Бөлім І. Емделуші психологиясы



бет2/3
Дата15.01.2024
өлшемі19.01 Kb.
#489128
түріИнтервью
1   2   3
№1 сабақ Медициналық сұхбат

Бірізділік принципі бойынша науқасты ұқыпты түрде сұрастырып,аурудың белгілерінің даму ретін,оларға байланысты себептерін анықтау керек. Мұнда,аурудың баяндауын тәптіштеп,егжей-тегжейіне дейін толыө тыңдап қадағалау,оқиғалардың соңғы нәтижесі ,науқастың ойлары және олардың талқылауы маңызды роль атқарады.
Құштарлықсыз принцпі медициналық қызметкер науқасты өз пікіріне итермелеуі.Бұл ұстаным медициналық қызметкердің науқасқа ауруы туралы өз пікірін айтып, иландыруы, сендіруі,яғни сұхбаттасуы бір жақты жүргізілгенін білдіреді.Яғни медициналық қызметкер анықтаған бұзылыстар туралы науқас адамды өз ойына жетелеуі,итермелеуі.
Мәліметтің тексеру мүмкіншілігі және адекватты болуы дегеніміз-интервью барысында жинастырылған науқастың берілген жауаптарының дұрыстығын тексеріп,тиісті талқылау жүргізу.
Интервьюдің әдістемелік негіздеріне жататындары:
-алғашқы қатынастың ұзақтығы 50 минут шамасынан аспауы;
-кейінгі қатынастар мерзімі бұдан қысқа болуы мүмкін;
-Вербальді және вербальді емес тәсілдерді кеңінен қолдану;
МЕДИЦИНАЛЫҚ СҰХБАТТАСУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ:
1.Науқас адамның сезімділігін тудыратын жағдай жасау,құпиясын сақтауға кепілдік білдіру және сұқпаттың бастауыш мотивтерін анықтау.
2.Науқастың шағымдарын анықтап, талқылау, аурудың ішкі бейнесін бағалау.
3.Сұхбаттан жане емдеуден тосатын нәтижелеріне баға беру,адамның психалогиялық бейнесін анықтау.
4.Дерттің аяқталу түрлерін және болжамды емдеу нәтижелерін айтып,тусіндіру.
Психологияда жалпы түсінік сұхбат жайында.
Психологтардың мәліметі бойынша адам туралы пікір танысудың 18-ші секундінде пайда болады.БІРІНШІЛІК кезең-сұқпаттасуға сенімділік тудыратын жағдай жасау. Бұл белсенді интервью,ол өте маңызды және қиынға түсетін кезең.Интервьюдің әрі қарай ағымы, жалғастыру мүмкіншілігі,сұхбаттық егжей-тегжейдің толық ашылуы,науқастың алғашқы пікірі мен көзқкрксына байланысты болатын анық.Бұнда медициналық қызметкер науқастың көзіне тік қарап ,оған назарын аударғанын көрсетеді.Сіз айтар жайттар уайымдар тек осы жерде ,екеуміздің арамызда қалатыны туралы, мен сізге конфенденциалдықты сақтайтыным туралы кепілдік беремін-деп қайталап,ескертіп отырады.ЕКІНШІЛІК кезеңде медициналық қызметкердің белсенділік рөлі доғарылып,ол пассивті сұхбаттаушыға айналады.Науөас адамға тиісті уақыт беріліп,оның шағымдарын асықпай ,ұқыпты ,өзі таңдаған бірізділікті, қажеттілігімен маңыздылығы бойынша айтуға мүмкіншілік беріледі.Медициналық анамнезді жинау сұхбаттасудың бұл кезеңінің ең маңыздысы болады.Оның мақсаты –адамның толық ақпарат алудың негізінде оның тұлғасына ,өзіне және дертке көзқарасына ,өзіне жасаған аурудың әсеріне баға беру болады.Мұнда науқастың өмір жолын ,ауру барысын,аурудың тәртібіне,тұлғалық жүйе қатынастарына әсерін анықтау өте маңызды болады.Келесі ҮШІНШІ кезеңде,сұхбаттасушы аурудың осы пікірлесуден және емдеуден тосатын нәтижелерін анықтауға бағытталады;»Сіз айтқан шағымдардың қайсысынан тез арылғыңыз келеді ».Соңғы сұрақ науқастың өзі қолдайтын ем тәсілін анықтауға мүмкіншілік береді, себебі кейбір адамдар медициналық қызметкер ұсынған емдеуден бас тартады,сенімін білдірмейді.ТӨРТІНШІ кезеңінде медициналық қызметкер тағы белсенділікті өз қолына алады.Бұл тәсіл тірек-сызба арқылы аурудың жағдайын дәл анықтап,оның тұлғалық және ауруына байланысты құпияларын ашып,ем нәтижесін өсіруге болады.Клиникалық сұхбаттасу үстінде вервальді және вербальді емес тәсілдерді қолдана білу өте маңызды және мағыналы болады.Алайда,кейбір жағдайларда ,әсіресе депрессивті адамдарға және шектеулі мәлімет айтылған кезде аурудың көзіне тік қарамаған дұрыс болады.Сонымен қатар,вербальді және вербальді емес тәсілдерді қолдану, пацент проблемаларын дәл түсініп, сұхбаттасуға қолайлы жағдай тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет