Біз бүгін«Қыс» мезгілі туралы тақпақ жаттаймыз. Шытынайды тыста аяз, Қызыл шұнақ үскірік. Қылшылдайды жалаңдап, Зәрлі деммен ысқырып. Ұшан теңіз-қалың қар, Жерді басып жауады. Мағынасын түсіндіріп өлеңді жаттау. Сергіту сәті: «06-04» «Ә» №4 Қуыршақ сендердің өлеңдеріңе өте риза болып отыр. Кәне қуыршаққа қыс туралы өлеңді тез жаттағандарыңды көрсетіңдерші. Д.о. «Қуыршақты жыл мезгіліне байланысты киіндір» Далада қар жауып тұр,балалар аққала жасап ойнап жүр. Шанамен сырғанап жүр. Балалар суретте не көргендерін әңгімелеп береді.
Тәрбиешімен бірге қайталайды.
Балалар жаттайды.
Жел соғады бетімнен, Ағаштарда тербелер. Жел тына қалған сәтте, Ағаштар биік болып көрінеді. Сергіту сәтіне қатысады. Тез жаттап алған балаларға тақпақты айтып береді. Қуыршақты қыз мезгіліне байланысты киіндіреді. Рефлексивті - қорытындылау Қуыршақ балаларды мақтайды. Қыс мезгілі жайында түсініктерін бекіту. Дұрыс жауап берген балаларды мадақтау. Қыс мезгілі туралы әңгімелеп береді. Тәрбиеші сұрағына толық жауап беруге тырысады. Күтілетін нәтиже : Білуі немесе хабардар болуы: Қыс мезгілі жайлы түсініктерін бекіту. Қалыптасқан әдет : Тәрбиеші сұрағына жауап береді. Істей біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктері жайлы түсініктері қалыптасқан.
Білім беру салалары: Таным Бөлімдері : ҚМҰҚ Тақырыбы: «Пішінін ата» Мақсаты : Б:М Балаларды пішіндерді танып,айта білуге үйрету. Д.М:Айналаны қоршаған ортада осы пішіндерге ұқсас заттар көп екеніне балалардың көңілін аудару. Т.М:Пішіндердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырата білуге үйрету. Көрнекілік: Пішіндердің суреттері,ұшақ,машина,доптың суреттері. Сөздік жұмыс: үшбұрыш,шаршы,дөңгелек. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық – қозғаушы Ш.ш «06-04» «Б» №27 Есік тарсылы естіледі. Ешқашан еріншек болмаңдар,тәртіпті тіл алғыш бала болыңдар. Тәрбиеші: Балалар сендер не естіп тұрсыңдар? Топқа қуыршақ Айжан келеді. Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендергеcиқырлы дорба әкелдім. Жақсы бала еңбекшіл, Ер азамат болады. Қиындықты жеңіп кіл, Құшағы гүлге толады.
Балалар таңырқай қарайды.
Есік тарсылын.
Балалар қуыршақты қуана қарсы алады.Дорбада не бер екен, деп таңырқайды.
Қуыршақ дорбадан түрлі ойыншықтар алып шығады. Мен мынадай заттар тауып алдым бұл не екенін сендерден сұрайын деп келдім. Бұл заттар емес,пішіндер. Мынау үшбұрыш. Айтамыз. Мынау төрт бұрыш. Ал мынау дөңгелек.
Ал мынау не кітап. Кітап қандай пішінге ұқсайды қараңдаршы. Мынау не? Үйдің шатырына қараңдаршы қандай пішінді көріп тұрсыңдар? Машинада неше доңғалақ бар екен? Доңғалақтар қандай пішінге Ұқсайды? Сергіту сәті: «06-04» «Ә» №6
Д.о «Шыршаны құрастыр» Қандай пішіннен құрастырылған,түсін сұрау. Затарға қарайды.
Пішіндерді қайталап айтады.
Үшбұрыш. Төрт бұрыш. Дөңгелек.
Төрт бұрышқа ұқсайды.
Балалар үйдің шатыры үшбұрышқа ұқсайтынын айтады.1,2,3,4-доңғалағы бар. Дөңгелек пішінге ұқсайды.
Дөңгеленіп тұрайқ, Көтеріліп шаңырақ. Керегелер керіліп, Өрімдей боп өріліп.
Үшбұрыштан құралған,түсі жасыл екенін айтады. Рефлексивті - қорытындылау Қуыршақ, балаларға ойыншықтарды беріп,олармен қоштасады.
Балаларға пішіндерді көрсетіп,бұл қай пішін екенін айтады.
Белсенді қатысқан балаларды мақтайды. Ойыншықтарға балалар қуанып,қуыршаққа сауболыңыз айтады.
Күтілетін нәтиже : Білуі немесе хабардар болуы: Пішіндер жайлы,оларды ажырата білуге хабардар болады. Қалыптасқан әдет: Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетіне қызығушылық танытады. Істей біледі: Сұрақтарға жауап береді,белсене қатысады.
Білім беру саласы:Таным. Бөлімі:Экология негіздері. Тақырыбы: «Қысқы табиғат белгілері» Мақсаты: Білімділік:Қыс мезгілі туралы әңгімелеу.Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айту. Дамытушылық:Қысқы табиғт ерекшеліктерін айту.Ауа-райының құбылыстарымен таныстыру. Тәрбиелік мәні :Табиғтқа.қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Көрнекілік: «06-14» №15, №24 Әрект кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әректі. Балалардың іс –әрекеті. Мотивациялық қозғаушы. Сені қоршаған табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады. Қазір жылдың қай мезгілі? Дала қандай болып тұр.
Қыс мезгілі екенін айтады. Қар жауып тұр,дала суық,адамдар жылы киімдер киінеді. Іздену барлау. Қысқы ауа-райының ерекше өзгерістері болады. Үскірік аяз,қатты жел соғып боран болады,адамдар төзе бермейтін қатты суықтар. Суреттерін көрсету. Қ.о. «Қысқы ауа-райы» Мен ауа-райының құбылыстарын айтамын балалар қимылмен көрсетіп отырады. Үскірік аяз,гуілдеп боран соғады.
Үскірік аяз болып,тоңғанда не істейміз? Күн шықты. Қыс мезгілін бейнелеген суретер арқылы әңгімелету. Тәрбиешіні тыңдап отырады.
Көрсетілген суреттерге қарап өзгерістерді айтып отырады. Қолдарын жоғары көтеріп ары-бері шайқалып,ауыздарымен гуілдеп дыбыс шығарады. Қолдарын уқалап,аяқтарын тыпырлатады. Алақай деп қуанып қолдарын жоғары көтереді. Қыр үстінде қар-қар, Шырша үстінде қар-қар, Қыр астында ақ аю, Ұйықтайды екен ай-ай. Тыныш-тыныш балақай, Шуламаймыз біз бұлай. Қар жауып тұр, Дала суық,боран соғып тұр.Адамдар жылы киімдерін киген.Қардың түсі аппақ. Су қатып мұзға айналған. Торғай,қарға,сауысқан қыстап қалыпты.Балалар шанамен,шанғымен ойнап жүр.Қардан аққала жасап жаттыр.
Рефлексивті қортындылау. Қыс мезгілі сендегерге ұнай ма? Қыз мезгілінде ауа райында қандай ерекшеліктер болады екен? Қар неге ұқсасйды? Іс –әркектіне белсене қатысқан балаларды мадақтау. Өз ойларын айтады.
Боран соғады.Күн қатты суық болады.Аязды күндер көп болады. Қантқа,мақтаға ұқсайды. Күтілген нәтиже: Білуі немесе хабардар болуы:Қыс мезгіліндегі ауа-райының өзгерістері мен танысты. Қалыптасқан әдет:Сұрақтарға жауап бере алады. Істей біледі: Суретке қарап екі үш сөз құрастыра айтады. Білім беру салалары: Шығармашылық. Бөлімдері : Мүсіндеу. Тақырыбы: «Кірпіге арналған алма мен жидектер» Мақсаты : Б.М.Балалардың мүсіндеуге деген қызығушылықтарын дамыту. Д.М.Үзіп алу әдістерін пайдаландырып,алақан ортасына салып есу арқылы мүсіндеуге үйрету. Т.М.Ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу. Көрнекілік:Жануарлар. «06-14» №3,.№10 Сөздік жұмысы: Ұқыптылық,домалақ пішін. Қостілділік компоненті: кірпі-ёжь.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы
Ш.ш «06-04» «Б» №29
Жұмбақ. Дегендей ешкім тимесін, Алыпты қадап түймесін. Сендер мен туралы айтып жатырсыңдар ма? Балалар менің сүйікті астарымды сендер білесіңдер ме? Таза бала мұнтаздай, Сүйсінеді қараған, Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы көрер бар адам.
Ойланып. Кірпі екенін айтады.
Ия ,деп балалар қуанып қалады.
Іздену - барлау - Балалар сендер қалай ойлайсыңдар, ол немен қоректенеді екен? - Кірпі - алма,жидектермен де қоректенеді екен.Біз сендермен кірпіге арнап алма,жидекті ермексазбен мүсіндеп . берейік.
Сергіту сәті. «06-04» «Ә» №2
Кірпі балалардың мүсіндеген алмасы мен жидектерін үстіне жинап алып,рақмер айтып орманыныа кетеді. Балалар тыңдайды.
Балалар өз ойларын айтады. Балалар ұсынысты қуана қарсы алады. Алдыларындағы ермексазды алып, домалақ пішіндерді пайдалана отырып алманың,жидектің мүсінін мүсіндейді. Орнымыздан тұрайық, Құстар болып ұшайық, Бір отырып бір тұрып, Біз тынығып алайық. Балалар жасаған жақсылықтарына риза болады. Рефлексивті - қорытындылау Бізге кім келді?Біз кірпіге не жасап бердік? Ол қайда кетті? Балалардың еңбектерін мақтау. Кірпі келді. Алма мен жидектер. Ормаға үйіне кетті. Кірпіге көмектесіп,жақсы іс жасағандарына қуанады. Күтілетін нәтиже : Білуі немесе хабардар болуы: Домалақ пішіндерді ермексаздан жасай алады.Жеміс -жидектеді мүсіндей алады. Қалыптасқан әдет: Алақан арсына салып,есу,дөңгелектеу тәсілдерін қолданады. Істей біледі: Оқу іс-әрекетіне белсене қатысады.
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: Торғай мен тышқан Мақсаты: Балаларға «Торғай мен тышқан» ертегісін айтып беру, рөлдерге бөліп ойнатып, тілдерін дамыту. Еңбекке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу. Қостілдік компоненттер: Торғай – воробей, тышқан – мышь. Іс – әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс – әрекеті----------Балалардың іс - әрекеті Мотивациялық қызығушылық кезеңдері «Ертеңгілік шеңбері» Балалар бір – біріне гүл беру арқылы жылы сөздер айтады. Балалар бір - біріне жылы лебіз айтады. Ұйымдастыру және ізденушілік кезеңдері Бір – бірімізге жылы тілектерімізді білдірдік. Мен сендерге сәттілік тілеймін. «Шаттық шеңбері» Жарық болсын күніміз Жарқын болсын үніміз Елін сүйіп ер жетер Біз болашақ гүліміз
«Ғажайып сәт» Топқа қуыршақ келіп, балаларға «Торғай мен тышқан» ертегісін айтып береді. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, алдымнан жел еседі, кіп-кішкентай ағаштар, су құйғанда өседі.
1-тапсырма: Балаларды рөлдерге бөліп, ертегіні сахналау. 2-тапсырма: Дидактикалық ойын «Ретімен орналастыр» Торғай мен тышқан артық қалған бидай үшін кімге ақыл сұрауға барады? Ретімен орналастыр. - Жарайсыңдар, балалар! Тапсырмаларды бірігіп жақсы орындадыңдар. Мені сендер сияқты басқа да балалар күтіп отыр, соларға асығыспын. Рахмет сендерге, Сау болыңдар, балалар! «Шаттық шеңбері» Жарық болсын күніміз Жарқын болсын үніміз Елін сүйіп ер жетер Біз болашақ гүліміз (балалар қимылмен көрсетеді) Балалар тыныш отырып, қызыға тыңдайды. Сергіту сәтін қимылмен өлең шумағы бойынша қайталап жасайды Балалар ертегіні қуана сахналайды. Балалар қызыға және дұрыс орындауға тырысады. Қуыршақпен қоштасады. Бекіту, бақылау Сұрақ - жауап: - Балалар, бүгін бізге көркем әдебиет ұйым. оқу іс - әрекетіне кім келді? - Қандай ертегі тыңдадыңдар? - Қуыршақтың қандай тапсырмаларын орындадық? - Осы ертегі арқылы нені түсіндік? Бір - бірімізбен қандай болу керекпіз және нені сүю керекпіз? Қоштасу: Қол ұстасып тұрайық. Көріскенше күн жақсы Сау - сәлемет болайық. Балалар барлық сұрақтарға жауап береді. Балалар өз білгендерін айтады. Қоштасу: Қол ұстасып тұрайық. Көріскенше күн жақсы Сау - сәлемет болайық. Күтілетін нәтиже: Білуі керек: Торғай, тышқанды. Қалыптастыру керек: тапсырмаларды дұрыс орындауды, рөлдерге еніп ойнауды, достық қарым - қатынасты, еңбексүйгіштікті. Меңгеруі керек: «Торғай мен тышқан»