Бөлім 1 Автомобильдердің қозғалтқыштары



бет10/34
Дата07.09.2024
өлшемі2.25 Mb.
#503448
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Жұмыс дәптері Автомобильдермен қозғалтқыштар теориясы пәнінен Автомобиль теориясы

Цилиндрлердің бастиектері. Цилиндрлер блоктарының бастиектерін цилиндрлер жауып тұрады және оның қақпасы қызметін атқарады. Олар қоспалы шойыннан құйылуы мүмкін (ЗИЛ-635, Д-245.12 қозғалтқыштары) немесе алюминий құймасы («Жигули», «Волга», «ГАЗель», ИЖ-2126 қозғалтқыштары). Бастиектің қалдық кернеуін шешу және шалыстанудың алдын алу үшін дайындау барысында жасанды жолмен ескіруге жол беріледі. Бастиектер V-тәрізді қозғалтқыштар мен цилиндрлердің біртұтас қатары үшін (әрбір цилиндр үшін бастиектері жеке жасалатын КамАЗ қозғалтқышынан басқа) ортақ жасалады. Цилиндрлердің бастиектері әрбір цилиндр үшін жылуды жақсы бөледі, дегенмен олардың клапандарын келтіру құрылғысы күрделі, кіріс және шығыс құбырлардың саңылаусыздандыру күрделенген. Әрбір бастиек жеке құйылған алюминий қақпамен жабылады. Оның астында тығынды қақпағы бар майға бекем резеңкеден тұратын тығыздатылған төсеме орнатылған. Бастиектің төменгі жазықтығында болат шығыршық нығыздалған шығыршық жырашығы тесіп шығарылған. Бастиекті бекіткен кезде бұл шығыршық төсемге тығыздалып, оның пішінін өзгертеді де сенімді газ жапсарын жасайды. Цилиндр блогынан бастиекке май мен салқындатылған сұйықтық өтетін саңылау, сонымен қатар бастиек контур бойынша арнайы резеңке төсемемен нығыздалған.
Жану камерасының формасы. Цилиндрлер багы бастиектерінің құрылымы көптеген жағдайда жану камерасының формасы мен клапандардың орналасуына байланысты болады. Жану камерасының формасы жұмыс процесінің жүруіне нақтырақ айтсақ, қосындының жасалуына, жұмыс қосындысының жануына, тығыздалу деңгейі мен қозғалтқышқа үлкен әсер етеді. Жану камерасының формасы мен оның орындалу орны қозғалтқыш жұмыс істейтін отынға да байланысты. Карбюраторлық қозғалтқыштар камерасында ереже бойынша жану - блоктың бастиегінде, дизельдіде – піспектің басында орындалады. Кейбір карбюраторлық қозғалтқыштарда піспектердің түбінде жану камерасы көлемін ұлғайту үшін тереңдету жүргізіледі (қозғалтқыш ЗМЗ-4061).
Клапандардың орналасуы. Клапандар үшін ұялар қозғалтқыштың бойлау осіне сәйкес екі қатармен орналасады. Әрбір цилиндрдің кіріс клапандары үшін екі ұя мен шығыс клапандар үшін – екі-екіден бар. Клапандарға арналған орын алмалы-салмалы болады. Олар ыстыққа төзімді, нығыздылығы қатты шойыннан жасалады. Орындарды нығыздау үшін бастиектерін 160...175°С градусқа дейін қыздырады, орындарды —40 .„ — 45 °С градусқа дейін салқындатады. Мұндай жағдайда орындар ұяға еркін орналастырылады, кейін температура реттелген соң орынды ұясына сенімді қондыру қамтамасыз етіледі. Бұдан кейін бастиек металы арнайы жақтау қосымша орынның айналасы нығыздалады. Клапандардың төлкелері шойыннан жасалады және бастиекке ұзыннан тұрғызылады. Орындардың жүзі мен төлкедегі саңылау бастиекті жинаған кезде өңделеді. Жану майшамы тұтану камерасының ортасына орналастырылады. Бастиек пен блокты нығыздау үшін олардың арасына асбест матасынан төсеме салынып, графит жабылған және арматураның металл каркасы салынады. Төсемедегі барлық саңылаулар металмен жиектеледі.
Иінді біліктер. Қозғалтқыштағы иінді білік тік жолақты піспектің қайтымды iлгерi қозғалысы біліктің айналмалы қозғалысына өзгертеді.
Материалдар. Иінді біліктер беріктігі жоғары шойыннан («ГАЗель», «Волга» ГАЗ-31029, ВАЗ-2110, -2111, -2112, -1111, -11113 қозғалтқыштары) немесе жоғары көміртекті болаттан жасалған. Шойын иінді біліктер құймадан, болат – қақталып жасалады. Шойын болаттан арзан болғанмен, әлсіз және одан жасалған бөлшектер көлемдірек. Белгілі пішінге келтірілген шойын иінді біліктің бағасы болаттан қақталған түрінен арзанырақ. Дегенмен металл шығындарының тым көп шығынға ұшырауына байланысты шойын иінді біліктерді қуаттылығы жоғары қозғалтқыштар үшін дайындау жарамсыз. Мұндай біліктермен жөндеу жұмыстары мен қозғалтқыштарға қызмет көрсету кезінде жұмысістеу қиын.
Мойынтірек. Иінді біліктердің өзекті және шатунды мойынтіректерінің ұқа ішпектен тұрады. Олар өзекті мойын мен тіректердің кішіреюі үшін қызмет етеді. Өзекті мен шатунды мойынтіректерінің ішпқабырғасы жектері шағын көміртекті болат үйкеліске төзімді жоғары қалайы алюминий қабаты бар таспадан дайындалады. Әрбір мойынтірек екі ішпектен құрылған. Осьтік ауысу мен ішпектердің аударылып қалуына цилиндр блок төсектерінде немесе төменгі алмалы-салмалы шатунды бастиектердің ішпектерде дағдыланған арнайы мұртшалар және цилиндрлер блогының тиісті мойынтірек қақпағындағы ойықтар кедергі келтіреді. Барлық өзекті ішпектерде шығыршықты бунақтар бар. Сол бойынша май үздіксіз ағыспен шатунды мойынтіректерге келіп түседі. Май арнасының майдың өтуі үшін ішпектерде аралықтар мен картер қабырғалары арнайы бұрғылау бар. Бұл бұрғылау барлық өзекті ішпектерде жасалады және төсекке ішпектерді орнату кезінде қателіктерге жол бермеу үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет