Тапсырма 2. Жұпта келесі терминдерге анықтама беріңіздер.
Оқушылардың аталған тақырыпта терминдерді қаншалықты меңгергенін тексеру үшін осы тапсырма беріледі және мұғалім барынша дұрыс анықтама болуын қадағалайды. Жауаптарымен салыстырылады.
|
Тотығу - ..........................................
Тотықсыздану - ..........................................
Тотықтырғыш - ..........................................
Тотықсыздандырғыш - ..........................................
Жұптар өзара баға береді.
Тотығу - – атомның, молекуланың, ионның электрон беру процесі.
Тотықсыздану - атомның, молекуланың, ионның электрон қосып алу процесі.
Тотықтырғыш - электрон қосып алушы бөлшек (бейтарап атом, молекула, ион).
Тотықсыздандырғыш - электрон беруші бөлшек (бейтарап атом, молекула, ион).
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|