Бөлім Қожа Ахмет Ясауидің діни-философиялық, педагогикалық көзқарасының қалыптасып, дамуы


Тәрбиелік іс-шаралар негізінде Қожа Ахмет Ясауи еңбектерін қолдану ерекшеліктері



бет5/5
Дата10.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#127113
1   2   3   4   5

2.2 Тәрбиелік іс-шаралар негізінде Қожа Ахмет Ясауи еңбектерін қолдану ерекшеліктері
Елімізде егемендіктің жылы лебі ескен шақта Қ.А.Ясауи шығармаларына, тағылымына оның мұраларындағы ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтарын игерудің педагогикалық әдістемелік нысаны туралы молырақ көңіл аударып, зер салуға мүімкіндік алып отырмыз. Бүгінде Қ.А.Ясауи ілімінің мәні, маңызы мен ерекшелігін айқындау - тарихымыздың өткені мен бүгіні арасындағы арналар сабақтастығын қалпына келтіруге ықпал етеді. Ясауи дүниетанымы адамды ішкі еркіндікке жетелейтін ар түзейтін ілім.

Ясауи ілімі - моральдық практикалық маңызы тұрғысынан бүгінгі ғылым мен технология, ақпарат дәуірінде отырып, өзінің ішкі әлемінен хабарсыз қалған, имандылық пен арды ойлауға қабілетсіз, жаппай нәпсіқұмарлық жайлаған қоғамның әлеуметтік індетінің емі екендігі даусыз. Осы мәселелерде өзімізге жаңаша сын көзбен қарау тұрғысынан Ясауи ілімін зерттеу, әрі уақыт талабы, ар ожданымыздың үніне айналды.

Қожа Ахмет Ясауи - күнделікті өмірде болып жатқан әрбіс саяси-әлеуметтік, қоғамдық-мәдени мәні бар мәселелер жөнінде жиі толғанатын әрдайым өзі өмір сүрген кезеңнің іргелі, келелі жайттарын тереңнен тербеп, жалпы жұрттың, қалың қауымның назарына шығарып отыратын, оның рухани-адамгершілік, мағнауи мұраларында қамтылған тақырыптар сан-алуан. Сондай өзекті мәселелердің бірі -оқу-тәрбие тақырыбы. Гұлама ғалым бүкіл елінің, туған халқының рухани-адамгершілік, мағнауи мәдениетінің оқыту мен тәрбиелеу ісінің міні мен маңызы зор екендігін терең сезінген. Сондықтан да оның бар саналы ғұмырында, жалпы шығармашыльнында оқу-тәрбие жұмысы жөнінде пайымдаулар, тәлімдік-тәрбиелік, рухани-адамгершілік, мағнауи мұраларындағы ой-пікірлерді ерекше орында тұрады десек қателеспейміз. Сол арқылы ғұлама ғалым ұлттық педагогика мен психология ғалымдарының салаларына өшпес үлкен баға жетпес үлес қосқаны сезсіз. Ол күнделікті өмірдің өзінде оқу-білім, халықты сауатттандыру, көкірек кезін ашу ар түзейтін (хал) ілімін қалыптастыру жөнінде көптеген құнды ойлар айтып, осы игілікті іске өзі де белсене араласып отырды. Оның айтуынша «...ең ауыр майдан надандықпен, нәпсімен күресі майданы: әрі ұзақ, әрі ызасы көп...».

Қаламгер ғұлама ғалым қараңғылықтан халықтың көзін ашудың қаншалықты қиын екеніне ашық, әрі дәл, деп басып айтқан. Мұның бәрі хикмет шумақтарында кетірілген. Әрине ол аумалы-төкпелі заманда елдің жағдайының тұрмыстары ауыр болғаны белгілі. Баршаның білім алуы оңайға соқпады. Ал енді материалдық, экономикалық жағынан өсуі халықтың сауаттылығына, білімділігіне, рухани-адамгершілік, қайырымдылық ізгі қатынастарына, саясит саналығы мен өмірге бейімділігіне, ынта жігеріне тікелей байланысты. Міне бұның бәрі де білім беру, тәрбиелеу жұмысының биік мәнін көрсетеді және ол білімбалаға дер кезінде, жастық шағына бастап берілуі тиіс. Оқу-тәрбие жұмысының пәрменділігі мен тиімділігін, қадір-қасиеті мен пайдалылығының ерекше мән-маңызы осында жатыр. Ясауидің бұл ойы қазақ даласында жолын қуған Абай атамыздың сөздеріндегі: «Ғылым білімді әуелі бастан талай өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдаумен үйір қылу керек. үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бала бір ғалым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады», - деген педагогикалық қорытындысы мен тағылымдық мәні бар тұжырымымен үндес келгендей.

Ана тақырыбы - ғұлама ғалымның басты тақырыптарының біріне айналған. Өйткені ана өмір тірегі, әрбір үйдің ұйытқысы, отбасының берекесі, әмірдің жалғастырушысы. Ұлттың бойында бар жақсы қасиеттерді - тілін, дінін, ділін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ырым-тыйымын, наным-сенімін, танымын, санасын, ұлттық сенімін, сана-сезімін баласына немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дарытушы. Әрине әйел-ана. Қ.А.Ясауидің рухани-адамгершілік, мағнауи мұраларын оқып үйренуде оны үздіксіз білім беру жүйесіне ендіруде осы секілді тәлім-тәрбиелік мәні орасан зор мүмкіндіктер мол. Әсіресе, патриотттық тәрбие, яғни жас өскелең келешек жеткіншек ұрпақтарды өз Отанын, туған жерін, елін, ұлтын, мемлекетін суюге оларды азаматтық рухта тәрбиелеуге үндеген ой-идеялары жиі кездеседі.

Оқу білімге құмарлық, имандылық иірімдері, инабаттылық, адамгершілік қасиет, адал еңбек, патриоттық әуен, елжандылық, ұлтжандылық сезімдер, ақыл-ой тәрбиесі, табиғатты қорғау секілді тәлім-тәрбие салалары «Диуани хикмет», «Мұнажатнама», «Пақырнама», «Мират-ул-Қулуб» секілді еңбектерінде көрініс тапқан.

Ғұлама ғалым рухани-адамгершілік, мағнауи мұраларында адам, қоғам, еңбек, тәрбие, махаббат, достық, бауырмалдық, ақын-жазушылар шығармашылығы, Құран, Хадис, әдебиет, тіл, өнер секілді сан-алуан тақырыптарға байланысты көл-көсір ой-пікірлер орын алған. Аталған мәселелер айналасындағы өрістеген көзқарас дамуынан тарих, ел-жер сипаты, елғе белгілі тұлғалар бейнесі, руханият иірімдері, өмірдің тәжірибе тағылымдары таразыланады.

«Қай халықтың болса да қоғамдық өсу, өркендеу жолында көтеріле алған биігі мәңгілік болып, ана тілінде сақталып отырады. Ана тілі ғасырлар бойы жасала да береді, жасара да береді».

Ана тілі дегеніміз - сол тілде жасаған, жапсап келе жатқан халықтың баяғысында, бүгінгісінде, болашағында танытытын, сол халыктың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. «Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады», деп түйіндегендей. Ғұлама ғалым Түркістанның пірі Қ.А.Ясауи - «Тіл - этностың жүрегі» - деп тұжырымдаған.

Түркістан пірі шығармашылығындағы келесі ең бірінші орындаған маңызды тақырыптардың бірі - имандылық тәрбиесі. Бұл оның жеке басының өмірден көрген тіпрбиесінен, адамгершіік қасиеттерінен, білім-білік сауатынан, исламдық пікір пайымына, жалпы діни сопылық, діни-философиялық таным сауатынан туындап жатады.

Имандылық тәлімдері негізінен діни тағылымдар мен халықтық педагогика арқылы жүргізіледі. Иман дегеніміз - арабша сенім деген ұғымды білдіреді. Дін ізгілік көзі дейтін болсақ, дінге сенім - ізгілікке, жақсылыққа бойсұну болып табылады. Бұл ұғым халық арасында адами игі қасиеттердің мәнін беретін ұлы ұғыммен ұштасып, әлеуметтік биік мағынаға ұласып жатқандай.

Қазіргі әлемдік жаһандану, жаңару кезеңінде жастарды бүгінгі күн талабына сай халқының қамқоршы азаматы, Отан - анасын қорғаушы, ел табиғатын аялаушы ұрпақ ретінде тәрбиелеуге назар аударған абзал. Ал Қазақстандық патриотизм республиканың кез келген азаматы өзін осы елдің төл перзенті, азаматы ретінде сезінгенде, тәуелсіз Қазақстанды өзінің туған елі, өсіп-өнген Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптаспақ. Сол себептен, біздср бүгінгі жас өскіидерге тәлім-тәрбие беру жүйесінде ұлттық тарихымыздағы шапқыншылық - жаугершілік, сұрапыл шайқастарда ел қорғаны бола білген алып тұлғалардыдң ерлік дәстүрлерін мазмұндық арқау еткеніміз абзал.

Тәлім-тәрбие жұмысымен айналысытын ата-аналардың, мамандардың, педагог-ғаламдардың, мектеп мұғалімдерінің кәдесіне асатындай осындай аса құнды пікірлердің, ұлағатты сөздердің мән-мағынасы еш уақытта ескірген емес. Бұл жайлар - оқу орындарында болсын, отбасы тәрбиесінде болсын тәлімдік-тәрбиелік мақсатқа жаратылатын маңызды арналар.

Оқулық шәкірттің бас оқу кітабы, әрі көпшіліктің , оқырман қауымның танымдық-тәрбиелік қажетін өтейтін аса бағалы рухани адамгершілік қазына. Қ.А.Ясауидің өзі жазған немесе басқа халифалары шәкірттері жазған оқулықтары бойынша алдыңғы толқыны бірнеше миллиондаған түркі тілдес ұрпақ өкілдері сауат ашты, білім нәрімен сусындады, ғибратты тәлім-тәрбие үлгілерімен тәрбиеленді. Сонымен қатар түркі әлеміне Ясауи ілімін таратты. Одан соң бертінгі буын, біздің замандастарыздың бізден кейінгі өскелең өркен тіл әдебиет кітаптардағы ақын шығармаларының мән-мазмұнына тәлім-тәрбие алды. Күні бүгінде жалпы оқырман қауым мектеп қабырғасындағы сан миллион жас жеткіншек балабақша бастауыш сыныптардан бастап, кемел суреткердің ұшқын қаламынан туған көркемдік қасиеті биік киелі туындыларын оқып, өсіп жетілсе деген үміттеміз.

Сондықтан зерттеу жұмысымызда Қ.А.Ясауи шығармашылығының жете айтылмай келе жатқан бір қырына оның алғашқы түркі (қазақ) оқулықтарының тұңғыш авторларының бірі дарынды талант, тамаша педагог ұстаз, үлгі өнеге етерлік әдіскер-тәлімгер ұстаздығына ғана баса мән беріледі.

Бұған сөз маржанының - зергерінің бай әдеби-мәдени рухани адамгершілік, мағнауи мұраларына жататын тамаша оқулықтары, оқу құралдары, оқу әдістемелік еңбектері дәлел. Біз бұл ғылыми жұмысымызда ұлы ғұламаның қаламынан туған рухани адамгершілік, мағнауи мұраларының бәріне тоқталуды мұрат етпедік. Оның да өзіндік мәні бар. Өйткені ғылыми негіздерін, әсіресе, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін, әдеп, этнопедагогика, этнопсихология, тәлім-тәрбие мәселелерін әлемдік оқыту-тәрбиелеу кеңістігінденгі дидактикалық талаптарға сай оқыту отызыншы жылдардын әрі Егемендік алғаннан кейін басталғанын ескерсек, бұл рухани-адамгершілік, мағнауи мұралар халқымыздың жаңа заманға, жаңа қоғамға қадам басу кезеңіндегі шешуші рөл атқарған алғашқы қарлығаштар, қадау-қадау рухани адамгершілік, мағнауи құны жоғары, баға жетпес мұралар болып табылады.

Ахмет Ясауидің рухани-адамгершілік, мағнауи мұралары тұнып тұрған ғылым, әрі тәлім-тәрбиеде құны жетпес байлық. Сондықтан, бүгінгі танда Ясауи мұраларын жаппай үздіксіз білім беру жүйесіне ендіру қажеттігі туындап тұр.

Сұхбаттарда, кездесулерде, дәрістерде тек негізгі баяндамашылар мен қосалқы баяндамашыларды ғана емес, сонымен қатар жалпы қауымның, оқушылардың, студеттердің білім дәрежесінің әркелкілігі ескеріліп, бүкіл сыныпты, топты қамти отыру мақсытында сұрау тапсырмалар бойынша баяндама мен қосымша баяндамалар төңірегінде пікірлесу, қатысушылар, оқушылар, студенттер білімін, таным-тағылымын байқау керек.

Қ.А.Ясауи Отан сүйгіштік тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Ғұлама ғалым. Ол отан сүйгіштікті тәрбиенің ең биік шыңына балайды. Өйткені әрбір адам өз отаны туралы толшнбауы, тебіренбеуі, оны сүймеуі мүмкін емес. Сондықтан да ұлтын сүюге, азаматтлыққа тәрбиелейтін тәрбиенің бұл түрі жас ұрпаққа өте қажет. Ғұлама ғалым ұстаздың пікірі бойынша, отан сүйгіштік тәрбиенің қозғаушы күштері-ұлттық мақтаныш пен ұлттық намыс болып есептеледі.

Ал имандылыққа тәрбиелеу - қайырымды, қаһарман, шешен, өнерпаз, еңбекшіл, қабілеіті қазақ халқының ұлттық намысты қорғау - сол халықтың ұрпағы ретінде, ооның ұлттық қасиеттігін сақтап, жас өскелен ұрпақты нағыз азамат болып өсуге тәрбиелеудің неғіз іспетті. Ғұлама ғалым ұлы ұстаз әрбір адамды елін, жерін, мемлекетін сүюге, отаны үшін ерінбей енбек етуге, иманды, инабатты, адамгершілігі мол болуға шақырады.

Еңбек тәрбиесі адамның адамгершілік қасиеттелрін дамытып, ақыл-оймен қалыптастырады. Ұрпақты мал өсіруге, егін егуге баулыған қазақ халқы оларды қол өнеріне, түрлі кәсіптік мамандықтарға үйрететін тәрбиелеу ісін жаңғыртады.

Жеке адамды тәрбиелеуде, әсіресе, отбасының әсері өте зор. Сондықтан ата-ана отбасындагы тәрбиеге жауапкершілікпен қарап, оны реттеп отырады. ұлттық тәрбие дәстүрлері бойынша ата-ананың балага қамқорлыгы арқылы инабаттылық, имандылық, қайырырымдылық, мейірімділік, көпшілік меймандостық - бәрі отбасындағы тәрбие жұмыстары негізінде қалыптасатындығын ұлы ұстаз көрсете білген.

Мұның бәрі хикметтері мен қатар басқа да рухани-адамгершілік, мағнауи мұраларында және де өмір жолдары жайлы жинақталған аңыз әңгімелерімен хикаяттарында кеңінен талданып берілген. Қ.А.Иассауи мұралары негізінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу бүгінгі қажетті кезек күттірмес мәселе. Рухани адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз - оқушы өмірдегі орнын жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған ортамен кез келген затқа, жануарға және экологияға жақсылық тілеп жасауы. Сондықтан рухани адамсгершілік жеке түлғаны қалыптастырудың неғізі болып табылады, оның көрсеткіштері: басқаларға жақсылақ жасау: жақсылаққа ұмтылу; өзін өзі дамытып жетілдіру.

Қазіргі уақыттағы оқушыларды тәрбиелеу ісінде олардың ішкі жан-дүниесі мен рухани әлемін тану, дамыту, жетілдіруге байланысты бірнеше іс-шаралар жүзеге асуда. Халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде баланы рухани адамгершілік тәрбиесін дұрыс жолға кою міндеттерін жүзеге асыру басты мақсат болатыны белгілі. Осы жылдары одақ көлемінде Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Ш.Амонашвили, В.Ф.Шаталов ғалымдардың зерттеулері нәнижесінде оқушыны жан жақты дамытып, оның белсенділігін арттыруды көздеген дамыта оқыту технолоғиялары дүниеге келді.

Бала мен мүғалім арасындағы қарым-қатынастағы рухани адамгершілік байланысын орнатып, ынтымақтастыққа қол жеткізуде Ш.Амонашвили мүғалімдерге мынадай кеңес береді. «Педагогикалық үрдісте баламен тіл таба білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңілдегісін айтуға рұқсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді. Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының қозғалысымен ынтымақтастық тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда бала шығармашылығы мүғалім шығармашылығымен ұласып кетеді. Мұндай жағдайда мұғалім мен оқушы арасында рухани тұтастық пайда болады», - деп рухани адамгершілік қарым-қатынас қай кезде орнығатынын осылай пайымдайды.

Е.Н.Ильиннің «Оқушының рухани дүниесі мұғалім үшін негізгі зерттеу нысаны болып табылады»,- деген пікірі оқушының рухани адамгершілігін ынтымақтастықта дамыта оқытуды көздегенін байқатады. Мұндай озық педагогикалық тәжірибелер оқушыларлын рухани адамгершілігін дамыту мақсатында қазіргі кезде біздің оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен қолданылуда.

Мектептегі тәрбие жұмысындағы негізгі мәселе - оқушылардың «субъект-субъект» аралық қатынасын дамыту, әрбір адамның құндылығын, даралығын, ерекшеліктерін, сезімін және өзіндік баға беруін қалыптастыру. Мұнда баланың назарын өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрып, оны саналы түсінуіне қасиет сапаларына баулу көзделеді. Рухани адамгершілік тәрбиені қалай іс жүзіне асырамыз? Олар мына қағидаларды сақтағанда нәтиже береді. Егер:

- тәрбие үрдісі оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерді игеруіне бағытталса;

- оқушылар рухани адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерсе;

- оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар рухани адамгершілік қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетіне көрсете алу мүмкіндігін таңдаса.

Оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеуде, білім беру барысында Қ.А.Ясауи еңбектерін пайдаланып, оқу-тәрбие процесін жетілдіруде, Қ.А.Ясауи тағылымы мазмұнды болуы үшін, оқулықтарға, оқу құралдарына, оқу бағдарламаларына, әртүрлі жүргізетін іс-шараларға т.б Қ.А.Ясауи шығармашылығының тиісті еңбектерін әр сыныптығы жас ерекшеліктеріне сай етіп енгізу қажет. Сонымен қатар, Ясауи ғибратына қатысты тәрбие сағаттарын өткізуге пікірталас, оқушылар арасында конференциялар, диспуттар ұйымдастыруға болады. Жаңа технология бойынша деңгейлеп саралап, интернет жүйесі арқылы бүкіл әлемге Ясауи тағылымын жіберіп, сол арқылы оқытуға болды. Ясауи еңбектерінің мазмұны қарапайым адамдарға күрделі болып келетіндіктен оған түбегейлі талдау жасап, түсінікті ету керек.

Мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде Ясауи мұраларын қолдану қандай деңгейде жүзеге асырылып жатқанын білу мақсатында, біз түркістан қаласының бірнеше мектептерінің оқушыларынан сауалнама алдық. Сұралған 100% оқушылардың 60% пайызы сұраққа толық жауап берсе, қалған 40% пайызы толық жауап бермеген.

Оқу-тәрбие процесінде Ясауидің ұлағатты тағылымын жетілдіру үшін, оқушыларды экскурсияға шығару, кино, театрларға, мұражайға алып бару оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді. Кино театрдан көру арқылы, олардың есінде ұзақ уақытқа сақталуын қамтамасыз ету керек. Осыларды негізге ала отырып, біз томендегі тәрбие сағатының үлгісін беруді жөн көрдік.

Мысалы, Алматы қаласының Қ.А.Ясауи атындағы №123 орта мектептің мұғалімі Файза Борашова өткізген «Ясауи даналығы» атты ашық тәрбие сағатының өтілу жоспарын ұсынамыз.

Сабаққа қажетті көрнекіліктер (жазылып ілінген)

Түркістан екі дүние есігі ғой,

Түркістан - екі дүние бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түркістанның тәңірі берген несібі ғой...

2.Қожа Ахмет Ясауи суреті, оқушылар жазған рефераттар.

а. Қожа Ахмет өмірінен, ә. Қожа Ахмет кесенесі,

б. Диуани хикметтер, в. Отырар қаласы, г. Арыстан баб, д. Ясауи өмірінен, ж.Тайказан

3. Ясауи кесенесі.

4. Кітаптар, «Түркістан», «Мұсылмандық қағидалары», «Түркі халықтарының әдебиеті», «Диуани хикмет», «Ахмет Ясауи даналығы» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. (Осы кезде үн таспасына жазылып алынған радиохабар тыңдалады).

Радиохабар:

Тыңдаңыздар: Тыңдаңыздар:

Келесі тыңдайтындарыңыз мектеп оқушыларына арналған «Айгөлек» хабары. Бүгін біз қаламыздың Ақсай ықшам ауданында орналасқан №123 орта мектеп оқушылары арасындамыз. Себебі, бұл мектепке жақында Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың аты берілген.

Біздер мектеп алдында бір топ бастауыш сынып оқушыларын кездестірдік.

Тілші: Сәлеметсіңдерме балалар, қай сыныпта оқисындар

Дауыс: «4»в» сыныпта оқимыз.

Тілші: Сіздердің мектептеріңіз Қожа Ахмет Ясауи бабаларыңның атын алып жатыр екен. Қожа Ахмет Иасауи бабаларың кім болған, өмірі жайлы білесіңдерме

Дауыстар: Білеміз.

Тілші Ал онда мен сендерді тыңдайын.

1-оқушы Қ.А.Ясауи Исфиджабта дүниеге келген. Сол қалада балалық, жастық шағын өткізген.

2-оқушы. Анасының есімі – Қарашаш, әкесі Ибраһим, сол кезде мешітте шырақшы болған, сауатты, көзі ашық адам болған.

3-оқушы: Бірақ, ол әке шешесінен жастайынан жетім қалып, әпкесі Гауһардың қолында өседі.

4-оқушы. Жастайынан өте зерек, білімді, дінге берілген Қожа Ахмет Бұқарадағы медресені бітіріп, сол кезде қалың да, көлемді құран кітабын жатқа айтатын болған.

5-оқушы. «Диуани Хикмет» даналық кітабын жазды.

6-оқушы. 63 жасында жер асты қылуетке түскен.

Тілші. Тағы не білеміз, тағы не білеміз... Осы кезде үн таспа тоқталады.

Мұғалім. Ия балалар, біздер бабамыз жайлы білетіндігімізден білмейтіндігіміз көп. Өмірінің кейбір кездері, Түркістан қаласындағы мавзолейдің, тайқазанның салыну тарихы, Әмір Темір жайлы алдағы тәрбие сағаттарында білетін боламыз. Ал бүгін бабамыздың даналықтары жайлы білуге жиналып отырмыз.

1-жүргізуші. Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың балалық шағынан көрініс.

2-жүргізуші. Қатысушылар, Автор, Ыбырайым ата, Бала Ахмет.

Автор. Қожа Ахметтің әкесі Ибраһим ата, дін жолын ұстаумен бірге диқанда болган. Бірде ол жеріе аяғының ұшын тіреп қойып, шоқиып отырып, пияздың арам шөптерін теріп жатады. Оны көрген бала Ахмет.

Ахмет. Неге шоқиып отырсыз, аяғыңыз ауырмай ма, деп - сұрайды.

Әкесі.Егінімді зиянды шөп басып кетіпті, соны тазалап отырмын дейді

Ахмет Өйтіп аяғыңызды ауыртқанша «пайдалың қал, зияндық шық» демейсізбе, - дейді.

Әкесі, әкеңді әулие деп пе едіңіз, менде ондай касиет жоқ.

Ахмет Орныңыздан тұрыңызшы дейді. Е, Алла, тілегімді қабыл ал, мына егістіктегі өсімдіктерге «пайдалың қал, зияның шық» деймін. Әумин депті.

Автор, Сонда әлгі қаулап өсіп тұрған қалың, зиянды арам шөптер, жер бетіне тамырларымен суырылып шыға келіпті де, әкесінің еккен пиязы желпілдеп тұрып қалыпты. «Сол күннен бастап ақ Ибраһим ата баласының әулиелік көріпкелдік қасиетіне бас иген екен.

Мұғалім.

Ясауи бабамыздың даналығы өзінің «даналық» кітабында айқын көрінеді. Онда ислам дінінің төрт алтын діңгегі, мағрипат, тариқат, хақиқат, шариғат мадақталады.

1-оқушы, Мғрипатта - ғылым, білімді жырлайды.

2-оқушы, Тариқатта - о дүние, құдайға құлшылық етудің жол жүйесін көрсетеді.

3-оқушы Хақиқат - сопылық туралы ілім.

4-оқушы Шариғатта - мұсылмандық жолының заңдары айтылады.

1-жүргізуші Қожа Ахмет бабамыз имандылықтың туын жоғары көтеріп, имансыздық атаулымен күреседі. Өзінің өлеңдерінде былай дейді,

5-оқушы


Есің болса өкпелеме жалғанға

Ертеңіңді алдағыңды арманда.

Пенде болсаң түзет мінез құлқынды

Бой алдырма қызықтарға бір күнгі

6-оқушы

Әулиелер нәтижесіне де қызығар,



Әр сәт сайын имандары бұзылып

Атақ абырой, даңқ қана ойлары

Шен шекпенге үйір келер бойлары.

7-оқушы


Базбіреулер дүниені өткінші деп ойлайды,

Қасиетті кісілердің ісін көзге ілмейді.

8-оқушы

Әр нәрсеге алаң болып теңселме,



Имансыздан қайыр күтпе өлсең де.

Мұғалім, Сонымен бірге «Даналық кітабында» білімді меңгеру, ақыл парасатқа жетілу, адам сезімінің алтын діңгегі махаббатты жырлайды,

-сөзде де, істе де төзімділік,

-шыдамдылық,

-жақсы мен жамамның парқын айыра білу,

-азға қанағат ету,

-әділет псм қайырымдылық айтылады,

-ал надандықты, сараңдылықты, дүние құмарлылықты сынап мінейді.

Мұғалім,

Ясауи даналығының жоғары үлгісі қандай жағдайда болмасын сабырлықтан айырылмау, қандай ауыртпалық заман келсе де артынан берекелі кезең де келетініне үміт пен сенімді жоғалтпауды паш етеді. Ол 11-хикметте былай жырланады.

9-оқушы,

Залым егер жәбір қылса, Алла дегің,

Қолың жайып, дұға оқып, мойын сұңғыл,

Құдай тілек бермесе сабыр қылғың

Хақтан естіп бұл сөздерді айттым міне

10-оқушы, Сабырлық білдіру, адамдық қадір-қасиетті жоғары биікке көтере білу Қожа Ахмет бабамыздың даналық сөздерінің бірі.

11-оқушы,

Қожа Ахмет бабамыз өзінің 46-хикметінде былай дейді,

Дүние менікі дегендер -жаһан малын алғандар

Құзғын құстай арамға белшесінен батқандар.

Пара алған әкімдер - арамдықпен жүргендер.

Өз бармағын өзі шайнап өкінішпен қалады.

Жылы жұмсақ жегендер, әсем киім кигендер,

Алтын тақта отырса да топырақ астына түседі.

Сенген құлдар - адамдар, садақамен тұрады.

Дүние мүлкін сарп етіп жұмақ қорын құшады.

Мұғалім, Ия балалар, Ясауи бабамыздың даналығын байқаймыз. Бұл хикметінде қанағатсыздық, тәубесіне келмеген, менменсіген жандар күнәсі үшін өмірде, өмірден кейін де жазасын алмақ дейді.

Тәрбие сағаты соңында келген қонақтарга сөз беріледі. Реферат жазған, одан жеңіп шыққан оқушыларды мадақтау, хикмет жаттаудан мектептің жарысқа қатысқан жеңімпаздарын мадақтау.

Бұл тәрбие сағатына алдау жасауға келетін болсақ, тәрбие сағатының тақырыбы бүгінгі қоғам мұқтаждығына сай дәл таңдалып отыр. Бұл сабақтың ұйымдастырылуы жолгары деңгейде болып, көрнекіліктер алдын ала әзірленген. Оқушыларға бұл тақырып алдын-ала зерттеп, талқылауға берілген. Техникалық құралдар тиімді пайдаланылған. Оқушыларға өте қызықты болып, сабаққа белсене қатысты.

Осыдан көріп отырғанымыздай, Ясауитану сабағының мектептерде енгізілуі көптеген жемісін беруде. Яғни осыларды негізге ала отырып біз 8-10 сыпып оқушыларына арналған бір жылдық оқу бағдарламасын ұсынамыз.






Сабақтың тақырыбы

Сағат

Мерзімі

Қайталау

Қосымша әдебиеттер, көрнекілік-тер

1 - тоқсан

1

Кіріспе

1

6.09







2

Сопылық ілімі

1

13.09

Сопылық

ілім


туралы тест жұмыс-

тарын


жүргізу

Тарихи суреттер. Сол

заманіъі мешіттердің

суреттерін

көрсету


3

Сопылық ілімінің шығу тарихы




20.09.

4

Сопылық ілмінің мәні

1

27.09

5

Сопылық ілімінің ұғымы мен мен түсініктері

1

4.10.

6

Өткенді қайталау

1

11.10.

7

Ясауи қалаған түркі сопылығы

1

18.10.

8

Түркі халықтарының Ясауиге дейінгі әлеуметтік саяси жағдай

1

25.10

9

Бақылау жұмысы

1

1.11.







II - тоқсан

10

Ясауидің өмірбаяны

1

15.11

Ясауидің


өмірі мен шыгармалар

жайында дсбат жүргізу




Буклеттер

жасау,


еңбектері

жазылған


кітаптарды

көрсету


11

Өмір сүрген дәуірі

1

22.11

12

Ясауи ілімінің маңызы

1

29.11

13

Ясауи іліміндегі Құран мен Сүннет орны

1

6.12.

14

Ясауи ілімінде Таухид

1

13.12

15

Өткенді қайталау

1

20.12.

16

Зікір туралы түсінік

1

27.12.

17

Ғибадат туралы түсінік

1

29.12

18

Рух туралы түсінік

1




19

Нәпсі. Қалып. Көңіл. Қылует.

1

29.12.

20

Бақылау жұмысы.

1




III -тоқсан

21

Тандамалы хикметтер

1

11.01

Хикметтерді

Мәнерлеп оқу тұрғысында сайыс

өткізу

Зікірлер

жазылған


үнтаспаны

оқушыларга

тыңдату,

суреттер


көрсету

22

Хикметтен үзінді

1

18.01

23

Ясауидің шығармашылығы

1

25.01

24

Өткені қайталау

1

1,02

25

Көңілдің айнасы

1

8.02

26

Пақырнама

1

15.02

27

Насабнама

1

15.02

28

Диуани хикмет

1

22.02

29

Диуани хикметті жаттау

1

1.03

30

Бақылау жұмысы

1

7.03

IV - тоқсан

31

Ясауиде кемел адам түсінігі

1

5.04

Тарихи


деректерді көрсету, плакаітар,

үнтаспалар пайдалну




32

Кемелдікке жетідің «қуатгы махаббат жолы»




12.04

33

Кемелдікке жетудің «дерт» түсінігі

1

19.04

34

Өткенді қайталау

1

26,04

35

түсінігі

1

3.05

36

Шаригат




10.05

37

Тариқаттүсінігі

1

17.05

38

Ақиқат мәні

1

25.05

Рухани адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейтіні анық. бұл баланың сана сезіміне әсер ету арқылы, ішкі жан-дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымы қалыптасады. Жасөспірімдердің жеке басының даралық ерекшеліктеріне - мінез жатады. Мінез дегеніміз - адамның өзіндік бағыт-бағдарының жан дүниесінің ерекшелігінің тұрлаулы белгісі. Тәрбиелі мінез - адам бойында имандылық қасиеттердің бар екендігін көрсетеді. Басқаларға қамқорлық, қадірлеу, сыйлау, құрметтеу, жауапкершілікпен адалдық - мінез сапасының негізгі бітістері. Мінездің тұрақтылығы адамның адамгершілік түсініктерінен туындайды.

Орта мектеп оқушы жастарының ұлттық дүниетанымын, рухани байлықтарын қалыптастыру үшін қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі сан ғасырлар бойы тірнектеліп жинақталған мәдениетінің алатын орны ерекше көрініс тапқан. Дегенменде, халқымыздың осы аталмыш баға жетпес, құнды да бай асыл мұраларын ғылыми тұрғыдан жүйеге жүйелеген, әрі оны мектептің оқу-тәрбие жұмыстарында пайдала талапқа, бағдарламаларға сәйкестендірілмеген.

Оқушыларга арналған анықтамалық әдебиеттер мен оқу құралдары жетіспейдк кейбірі мүлдем жоқ. Сайып келгенде, қазақ дәстүрлі мәдениеті материалдары жүйелі түрде оқытылмайды да.



Сондықтан да біз Ясауи бабамыздың асыл мұраларын келешек жас өскелең ұрпақтарға күнбе-күн айтып жеткізіп отыруымыз керек. Мектептерде, тәрбие сағаттарында, сұхбаттарда, кездесулерде осы мәселелерді жиі көтеріп отырса, қандай жақсы болар еді. Мұндай «Кәміл Инсаны» бар ел еш уақытта да азып тозбайды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет