Бөлім Қожа Ахмет Ясауидің діни-философиялық, педагогикалық көзқарасының қалыптасып, дамуы



бет3/5
Дата10.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
1   2   3   4   5

7. Жақсы көру

Бұл тақырыпта негізгі қарастыратын мәселе теңдік, түсіністік, ортақ тіл табушылық, адамдардың дін, тіл, жыныс ұлттық ерекшеліктеріне байланысты қорланбауы, бұл ерекшеліктердің дау-жанжалға себеп болмауы.

Ясауи өз хикметтерінде залымдар егер жәбір берсе Алла дегін деп жырлайды. Мұндағы залымдар дсп отырғандары дінді түсінбей мазақ еткен кісілер.

Достық, туыстық және махаббат адамзат баласы үшіи бүгінгі таңдағы аса қажет келешекте де керек болатын ең маңызды ұғымдар. Бүкіл адамзатты шектеген ең үлкен апаттан құтылудың бірден-бір жолы руханиятқа оралу болып табылады. Адамдықтың қадір-қасиеті мәдениетіне көңіл бөлуде «рухани мұра» арқылы арылу тазаруында жатыр. Міне дәл осы жерден біздің яғни, түркі дүниесінің ислам әлемінің міндеті басталады. Біз адамзатқа керек рухани мұраның өзімізде екендігін адамды адам еткен ең ұлы жаратылыс, біздің рухани жаратылысымызда екендігін түсіндіруіміз, ұғындыруымыз қажет.

Ең негізгі жүзеге асыратын іс – адамға деген сүйіспеншілік, махаббат, бірін-бірі жақсы көру, сыйлау, құрметтеу және ғылымға ден қоюды негізге алған Ясауи мен оның шәкірттерінің жолына бет бұру, оларды тану, оқып үйрену, іздену болып табылады.

Қазіргі таңдағы дамыған технологияның жан-жақты барлық мүмкіндіктері мен салаларын пайдалану арқылы ұлттық мәдениетіміздің, руханиятымыздың қайнар көздері болған ғұлама тұлғаларымыздың пікірлерін, ілімдерін, бүкіл адамзатқа, халқымызға жеткізуіміз керек.

Қожа Ахмет Ясауидің, Қажы Бектас әулиенің, Сары Салтұқтың және т.б. бізге үйреткеніндей «...адам әлемнің өзі, көздің қарашығы....» екендігін олардың қалдырған мол баға жетпес мұраларының әр түрлі мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалана отырып, бүкіл адамзат баласына ұсынуымыз, жеткізуіміз қажет.

Бұларды іске асыра алсақ, келесі ғасыр тек қана ғылым мен білімге сүйенген жалпы білімді қоғам дәуірі ғана емес, сонымен қатар, махаббат, сүйіспеншілік заманы. Негізінен Қожа Ахмет Ясауи Түркілердің исламдық түсінігін, ұғымын қалыптастырып, осы түсініктің негізінде адал, шынайы, мұсылмандықты жайған ғұлама. Соның нәтижесінде риядан, көріністерден, алыс тұруы, басқа діндегілерге құрметпен қарау, білімге, адал еңбектенуге, әйел затына, оның теңдігіне мән беру пайда болады.

Міне сондықтан да, Қожа Ахмет Ясауи іліміне, руханиятына, түркі дүниесімен қатар бүкіл адамзат зәру болып отыр . Осыған бір дәлел ретінде Балқанда да мұсылмандықтың жайылуына Ясауи мен оның шәкірттерінің еңбегі көп сіңді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады, яғни ел бірлігі үшін ауыз біршілік керек. Халық бір біріне алакөз болмауы тиіс.

1.2. Ясауи еңбектерінің тәлім-тәрбиелік мәні.
Қазіргі таңда Еліміздің мектептері мен жоғары оқу орындарында жаппай халықтық педагогика, халықтық психология, т.б. халқымызга тән әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді, тарихымызды, дінімізді, ділімізді, тілімізді және басқа үлттық сезімімізді оятатын көптеген қосымша пәндер мен арнаулы курстар оқу "бағдарламасына ендіріліп, соған сай дәрістер жүргізілуде. Осы дәрістердің бірі - халықтық педагогиканы бағдарламаға сай өткен кезде ондағы «Ясауи еңбектерінің этнопедагогикалық мәселелерін» жете қарастырудың салдарынан оның рухани, мағнауи азығы мол және ол адам баласына өте қажетті дүние болып табылады. Сондықтан да бұл еңбектер рухани мағнауи құнды болып саналады. Жалпы Ясауи еңбектері өте күрделі болып келеді, оларды бірден игеріп алып кету мүмкін емес. Оның әрбір еңбегінде философиялық, әдеби, діни, психологиялық, этнопедагогикалық, әлеуметтік, тіл т.б. да тәлім-тәрбиелік мәселелер кеңінен қарастырылған. Сол себептен де өте ұқыптылықпен әрбір сөзіне талдау жасап өткізуді қажет етеді. Ясауи өз хикметтерін, құран кәріммен тең көрген. Ол туралы өзінің хикмет шумағы да бар,

Менің хикметтерім,

Алладан пәрмен.

Оқып ұққанға бар.

Мағынасы - «Құран» - деп, өз хикметтерінің Алла тарапынан келіп тұрғандығын баян етеді. Осылай Ясауи туралы қосымша мағлұмат беріп болған соң, әрбір еңбегіне жеке-жеке тоқталып өткен дұрыс сияқты.

Мәселен, оның әрбір еңбегімдегі отбасы, ақыл-ой, дүниетанымдық, адамгершілік, эстетикалық, экологиялық, экономикалық, өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу т.б. тәрбие мәселелерін жеке дара қарастырып шығу өте құнды болады. Қандай еңбектері бар, олардың атаулары және баспа арқылы жарыққа шығуы туралы қысқаша тарихи мағлұматтар беріліп өткені дұрыс. Себебі, Ясауи еңбектері бізге жетіп келуі үшін көптеген қиыншылықтарды бастан кешірген, өткізген, солар туралы да аз ғана мағлұматтар берілуі қажет сияқты.

Сонымен, негізінен біз қандай еңбектерімен таныспыз, соны қарастырып шығайық. Бірінші, «Хикметтер жинағы», «Диуани хикмет», бұл еңбегі осы уақытқа дейін көптеген тілдерге аударылған, ал енді, 1991 жылдан бастап қазақ тілінде шыға бастады.

Екінші еңбегі, «Пақырнама және Мүнажатнама» бұл шығармасында бұдан алдын бірнеше тілдерге тәржімаланып баспаларда басылып шыққан, 1991 жылдан бастап бұл еңбегі де қазақ тілінде жарық көре бастады. [114].

Үшінші еңбегі, «Мират-ул-Қулуб», бүл шығармасы жақында Швецияның Упсала деген қаласындағы бір университеттің кітапханасының қолжазбалар қорынан табылды. 2000-жылы Түркияда жарық көрген.

Төртінші болып, Ясауи өміріне байланысты аңыз әңгімелер мен хикметтер жинағы, бұлар да көптеген тілдерге аударылып, жарық көрген. «Тарихы терең көрген Түркістан» атты Түркістанның 1500 жылдық мерей тойына арналған мерекелік жинақта да Ясауи туралы көптеген мағлұматтар бар.

Сонымен Ясауидің бірінші еңбегі «Диуани хикмет».

«Диуани хикмет» сол замандар бойы ел аузында айтылып қол жазба түрінде сақталған.

Ахмет Ясауи тәрбиесінің адамға ықпал ету күшіне сенді, адамгершілігі мол адам қаталдыққа бармайды деп есептеледі. Тек дұрыс тәрбие ғана ақымақтық істерден сақтандырады, сондықтан мінез-құлықты түзеу тәрбиенің басты мақсаты.

Адамгершілік қалыптарын ұсыну сол кездегі ойшылдардың алдында тұрған аса құнды проблемалық мәселе болды. А.Ясауи де халыққа дұрыс жол сілтеп, нағыз адам болу үшін қандай шарттар керек екенін көрсетуді өзінің басты парызы деп білген. Оның өмірде неге ұмтылып, неден безіну керектігін бейнелейтін моральдық ұғымдарын оқып, үйренудің бүгінгі кезең үшін мәнді тұсы жастардың тәртібі, этикалық және эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру ісінде тәлім-тәрбиелік бағдар бола алатын мүмкіндігінде.

Қ.А.Ясауи мұраларындағы «Даналық кітабында» негізінен төрт ғақлия мадақталады.

1. «Шариғат» - ислам заңдары мен әдет-ғұрыптарынын негіздері, яғни мұсылмандық жолын қастерлеп, соны тәлім-тәрбиеге үлгі-өнеге етіп жырлау. Мұсылмандықтың жалпы адам баласының тәлімі екендігін жырға қосып, қиын адамгершілік тәрбиесінің асқан өнегесін көрсетеді.

2. «Тариқат» - сопылық ой мақсаттарды насихат - өсиет ету. Яғни жыр өрнектері арқылы ұрпақты имандылыққа, шыншылдыққа, әділеттікке, тазалыққа, адалдыққа тәрбиелеп, татулыққа үйрету. Сөйтіп оқушыны мейірімділікке, қайырымдылыққа, қонақжайлыққа тәрбиелейді. Тәрбиенің бұл салаларының қайнар көзі халықта екенін қалдықсыз айтады.

3. «Мағрифат» - дін жолын танып, оқып білу, яғни Алланың ақ жолын ардақтап, соған тағзым етіп, тағлым алу – адамгершілік парыз екенін әсерлі сөзбен жеткізіп, ұрпақты ұлағаттылыққа тәрбиелеу. Ақын ғаріп, пақыр, жетім-жесірлерді сүйсең, оларға жақсылық жасасаң Алла тағала саған риза болып, ісіңді оңдайды, мақсатыңа жеткізеді дейді. Сөйтіп ұстаз оқырмандарға адамгершілік тәрбиесінің ең түйінді тұжырымдарын жыр арқылы әсерлендіре жеткізеді, Алланың ақ жолы – адамгершіліктің шырағы екенін оқушы мен тыңдаушыға сезіндіре жырлайды.

4. «Хақиқат» - құдайға құлшылық ете білу, яғни бүкіл әлемді жаратушы Алланы танып-біліп, оған табыну, құдайдың құдіретіне сену әрбір мұсылманның парызы екенін сөз құдіретімен түсіндіріп, ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу «Иман нұры», «Хақиқат дариясы», «Ақіреттің азығы» арқылы адамның күнадан таза болуына жол ашып беру мақсаттарын жырлайды. Бұл еңбегінде ғұлама ғалым Түркістанның пірі негізінен төрт мәселені қарастырады. Біріншісі - Алланы тану, екіншісі Алланы ұлықтау, үшіншісі - дүниедегі күналар мен әділетсіздікті қаралау және әділетсіздіктің құрбаны болған пенделерді қорғау, оларды әділеттілікке бастау, төртіншісі - бұл дүниенің қара дақтарын пенделерге жұқтырмау үшін жалған дүниеден бас тарту. Міне осындай күрделі-күрделі төрт мәселені үздіксіз қарастырып оны өз хикметтерінде жырлап отырады. Хикметтері төрт, кей жерлерде екі шумақтан құрылған болып, жалпы окырман қауымның жаттап алып айтуына ыңғайлы болып келеді. Сол себептен де Ясауи хикметтері ел арасына ауызекі тараған хикметтер, кейіншелік қағаз беттеріне түсе бастаған. Сонымен хикметтер саны өзі айтып кеткендей, «төрт мың төрт жүзге» тарта екен. Оған дәлелді мына хикмет шумақтарынан келтіруге болады.

Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,

Тәліптерге баян қылсам, қалмас арма.

Төрт мың төрт жүз «Хикмет» айттым хақтан пәрмен,

Пәрмен болса өлгенімше сөйлесем мен.

Міне осылай өмір кезеңдерінде хикметтерінде айтып өткен. Ал енді нақты қанша хикмет жазғандығы туралы беймәлім. Оған қосымша ұстаздары туралы. Түркістанға қай кезде келгендігі жайлы неше жасында пірін тапқандығы, ғұлама ғалымдық дәрежеге қанша жасында жеткендігі, неше жыл өмір сүргендігі, қай жасында «Қылуетке» түскендігі жайлы да хикмет шумақтарында келтірілген. Әрине осы мағлұматтарды оқырман қауымға жете түсіндіре алсақ, қандай құнды рухани, мағнауи азық алған болар еді. Иә, бұл еңбекті жете талдаудың арқасында оқырман қауым өзін имандыққа, әділеттілікке, инабаттылыққа, көрегенділікке т.б. жақсы мінез-құлықты қалыптастыруға ұмтылып, соған өзін тәрбиелейді.

Келесі еңбегі «Пақырнама және мұнажатнама» деп аталады. Пақырнамасында сопылық жолға түсудің үлкен үлкен төрт мақамын толық талдап өткен. Ол жерде шариғат, тариқат, мағрифат, ақиқат мәселелері түсіндіріліп олардың тағы да он-он мақамға бөлінетінін айтып берген. Міне осы қырық мақамды кімде-кім басып өтсе, сол кісі ғана дәруіш, шайх, пір, сопы, ишан, ұстаз бола алады деген. Бұл мақамдарды басып өтпеген кез-келген адам сопылық, дәруіштік, шайықтық, пірлік, ишандық, ұстаздық дәрежеге көтеріле алмайды, әрі сопы қырқасын /шапанын/ киюге қақысы жоқ делінген. Міне осы мәселерді оқырман қауымға талдап жете түсіндіріп, өту қажет, себеді бұл мәселе біздің оқырман қауымға таныс болмаған, сондықтан сопылық қағидаларымен таныстырып өткен дұрыс болады. Ал, енді «Пақырлық» дәрежеге көтерілу үшін тағы да қырық мақамды басып өтуінің қажеттілігін атап көрсеткен. Осы кезде ғана адамдардың яғни сопылардың «батин» /көкірек/ көздері ашық болады. Бұл сопылық жолдың негізгі мақсаты болып табылады. Осы көкірек көздердің ашылуының арқасында ғана адам баласы Алла тағаламен қауышуы мүмкін. Сопылар сол себептен де өмір бойы өздерін тазалап, көкірек көздерін ашуға ұмтылумен болады. Оның көптеген жолдары мен әдіс-тәсілдері бар. Соның бірі «Зікір» салу, яғни Алланы ұлықтап оның атын қайталап еске алып отыру. Міне, осындай кездері ғана адам баласы экстазға /есінен айырылу/ түседі, сол кезде Алла тағаламен қауышады.

Ал енді, «Мұнажатнамасына» келетін болсақ, ол екі шумақтан тұрып, хикметтер тәріздес өлең сөздеріен жазылған. Ясауидің Мұнажатнамасы негізінен екі бөлімнен тұрады.

Біріншісінде Аллла тағала мүнажат етуді өсиет еткен болса, екіншісінде жалпы оқырман қауымға хикметтерді оқу арқылы Алланы тануды өсиет еткен. Өзі өте қысқа болғанымен, нұсқа жалпы оқырман қауымға түсінікті тілде жазылған. Тіл демекші ол замандарда түркі тілдес халықтар бірін-бірі түсіне беретін болған, ал жазуы болса, сол кездегі басым болып тұрған араб графикасымен жазылған. Міне осы еңбекті оқу арқасында жалпы оқырман қауым өздерін жамандықтан тежейді әрі нәпсілерін тыюға ұмтылады. Соған әрекет жасайды. Сопылардың басты мақсаты да нәпсіні тыю болып табылады.

Келесі еңбегі «Мират-ул Қулуб». Бұл шығармасында Иассахи негізіне шариғат, мағрифат, тариқат, ақиқат мәселелерін өте мұқияттылықпен талдап шыққан. Бұлай аталуының себебінің өзі де шығарманың ішкі мағынасына байланысты. Бұл еңбекті кімде-кім оқып шықса, өз қателіктерін көріп, өзін-өзі тәрбиелеуге кіріседі. Сол себептенде «Көңілдің айнасы» деп аталған. Яғни көңілдегі кір-қоқыстарды айнадан көргендей көреді. Соның арқасында соларды тазалауға ұмтылады.

Келесі бір еңбек Ясауи өмір кезендеріне байланысты аңыз-әңгімелер мен хикаяттар. Бұл еңбекті оқудың арқасында оқырман қауым өздерін жақсы жоға салуға тырысады.

Жалпы Ясауидің өмір кезеңі үлкен-үлкен үш кезеңнен тұрады. Бріншісі - жастық шағы, екіншісі - ер жетіп жігіт болған кезі, ал үшіншісі - ғұлама ғалым болып әулиелік дәрежеге көтерілген мезгілі, оған қосымша «қылуетке» түсуі де суреттеліп берілген. «Аңыз түбінде ақиқат бар»- дегендей бұл әңгімелер мен хикаяттарға жете зер салып, көңіл аударып қарастырған жөн.

Ясауи үшін Хақ жолы дененіміз адамның рухани кемелдікке жету жолы, адамның адамгершілік қаасиеттерімен өмір сүру жолы. Яғни адамның руханишылығы оның адамгершілік қасиеттерімен ғана танылады. Ал адамгершілік қасиеттер иман түрінде көрінеді. Иман адамның өмір сүру амалы, адами әлемнің шеңбері, рухани қор жинайтын құралы болып табылады. Сонда иман мәні, негізі не деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беруде Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін зерделейік.

Иман болды Хақ тағала тағатынан,

Кешпек керек бүл дүниенің рахатынан.

Яғни иман Хақ Тағатынан пайда болғандықтан, рухани әлемге тиесілі құбылыс. Сонда тағатты рухани әлемнің жүйелілігін, заңдылығын реттеуші күш деп алсақ, онда иман дегеніміз рухани қасиеттердің жинақталған формасы, көрінісі деп түсінеміз.

Ясауи түсінігінде, адамның кісілік келбеті, ішкі жан дүниесінің сәулесі, жақсылыққа жетелейтін тәрбиешісі дұрыс жолды үйретіп, түзу бағыт нұсқайтын жетекшісі және де «Тән сөйлемес, жан сөйлемес, иман сөйлер» - иман адамның о дүниеде Хақ алдында ақтық сөзін сөйлер куәгері, жанашыр, жақтасы болып табылады.

Иман - Алла Тағала құдіретімен барлық адамдарға тиесілі нұр, бірақ оны сақтау не жоғалту әркімнің өз қолында, ниетінде мақсатында. Иман адамгершілік қасиеттерінен нәр алатын гүл, оны солдырып, алмау әркімнің баптауына байланысты. Яғни иман - адамгершілік қасиеттердің жиынтығы. Ал осы иманды, имандылықты құрайтын адамгершілік, адамдық қасиеттер қандай?

Хақ тағала адамға иманды сыйға тартардан бұрын алдымен осы сыйға иегер бола алатындай ақыл және де осы тартудың тұрақтай алатындай мекені - сана берген. Яғни иманның мағынаға, мәнге айналуы адамның ойлау, зерделеу, пайымдау қасиетіне тыгыз байланысты. Иман ақыл түрінде адамның бұл өмірдегі мақсатын белгілеп, ақ пен қараны, оң мен солды танытатын көңіл көзі болып табылады. Ақыл адамды ізденіске салып, парыз міндеттері, жауапкершілігі артып, шешім белгілейтін күш. Егер де надандық адамның көңіл ізденісін мешелдікке салып, сарп қылса, ақыл оны бұл аурудан жазып айықтырады. Ақылды адам тура жолмен бұрыс жолды айыра біліп, өз шешіміне жауап бере алады. Ал наданның құрсауындағы ақымақ адам, өз ой-пікірі, тұжырымы, көзқарасы болмағандықтан, кез келгеннің жетегінде қалып қояды.

Имандылықтың екінші негізі сабырлық, төзімділік, шыдамдылық қасиеттерінем тұрады. Осы қасиеттер арқылы адам мехнат-машақат, азап көргенде, қиындықпен сыналғанда, рухани дүниесінің беріктігі, бекемдігі анықталады. Сабырлы төзімді адам өзіне-өзі берік, сенімі нық адам. Сабыр адамды асығыс іс-әрекеттен, жөнсіз қылықтан, ағат сөзден сақтап, ақылға салады, ойға жетелейді. Сабыр адамның тақат белгісі, әр не бәле келсе, сабырлық сақтап, шыдамды болуда ұлы күш жатыр. Адам неғұрлым сабырлы болса, соғұрлым тағатты болады, әмір қиындықтарынан қорықпай, машақатқа бекем келеді.

Адам өзінің қайраты, тәубесі арқылы өмірдегі таңдауын өмір сүру жолын, орнын белгілейді. Егер де адам жалтақтап, өмір мәселелерін шешуге батылы жетпей, жалған өмір мен хақ өмірге таңдау жасауға қорқып тұрса, онда ол жалған қорқыныш сезіміне бой ұрып, қолы да, жолы да байланып, шайтан құрығына түседі. Яғни адам тек Хақ алдында қорқуы керек, ал бұл дүниелік қорқынышқа бой алдырса, жаны семіріп, құты қашып, иманынан айрылады. [18]

Ясауи хикметтерінде Алла тағала рақымды, кешірімді, адам баласы қаншама күнә жасап, қожасын танымай, әміріне мойынсұнбай, бұзақылық жолына түссе де, Хақ оның жақсылыққа, адамгершілікке оралуына мүмкіндік беріп, рақымшылық жасап кешіруге дайын тұрады. Түзу жолға оралғандарға мейірімділікпен құшағын жаяды. Ал адам Хақтың бір бөлшегі болғандықтан, оның мейірімділік, қайырымдылық, кешірімділік қасиеттерінің уәкілі, жаршысы болуға міндетті. Адам айналасына қаншалықты рақымды болса, Хақ оған соншалықты рақымшылық танытады. Тек мейірімді адам өзгенің қайғы-қасіретіне ортақтасып, шер бөлісе алады. Мейірім жүрек жылытар, көңіл жібітер ұлы күш. Сондықтан да Ясауи хикметтерінде адамгершіліктің биік үлгісі болган Мұхаммед пайғамбар жетім басын сыйлаушы, ғаріп- міскіндерге медет беруші ретінде көп сипатталады. Тіпті негізінен осы қасиеттерімен-ақ Миғражға көтерілген деген ой салады.

Ахмет Ясауи хикметтерінде ғаріптің ахуалын ғаріп түсінеді, жәбірленгеннің жанын жапа шеккен біледі, мүсәпірдің қасіретін мүсәпір сезеді деген тұжырыммен адамдарға ғаріп болуға, өз еркімен мүсәпірлік күй кешуге, яғни пақырлықта өмір сүруге шақыратын үндеулер көп.

Рақымды болу, мейірімді болу адамның аяушылық, сезімталдық сияқты ең нәзік сезімдерінен құралған. Адам неғұрлым момын, жүрегі жұмсақ, көңілі жылы болған сайын, бұл өмірде соғұрлым дәрменсіз, бейшара болады. Оның зұлымдыққа, қорлық-зорлыққа қарсы тұрар ахуалы да шамасы да жоқ. Ясауи өз хикметтерінде сопы-дәруіштерді диуана кейпінде, бейшара образында бейнелеген. Ал олардың мұсылмандық қаруы, яғни бұл дүниедегі шарасыздық белгісі жылау, көз жасын ағызу, еңіреу түрінде сипатталып, мейірімділік, рақымдылық, кешірімділік, қайырымдылық қасиеттерінің ұғымын жылауда жинақтаған. Егер шынайы көз жасы адамның мейірімділігін, рақымдылығын, қайырымдылығын, ізгілігін танытады. Пәк көңілде бүршік жарған көз жасы ғана адамның мейірбандығына куә болып, иманын растайды. «Көп жыла, жасыңды алып, куә қылсын». Мейірім үшін көз жасы арқылы қатып қалған жүректі, тас көңілді жібітеді, көңілді кір басатын тоғышарлықтан, қатігездіктен сақтап сақтандырады. Сондықтан да Ясауи өз хикметтерінде мейірім күші көз жасымен өлшенеді.

Ясауи үшін имандылықтың басты шарты – адал болу, шынайы болу, садиқ болу. Егер де адам арам көңілмен жақсылық істеген сияқты болса, оның әрекеті рия - екі жүзділік болып табылады. Адам делқұлыққа салынып, бұл өмірде рухани дүниесін жалған байлыққа айырбастап, нәпсіқұмарлыққа жол берсе, надандық ауруына шалдығады. Ал надандық дегеніміз - менмендік, тәкәппарлық сияқты иманға жат қасиеттердің күш алып, адамның бойын улайтын рухани мешелдік болып табылады. Наданның жүрегінің жылуы, көңілінің мейірі жоқ. Мұндай адамдар қатыгездік мұзымен құрсауланып, ешкімнің дертін, халін сұрамас, тасбауыр болады.

Қожа Ахмет Ясауи адамды жалған дүние тұзағынан сақтанып, нәпсінің тұтқыны болмау үшін не жағдайда да иманынан айырылып қалмауына шақырады. Адамның жүрегі таза, рухы пәк болуның кепілдігі ретінде әрдайым иманмен белгіленген ізгі қасиеттерді тәрбиелеп, жетілдіріп отыру қажет. Өйткені адам тек иман түріндегі адамгершілік қасиеттер арқылы дүниелік қор жинап, рухани толысып, Хақ кемелдігіне жетеді.

Бұл дүниеден ақыретке қылар сапар,

Бұл дүниеден азық алсаң, болар қадір.

Қожа Ахмет амал, иман, білгір қадір.

Иманменен қылған сапар ғаріптік жоқ.

Яғни бұл өмір адамгершілік қасиеттердің жиынтығы болып табылатын иман мен нәпсілік құлқынқұмар арасындағы майдан алаңын белгілейді. Адамгершілік қасиеттер нәпсіһауалық қасиеттерді жеңуде адам Хақ дәрежесіне лайық болып, өзінің адамдық келбетімен о дүниеде Хақпен табысып, таухидке жете алады. Сөйтіп, өмір мәні адамгершілік қасиеттердің сынға түсіп, шыңдалуында көрініс табады. Ал адам дегеніміз - Ясауи бойынша, сенім-иманынан кеме салып, жақсы қасиеттерінен, жақсы істерімен азық жинап, өмір атты дариямен Хақ аманатыман аман есен өз иесіне табыстау мақсатында сапар шеккен жолаушы деп білеміз.

Ахмет Ясауи еңбектеріндегі адамгершілік, имандылық, инабаттылық, әдептілік т.б. тәрбиелер негізі халықта жатыр. Себебі Ясауи өз еңбектерін жазғанда халықтык әдет-ғұрып, салт-дәстүр, наным-сенім, ырым-тыйым, мақал-мәтел, аңыз-әңгімелер, сонымен қатар «Құран Кәрім»» Мұхаммед /с.ғ.с/ Пайғамбар хадистерін басшылыққа алып отырған. Сондықтан да, Ясауи еңбектерінде адамгершілік, имандылық т.б. тәлім-тәрбие мәселелерін қарастырып шығуды жөн көрдік.

Сонымен халықтың адамгершілік, имандылық сипаттары ғасырлар бойы қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, өткендердің келер жас әулетке сыйы ретінде үздіксіз беріліп отырды. Нағыз адамдық мораль - бұл халықтық мораль деп сүйсіне жазды, өзіміздің ойлы ғалымдар, ғұламалар, педагоггар мен жазушы, ақындарымыз.

Адамгершілік, имандылық тәрбиенің мазмұнын моральдық кодекс, сондай-ақ педагогикалық білімдердің өзіндік энциклопедиясы болып табылатын этикалық қалыптар жиынтығын құрайды. Халықтың Отанға берілгендік, адамға сүйіспеншілік, еңбекті, сүю сыпайылылық, ерлік, адалдық, қарапайымдылық секілді адамгершілік, имандылық, инабаттылық т.б. сапаларды қашан да дәріптеді. Мұнымен қатар жалқаулық, мақтаншақтық, дөрекілік, өзімшілдік, қызғаншақтық, қорқақтықты мейлінше айыптады.

Мысалы, адамгершілікке тәрбилеудің негізгі әдіс-тәсілдеріне түсіндіруді жатқызуға болады. Оның құралдары ретінде мақалдар мен мәтелдер, әңгімелер мен ертегілер, аңыздар мен аңыз-әңгімелер қызмет етті. Халық әндері сезім мен санаға ықпалды әсер ету құралдары болып табылады. Осы сынды Ясауи еңбектеріндегі хикметтерді, өсиеттерді, аңыз-әңгімелер мен хикаяттарды түсіндіру барысында келешек өскелең жас ұрпақты адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеуге болады. Мәселен, балалармен әңгіме үстінде тап сол жағдайға қолайлы да байланысты хикметтерден үзінділерді арнайы сұрыптап, реттеп алу мүмкін. Сонымен қатар өмірбаянына байланысты аңыз-әңгімелерді қысқа түрде айтып өтуге, әндер туралы мысал қажет болса, Ясауидің «Зікір» салу әдіс-тәсілдерін оның жан дүниеге әсерін айтып өтсе өте құнды болады. Бірі «Құфи» яғни іштен дауыс шығармай, ал екіншісі дауыстап «Жахри» немесе «Арра». Міне осы «зікірлер» туралы азда болса мағлұмат беріп өту қажет. Мысал ретінде айтар болсақ, жалпы зікір Мұхаммад /с.ғ.с/ Пайғамбар арқылы Әбу Бәкір Сыдықпен Әзіреті Әліге өткен. Міне осы екі халифаның, біріншісі «Қуфи» ал екіншісі «Жахри», зікірін таратқан. Содан осы күнге жетіп отыр. Яғни Ясауи «Зікірі», «Жахри» «Арра» болып табылады. Бұл мүмкін бұрынғы бақсылардан қалған ізде шығар. Қалай дегенде де ғасырлар бойы жібін үзбей келуде.

Адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудің үлкендер яғни алдыңғы аға буындар үлгісі, тікелей және жанама ескертулер, мадақтаумен жазалау әдістері, ишараның балалармен жастар ортасында ғана емес, сондай-ақ үлкендер арасында да, кеңінен тараған көптеген түрлері бар. Бұл мәселелер бойынша Ясауи хикметтерінде көптеп жырланады басқа еңбектерінде де бар.

Халық педагогикасында адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудің аса бай жолдары белгілі болғанына көз жеткізу үшін, келесі әдістер мен құралдарды атап өтуге болады. Олар көрсету, үйрету, жаттықтыру, сендіру, өтіну, кеңес беру, мақұлдау, сәттілік тілеу, тыйым салу, ант беру, күшейту, сөгіс беру, кінәләу және т.б. Бұл айтылғандар жөнінде Ясауи еңбектерінде толық қамтылған. Мәселен, «Хикменттерінде» қамтылса, екіншісі «Пақырнама мен Мүнажатнамасында», ал үшіншісі болса, «Мират-ул- Қулуб» атты еңбектерінде талданып, берілген. Қалған мәселелер өмірбаянына негізделіп жазылған аңыз-әңгімелер мен хикаяттарында келтірілген. Міне, осы еңбектерді оқудың, оқытудың арқасында адам баласы өзін адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей түседі.

Қандай халық болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті ұлттық болуы арқылы болашақ өскелең жас ұрпақтың төл ұлтына тән қабілетін қалыптастырды.

Сондықтан да сан тасырлар бойы халықтың өзімен бірге жалғасып, бірге өмір сүріп келе жатқан ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан екшеленіп, сыналып, еленіп, електен өтіп бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүр, наным-сенім, ырым-тыйымдарды адамгершілік, имандылық тәрбиесінде пайдалану үшін, өткен тарихи дәуірлердегі халық педагогикасына сүйенген дұрыс. Біздің халқымыздың сенімдері, ырым-тыйымдары әуелі «Тәңірге» табынушылықпен танылғаны баршага мәлім. Ислам діні содан кейін келсе дағы, халық танымымен нанымындағы «тәңірдің» құдіретін біржолата ысырып тастай алған жоқ. Әлі күнге дейін өзінше үндесіп даму үстінде келеді. Жалпы, «Тәңірлік» таным-наным сенімнің құдіреті «Табиғат» болғандықтан, тіршіліктегі көп жагдайлардың қадір-қасиеттері табиғат заңдылықтарымен шиеленісе байланысып жатады. Сондықтан Ислам дінінің «Тәңірлік» таным-наным сенімдерімен үндесетін жерлері көп. Бұл көріністер халқымыздың аса ерте, көне аңыздары мен ертегілерінде анық, айқын байқалады. Осыдан келіп адамдар өздерінің тәлімдерімен, тәрбиелері жайында баяғыдан бері бар нәрселерді түлете дамытып, ежелгі адамшылдықтың негіздеріне сүйенгендері жөн дейміз. Олай болса, өміріміздің алтын діңгегі болып табылатын халық педагогикасында қайырымдыық, шындық, әділет, сенім, үміт, үрей, зұлымды, қызғаншақтық, көре алмаушылық, т.б. сол сияқты, негізгі имандылықтың көріністеріне даралай жіктеп баға бергеніміз дұрыс болар еді ойлаймыз.

Қайырымдылық адам баласының тәрбие мен тәлім арқылы қалыптасатын мінез-құлықтардың ішінде, әсіресе, қайырымдылық пен зұлымдық өз алдына ерекше орын алады. Бұл мәселелер бойынша сонау Адам Ата мен Хауа Анадан басталып осы күнге дейін жалғасын тауып келуде. Мұхаммад /с.ғ.с/ Пайғамбарда өз Хадистерінде көптеп келтірген. Ал енді Ясауиге келер болсақ өз бастауын «Құрани Кәрім» мен «Хаддистерден» алғандықтан «Хикметтерінде» де басқада еңбектерінде де көптеп жырлап өткен.

Ел, дүние, халқымызда қайырым жоқ,

Патшаменен Уазірдерде әділет жоқ.

Дәруіштердің дұғасында қасиет жоқ,

Түрлі бәле халық үстінде жауды достар.

Ақыр заман ғалымы залым болды,

Ізгі тілегін үзбеген ғалым болды.

Алланы айтқан дәруіштің жолы болды,

Ғажап сұмдық заман болды достар.

Міне, осылай, қайырымдылық пен зұлымдылық туралы өз хикметтерінде Ясауи бабамыз жырлап өткен. Бұл айтылғандар қазірдің өзінде де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Шындық – біреу ғана болғанымен оның мың сан түрлі қырлары көп. Әр адам шындықтың бір ғана сырын ұғады ал, екіншісі болса, басқа бірін ұғады.

Мінекей, мұның бәрі ақылмен білімнің шолақтығынан туындайтындықтан барынша жылдамырақ ұғынып, тезірек түсінгеніміз жөн. Халқымыздың даналығына сүйенсек, «...көзі соқырдан гөрі, көкірегі соқыр жаман», - деген ғой. Бұл тіршілікте әртүрлі жағдайлармен дұрыс тәрбие ала алмаған «көкірегі соқырлар» тым көп. Сонықтан да өмір шындығының асқар таудай ұлы көріністері, олар үшін күнделікті ішіп жегендерінен артық емес сияқтанып көрінеді. Егер шындық адам бейнесіне еніп, көкірегі көр тобырдың ортасына түссе, оны топастықтың қара күйесі қымтап алып, ыстандырып жіберері хақ. Міне бұл мәселе бойынша да Ясауи «Хикметтерінен» үзінділер келтіре кетейік.

Қазы, имам болғандар – нақақ жала қылғандар,

Есектей болып жегіліп, жүк астында қалады.

Пара алған әкімдер арамдықпен жүргендер,

Өз бармағын өзі шайнап, өкінішпен қалады.

Тән сөйлемес, жан сөйлемес, Иман сөйлер,

Жаннан кешкен, шын гашықтар хақты көздер.

Ғұламаға қызмет қылып жолын түзер,

Сол ғашықты халыққа сұлтан қылар.

Міне бұл «Хикмет» шумақтарынан шындық пен өтіріктің арасы анық айқын ашылып көрсетіліп тұр. Сол себептен де адам баласы тек қана шыншыл болғаны дұрыс. Ол үшін ілімді, білімді ғалым болуы қажет оған жету үшін Алланың ілімін жете оқып, ұғуға ұмтылулары керек. Жалпы Ясауи жолының негізгі мақсатыда «Көкірек көздерін» ашу және Алламен қауышу болып табылды. «Көкірек көздерін» сопылық ілімде «Батин көзі» - дейді. Бұл «Батин көздері» ашылуы үшін үлкен-үлкен исламдағы төрт мақамды басып өтуі тиіс. Олар, Шариғат, Тариқат, Ақиқат және Мағрифат. Бұларды басып өту үшін әр бірінің он-оннан «Мақамы» бар соларды басып өту қажет, сол кезде ғана «Батин көздері» ашылуы мүмкін. Бұл қырық мақамды басып өткен тәлім яғни шәкірт сопылық, дәруіштік, пірлік, шайықтық, ешандық, муршидтік дәрежелерге жетуі мүмкін. Ал енді Алламен қауышу үшін «Арифтік», «Пақырлық» дәрежеге көтерілуі қажет, мұндай дәрежеге көтерілуі үшін, жетпіс мақамды, жетпіс мың «Пердені» ашып, Мұхаммад /с.ғ.с/ Пайғамбардың көрген қиыншылықтарын көргенде ғана бұл мақсатына жетуі мүмкін. Мұхаммад /с.ғ.с/ Пайғамбардан сіз қай мезгілде ұйықтайсыз дегенде, «Менің көзім ұйқыда болғанымен, көкірегім ояу болады» деп жауап берген екен. Тағы да бірде Мұхаммад /с.ғ.с/ Пайғамбардан сіз Алланы қалай көрдіңіз дегенде, «Мен Алланы мына жұмыр бастағы көзбен емес, көкірек көзімен көрдім»- деп жауап беріпті. Міне сол себептен де шыншыл болу үшін «көпірме» көздерін ашу қажет, соны ашу үшін Ясауи бабамыз «Қылуетке» түскен сөйтіп қалган алпыс екі жыл өмірін сонда өткізген. Ясауи Хамадани мектебін тәмәмдап болған соң, ол жерде калып мектепті басқарғысы келмей, Түркістанға қайта оралып келу себебі мынада еді. Хамадани мектебі тек араб, парсы тілдес халықтарға бейім болған ал, түркі елінен барған Ясауиге бұл онша ұнамаған, оның үстіне мектепте оқыту үрдісіде араб, парсы тілдерінде еді. Сол себептен Түркістанга қайтіп келіп өзінің «Ясауиа» мектебін ашқан, оның мектебінің басқа мектептерден ерекшелігі оқытуында еді. Яғни оқыту тілдері толығымен түркі тілі болды. Ал енді, Исламның шариғат заңдарына келер болсақ, толығыменен өзгертілмей түркі тіліне аударыла бастады. Бұл туралы да өз хикметтерінде жазып өткен.

Адамгершілік, имандылық тәрбиенің көзі міне, осыда жатқан сияқты. Негізінде әрбір халық, халық, этнос болып қалыптасу үшін оған үш нәрсе қажет екен, оның біріншісі – тіл, екіншісі - дін, ал үшіншісі жазу. Осы үш мәселенің екеуінің Ясауи бабамыз негізін қалап кеткен. Яғни, түркі халықтарының өз тілдері, ол дінге келер болсақ Ясауи бабамыз «Ислам» деп жеке дара айтпаган. «Түркі - Ислам» деп қосарлап айтатын болған, әрі соны іс жүзіне асырған. Оған себеп, Ислам қағидаларын мүлтіксіз қабылдап оған Түркілердің ғасырлар бойы қалыптасқан Ата діні «Тәңірліктегі» әдет- ғұрып, салт-дәстүр, наным сенім, ырым-тыйымдарды заңдастырған. Міне, егер біз қазір осы жолмен жүрер болсақ, біздің жастарымыз басқа діндерге өтіп кетпеген болар еді, оның үстіне жаман жолдарға да түспеулеріне кәміл сенуге болады. Ал енді үшінші мәселеге келер болсақ, ол жазу. Бұл мәселе бойынша Ясауи ешқандай әрекет жасамаған сияқты. Себебі, ескі түркі жазуы ол кездері ұмыт болып оны ешкім оқи алмайтын еді. Бұл күндері оқуға болады. Яғни біз үш мәселені де тең көтеруімізге мүмкіндік бар деп ойлаймыз. Әрине мұны келешек шешер. Жалпы адамгершілік тәрбиесін, Ясауи еңбектерін бала бақшаларға, мектептерге, жоғары оқу орындарына, басқа да оқырман қауымға кеңінен жарияласақ нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргі кездері Ясауи жайлы көп мәліметтер жоқ. Оның үстіне осы күнге дейін Ясауиді діни қайраткер деп келді. Мүмкін ол дұрыс та шығар. Бірақта Ясауи еңбектерін жіті қарастырғанда онда көптеғен ғылымның басының қосылғанын көруге болады. Мысалы, философия, әдебиет, педагогика, этнопедагогика, психология, этнопсихология, химия, биология, математика, астрономия т.б. көптеген табиғи ғылымдарының жиынтығы десе де болады. Ясауидің қайсібір еңбегін алмай, адамгершілік мәселесі, имандылық, инабаттылық т.б. тәрбиенің түрлі жақтары қарастырылған.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> 5 1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
2013 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің
2013 -> Кіріспе Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама
2013 -> 1 «Алаш» партиясының құрылуы
2013 -> Шымкент институты
2013 -> Информационные материалы
2013 -> 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы оперативтік есепке талдамалық жазбахат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет