Пробирка №
Қоспа бөлшегі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
АБ
|
СБ
|
|
1:50
|
1:100
|
1:200
|
1:400
|
1:800
|
1
2
3
|
Физ.ерітінді
Науқастың сарысуы 1:25
Бруцеллезді бірыңғай диагностикум
|
1,0
1,0
4к
|
1,0
1,0
4к
|
1,0
1,0
4к
|
1,0
1,0
4к
|
1,0
1,0
4к
|
1,0
4к
|
1,0
1,0
-
|
1,0
дез.
еріт.
|
|
Термостатқа –– 2 сағатқа 370 температураға қою қажет
|
Нәтижелерді тіркеу
|
шөгінді
|
шөгінді
|
шөгінді
|
шөгінді
|
тұнба
|
тұнба
|
түссіз сұйықтық
|
|
Қорытынды: Реакция оң. Сарысу титрі 1:400. Диагностикалық титрі 1:200.
Студент жұмысы
Асколи реакциясының қойылуы:
Жабдықталуы:
Преципитациялық пробиркадағы преципитирлеуші сарысу- 12
Пробиркадағы термопреципитиноген - 12
2. Хеддльсон реакциясының қойылуы
Науқас қан
сарысуы
|
1
|
2
|
3
|
0,08
+
|
0,04
+
|
0,02
+
|
Бруцеллездік
диагностикум
|
0,03
|
0,03
|
0,03
|
Науқастың қан сарысуы
|
4
|
5 – СБ
|
6 - АБ
|
0,01
+
|
0,02
+
|
0,03
+
|
Бруцеллездік
диагностикум
|
0,03
|
0,03
физ.ер-ді
|
0,03
физ.ер-ді
|
Нәтижелерді тіркеу: нәтижесін майда дәнді агглютинаттардың пайда болуына қарай бақылаймыз. Қан сарысуының барлық дозасында агглютинацияның болмауы реакция нәтижесін теріс деп бағалайды, 1-ші дозасында (0,08 мл. қансарысуы) агглютинация болуы –күмәнді, 2 – ші дозасында (0,04 мл.) – әлсіз оң, 3 – ші немесе 4-ші дозасында (0,02 – 0,01мл.) – анықталса реакция оң, барлық дозасында бірдей анықталған жағдайда, реакция нәтижесі жедел оң деп саналады.
Жабдықталуы:
Әйнекшелі пластинкалар 9 х12см. - 3
Шыныжазба (Стеклограф) - 3
Пробиркадағы науқастың қан сарысуы - 3
Пробиркадағы бруцеллезді диагностикум - 3
Пробиркадағы стерильді физиологиялық ерітінді - 3
Стерильді микротамшуырлар 0,1 мл – 9
Тақырыбы: Күл, көкжөтел, пара көкжөтелдің зертханалық диагностикасының алгоритмі.
Мақсаты:
- күл ауруын, көкжөтел және паракөкжөтел ауруын шақыратын микроорганизмдерді зерттеу, олардың қасиеттерін, патологиялық жағдайларды тудырудағы рөлін, олармен шақырылатын аурулардың зертханалық диагногстикасын, емдеу шараларын және алдын –алу жолдарын зерттеу;
- токсинемиялық инфекциялардың қазіргі таңдағы заманауи зертханалық диагностикасы туралы студенттердің білімін қалыптастыру;
Міндеттер:
токсинемиялық инфекциялардың қоздырғыштарының морфологиялық, дақылдық, биохимиялық, биологиялық қасиеттері туралы;
токсинемиялық инфекциялардың қоздырғыштарының патогенділік факторлары туралы;
токсинемиялық инфекциялардың қоздырғыштарының зертханалық әдістері туралы;
токсинемиялық инфекциялардың алдын алуы мен емдеу шаралары;
аурудың патологиясының даму ерекшелігіне байланысты зерттелетін материалды алу әдістері туралы;
күл ауруын, көкжөтел және паракөкжөтел зертханалық диагностикасының нәтижелерін дұрыс интерпретациялау дағдыларын қалыптастыру;
Көрнекілік материалдар:
Күл бойынша
Леффлер бойынша боялған күл таяқшаларынан жағынды
Нейссер бойынша боялған күл таяқшаларынан жағынды
Ру ортасы (ширатылған жылқы сарысуы)
Леффлер ортасы (ширатылған глюкозамен жылқы сарысу)
Оухтерлони бойынша күл бактериаларының уыттылығын анықтау әдісі.
Пизу сынамасы (цистиназаға)
Закс сынамасы (уреазаға)
- Пизу сынамасы:
Балқытылған ЕПАға цистиннің сілтілі ерітіндісін қосып, жақсылап араластырып және де күкірт қышқылын қосамыз. Залалсындандырудан кейін сірке қышқылды қорғасынды қосу. Ортаны бағанаға құю. Күлді коринебактерияларды уколмен себінді жасау барысында укол ізі бойынша және оның айналасында ортаның қараюын шақырады. (H2S түзілуі сульфид қорғасынның қара преципитинінің қалыптасуына әкеледі).
П изу сынамасы
Дифтериялық таяқша Жалған дифтерия таяқшасы
Уреазаға сынама (Закс) - қызыл фенол индикаторлы және несеп зәрлі орта. Уреаза бар болған жағдайда орта қызарады.
Вакциналар – АКДС; АДС; АД;
Көкжөтел бойынша:
Грам бойынша боялған көкжөтел бактериясынын жағындысы;
Көкжөтел бактериясының колониясы және козеинді-көмірлі агарлы бак.таңба. (сынап тамшысы түрінде)
Вакциналар - АКДС
Студенттің жұмысы:
Көрнекілік құралдары материалдарын зерттеу;
Күл және көкжөтелдің зертханалық диагностикасының алгоритмін құрастыру.
Көкжөтел бактериясы үшін:
Бактаңба - козеинді-көмірлі агардағы көкжөтел бактериясының колониясы.
Жағдайлық есептерді шығару:
Науқас С.-ға участкелік дәрігер «фолликулярлы ангина» диагнозын қойды. Күл таяқшасының бар мүмкіндігін дәлілдеу үшін қандай зертханалық зерттеулерді жүргізу қажет?
Жауабы: Ең алдымен жағынды даярлап, Нейссер бойынша бояу қажет. Және сары түсті цитоплазманың, сонымен қоса таяқша ұшындағы көк түсті волютинді дәндердің бар болуын анықтау қажет.
2. Дифтерияға күдігі бар келіп түскен баладан зерттеуге аңқаның шырышты қабығынан бөлінді алынды. Жағынды дайындалды және боялды. Микроскопиялау кезінде ұшы жуандатылған, күңгірт көк түсті, көгілдір таяқшалар табылды. Бұл қандай микроорганизм? Бактерияда қандай құрылымдық компонент анықталады? Бұл берілген препарат қандай әдіспен боялған? Аталмыш бактерияларды анықтау үшін тағы да қандай бояу әдістерін қолдануға болады?
Жауабы: 1. Бұл күл таяқшасы 2. Волютинді дәндердің табылды. 3. Леффлер бойынша метилен көгімен боялған. 4. Нейссер бояу әдісі бойынша бояуға болады.
3. Науқас балада күл таяқшасы табылды. Бұл бактериялардың уыттылығын қалай анықтауға болады?
Жауабы: Күл бактерияларының уыттылығын анықтау әдісі Оухтерлони бойынша.
Токсигенділікті анықтауға арналған сынама (Оухтерлони бойынша).
Тақырыбы: Туберкулездің зертханалық диагностикасының алгоритмі
Мақсаты:
-Туберкулез мәселелері және қазіргі кездегі лабораториялық диагностикасы туралы студенттерде білім қалыптастыру;
-Патогенді және де патогенді емес микобактериялар туралы, және олардың құрылымдары, патологиялық үрдістегі маңызы мен рөлі; Туберкулездің емі және оны алдын - алудың қағидалары туралы білімін қалыптастыру.
Міндеттері:
Микобактериялардың морфологиясы мен систематикасы туралы;
Микобактериялардың қоздырғышының морфологиялық, тинкториялыдық, дақылдық, ферменттік, антигендік қасиеттері бойынша;
Туберкулез қоздырғышының патогенділік факторлары бойынша;
Туберкулез патогенезі. Иммунитетінің ерекшеліктері бойынша;
Туберкулездің диагностикасы бойынша;
Профилактикасы, емдеуі бойынша;
Достарыңызбен бөлісу: |