Ойынаушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ үйдің сыртына шығып , ал екінші топ үйдің ішінде қалады.Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады.Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды.
Ойынның шарты бойынша , сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен иөз есімі есімі берілген ойыншыны табуы керек.Таба алмаған ойыншылар айыптылар қатарына барып отырады.Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартады.Айыптартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады,би билейді, ,т.б. өнер көрсетеді.
Шертпек.
Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізушісі орамалды иығына салып алып ойнаушылардың артында жүреді де, кез-келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды.Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді.Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» - деп, арқасынан тартып қалады.Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады.Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.
Белбеу соқ
Ойыншылар екі-екіден жұптасып, шеңбер жасап тұрады.Бір ойыншы белбеуді алып,екіншісін қууға тиіс.Қашқан шеңбер жасап тұрған бір жұптың алдына келіп тұрған кезде,артық қалған үшінші ойыншы шеңберді айнала қашады.Егенр қуғыншы оны белбеумен соғып үлгеріп, өзі бір жұптың алдына келіп үлгерсе,оның орнын келесі ойыншы басады.
Бөрік жасырмақ
Ойынғақатысушылар араларынан бір ойыншы шығарып, алыстау жерге таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де сол маңайына жасырынуы керек.Қалған ойыншылар тығылған ойыншылардың тыққан затын іздеуге кіріседі.Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып алуға қам жасаса онда иесі бермеуге тырысады.Бермеудің жаңдайы – екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады.Ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорып,бөрікке жібермеуге тырысады.Бермеудің жағдайы – екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады, ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорқып, бөрікке жібермеуге тырысады.Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын бөріктің иесіне қол тигізіп, күш жұмсауына болмайды.Қайткендеде алдап жүріп алып, оны жүргізушіге ертіп келулері керек.Келесі жолы бөрікті әкелген ойыншы барады да , ойынаушының уақыттары жеткенше ойын жалғаса береді. Асау көк.
Кешкі астан кейін мейманға ән салғызу, әңгіме-ертегі, жұмбақ, немесе жаңылтпаш айтқызу мақсатында ұйымдастырылады.Әуелі үй иелері «ауылдың алты ауызын» айтады да, онан соң «қонақ кәдесі» деп мейманның өнер көрсетуін сұрайды.Түк білмейтін қонақты айып ретінде мінгізетін керме арқан «Асау көк» деп аталады.Кермеге мінген қонақ әрі-бері сүрінбей жүруі керек.
Орын тап. Екі жұп арқасын түйістіріп қойған екі орындыққа айналып музыканың сүймелдеуімен билейді.Музыка кілт тоқтағанда, тұрған екі орындыққа отырып үлгеруі керек,орын алмай бос қалған екі адам айып төлейді, ән салу,би билеу, жұмбақ , жаңылтпаштар кайту.
Білім беру саласы:Таным. Бөлімдері: Қоршаған орта. Тақырыбы:Жабайы аңдар. Мақсаты: Білімділік:Жабайы аңдармен таныстыру.Қоршаған табиғаттағы жабайы аңдардың мекені туралы түсіндіру. Дамытушылық:Жабайы аңдардың қоректенуі,тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Тәрбиелік мәні:Табиғатты сүюге,аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілік:Жабайы аңдар. «06-14» №27
Әркет кезеңдері. Тәрбиешінің іс -әректі. Балалардың іс-әректі. Мотивациялық қозғаушы. Ш .ш. «06-04» «Б» №6
Балалар бүгін мен балалабақшаға келе жатқанда мынадай қорап тауып алдым. Армысыз қайырымды аспан-ата, Армысыз қайырымды жер ана Армысыз шұғылалы алтын күн, Күліп шықты күн бүгін.
Таңырқай қызығушылық пен қарайды. Іздену барлау. Ол жай сандық емес,сыйқырлы сандық екен .Бұл сандықтың ішіне орман аңдарын сыйқырлап салып қойыпты. Оларды сыйқырдан арылту үшін біз жұмбақтар шешуіміз қажет сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдарма.
Өзі бір қу, Жүрген жері айқай шу. Аңдардың бәрін алдап кетеді. Әр жұмбақтың шешуін тапқан сайын сол аңды сандықтан шығарып отыру. Қорбаң-қорбаң етеді, Балды жақсы көреді, Қыс бойы ұйықыға кетеді.
Ұзын құлақ, Өзі өте қорқақ.
Сергіту сәті: «06-04» «Ә» №3
Сандықтан қандай аңдар шықты?
Міне балалар қаншама аңдарды сыйқырдан босаттық.Аңдар сендерге рахмет айтып жаттыр.Осы аңдарды орман аңдары дейміз.Өйткені олар орманда тіршілік етеді.Өз азықтарын өздері тауы жейді. Д.о «Аңдар немен қоректенеді» Сәбіз,бал,балықтың суреттері бар үлестірмелі карточкалар таратылады. Сәбізді қай аң жақсы көреді? Балды ше? Балықты ше? Аңдарды сыйқырлы сандыққа салып айтайық сыйқырлы сандық аңдарды орманға жеткіз деп. Балалар келіседі.
Иә.
Түлкі.
Аю.
Қоян.
Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды, Ойлы қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып жүгірді.
Аю,түлкі,қоян.
Айтылған сөздерді тыңдап отырады.Аңдардың сыйқырлы сандықтан шықанына қуанып отырады.
Сәбізді қоянға береді. Балды аюға береді. Балықты түлкіге береді.
Балалар қуана сыйқырлы сандыққа аңдарды орманға жеткізуін айтады.
Рефлексивті қортындылау. Жабайы аңдар қайда тіршілік етеді екен? Біз қандай аңдар мен таныстық? Түлкі қандай аң екен балалар? Қоян ше? Аюдың жүрісін салайық. Қимылмен көрсетеді. Ұйымдастырылан іс әрекетіне белсене қатысып отырған балалрды мақтау. Орманда. Түлкі,қоян,аю. Өте қу,аңдардың бәрін аладап кетеді. Өте қорқақ,секіріп-секіріп жүреді. Қорбаң-қорбаң,қорбаңбай, Келе жатқан аю ғой, Жақындап оған бармайық, Қатар-қатар тұрайық, Алыстан байқап тұрайық. Қимылдарман көрсетеді. Білуі немесе хабардар болуы: Орман аңдары мен танысты. Қалыптасқан әдет:Қайда тіршілік ететіндерімен танысты. Істей біледі:Суреттері арқылы аттарын атап бере алады.
Білім беру салалары:Қатынас. Бөлімдері : Көркем әдебиет. Тақырыбы: «Бауырсақ ертегісі» Мақсаты :Б.М.Ертегіні зейін қойып тыңдай білуге, әртістік қабілетін дамыту. Д.М.Ертегінің желісі бойынша сұрақтарға жауап бере білуге,қысқаша мазмұндауға үйрету.Олардың дауысын салып қызыға ойнау дағдыларын қалыптастыру. Т:М.Бір-бірлерін сыйлауға,көмектесуге,адамгершілік қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу. Көрнекілік: Ертегі кейіпкелері. Сөздік жұмыс:Мінездеме. Қостілділік компоненті: ертегі -сказка Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілі сендерге ұнайма? Ұйымдастырылған іс-әрекетті жұмбақ жасыру арқылы бастау. Тәтті көрсе бас салар, Айнымайды баладан. Үп-үлкен боп жасқанар, Кіп-кішкетай арадан. Жауабын тез табу үшін суретін көрсету. Өзі өте қорқақ, Құлағы ұзын, Секіріп жүреді.
Орманда тұрады,өзі бір қу, Жүрген жері айқай мен шу. Сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма? Өздерің қандай ертегі білесіңдер? Армысың мейірімді Жер? Армысың,шұғылалы алтын күн? Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы күн менің достарым.
Аю.
Қоян екенін бірден айтады.
Түлкі.
Шалқан, Түлкі мен қасқыр.
Іздену - барлау
Мен сендерге «Бауырсақ»ертегісін айтып беремін. Ертегіні кейіпкелерімен бірге сахыналап көрсету. Ертеде ата мен апа болыпты. Ата:Кемпірім-ау маған бауырсақ псіріп бер. Апа.Үйде ұн жоқ,неден пісірем. Ата:Әй кемпірім,қаптың түбін қағып,қырнап көр,бауырсаққа ұн табылып қалар . Қаптан әже екі уыс ұн тауып илеп майға бауырсақ пісіріп,терезе алдына суытып қояды. Жата –жата жалыққан бауырсақ жерге домалап түсіп,жолға түседі. Бауырсақ жолда зымырап келе жатса алдынан қоян шығады. -бауырсақ,мен сені жеп қоямын! -Жоқ,сен мені жеме мен саған өлең айтып беремін. Қоян құлағын түреді бауырсақ былай дейді. Әжей қоймай қырнаған, Екі уыс ұн жиған, Балқаймаққа шылаған, Пісіріп майға сыл\аған. Суытып та сынаған, Бауырсақпын зулаған, Атадан да құтылдым, Әжейден де құтылдым, Қоян сенен құтылу, Қиын емес бұл маған. Бауырсақ апы қарай домалап қаша береді. Қасқыр шығады.Оғанда осылай әндетіп қашыды. Аю шығады оданда әндетіп қашады. Түлкі шығады. Бауырсақ өлеңін айтып бола бергенде қу түлкі -Менің құлағым дұрыс естімейді,тұмсығыма шығып айтып берші дейді. Бауырсақ түлкінің тұмсығына шығып өлеңін айта бастағанда,түлкі оны «ап»деп жеп қояды. Сергіту сәті: «06-04» «Ә» №13 Ертегі мазмұннын балалардан сұрау. Жақсы,түсініп айтқан балаларды мақтау. Қуанады.тып тыныш отырып тыңдайды.
Ертегіні қызыға тыңдап отырады.
Бауырсақтың өлеңіне,қояннан қашқанына мәз болады.
Кейікерлердің шыққандарына қызығып отырады,
Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен, Теріп,теріп алайық, Қалтамызға салайық. Өздерінің түсінгендерімен айтып береді.
Рефлексивті - қорытындылау Түлкі қандай аң? Алдап нені жеп қойжды? Қоян қандай? Аю ше? Қалай жүреді? Нан туралы қандай тақпақ білеміз. Қу. Бауырсақты. Қорқақ. Аңқау. Қорбаңдап. Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар, Теріп ллып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. Күтілетін нәтиже : Білуі немесе хабардар болуы: Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге үйренеді. Қалыптасқан әдет : Ертегіні тыңдайды,мазмұндайды. Істей біледі :Өз ойларын жеткізе алады.
Қостілділік компоненті:желім-клей. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы
Ш.ш. «06-04» «Б» №4
Есік тарсылы естіледі.
Топқа қуыршақ келіп, балалармен амандасып,оларға көліктердің суреттерін алып келеді.
Қуыршақ балаларға машина жасауды ұсынады. Арайлап таң атты, Алтын сауле тараты, Қайырлы күн балалар, Жақсы өтсін күніміз.
Балалар таңырқай қарайды.
Қуыршақты көріп, балалар қуанады.Оның әкелген суреттерін қарайды.Көліктерді атайды.
Балалар қуана келіседі. Іздену - барлау
Машинаны пішіндер арқылы да жапсыруға болады екен. Мен сендерге дайын үлгі таратып беремін сендер машина жабыстырңдар. Бағыт-бағдар беріп отыру. Мына пішін қандай ? Машинада неше дөңгелек болады екен? Балалар үлгіге қарап «машинаны» жасауға кіріседі. Сергіту сәті: «06-04» «Ә» №2 Тәрбиеші балаларға желіммен қалай жұмыс жасау керектігін айтады.Қауіпсіздік ережесін естеріне салады. Жұмыс соңында қолдарын сүлгімен сүртуді ұмытпау керектігі жайлы айтады. Қуыршақ балалардың жасаған машиналарын көріп,оларға ризашылығын білдіреді. Тәрбиешінің айтқандарын тыңдап отырады. Балалар үлгіге қарап машина жасайды. Төрт бұрышты алып жапсырады.Санап 4-еу екенін айтады. Дөңгелектерді төрт бұрыштың астына жапсырады. Жабыстырған пішіндерінен машина болып шықанына қуанады. Орнымыздан тұрайқ, Қолымызды созайық, Бір отырып,бір тұрып, Біз тынығып алайық.
Жабыстырған машиналарын бір-біріне көрсетеді. Ата-аналарына көрсететіндерін айтады. Қуыршаққа рахмет айтады. Рефлексивті - қорытындылау Ата-аналарында қандай машина бар екенін сұрау. Балабақшаға немен,кім әкелегендері жайында әңгімелету. Балаларды мақтайды. Балалар өз жұмыстарын қуыршаққа көрсетеді. Өз ойларын айтады.
Істеген жақсы істеріне қуанады. Күтілетін нәтиже : Білуі немесе хабардар болуы: Үлгіге қарап, пішіндерден заттарды құрастыра білуге үйренеді. Қалыптасқан әдет : Тәрбиешінің айтқанын тыңдайды,тапсырмасын орындайды. Істей біледі: Үлгіге қарап құрастырады,жапсырады.
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта. Бөлімі:Экология негіздері. Тақырыбы: Менің мысығым керемет.(Мысық ) Мақсаты: Білімділік:Үй жануары мысықпен таныстыру. Дамытушылық:Мысықтың іс-қимыл әрекеті,пайдасы жайында түсінік беру. Тәрбиелік мәні:Айналадағы қоршаған ортаны сезінуге. Көрнекілік:Үй жануарлары. «06-14» №2 Қ.о.«Мысық пен тышқан» «06-05» №8 Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті. Мотивациялық қозғаушы. Ш .ш «06-04» «Б» №1 Балалар шеңбер жасап жүріп мына өлең шумақтарын айтады. Мен сендерге жұмбақ жасырамын,сол жұмбақтың шешуі арқылы жаңа тақырыппен танысамыз. Өз құйрығын өзі қуып ойнайды, Допты көрсе домалатып қоймайды, Беті қолын қайта-қайта жуады, Тышқандарды үйімізден қуады. Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса. Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса, Сәлем саған Жер ана! Сәлем саған нұрлы күн! Аман-есен болайық, Бейбітшілік қалайық! Қимылмен көрсете айтады. Тышқанды қуалайтын мысық,жұмбақтың шешуі мысық екенін айтады. Іздену барлау. Дұрыс айтасыңдар мысық үй жануары,оның пайдасы көп,ол жүрген жерде тышқан болмайды.Мысық еркелегіш, балалармен ойнағанды өте жақсы көреді және ол сүт ішкенді жақсы көреді екен. Мына суреттің ішінен мысықтың суретін көрсетіңдерші. Мысықтың өзіне жарасар әдемі дауысы бар,қандай? Мысықтың суретіне қарап дене мүшелерінің ерекшеліктерімен таныстыру. Мысықты «кис-кис» деп шақырады.Оның жүні тақырлау болады, мұрты болады, құлақтары тікірейген,құйрығы ұзын мына суреттегідей. Мысықты құйрығынан сүйреп жәбірлеуге бола ма?
Сергіту сәті: «06-04» «Б» №19
Қ.о «Жіп шатастыру» Шарты:Мысықтар жіппен ойнағанды жақсы көреді екен.Сендер мысық боласыңдарда мына жіптерді шашып шатастырып ойнайсыңдар,сосон оларды тауып қайтадан жинап себетке саласыңдар. Кім тез шашып,тез жинап себетке салады сол жеңімпаз мысық болады. Айтқандарды қызыға тыңдап мысықтың суретін көрсетеді.
Мияу-мияу!
Жоқ,оның денесі ауырады,сосон ол үйден қашып кетеді.
Пеш үстінде мысық отыр, Екі көзін қысып отыр, Тышқан етін жегісі кеп, Тісі оның қышып отыр.
Мысық болып балалар қызыға ойынды ойнайды. Рефлексивті қортындылау. Мысықта неше құлақ бар ? Мысықтың аяғы нешеу? Мысықтың құлағы ұзын ба,құйрығы ұзынба?
Мысықты қалай шақырамыз? Мысықтың дауысы қандай? Оқу іс-әрекетіне белсене қатысып отырған балаларды мақтау. Екі құлағы бар. Төрт аяғы бар. Құйрығы ұзын.
Кис-кис деп шақырамыз. Мияу –мияу. Білуі немесе хабардар болуы:Мысық үй жануары екенімен танысты. Қалыптасқан әдет:Оқу іс-әрекетіне қызыға қатысады.Айтқанды тыңдайды. Істей біледі:Қойылған сұрақтарға өз ойларын айтады.
Білім беру салалары: Қатынас. Бөлімдері :Тіл дамыту. Тақырыбы: «Қыс» С.Сейфуллин. Мақсаты : Б.М:Қыс мезгілі жайында түсініктерін қалыптастырып, бекіту. Д.М:Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері жайында түсінік беру. Т.М:Зейін қойып тыңдай білуге тәрбиелеу Көрнекілік : Қыс мезгілінің суреттері «06-04» .№15 Сөздік жұмыс : Жыл мезгілдері, суық, жылы, ыстық. Қостілділік компоненті : Қыс –зима. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық – қозғаушы
Ш.ш «06-04» «Б» №18
Балалар, бүгін ауа-райы қандай екен? -Дұрыс айтасыңдар, ауа-райы суық. . Балалар, бізге біреу келе жатқан сияқты. Кім екен? Жақсылықтан үйреніп, Боламыз біз жақсы адам, Жамандықтан жиреніп, Үлгі аламыз жақсыдан. Ауа-райы суық.
Балалардың қызығушылықтарын ояту. Іздену - барлау
Қызықтыру сәті: -Балалар бізге қонаққа қуыршақ келді. Оның қолында бізге арналған суреттері бар екен.