің арта түсуі, оның маңызы мен рөлі, сондай-ақ оның институттарының нығаюы Қазақстанның адам құқықтары мен бостандықтарын, өмір сапасының жоғары әлеуметтік стандарттары мен тұлғаның өзін-өзі толыққанды көрсете алу жағдайларын қамтамасыз етуге қабілетті демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуының басты шарты болып табылады.

Азаматтық қоғамды үкіметтік емес ұйымдардың жиынтығы ретінде қабылдайтын үйреншікті көзқарастан арылу керек. Азаматтық қоғам – бұл ең алдымен, әділетті бәсекеге қабілетті нарықтық қатынастар және демократиялық құқықтық мемлекет жағдайында өмір сүретін еркін әрі жауапты азаматтардың әр алуан, мемлекеттен тыс қарым-қатынастары. БАҚ, кәсіподақтар, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ отбасы, этномәдени орталықтар, кәсіпкерлер қауымдастықтары және тіпті пәтер иелерінің бірлестіктерін қоса алғанда, басқа да институттар – азаматтық қоғамның өзін-өзі ұйымдастыруының тетіктері мен нысандары. Дәл осы институттардың көмегімен азаматтардың бір-бірінің алдындағы ортақ жауапкершілігі қалыптасады.

Азаматтық қоғамның толыққанды дамуының шарттары мыналар болмақ:

– дамудың ұлттық стратегиясын іске асыру аясында мемлекет пен қоғам аса маңызды жалпы мемлекеттік мәселелер бойынша бірлескен шешім қабылдайтын жалпыұлттық диалогты одан әрі дамыту;

– азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, оның ішінде гендерлік теңдікке қол жеткізу бойынша тетіктерді, осы саладағы азаматтық бақылауды жетілдіру; тұлғаның бостандықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік басқарудың барлық элементтерінің толыққанды жұмыс істеуі;

– азаматтық қоғамның басты элементі және оны қалыптастырудың негізгі тетігі ретінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту: негізін мәслихаттар құрайтын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қажетті нормативтік құқықтық базасын құру; барлық деңгейдегі билік пен азаматтық қоғам институттарының өзара қарым-қатынастарын жетілдіру;

– үкіметтік емес сектордың институционалдық дамуын одан әрі мемлекеттік қолдау;

– ақпараттық кеңістікті жүйелі дамыту, баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарын, сонымен қатар интернет-ресурстар мен цифрлық технологияларды ынталандыру және қолдау;

– еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде кәсіподақтардың ұстанымын күшейту;

– көлбеу байланыстарды қамтамасыз етудің және мемлекеттің қызметін азаматтық қоғам институттары тарапынан қоғамдық бақылау жүйесінің тиімді әрі пәрменді тетіктерінің жұмыс істеуі.



Азаматтық қоғамның мемлекетпен әріптестік негізінде дамуы әлеуметтік прогреске және реформалар үшін қолайлы жағдай туғызуға жәрдемдеседі. Бұл - елді жаңғыртудың, демократиялық дамудың және экономикалық өсудің, мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырудың маңызды шарты.

КҮШТІ ӘРІ ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ

Үдемелі жаңғыртудың ауқымы мен күрделілігі мемлекеттік басқару тиімділігінің жоғары дәрежелі болуын талап етеді. Мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларындағы жаңғырту процесін басқаруды өз қолына алып, оған қажетті жағдайлар жасауына тура келеді: отандық бизнестің өсуін ынталандыру, экономикалық және саяси институттарды қалыптастыру, құқықтық нормаларды жетілдіру, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін дамыту, қауіпсіздік пен жалпыұлттық бірлікті нығайтуды қамтамасыз ету.



Бұл мақсаттарға жету үшін :

– қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қарулы күштерді одан әрі нығайту, құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру, әскери қызметшілердің және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын арттыру, конституциялық құрылыс пен қоғамдық тәртіпті тиімді қорғау, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;

– мемлекеттің реттеуші функцияларын нығайту, атап айтқанда, қаржы жүйесін қадағалауды күшейту;

– елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік жоспарлау тетігін жетілдіру, қалың жұртшылықты, ең алдымен кәсіпкерлік пен ғылыми қауымдастық өкілдерін мемлекеттік жоспарлау процесіне тарту;

– тиімді әлеуметтік саясатты іске асыру, этносаралық және конфессияаралық келісімге қолдау көрсету, теңгерімді көші-қон саясатын дамыту;

мемлекеттік органдардың, оның ішінде мемлекеттік басқарудың орталық, өңірлік және жергілікті деңгейлерінде өкілеттіктер мен жауапкершіліктің нақты шеңберін айқындау;

– стандарттарды әзірлеу және мемлекеттік қызметтерді тиімді көрсетуге мүмкіндік беретін процестерді жетілдіру арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, электрондық үкіметті енгізу;

– мемлекеттік қызметті реформалау, әкімшілік реформаларды басқаруды жетілдіру, мемлекеттік қызметті кәсібилендіру қажет.



Мемлекеттік басқару жүйесі экономикалық даму қажеттіліктеріне сай келіп, 2020 жылға дейінгі даму стратегиясында баяндалған міндеттердің дәл және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет жаңғырту процесінің басты жүйелік үйлестірушісі болуға тиіс.

ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ҚАЗАҚСТАН
ҒАЛАМДЫҚ ӘЛЕМДЕ

Теңгерімді сыртқы саясат Қазақстанның халықаралық қатынастардың толыққанды субъектісі ретінде қалыптасуына ғана емес, сонымен қатар көптеген өңірлік және ғаламдық диалог процестерінің бастамашысы әрі ықпалды қатысушысына айналуына мүмкіндік берді. Алайда, сыртқы саяси бағдардың «көпвекторлылығы» жаңа мазмұнмен толыға түсуге тиіс. Қазақстанның жаңа экономикалық және саяси мүмкіндіктері оның Орталық Азиядағы, ТМД-дағы және тұтас алғанда Еуразиядағы стратегиялық жағдайға елеулі әсер ететін процестерге қатысуын барынша салмақты ете түсетінін негізге алу қажет. Бұл орайда Қазақстан ядролық қаруды таратпауға, халықаралық терроризмге, экстремизмге, есірткі саудасына және басқа да қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күреске бағытталған халықаралық ынтымақтастықтың белсенді қатысушысы болып қала беруге тиіс.

Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бастап, эпидемияларға және экологиялық апаттарға қарсы күреске дейінгі өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуде басқа елдермен ынтымақтаса отырып, Қазақстанның өңірдегі барлық мемлекеттер мен мүдделі елдердің іс-қимылдары мен белсенділігін үйлестірудің сапалық жаңа деңгейіне көшуін Партия қолдайды.

Қазақстанның халықаралық аренадағы мінез-құлқының өзгеруі жаңа, түбегейлі өзгеретін жағдайға бейімделуден өзі өмір сүріп отырған ортаны қалыптастыруға белсенді ықпал ету саясатына көшу болуға тиіс. Қазақстанның өз ұлттық мүдделерін серпінді және барынша сенімді қорғау бағытын жүргізуге мүмкіндігі бар және де солай жасауға тиіс. Бұл үшін:

– қазіргі заманғы әлем сипатының өзекті мәселелері бойынша Шығыс пен Батыстың ұстанымдарын өзара жақындатуға бағытталған мәдениетаралық және конфессияаралық диалогтың маңызды халықаралық орталықтарының бірі ретіндегі Қазақстанның рөлін жаңа деңгейге көтеру;

– барлық мемлекеттермен достық қарым-қатынас пен тең құқылы ынтымақтастықты қолдау;

– Қазақстанның түрлі халықаралық және өңірлік ұйымдардағы ұстанымын ілгерілету және күшейту;

– өңірлік қауіпсіздіктің тиімді жүйесін одан әрі қалыптастыру процесіне белсенді қатысу;

– Орталық Азия мен Еуразияның ықпалдасу процестеріне қатысу.

«Нұр Отан» басқа елдердің жетекші партияларымен партияаралық қарым-қатынастарды кеңейтуге, олармен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымдары мен бастамаларын түсіндіру жөнінде қарқынды диалог жүргізуге, халықаралық қатынастардың қолайлы ахуалын қалыптастыруға жағдай жасауға ниетті.



Қазақстан ірі еуразиялық ел бола отырып, әлемде қауіпсіздік пен өзара сенімді күшейтуге бағытталған шараларды іске асыруға алдағы уақытта да елеулі үлес қоса береді және ұлттық мүдделерді іске асыруды қамтамасыз етеді.

Нұр Отан - жалпыхалықтық партия



ПАРТИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

2020 жылға дейінгі стратегияны тиімді іске асыру мақсатында партия еліміздің саяси өміріндегі үстем рөлін сақтап қалмақ ниетте. Бұл үшін партия идеологиялық және саяси бәсекеге қабілеттілік деңгейін одан әрі көтеру мүддесін көздеп, өз қызметін жаңғыртуды қажет деп санайды.



Біз бұл мақсатқа мынадай іс-қимыл арқылы қол жеткізбекпіз:

– қоғамның саяси жүйесін дамытуға және ел алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге белсенді қатысу;

– партия саясатын әзірлеу және іске асыру процесіне партия мүшелерін тартудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету, кадр саясатында сабақтастықты қамтамасыз ету, жастар мен әйелдерді «Нұр Отанның» қатарына кеңінен тарту және партия органдарындағы басшылық жұмыстарға белсенді ұсыну;

– билік органдарының сайлауына қатысу және бәсекелес күресте халықтың сөзсіз қолдауына ие болу;

– партияның саяси бағытын іске асыру үшін өкілді органдарда партияның депутаттық фракцияларының қызметтерін үйлестіруді күшейту, олардың ықпалын барынша пайдалану;

– азаматтардың мүдделеріне тиімді білдіру және оларды қорғау, партияның қоғамдық қабылдау қызметінде заманауи әдістер мен нысандарды қолдану;

– партияның ішкі ұйымдастыру қызметін жетілдіру: партияның құрылымын және ұйымдастырушылық қызметін жаңарту, әсіресе партияның өңірлік және аумақтық филиалдары деңгейінде жаңарту, қоғам өміріне партияның ықпалын күшейтетін негізгі құрал ретінде бастауыш партия ұйымдарының рөлін арттыру;

– жаңа партиялық институттарды қалыптастыру: қызмет ету бағыттары бойынша мемлекеттік органдармен, бизнес құрылымдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін партия үйлестірушілерін құру; бастауыш партия ұйымдарының өзара іс-қимылын және бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін олардың салалық клубтарын ұйымдастыру;

– партияның «Жас Отан» жастар қанатын ұйымдастыру-саяси тұрғыда нығайту, оның қызметінің дербестік сипатын дамыту және оған жастардың барлық топтарын тарту;

– партия мен қоғам өмірінің ең өзекті мәселелері бойынша ішкі партиялық пікірсайысты дамыту;

– барлық әлеуметтік және демографиялық топтардың мүдделерін жүйелі түрде қорғау арқылы партияның әлеуметтік базасын кеңейту.

Партия қызметін Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын табысты іске асыру үшін қоғамды топтастыру жөніндегі міндеттердің сипаты мен ауқымына сәйкес келетін сапалы жаңа деңгейге шығару осы жұмыстардың нәтижесі болады.

ЕЛДІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА СТРАТЕГИЯСЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ
ПАРТИЯНЫҢ ЖҰМЫЛДЫРУШЫЛЫҚ РӨЛІ

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын тиімді іске асыру барлық қоғамдық-саяси күштердің бірлігін сақтау мен нығайту және азаматтарды біріктіру жағдайында ғана мүмкін болады. Бүкіл қоғамды, оның экономикалық және зияткерлік әлеуетін топтастырып, жұмылдыру ғана елді табысты жаңғыртудың, адами капиталды дамытудың, экономиканы әртараптандырудың және саяси жүйені жетілдірудің шешуші факторына айналады. Партияның алдағы онжылдықтағы негізгі миссиясы да осы. Осы миссияны ойдағыдай іске асыру елді жаңарту процесіне партияның әр мүшесінің және бүкіл қоғамның қатысуын білдіреді.

Елді серпінді жаңғырту идеясын маңызды жалпыұлттық міндет ретінде қарастыра отырып, партия оны жүзеге асыру үшін қоғамды топтастырып, жұмылдыруда мынадай басым қағидаттар мен көзқарастарды айқындайды:

– Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағыты аясына жалпыұлттық топтасудың идеялық және ұйымдастырушылық негізін нығайту: қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын одан әрі дамыту, партия жақтастары бірлестіктерінің кең желісін құру, Президенттің стратегиялық бастамаларына қолдау көрсетуде ауқымды коалиция қалыптастыру мақсатында елдегі басқа саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен сындарлы өзара іс-қимыл жасау;

– 2020 Стратегиясының іске асырылуын тиімді бақылау жөнінде мемлекет пен қоғамның бірлескен іс-қимылын үйлестіру;

– тиісті мемлекеттік құрылымдармен және қоғамдық институттармен кері байланыс және өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру арқылы халықтың мұң-мұқтажына ден қоюдың біртұтас және пәрменді жүйесін қалыптастыру;

– мемлекеттік басқару жүйесінің сапасын арттыру мақсатында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы лауазымдарға білікті, бастамашыл, шығармашыл ойлайтын кәсіби адамдарды ұсыну үшін партиялық кадр резервін қалыптастыру, партиялық оқыту жүйесін жетілдіру.

«Нұр Отан» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде өзінің тарихи жауапкершілігін түсіне отырып, қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін жұмылдыруға және алға қойған міндеттерді шешіп, белгіленген межелерге қол жеткізу үшін қоғамды топтастыруға дайын.

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІҢ ТҰҒЫРНАМАСЫ
РЕТІНДЕГІ ЖАҢА СТРАТЕГИЯ


Жаңа онжылдық қарсаңында алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Экономикамызды үдемелі әртараптандыру, саяси жүйені және әлеуметтік саланы жаңғырту жөнінде жұмыстар атқарылуға тиіс.

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын тиімді іске асыру үшін Үкіметтің, Парламенттің, саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттарының біріккен өзара іс-қимыл жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ оны заңнамалық қамтамасыз ету, салалық партиялық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, Үкіметтің 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының орындалуын бақылау және оған мониторинг жүргізу партия белгілеп отырған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың негізгі тетіктері болып табылады.

2020 Стратегиясының міндеттерін іс жүзіне асырудың қарқыны мен сипаты, ең алдымен, әрбір азаматтың ел алдында тұрған міндеттерді ұғынуына байланысты.

Инновациялық технологияларды енгізу, инфрақұрылымды дамыту, еңбек өнімділігін арттыру, шағын және орта бизнесті нығайту, әлеуметтік саланы дамыту - әркімнің қабілеті қажет етілмесе, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге деген саналы ықылас-ниеті болмаса іске аспайтын жай ғана процестер болып қалады. Қазақстанның әр азаматы 2020 Стратегиясын іске асыруға өз үлесін қосуға тиіс екенін айқын түсінуі қажет. Өйткені елдің табысты дамуы – біздің ортақ ісіміз.



Өзіміз жетілгенде ғана елімізді жаңарта аламыз.

Әрбір қазақстандықтың өмірлік ұстанымдарының өзегінде бірлік, келісім, толеранттық сияқты дәстүрлі құндылықтармен қатар бәсекеге қабілетті болу - сапалы білім алу, салауатты өмір салтын ұстану, биік мәдениеттілік пен адамгершілікке ұмтылу, табысқа және өзін-өзі жетілдіруге, ұқыптылық пен үнемшілдікке талпыныс болуға тиіс. Қазақстандықтардың осы құндылықтарды қастерлеуі алға қойған мақсаттарға қол жеткізудің кепілі болмақ.

Алайда, жай ғана ұмтылыс жеткіліксіз. Барша халықтың және әркімнің, күллі қоғамның тікелей және белсенді атсалысуы қажет. Жаңғырту стратегиясын біз бірігіп, ортақ күш-жігер жұмсап қана іске асыра алатынымызды түсінудің маңызы зор. Сондықтан алға қойған мақсаттарға қол жеткізудегі азаматтардың топтасқандығы мен бірлігі дамудың жаңа кезеңінің міндеттерін ойдағыдай іске асырудың басты шарты болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ұсынған стратегия біздің бірлігіміздің негізіне айналуға тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа бағыттың рухани дем берушісі ғана емес, сонымен қатар алға қойған міндеттерді шешу үшін қоғамды топтастырудың шынайы ұйытқысы болып табылады. Міне, сондықтан да Нұрсұлтан Назарбаев – біздің Елбасымыз. Барша қазақстандықтардың Елбасы.



Елбасы қоғамды топтастырудың нышаны мен кепілі болып қана қоймай, сонымен қатар елдің болашақта дамуының негізгі факторы болып табылады.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев серіктестерінің партиясы гүлденген Қазақстанды құру ісінде қоғамдық белсенділіктің топтастырушы өзегіне айналады!

Саяси кеңес бюросының шешімімен партияның
2020 жылға дейінгі бағдарлама


жобасы бойынша редакциялық тобы құрылды.

Барлық ұсыныстар келесі мекен-жай бойынша қабылданады:

010000 Астана қ-сы, Қонаев к-сі, 12/1, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты

Тел./факс: 70-76-01

e-mail: 2020@otan.kz



СОДЕРЖАНИЕ








Построим будущее вместе. Новая миссия партии

24



















На пороге нового десятилетия







Казахстан сегодня: чего мы достигли

26




Что нам еще предстоит решить

28



















Казахстан - 2020: время обновления







Человеческий потенциал:
цель и основа процесса модернизации


29




Социальная политика: достойная жизнь для каждого

30




Экономика: к устойчивому росту через модернизацию

32




Наука и новые технологии:
основа индустриально-инновационного развития


33




Молодежь: движущая сила модернизации

34




Единство народа – залог успешного развития страны

35




Государственный язык: фактор единения страны

36




Культура: гармоничное сочетание традиций и новаций

37




Гражданское общество:
союз свободных и ответственных граждан


38




Сильное и эффективное государство

39




Динамично развивающийся Казахстан в глобальном мире

40



















«Нур Отан» – общенародная партия







Основные направления партийной модернизации

42




Мобилизующая роль партии в реализации новой стратегии

43




Новая стратегия как платформа
общенациональной консолидации


44


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет