Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Бұлшық еттің қажуын сипаттап береді.
|
Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.
|
|
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады
|
1. Зертханалық жұмыс. «Статистикалық және динамикалық жұмыс кезіндегі қажу үрдісін зерттеу».
Мақсаты: бұлшық еттің жиырылуы жиілігіне бұлшық ет жұмысының тәуелділігін зерттеу.
Құрал-жабдықтар: секундомер, массасы 1,5 және 3 кг жүк, білезіктің күшін өлшеуіш.
1-Тәжірибе. Статистикалық жұмыс кезінде қажу.
1.Сыналушы массасы 1,5 кг жүкті алып, оны денеге тік бұрышпен екі жаққа қарай қолын созып ұстайды.
2.Созылған қол деңгейінде тақтаға бормен белгі жасалады да, секундомерді қосады.
3. Қолдың белгіден ауытқуы байқалады, бұлшық еттің қандай уақытта қажығаны тіркеледі.
4. Сыналушы массасы 3 кг жүкті алады. 3 кг салмақпен тәжірибе жасау үшін 2-3 пункт қайталанады.
2-Тәжірибе. Динамикалық жұмыс кезінде қажу.
1. Сыналушы сол жүкті белгіге дейін көтереді.
2.Сыналушы өзіне ыңғайлы қарқында қолмен қимыл жасайды.
3. Сыналушы 3 секунд уақыт белгіде қолын ұстап тұра алмағанда қажу бар есептеледі.
Қажу қанша уақытта болғанын бақылайды.
Екі тәжірибе нәтижесін кестені дәптерге сызып алып толтырады.
|
Дискриптор:
1. Тапсырманы орындайды.
2.Зертханалық жұмысты орындап, нәтижесін кестеге толтырады..
|
ДК экраны
9-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері
|