Болжам тұрғысынан қауіпті экстрасистолия: Жүрекшелер фибрилляциясына тән емес экг белгіні атаңыз


Өңештің жоғарғы 1/3 бөлігінің гипотониясы



бет3/7
Дата01.11.2022
өлшемі113.19 Kb.
#463800
1   2   3   4   5   6   7
ПжІА ІАН емтихан тесттері жауапсыз 2022-2023 күз (1)

Өңештің жоғарғы 1/3 бөлігінің гипотониясы

93.Жүйелі склеродермияның ерте дәлелді критерийі:


Терінің тығыз ісігі

94.Жүйелі склеродермияны емдеудегі антифиброзирлеуші препарат:


D-пеницилламин

95.Қандай әдісті қолдану зәрдің сапалы зерттелуін жүргізуге мүмкіндік береді?


96.Бүйрек ауруларын анықтауға арналған ЕҢ ақпаратты анализ:
97.Зәрмен белоктың шығуын қандай сандық әдістер анық көрсетеді?
98.Зәр анализіндегі қандай көрсеткіш бүйрек зақымдалуының ерте индикаторы болып табылады?
99.Созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастардағы анемияны емдеуге тағайындаған тиімді:
100.Зәрдегі бірен-саран эпителий клеткалары нені көрсетеді:
101.Минимальді протеинурияның себептерінің бірі болуы мүмкін:
102.20 жастағы науқас. Шағымдары: бетінің, алдыңғы құрсақ қабырғасының, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Қарағанда: ісінулер анасаркаға дейін. АҚ 85/40 мм с.б. Қан анализінде: жалпы белок 40 г/л, альбумин 16 г/л, холестерин 9,8 ммоль/л. ЖЗА: белок 4,5 г/л, Ле – бірен-саран, Эр 0-1 к/а. Осы гипотензияның даму механизмі қандай?
103.Дизуриялық көріністердің болуы нені көрсетеді?
104.Олигурия (анурия) қашан дамиды:
105Бүйрек биопсиясын жасауға абсолютті қарама қарсы көрсеткіш:
106.Шартты-патогенді флора зәрмен қанша мөлшерде бөлінгеде шынайы бактериурия деп саналады (микробтық денелер 1 мл зәрде):
107.Соматикалық бөлімше құрамында зәрді флораға бактериологиялық себу үшін материалды алу төменде келтірілген әдістердің біреуімен жүргізілед:
108.Зәр шығару жолдарының инфекциясына күдік болғанда жалпы зәр талдауымен қатар қандай зерттеу міндетті түрде жүргізіледі:
109.Науқас М., 25 жаста. Белдегі, әсіресе оң жақтан сыздаған ауру сезіміне, дене қызуының 39С-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, зәрінің лайлануына шағымданды. Объективті: тері жабындылары табиғи түстес, ісінулер жоқ, АҚ 100/70 мм.с.б. Қан анализінде: лейкоциттер 16 мың., ЭТЖ 40 мм/сағ. Зәр анализінде: меншікті салмағы 1009-1016, белок 0,66 г/л, лейкоциттер – жаппай, эритроциттер 1-2 к/а, гиалинді цилиндрлер – бірен-саран.
Аталған зерттеу әдістерінің қайсысын ЕҢ бірінші жасау керек?
110.Жалпы зәр анализінің төменде аталған көрсеткіштерінің қайсысы зәр жүйесінің инфекциясына сәйкес келеді?
111.Пиелонефрит ошақтарын қандай зерттеу әдісі көрсетеді:
112.Неліктен зәр жүйесі инфекциясының емінде цефалоспориндердің 2-3 ұрпағы және ампициллин негізгі таңдау препараттары болады?
113.Ересектерде обструктивті уропатияның ең жиі себебі:
114.Пиелонефритпен ауыратын науқаста артериалды гипертензияның, ісінулердің пайда болуы мынаған байланысты:
115.Бүйректің концентрациялау қызметін бағалайтын әдіс?
116.Гломерулонефрит кезінде зақымдалады?
117.Фильтрация жолындағы тосқауылдардың реті:
118.Гломерулярлы аурулар кезінде гематурия келесі морфологиялық өзгерістермен көрінеді:
119.Гломерулярлы зақымдалуыдң созылмалы формалары әкеледі:
120.Нефротикалық синдром кезінде дамитын гиперкоагуляцияның себептерін атаңыз:
121.Нефротикалық синдромда гиперлипидемияның ЕҢ мүмкін болатын себебін көрсетіңіз:
122.Ересектерде нефротикалық синдромның жиі анықталатын морфологиялық варианты қандай?
123.Циклоспорин А немесе алкилдеуші агенттерді (цикофосфамид немесе хлорамбуцил) стероид-сезімтал нефротикалық синдромда тағайындайды:
124.Ер адам 37 жаста. Анасаркаға дейін массивті ісіну байқалады, АҚ 100/60 мм с.б. Анализдерінде: қан сарысуындағы креатинин 70 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л. ЖЗА-де: протеинурия 4 г/тәу, эр. 2 к/а. Сіздің диагнозыңыз:
125.Ісінуі және патологиялық зәр анализі бар науқасты жүргізудегі сіздің тактикаңыз қандай болуы тиіс?
126.Синдромды анықтағаннан кейінгі сіздің тактикаңыз қандай болуы тиіс (нефротикалық, нефриттік)?
127.Жедел постинфекциялық гломерулонефритпен науқастарға қандай препараттрады тағайындаумен симптоматикалық терапия жүргізіледі:
128.Ілмекті диуретиктердің әсер ету орны
129.Тиазидті диуретиктердің әсер ету орны
130.18 жастағы қыз. Шамалы ісінулер анықталды, АҚ 150/95 мм.с.б. Тексеру кезінде: ЭТЖ 65 мм/сағ, холестерин 4.0 ммоль/л, ШФЖ 57 мл/мин. ЖЗА протеинурия 1,3 г/л, макрогематурия. ЕҢ мүмкін болатын диагноз қандай?
131.26 жастағы науқаста алғаш рет АГ 160/100, ісінулер, олигурия, макрогематурия, зәрде белок 3 г/л анықталды. Емдәмді тағайындаңыз
132.Нефритикалық синдроммен жедел гломерулонефриттің негізгі этиологиялық факторы болып табылады:
133.Ревматикалық аурулардың қайсысында бүйрек амилоидозы дамиды:
134.Болжамы ең нашар болатын ЖБЖ-нің қай түрі?
135.БЖЗ диагностикалау үшін қолданылатын RIFLE критерийлерін көрсетіңіз:
136.Төменде келтірілген жағдайлардың бірі жедел бүйрек жетіспеу-шілігінің диурез азаю сатысында науқасқа қауіп төндіреді:
137.Төменде келтірілген жағдайлардың бірі жедел бүйрек жетіспеушілігі бар науқас өміріне тікелей қауіп төндіріп, тез арада емдеуді қажет етеді:
138.Төменде келтірілген жағдайлардың бірі реналды жедел бүйрек жетіспеушілігінің дамуына алып келеді:
139.RIFLE жіктелуі бойынша бүйрек қызметінің толық жойылуын қай саты сипаттайды:
140.RIFLE жіктелуі бойынша бүйрек зақымдалуын қай саты сипаттайды:
141.Ересектердегі БСА жиі себептерінің бірін көрсетіңіз:
142.Бүйректің созылмалы ауруларының терминальды сатысы үшін тән емес?
143.Бүйректің созылмалы ауруларының терминальды сатысында артериялық гипертензияның себебі:
144.Бүйрек қызметін алмастыру терапиясының әдістеріне жатады:
145.Төмендегі аталған белгілердің қайсысының қосарлануы терминальды бүйрек жетіспеушілігін дәлелдейді және диализге бағыттауды қажет етеді?
146. «Созылмалы бүйрек ауруы» анықтамасына не жатпайды:
147.Науқас 31 жаста. Балалық шақта туа болған бүйрек аномалиясы фонында қайталамалы ЗШЖИ-мен зардап шеккен. Бала кезінде ота жасалынған. Қазіргі уақытта зәрде: ақуыз-0,3г/л, лейкоциттер-3-4в к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ-45мл/мин. Бұл науқаста қандай қауіп факторы терминальды бүйрек жетіспеушілігінің үдеуін және дамуын қамтамасыз етеді?
148.Науқас 31 жаста. Балалық шақта туа болған бүйрек аномалиясы фонында қайталамалы ЗШЖИ-мен зардап шеккен. Бала кезінде ота жасалынған. Қазіргі уақытта зәрде: ақуыз-0,3г/л, лейкоциттер-3-4в к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ-45мл/мин. Егер қосымша зерттеу жүргізсе берілген ШФЖ-да БСА тән қандай бұзылыстарды анықтауға болады?
149.Науқас 31 жаста. Балалық шақта туа болған бүйрек аномалиясы фонында қайталамалы ЗШЖИ-мен зардап шеккен. Бала кезінде ота жасалынған. Қазіргі уақытта зәрде: ақуыз-0,3г/л, лейкоциттер-3-4в к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ-45мл/мин. Нв-90г/л. БСА осы сатысында қандай бұзылыстарды коррекциялау көрсетілген?
150.Гемодиализ процессі қай жерде жүреді?
151.Несеп нәрінің төмендеу бөлігі:
152.Бағдарламалық гемодиализдің стандартты уақыты, сағат:
153.Бағдарламалық гемодиализдің стандартты жиілігі:
154.Диализдегі науқастарда фосфор-кальций алмасуының бұзылысы кезінде дамитын жүрек қантамырлық асқынулар байланысты:
155.Бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарда минеральді және сүйек метаболизмінің бұзылысы дамуында басты орында:
156.БСА бар науқастарда анемия болса дамиды:
157.БСА бар науқастарда анемияның рөлі:
158.Трансплантаты бар науқасқа нефротоксикалық әсер ететін дәрілік зат:
159.Бүйрек трансплантациясынан кейін қаннан қандай дәрілік заттың концентрациясын әрдайым өлшеп отыру керек?
160.Бүйрек трансплантатын қабылдамау реакциясы дамуын алдын-алу мақсатында жүргізіледі:
161.Қай арнайы емес симптомдар жасырын АГ-ға сілтеме береді?
162.Қай объективті мәліметтер бұрыннан келе жатқан АГ-ға сілтейді?
163.Қай лабораторлы өзгерістер бұрыннан келе жатқан АГ-ға сілтейді?
164.Ер адам 41 жаста. Балтырында ісінулер анықталды, АҚ қалыпты. Анализдерінде: қан сарысуындағы креатинин 80 мкмоль/л, альбумин 15 г/л, протеинурия 6 г/тәу, зәр тұнбасы қалыпты. Ең мүмкін болатын болжам диагноз қандай:
165.Қандай дертте науқастардың беті «ай тәріздес» және гиперемия айқын гипертрихозбен сипатталады?
166.Иценко-Кушинг ауруына тән клиникалық белгілер:
167.Иценко-Кушинг ауруының диагностикалық алгоритміне жатады:
168.Акромегалия ауруының диагностикалық алгоритмы:
169.Қалқанша бездері гормондарын артық өндіруінен туындаған, тиреотоксикозбен көрінетін ауруларды топтастырыңыз:
1. Грейвс ауруы; 2. Көп түйінді уытты жемсау; 3. Йод-индуцирленгкн гипертиреоз; 4.Гипофиздің ТТГ-өндіретін аденомасы; 5. Уытты аденома.
170.Емханаға 63 жастағы әйел су болып терлеуге, жүректің қатты соғуына, өлім сезіміне, шаршағыштыққа, тәбеттің жоғары болуына қарамастан жүдеуіне шағым айтып келді. Объективті: малынып терлеу, дене қызуы 40С, тітіргенгіштік, қол саусақтары мен тілдің треморы, экзофтальм, жүрек тондарының қатты естілуі, ЖСЖ 140 рет/мин, пульс 110 рет/мин, қалқан безі өлшемі күрт үлкейген. Клиникалық хаттамаға сәйкес (2017 ж) тиреотоксикоз кезінде шұғыл госпитализацияға көрсеткіші:
171.Емханаға 48 жастағы әйел әлсіздікке, ұйқышылдыққа, парестезияларға, іш қатуына, шаш түсуіне, тоңуына шағым айтып туыстары алып келді. Объективті: апатия, ступор, гипомимиялы, көз айналысының тығыз ісінуі, баяу сөйлеу, дауыс тембрі төмендеген, терісі құрғақ және салқын, дене қызуы 34,5С, шашы сыңғыш, ЖСЖ 50 рет/мин, АГ 160/130 мм с.б. Клиникалық хаттамаға сәйкес (2017 ж) шұғыл госпитализацияға көрсеткішін анықтаңыз:
172.Ренин-ангиотензиндік жүйеге тәуелсіз альдостеронның артық өндірілуімен сипатталатын, сондай-ақ артериалдық гипертензиямен, гипокалиемиямен және метаболитикалық алкалозбен жүретін этиологиясы, патогенезі мен морфологиясы бойынша гетерогендік топқа жататын ауру:
173. Емханаға 68 жастағы ер кісіні үдемелі әлсіздікке, бас ауруына, тәбетінің бұзылуына, жүрек айнуына шағым айтып туыстары алып келді. Объективті: адинамия, сананың бұлыңғылауы. АҚ 85/45 мм с.б. Бүйрекүстібезі қыртысының гормоны – кортизол 50 нмоль/л. Клиникалық хаттамаға сәйкес (2017 ж) госпитализация түрін анықтаңыз:
174. Гипоталамустік-гипофизарлық-бүйрекүсті безі жүйесінің бір немесе бірнеше тізбектер қызметтерінің бұзылысы нәтижесінде бүйрекүстібезі қыртысының гормондар секрециясының жетіспеушілігінен туындайтын клиникалық синдром ...
175.Қалқанша безінің ауруларына жатады:
176.29 жастағы әйел, жүрек тұсының ауырсынуына, жүректің жиі соғуына, ыстыққа шыдамауына шағымданды. Соңғы 7 айда 8 кг жүдеген. Темекі шегеді, жұмысы стресспен байланысты. Қарағанда: салмағы төмен. Терici ылғалды таза. Денесінде, қолдарында майда дiрiл бар. АҚҚ максималды – 150/60 мм.с.б. ЖСЖ 130 рет минутына.
Гормондар: бос Т4 - 39 пкмоль/л, ТТГ-0,0044 мЕд/л.
Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
177.45 жастағы әйел, гипотиреозбен есепте тұрады, ЖРВИ кейін 3 аптадан соң әлсіздіктің күшеюі мен ұйқышылдықты байқады. Қарап тексергенде: сұраққа жауап беруі тежелген, беті ісінген, көз шарасы тарылған. Терісі боз, суық, температура 35 0С. Өкпесінде әлсіз везикулярлық тыныс. ТЖ - 14 рет мин, ЖСЖ 40 рет минутына. АҚ - 80/45 мм с.б.б. Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
178.Жайылмалы уытты жемсаудың клиникалық белгілеріне тән:
179.Науқас К. 47 жаста дене салмағының өсуіне, жалпы әлсіздікке, ұйқышылдыққа, ісінулерге, іш қатуға шағымданады. Терісі сарғыш түсті, құрғақ, үлбіреу аймақтарымен. Беті ісінген, қолдары мен аяқтарында басқаннан кейін тереңдеусіз ісінулер. Жүрек тондары тұйық, дұрыс, ЖЖЖ 50 соққы минутына АҚ 110/70 мм с.б.
Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
180.Жайылмалы уытты жемсау ауруына тән клиникалық белгілері:
181.Гипотиреоз сырқатына тән клиникалық белгілері:
182.Қантсыз диабетінің жиі кездесетін себебі:
183.С-пептид деңгейінің кенеттен төмендеуі БАРЫНША тән:
184.42 жастағы әйел адамда шөлдеу, дене салмағының артуы байқалды. Объективті: бойы 162 см, салмағы 94 кг. Гликемия ашқарында – 6,9 ммоль/л, жалпы холестерин – 5,4 ммоль/л, триглицерид – 2,5 ммоль/л.
Келтірілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
185.18 жасар қызда ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін шөлдеу, полиурия, жалпы әлсіздік пайда болды. Объективті: бойы 165 см, салмағы 60 кг.Тері жамылғылары құрғақ, Бауыр қабырға доғасынан 5 см шығып тұр. Тексеру барысында: гликемия – 20 ммоль/л, глюкозурия - 5%, кетонурия ++.
Төменде келтірілген диагноздардың ішінде қайсысы болуы мүмкін?
186.3 дәрежелі семіздігі бар 50 жастағы әйелді тексергенде гликемия – 12,5 ммоль/л анықталды. Қайталап тексергенде таңғы астан 2 сағаттан кейін гликемия 15,5 ммоль/л.
Төменде келтірілген диагноздардың ішінде қайсысы болуы мүмкін?
187.Қалыпты тамақтан кейінгі гипергликемияның деңгейі қандай?
187.Бүйрек үсті безінің екі жақты гиперплазиясы шақырылады
188.Конн синдромында қандай эндокринді ағза бұзылады?
189.Феохромоцитома кезінде не шамадан артық түзіледі?
190.В12-тапшылықты анемиямен ауыратын науқастың миелограммасына барынша тән:
191.Панцитопения, эритроциттер гиперхромиясы, қан жасаудың мегалобластық түрі мынаған БАРЫНША тән:
192.Жедел ТШҚҰ синдромының дамуында БАРЫНША маңызды?
193.Балаларда лейкоздың қай түрі жиі кездеседі:
194.Гемофилия А кезінде плазмалық факторлардың қайсысының тұқым қуалайтын тапшылығы байқалады:
195.Темір препараттары келесі жанама әсерлер тудыруы мүмкін:
196.Жіті лейкозға тән миелограммадағы негізгі өзгеріс:
197.Темір тапшылықты анемияға тән сүйек кемігіндегі өзгеріс:
198.В 12 тапшылықты анемияны В 12 витаминімен емнің нәтижелілігін көрсетпейді:
199.Жедел лейкоздың толық клиника-гематологиялық ремиссиясының негізгі критерийіне жатады:
200.Гемофилияның диагностикалық белгісін көрсетіңіз:
201.Шынайы полицитемияда миелограммаға тән:
202.Геморрагиялық васкулитте шеткері қанда жиі анықталады:
203.Жедел лейкоздың этиологиясы жайлы дұрыс түсінік:
204.Созылмалы миелолейкозбен науқастарда клиникалық көріністе басым:
205.Эритремияның айқын кезеңіне тән емес:
206.Промиелоцитарлы лейкоз кезінде геморрагиялық синдром негізделеді:
207.Тамырішілік шашыраңқы қан ұю (ТШҚҰ) - синдромын нақтылау үшін қандай зерттеу қажет?
208.В12-жетіспеушілік анемиясын қандай лабораториялық көрсеткіштерге қарап анықтауға болады:
209.В-12 витаминiнiң ұлпаларға жеткiзiлуiн қамтамасыз ететiн ақуыз:
210.Фуникулярлы миелоз көрiнiстерi:
211.СМЛ-ды ең дәл диагностикалық белгісі:
212.Қол мен аяқ саусақтардың қатты күйдіріп ауырсынуын ... деп атайды.
213.Реинфекция қалай дамиды?
214.Іш өтумен байқалатын жедел ішек ауруларында қандай диете тағайындалады?
215.Лептоспироз, вирусты гепатит кезінде пайдаланатын диета түрі?
216.Микст-инфекция дегеніміз не?
217.Шигеллаларға троптылық танытатын жасушалар?
218.Жұқпалы аурулардың бірнеше рет көбеюі?
219.Ішінде сары суы бар бөртпе?
220.Антиген және антитела аглютинация реакциясын анықтайтын зерттеу?
221.Жұқпалы аурудың қай кезеңінде ауру белгілері байқалмайды?
222.Диагноз қоюдағы ауру көзін анықтайтын негізгі анамнез?
223.Ауру көзі жануарлар арқылы жұқса қандай инфекциялар тобына жатады?
224.Жұқпалы аурулардың кезеңдерін сатыларымен атаңыз:
225.Микроорганизмдердің токсиндерді түзіп, бөлу қасиеті?
226.Микроорганизмдердің тіндер мен мүшелерге жабысу қасиеті?
227.Микроорганизм ыдыраған кезде бөлінеді?
228.Жұқпалы ауруларды емдеу кезінде қандай жағдайда дисбактериозға асқынуы мүмкін?
229.Қоздырғыштың өліп, эндотоксин бөлгендегі асқынуы қалай аталады?
230.Сальмонеллез ауруындағы қоздырғышты ашқан ғалым?
231.Сальманеллез ауруындағы нәжістің түрі?
232.Сальмонеллездегі серологиялық зерттеуге алынатын материал?
233.Дизентерия қоздырғышы?
234.Дизентериядағы диеталық стол?
235.Дизентериядағы іштің ауруы?
236.Аурудың даму кезеңіне жатпайды?
237.Субфебрилді дене қызуы?
238.Жұқпалы аурудағы арнайы ем?
239.Жұқпалы аурумен қарым –қатынаста болғандарды бақылауға алу қай кезеңге сай?
240.Аурудың латентті түрі?
241.Тұмаудың арнайы алдын алуы?
242.Вакцина сақталатын температура?
243.ВГА жұғу жолына байланысты мына топқа жатады?
244.Инфекция ошағында контактілерді бақылайды?
245.АИТВ инфекциясы берілмейді?
246.Бактериальді инфекцияға жатпайды?
247.Вирусты гепатит А кезiнде негiзгi терапия болып табылады?
248.ВГА сарғыштық кезеңiнiң ұзақтығы?
249.Вирусты В гепатит кезiндегi мүмкiн асқынулар?
250.Вирусты В гепатиттiң басталу кезеңiне тән синдромдар?
251.Вирусты гепатиттiң қай түрi таңдамалы түрде жүктi әйелдерде ауыр ағымды болып өтедi?
252.Вирусті В гепатиттің профилактикасыңда вакцина енгізу:
253.АИТВ-инфекциясына тән созылмалы пневмонияның жиі этиологиясы:
254.АҚТҚ жұқпасымен медицина қызметкерлерінің жиі зарарданатын манипуляция түрі болып табылады:
255.АҚТҚ жұқпасын жұқтыруға септігін тигізбейді:
256.AҚТҚ-ға тән емес терінің зақымдалуы:
257.АҚТҚ жұқпасы кезіндегі келесі патологиялық процесс ОНЖ тән емес:
258.АИТВ-инфекциясына зерттеу ұшін қөрсеткіш:
259.Сальмонеллездің негізгі белгісін көрсетіңіз:
260.Дизентерия қоздырғышының түріне жатпайды:
261.Аденовирусты инфекцияға тән емес симптом:
262.Е вирустық гепатитіне тән:
263.А вирустық гепатитінің сарғаю алды кезеңіндегі ең маңызды зерттеу:
264.АИТВ инфекциясын нақтылау үшін қолданылады:
265.Тұмауға қатысты дұрыс тұжырым:
266.Риноконьюктивиальды қызба, лимфоаденопатия, гепатоспленомегалия қай вирусты инфекцияда байқалады?
267.ЖРВИ басталғаннан кейін вирусты пневмонияның пайда болу уақыты?
268.Вирусты гепатит В-ның продромальды кезеңінде кездеспейтін синдром?
269.Вирусты гепатиттер кезінде холестаздың болуын көрсететін фермент қандай?
270.Науқас 45 жаста жедел дене температурасының 39С болуы, артралгия, бас ауруы, қайталамалы құсуға шағымданады. Аурудың 3-ші күні әлсіздік, бас ауруы, склераларының сарғаюы, дене температурасының қалыпты болуы байқалады. Терінің сарғаюы айқын, бауыр қабырға доғасынан 1см шығып тұрады. Кешкісін айқайлау, қозу, қарау кезінде қарсылық көрсету іс-әрекеттері пайда болды. 1 сағаттан кейын есынен танып қалды, Бауыр перкуторлы 6 қабырғадан 9 қабырғаға дейын, несептік катетрде гематурия. Науқаста болжам диагноз қандай?
271.Сальмонеллездің генерализацияланған формасын ошақты формасынан ажырататын клиникалық көрініс?
272.Іш сүзегі кезіндегі ішектен қан кетудің себебі?
273.Вирусты гепатиттерде аурылық дәрежесін көрсететін синдромды анықтаңыз:
274.Вирусты гепатиттің ерте диагностикасында ең ақпаратты биохимиялық анализдегі көрсеткіш
275.Вирусты гепатит В кезінде мезенхималды-қабыну синдромын сипаттайтын белгі:
276.ВГА жедел кезеңіндегі базисті терапия:
277.Вирусты гепатит А-ың жедел сатысында анықталатын иммунологиялық маркер:
278.ВГВ дәлелдеу үшін жиі анықтайтын маркер:
279.Жедел вирусты С гепатиттің маркерлері:
280.ВГВ вирусының белсенді репликациясын көрсететін маркері:
281.Вирусты гепатиті бар науқаста интоксикация синдромының клиникалық көріністері:
282.Науқаста жедел вирусты гепатит диагнозын болжайды. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай лабораторлы зерттеу қажет:
283.Вирусты В гепатитінде негізгі алдын алу шаралары:
284.Вирусты гепатит кезінде қандай құртпен салыстырма диагностикасын жүргізуге болады:
285.Науқас А, 30 жаста, өкпе туберкулезімен 1 ші категория бойынша 2 ай ем қабылдады, қақырықты туберкулез микобактериясына микроскопиялық зерттеу қортындысы бойынша конверсия берген жоқ. R сезімтал . Қай терапевтік категориясы бойынша емдейсіз?
286.Науқас Б, 30 жаста, өкпе туберкулезімен 1 ші категория бойынша екі ай ем қабылдады, қақырықты туберкулез микобактериясына микроскопиялық зерттеу қортындысы бойынша конверсия берген жоқ. Емді тағайындаңыз?
287.Науқас Б, 30 жаста, өкпе туберкулезімен 1ші категория бойынша екі ай ем қабылдады, қақырықты туберкулез микобактериясына микроскопиялық зерттеу қортындысы бойынша конверсия берген жоқ. Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз.
288.Науқас Б, 30 жаста, өкпе туберкулезімен 1 ші категория бойынша екі ай ем қабылдады, қақырықты туберкулез микобактериясына микроскопиялық зерттеу қорытындысы бойынша конверсия берген жоқ. Науқастың типін анықтаңыз?
289.16 жасар жас өспірімде шеткі лимфа түйіндері ұлғайған, әкесі туберкулезбен ауырады. Манту сынамасында «МБТ бірінші рет анықталған »деп табылды. Диагноз қою үшін қандай тексеру әдісі қажет
290.Науқас,М 22 жаста. Шағымдары: дене қызуының көтерілуі 37,6ºС, тәбеттің болмауы, қақырықтың жөтелге шағымданады. Өкпе рентгенограммасында оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде жиектері анық емес орташа интенсивті, гомогенді емес шамамен 2 сантиметрлы қараюлары бар. Көлеңкелер өкпе түбірімен «Ағымды жолмен» байланысқан. Алғашқы болжам диагнозын қойыңыз?
291.Науқас,М 22 жаста. Бурын аурмаған. Шағымдары: дене қызуының көтерілуі 37,6ºС, тәбеттің болмауы, қақырықтың жөтелге шағымданады. Өкпе рентгенограммасында оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде жиектері анық емес орташа интенсивті, гомогенді емес қараюлары бар. Көлеңкелер өкпе түбірімен «Ағымды жолмен» байланысқан.
Терапевтің категориясын анықтаңыз?
292.Науқас, М 22 жаста, бурын аурмаған. Шағымдары: дене қызуының көтерілуі 37,6ºС, тәбеттің болмауы, қақырықтың жөтелге шағымданады. Өкпе рентгенограммасында оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде жиектері анық емес орташа интенсивті, гомогенді емес қараюлары бар. Көлеңкелер өкпе түбірімен «Ағымды жолмен» байланысқан Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз?
293.Науқас,М 22 жаста, бурын ауырмаған. Шағымдары: дене қызуының көтерілуі 37,6ºС, тәбеттің болмауы, қақырықтың жөтелге шағымданады. Өкпе рентгенограммасында оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде жиектері анық емес орташа интенсивті, гомогенді емес қараюлары бар. Көлеңкелер өкпе түбірімен «Ағымды жолмен» байланысқан. Емді тағайындаңыз?
294.Науқас, Б 22 жаста, бурын ауырмаған. Шағымдары: дене қызуының көтерілуі 37,6ºС, тәбеттің болмауы, қақырықтың жөтелге шағымданады. Өкпе рентгенограммасында оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде жиектері анық емес орташа интенсивті, гемогенді емес қараюлары бар. Көлеңкелер өкпе түбірімен «Ағымды жолмен» байланысқан. Науқастың типін анықтаңыз?
295.Науқас М, 30жаста І категория бойынша емнің қарқынды фазасын аяқталған соң ауруханадан шығарылды, жалғастыру фазасын амбулаторлы түрде қабылдайды. Қандай препараттар тағайындалады?
296.Науқас М. 55 жаста. Қайта ауырған. Емнің қарқынды фазасын аяқтаған соң ауруханадан шығарылды, жалғастыру фазасын амбулаторлы түрде қабылдайды. Қандай препараттар тағайындалады?
297.Науқас Ж, 22 жаста. Профилактикалық тексеру кезінде өкпесін рентген тексеруден өткізген, туберкулезге күдіктенген. Туберкулезге қарсы диспансерде тексерілгенде белсенді туберкулез процессі анықталмаған. Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз.
298.Науқас Ж, 22 жаста. Профилактикалық тексеру кезінде өкпесін рентген тексеруден өткізген, туберкулезге күдіктенген. Туберкулезге қарсы диспансерде тексерілгенде белсенді туберкулез процессі анықталмаған. Қанша уақыт бақылайсыз?
299.Науқас Ж, 22 жаста. Профилактикалық тексеру кезінде өкпесін флюорографиялық тексеруден өткізген, туберкулезге күдіктенген. Туберкулезге қарсы диспансерде тексерілгенде белсенді туберкулез процессі анықталмаған. Емді тағайындаңыз?
300.Патологиялық материалдан жасалған жағындыдан туберкулез микобактериясын анықтау үшін қандай бояу әдісін қолданады?
301.Өкпедегі бір неше сақина тәрізді көлеңке өкпе түбірімен фиброзды таспа арқылы байланысқан, қуыс маңындағы өкпе тінінде полиморфты ошақтары,фиброздар бар жағдай, қай аурудың қуысына тән
302.65 жасар науқас дәрігерге екі ай бұрын пайда болған оң жақ иығындағы тұрақты тоқтаусыз ауру сезіміне, шағымданып келген. Науқас 4- 5кг арықтаған. Жас кезінде туберкулезбен ауырған, ағымы белгісіз. Рентгенограммада оң өкпе ұшының мөлдірлігінің гомогенді төмендеуі анықталады.Берілген науқасты тексеруден өткізіңіз. Зерттеу тәсілдерінің ең аз ақпарат беретінін таңдаңыз.
303.Науқас Ж., 23 жаста. Туберкулезге қарсы диспансерге 11 ай бұрын мынандай диагнозбен есепке алынған: өкпенің инфильтративті туберкулезі, оң жақты экссудативті плевритпен асқынған. Емдеуің интенсивті кезеңі 4 ай бойы жүргізілген, жалғастыру кезең 4 ай жүргізілген. Қазіргі уақытта науқас емнің аяқтады, шағымдары жоқ, кеуде клеткасының рентгенограммасында өкпе алаңы мөлдір. Диспансерлік бақылау туралы ұсыныстар берініз.
304.Кальцинаттарда туберкулез микобактериясы сақталады ма?
305.Туберкулезді гранулеманың морфологиясын көрсетіңіз:
306.Өкпелік туберкулез ауруының басында болатын жөтелдің сипаты:
307.Өкпе тінінің тікелей ыдырау белгісі рентгенде қалай көрінеді?
308.Өкпе тінінің ыдырауын көрсететін рентгендік қосымша белгісі қайсы?
309.Перзентханада өмірінің 4 күнінде БЦЖ егуімен егілген. 1,5 айдан кейін егілген жерінде әлсіз ауру сезімі бар диаметрі 1 см шамасында тері астылық инфильтрат анықталған. Дене қызуы қалыпты болған. Тағы 2 аптадан кейін инфильтрат аймағында флюктуация анықтала бастап, жергілікті ауру сезімі күшейе түсті, дене қызуы 37,50 С көтерілуі анықталынды. Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған. Клиникалық диагнозы?
310.Науқас Б., 2ай бұрын І категория бойынша туберкулезге қарсы емді бастады. Оған жағындысы теріс нәтижелі туберкулез деген диагноз қойылды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық болды. Қазір 2 айлық емнен кейін науқастың қақырығында микроскопиялық әдіспен туберкулез микобактериясы анықталды. Науқастың типін анықтаңыз?
311.Бала И, 11 жаста. Басқа тұрақты мекен жайына келді.Ата анасы маскүнемдер. Бала олармен бірге бір пәтерде тұрады. Аймақтық емханада балаға Манту сынамасы жасалынды. Папула 15 мм, БЦЖ егуімен перзентханада егілген, тыртығы 3 мм, 7 жаста БЦЖ ревакцинациясы өткізілмеген. Туберкулин сезімталдығы динамикада өзгеруі жөнінде мәліметері жоқ. Баланың даму тарихы жоғалтылған. Баланы ары қарай жүргізу тактикасы бойынша ұсыныстар беріңіз:
312.Науқас М, 35 жаста. Бес жыл бұрын жуғымды МБТ+ өкпе туберкулезімен ауырған. Өкпесін рентгенонологиялық тексеру кезінде, сол жақ өкпесінің жоғарғы бөлігінде айқын оқшауланған домалақ көленке анықталды, диаметрі 3 см көлемінде оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде, орташа интенситі, гомогенді емес қараюлары бар. Науқастың типін анықтаңыз?
313.Науқас А,25 жаста, флюграфиялық тексеру кезінде оң жақ өкпенің 1 -2 сегментінде инфильтрация фазасындағы ошақты туберкулез анықталды. Қай терапевтік категория бойынша емдейсіз?
314.Науқас А,бурын ауырмаған, 25 жаста, флюграфиялық тексеру кезінде оң жақ өкпенің 1- 2 сегментінде инфильтрация фазасындағы ошақты туберкулез анықталды. Емді тағайындаңыз?
315.Н-ауқас А, 25 жаста, флюграфиялық тексеру кезінде оң жақ өкпенің 1- 2 сегментінде инфильтрация фазасындағы ошақты туберкулез анықталды. Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз?
316.Науқас А, 25 жаста, бурын ауырмаған, флюграфиялық тексеру кезінде оң жақ өкпенің 1-2 сегментінде инфильтрация фазасындағы ошақты туберкулез анықталды. Науқастың типін анықтаңыз?
317.Науқас В, 36 жаста шағымдары, дене қызыуының 38,0ºС дейін көтерілуі, жөтел, жалпы әлсіздік мазалайды. Өкпе рентгенограммасында екі жақты полиморфты ошақты диссеминация анықталды. Алғашқы болжам диагнозын қойыңыз?
318.Науқас Ш. 27 жаста , бурын ауырмаған.Қақырықты жөтелге, жалпы әлсіздікке, түнгі тершеңдік, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Өкпе рентгенограммасында:екі өкпенің ұшынан диафрагма күмбезіне дейін бүкіл аймақта көптеген әр турлы көлемды, орташа интенсивті ошақтар анықталды. Жоғары бөліктерінде қосылуға бейім ошақтар тұсында өкпе тінінің ыдырауы байқалады. Емді тағайындаңыз?
319.Науқас Ш. 27 жаста қақырықты жөтелге, жалпы әлсіздікке, түнгі тершеңдік, дене қызуының көтерілуіне шағымданады.12 жасында кеуде ішілік лимфа бездері туберкулезімен аурған. Өкпе рентгенограммасында: ұшынан диафрагма күмбезіне дейін бүкіл аймақта көптеген майда, орташа көлемді ошақтар анықталды. Жоғары бөліктерінде қосылуға бейім ошақтар тұсында өкпе тінінің ыдырауы байқалады.МТ+ Науқастың типін анықтаңыз?
320.Науқас Л. 27 жаста. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Науқас басқа Республикадан келген, сол жақта науқастан туберкулез анықталған, бірақ ол онда тіркелінбеген және емін бастамаған. Клиникалық диагнозы. өкпенің диссеминирлеген туберкулезі сол жақты экссудативті плеврит. Қай жерде орналасқан туберкулез
321.Науқас Л. 27 жаста. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Науқас басқа Республикадан келген, сол жақта науқастан туберкулез анықталған, бірақ ол онда тіркелінбеген және емін бастамаған. Клиникалық диагнозы. өкпенің диссеминирлеген туберкулезі – сол жақты экссудативті плеврит. Терапевтік категориясын анықтаңыз.
322.Науқас Л. 27 жаста. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Науқас басқа Республикадан келген, сол жақта науқастан туберкулез анықталған, бірақ ол онда тіркелінбеген және емін бастамаған. Клиникалық диагнозы. өкпенің диссеминирлеген туберкулезі – сол жақты экссудативті плеврит. Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз.
323.Науқас М. 27 жаста. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Науқас басқа Республикадан келген, сол жақта науқастан туберкулез анықталған, бірақ ол онда тіркелінбеген және емін бастамаған. Клиникалық диагнозы. өкпенің диссеминирлеген туберкулезі – сол жақты экссудативті плеврит. Емді тағайындаңыз?
324.Науқас Б. 27 жаста. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Науқас басқа Республикадан келген, сол жақта науқастан туберкулез анықталған, бірақ ол онда тіркелінбеген және емін бастамаған. Клиникалық диагнозы. өкпенің диссеминирлеген туберкулезі – сол жақты экссудативті плеврит. Науқастың типін анықтаңыз?
325.Науқас Ш. 36 жаста. Диагнозы: Өң өкпенің жоғары бөліктерінің инфильтративті туберкулезі, ыдырау фазасында МБТ+. І категория бойынша ем алуды бастады, бірақ емнің 3 айында қақырық жағындысы конверсия берген жоқ. Левенштейн бойынша R-турақты. Терапиялық категорияны анықтаңыз.
326.Науқас Ш. 36 жаста. Диагнозы: емі өкпенің жоғары бөліктерінің инфильтративті туберкулезі, ыдырау фазасында МБТ+, І категория бойынша ем алуы басталуы, бірақ емнің 2 айында қақырық жағындысы конверсия берген жоқ. Левенштейн бойынша R-сезімтал. Емді тағайындаңыз?
327.Халық арасындағы туберкулезге қатерлi топтардың арасынан өкпе туберкулезiмен жиi ауыратындар
328.Өкпе туберкулезiн анықтаудағы негiзгi бактериологиялық әдiс:
329.Ересектердің өкпе туберкулезiнде жиi зақымдалатын сегменттер:
330.Науқаса туберкулездің белсенді түрі бойынша туберкулезге қарсы дәрілерді қабылдау барысында 1 айдан соң подагра белгілері байқалған.
Басты себебін атаңыз:
331.22 жастағы науқас сол жақты туберкулезді плевритке байланысты 3 ай мерзімде изониазид, рифампицин, пиразинамид және этамбутолды қолданылған негізгі емдеу курсынан кейін, көру өткірлігінің төмендеуі байқалған.
Аталған белгі ... жанама әсері болып табылады.
332.Науқас 33 жаста « Оң жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі ТМБ(@) алғаш рет анықталған» диагнозы қойылған. Қақырықтың дақыл анализы бойынша R-сезімтал.
Спецификалық антибактериалды емі:
333.І категориядағы туберкулезбен ауыратын науқастарды сүйемелдеу(жалғастыру) кезеңінде неғұрлым тиімді емдеу кестесі:
334.DOTS терминологиясына сәйкес туберкулез емінің нәтижесі
335.Әлсіз интоксикация белгілері бар науқастың рентгенограммасында - өкпеде капсуламен қапталған диаметрі 1,5см фокус анықталған.
Cіздің болжамды диагнозыңыз:
336.Науқас 1категория МБТ теріс бойынша диспансерлік бақылауға алынған, қарқынды кезеңде емі 2 айға үзілген, қазір қақырықта МБТ оң.
Науқасты жүргізу тактикасы:
337.Туберкулезді менингит кезінде емді бастау қажет:
338.Милиарлы туберкулездің рентгенологиялық белгісі:
339.Кавернозды туберкулездің рентгенологиялық белгісі:
340.Ересектерде өкпе туберкулезін анықтаудағы негізгі әдіс:
341.Милиарлы туберкулез кезінде өкпеде ыдырау қуысы:
342.21 жасар науқас әйел өкпе туберкулезімен ауырады, жүктілік мерзімі алты апта.
Абсолютті қарсы көрсеткіш болып табылатын туберкулезге қарсы препарат:
343.Саркоидоздың I сатысымен ажырату диагностикасын жүргізілетін ауру
344.Өкпенің ошақты туберкулезіне тән рентгенологиялық көрініс:
345.Алғаш анықталған, оң өкпенің S2 бөлігінің ошақты туберкулезімен ауыратын науқасқа қолдаушы фазадағы ем кестесін атаңыз:
346.Біріншілікті туберкулез жинағы:
347.Жаңадан анықталған науқастардың арасында инфильтратты туберкулездің көрсету % көрсеткіші:
348.Балалар туберкулезінің ерте диагностикасында ең қолайлы әдіс:
349.19 жасар жасөспірім. «Іш сүзегі» диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне жолданды. 3 апта бойы ауырған. Өзін тұмаумен ауырдым деп ойлаған. 1 тәулік алдын жағдайы бірден нашарлаған. Бірден бас ауыру байқалған, интоксикация симптомдары айқын. Объективті: жағдайы ауыр, дене қызуы 390С. ТАЖ-42, пульсі -120. Азғана менингиальді белгілер бар. Өкпеде сырылдар естілмейді. Рентгенологиялық: барлық өкпеалаңында және екі өкпе аймақтарында біркелкі орналасқан 1-2мм өлшемді мономорфты ошақтар, интенсивтілігі аз, бір-біріне бірікпеген.
Сіздің диагнозыңыз:
350.Қабылдау бөліміне этиологиясы белгісіз менингитке күмәнді науқас келіп түсті. Жұлын сұйықтық анализінде келесі өзгерістер анықталды: цитоз 400, лимфоциттер 75%, нейтрофилдер 20%, белок 1,5, қант 1,9, хлоридтер 110 м/моль, фибринді пленка 24 сағаттан соң түсті, Панди реакциясы – ---. Фтизиатр кеңесінен кейін туберкулзді менингит диагнозы қойылды.
Спецификалық химиотерапия схемасы:
351.Абсцесс пен деструктивті туберкулездің салыстырмалы диагностикасында жүргізілетін ем:
352.Ересектерде 2 ТБ Манту сынамасының папула көлемi ...болғанда гиперергиялық деп есептелінедi.
353.Алғаш анықталған, І категориялы, белсенді бацилло бөлгіш өкпе туберкулезімен ауыратын науқастың жалғастыру фазасындағы химиотерапия ұзақтығы:
354.Науқас С., 25 жаста 1 ай бойы ауырады. Шағымдары: айқын интоксикация, өнімді және кезеңді жөтел. Қақырық анализінің екі порциясында ТМБ оң. Өкпе рентгенограммасында екі жақты жоғарғы-ортаңғы бөлімдерінде, торлы сурет фонында полиморфты ошақты көлеңкелер анықталады. «Штампты» қуысы бар.
Дұрыс диагноз қойыңыз:
355.27 жасар науқас туберкулездің активті түрімен ауырады, туберкулезге қарсы препараттармен емдеуді бастады. Бір айдан кейін артралгия байқалды.
Себебін көрсетіңіз:
356.51 жастағы ер адам терпевтке алкогольді қолданғаннан кейін пайда болған жүректің ырғақсыз соғуына, ентігуге шағымданды. Электрокардиограммада қарыншалық экстрасистолаға күдік туды. Оның ЭКГ-лық белгілері:
357.Өкпенің обструкциялық ауруы бар артериялық гипертензиямен сырқат науқасқа қандай антигипертензиялық дәрілер бронх обструкциясын тудырады?
358.Қандай антигипертензиялық дәрілерді бірге комбинацияланбайды?
359.Бронхылық демікпе мен артериялық гипертензиясы біріккен науқаста қандай препарат бронхообструкциялық синдромды қоздыруы мүмкін:
360.61 жастағы ер адам гипретониялық кризге байланысты жедел жәрдем шақырды. Көмек ретінде каптоприл тіл астына берілді. Каптоприлдің әсер ету механизмі немен байланысты:
361.Физикалық күштеме кезінде эпигастральді аймақта қатты ауырсыну сезімі пайда болған науқаста миокард инфарктының сол қарыншалық артқы-диафрагмалық қабырғасының инфакрты диагнозын қою үшін өзгерістер байқалады:
362.ЖИА жоқ АГ-мен ауыратын 78 жастағы науқастың ІІІ ФК созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін оптималды препаратты тағайындаңыз:
363.Миокард инфарктысымен ауыратын науқастағы ұзаққа созылған ангинозды ауырсынуды тоқтату үшін морфийді қайталап қолданған. Осы препараттың қандай кері әсері айтарлықтай қауіпті:
364.Науқаста АГ 2-ші дәрежесі және орта қауіп тобы (2), қосымша аурулары жоқ, ААФ (АПФ) ингибиторларының орташа мөлшерін қабылдауда АҚ деңгейі 130/92 мм сынап бағанын құрайды, ЖЖЖ - минутына 68 рет. Сіздің жасайтын әрекетіңіз:
365.Ер адам 65 жаста, эпигастрий аймағындағы ауру сезімін сезді. Ішкен тамағын екі рет құсып тастаған. Тропонин деңгейі – 52 нг/мл. ЭКГ-да қандай өзгерістің анықталуы мүмкін?
366.Ер адам 61 жаста. Артериялық гипертонияға байланысты атенолол препаратын 2 жылдан бері қабылдайды. Тексергенде: жағдайы қанағаттанарлық. Жүрек тондары бәсеңдеу. ЖСЖ 62 рет мин. АҚҚ 140/90 мм с.б. ЭКГ-да ритм синусты, ырғақты, ЖСЖ-62 рет мин., Р-Q интервалы-0,26 сек. QRS комплексі – 0,08 сек. ЭКГ-дағы өзгерісті бағалаңыз?
367.Емханаға 65 жастағы ер адам жүрегінің ретсіз қағып кетуіне, ентігуге шағымданып келді. Анамнезінде - 3 жылдан бері жүрек қағуы мазалайды. Емді тұрақты қабылдамайды. ЭКГ-да ритм синусты емес, ЖСЖ-92 рет мин. f толқындары, R-R аралықтары әртүрлі. Патологияны анықтаңыз?
368.56 жастағы науқас 4 жыл бұрын миокард инфарктысын басынан өткерген. 500 м-ден артық жүргенде төсінің арты жаншып ауыратынына шағымданады. Ауырсыну тоқтағанда немесе нитроглицерин ішкенде басылады. Қарауда: өкпеде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс. Іші жұмсақ ауырмайды, бауыры ұлғаймаған, ісінулер жоқ. Осы науқасқа диагноз қойыңыз?
369.33 жасар әйелде АҚ 160/90 мм сынап бағанына дейін жоғарылайды. Бас ауруына, шаршағыштыққа, "нашар ұйқыға" шағымданады. Зәр талдауында: салыстырмалы тығыздығы - 1022, протеин -жоқ, лейкоциттер - көру өрісінде 3-4. 10 жыл бойы жүктіліктен сақтану үшін ригевидон қабылдайды. АГ мүмкін болатын себебі:
370.19 жастағы жеткіншек кезеңді пайда болатын жүрек аймағындағы жиі жүрек қағуларына шағымданып түсті. Науқастың айтуы бойынша ұстамалар сирек және өздігінен басылатын, кейінгі кезде жиілеп, ұзағырақ бола бастаған. ЭКГ-да тахикардия – 185 рет минутына, QRS комплексі 0,03сек. Науқаста ырғақ бұзылысының қайсы түрі анықталады?
371.20 жастағы қыз бала эмоциялық күйзеліс кезінде кенеттен пайда болған жүрек қағуының пайда болғанын байқады. Пароксизмальді суправентрикулярлы тахикардия диагнозы қойылды. Оның ЭКГ белгілері:
372.55 жастағы науқас қабылдауға жүрегінің «тоқтап қалған» сезімдері, жүрек әртүрлі қағуына шағымданып келді. ЭКГ: ырғақ дұрыс, кейбір QRS комплекстер 0,12 сек кеңейген, деформацияланған, олардың алдында R-R аралықтары қысқарған, олардfн кейінгі пауза ұзарған, олардың алдында Р тісшелері жоқ. Науқастағы аритмия түрін анықтаңыз?
373.43 жастағы ер адамда ЭКГ-да суправентркулярлы пароксизмальді тахикардия диагнозы анықталды. Бұл жүрек ырғағы бұзылысын қандай препаратпен емдеу керек?
374.Бұрын инфаркт миокардын басынан өткерген 63 жастағы ер адам ентігу мен түнде болатын тұншығу ұстамаларына шағымданып ауруханаға жатқызылды. Тәуліктік холтерлік ЭКГ мониторлауда миокардтың ауыру сезімсіз ишемия эпизодтары, қарыншалық пароксизмальды тахикардия анықталды. Науқаста ең жиі дамитын асқыну?
375.65 жастағы ер адамды 3 айдан бері 300-350 м жүргенде пайда болатын, 3-5 минутқа созылатын төс артындағы қысып ауыру сезімі мазалайды. Ауру сезімі тыныштықта және нитроглицерин қабылдағанда басылады. Осы науқасқа қойылатын болжам диагноз?
376.Кардиологиялық бөлімшедегі созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен диагнозымен науқасқа 6 минуттық жүру сынамасы жүргізілді, нәтижесі - 250 метр. Алынған сынама нәтижесін талдаңыз:
377.63 жастағы ер адам 100 метрден аз жүрген кезде және тыныштықта пайда болатын ангинозды ауру сезіміне шағымданады. Объективті: жүрек тондары анық. АҚҚ– 135/85 мм.с.б. Тыныш жағдайда ЭКГ-да: өзгеріссіз. Болжам диагнозды қойыңыз?
378.69 жастағы ер адам соңғы 5-6 күнде төс артындағы күйдіріп ауырсынудың жиілеп кетуіне шағымданып келді. Анамнезінде: миокард инфарктын 2 рет өткерген (3 жыл және 1 жыл бұрын) және екінші миокард инфарткінен кейін ІІ ФК күштемелі стенокардия сақталған. Болжам диагноз қойыңыз?
379.Легионелламен қоздырылған пневмонияны мына топ дәрмектерімен емдейді:
380.35 жастағы науқастың оң жағындағы қабырғааралықта амфоралық тыныс естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз:
381.Өкпе артериясының тромбоэмболиясына күдік туған жағдайдағы тиімді емдеу әдісі:
382.Таңертеңгі уақытта иісі жағымсыз шырышты- іріңді қақырықтың көп бөлінуі (ауыз толтыра) төмендегі аурулардың қайсысына тән:
383.Созылмалы іріңді обструкциялық бронхиттің салдарынан дамыған ауыр тыныс шамасыздығына байланысты 3 тәулік бойы жасанды вентиляцияда жатқан науқаста интубациялық түтікпен тұтқыр іріңді қақырық көп мөлшерде бөлінеді. Ем тактикасы:
384.12 жыл бойы көмір шахтасында жұмыс істеген 50 жастағы науқас жұмысынан антракосиликоз анықталуына байланысыт шеттетілді. 5 жылдан кейін науқаста әлсіздік, жөтел күшейіп, жүдеп, әсіресе түнгі уақытта мазалайтын тершеңдік, субфебрилитет пайда болды. Аускультацияда қатаң тыныс, екі жақтан да құрғақ және ылғалды сырылдар. ЭТЖ -27мм/сағ. Өкпенің қандай дертінің қосылуы мүмкін:
385.Сап-сау жүрген 23 жастағы ер адамда қатты жөтелгеннен кейін кеудесінің оң жағында қатты ауырсыну пайда болды. Тексергенде оң жағында тимпан дыбыс, тыныстың әлсіреуі және бронхофония. Болжам диагноз:
386.Көлемді ателектаздың сипаттамасы:
387.50 жастағы науқас, маскүнем, тістері ауыр кариеске шалдыққан. Екі аптадан бері әлсіздік, кеуденің оң жартысының ауырсынуы және қызба, іріңді қақырықпен жөтел пайда болған. Рентгенограммада – оң өкпенің төменгі бөлігінде диаметрі 3 см сұйықтыққа толған қуыс анықталды. Болжам диагноз:
388.Сәулелік еммен бірге ұзақ уақыт бойы антибиотик және стероидты гормондармен емделген науқаста пневмонияның клиникалық белгілері пайда болды, кейіннен патологиялық үрдіс ішкі мүшелердің өзгерістерімен сепсис түрінде жайылды. Өкпеде жұқа қабырғалы тез іріңдейтін қуыстар табылды. Жыныс мүшелерінен ірімшік тәрізді бөлінділер бөліне бастады. Жоғарыда сипатталған өзгерістердің қоздырғышы:
389.Созылмалы алкоголизммен және ӨСОА ауыратын егде жастағы ер адам қарақат желесі тәрізді, күйген ет иісті, тұтқыр қиын бөлінетін қақырық пен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенде «біртіндеп бал арасының ұясы тәрізді таралаған өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдықты қуыстар, пневмосклероз анықталды. Қандай қоздырғыш анықталады:
390.Аурудың жедел ағымы, ылғалды сырылдар, өкпенің ортаңғы – төменгі бөліктеріндегі айқындығы орташа инфильтративті көлеңкелер, тез оң динамика қандай ауруға тән:
391.Профилактикалық тексеруде науқас 5-6 жыл бойы таңертеңгі уақытта мазалаған шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Өкпеде қатаң тыныс, бірен-саран құрғақ сырылдар. Болжам диагноз:
392.35 жастағы А. атты науқас 2 жылдан бері бронхтық демікпемен ауырады. Демікпе ұстамасы гормонға тәуелді, беротекпен басылады. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 66%. Қарап тексергенде тыныштықта ентікпе, аускультацияда өкпенің барлық аймағында естілетін ысқырықты құрғақ сырылдар. Төменде келтірілген тәсілдерінің қайсысы тиімді?
393.25 жасар спортпен белсенді шұғылданатын ер адам жаттығудың соңында пайда болып, тыныштық жағдайында жоғалатын ұстама түріндегі жөтел мен ентігу шағымдарымен қаралды. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі тиімді?
394.Аталық без аденомасы бар бронх демікпесімен ауыратын науқаста тұншығу ұстамасын басу мақсатында көрсетілетін тиімді ем:
395.Ауруханадан тыс пневмонияның патогенін анықтағанға дейін тиімді антибактериялық терапияны тағайындаңыз:
396.Өкпе тінінде іріңді-деструктивті ыдырау, жалқықсыз, жұқа қабырғалы қуыс түзумен сипатталатын пневмонияның қоздырғышы:
397.35 жастағы науқастың оң жағындағы қабырғааралықта амфоралық тыныс естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз:
398.Бронх өткізгіштігінің бұзылысының қандай патогенетикалық механизміне дәрілік ем көмектесуі мүмкін:
399.Құрғақ жөтелде ұзақ уақыт бойы қан түкіру қай ауруға тән:
400.Тыныс жеткіліксізді бар және пневмокониозбен ауыратын науқастың кіші қан айналымындағы қысымын төмендету үшін тағайындалатын тиімді дәрі:
401.Өкпе рагының ерте анықталуы негізделеді:
402.Н.руlori ассоциирленген созылмалы атрофиялық емес гастрите дұрыс терапиялық комбинацияны таңдаңыз:
403.H.p эррадикациясын жүргізуде қолданылатын дәрілерге жатпайтыны:
404.Созылмалы панкреатиттің өршу сатысына тән:
405.Науқаста асқазан-ішектік қан кетудің белгілері бар. Қандай зерттеу жүргізу керек?
406.Созылмалы алкогольдік интоксикация әкеледі:
407.Портальді гипертензияға тән белгі:
408.Созылмалы вирусты гепатит кезінде антивирусты терапия нәтижелі:
409.Бауыр комасы қаупі болғанда диетада шектеу қажет:
410.Созылмалы тассыз холециститте қолданылатын диета:
411.Созылмалы артрофиялық гастриттің медикаментозды еміне жатады :
412.Созылмалы рецидивті панкреатит жиі кездеседі:
413.Созылмалы алкогольді гепатит кезінде қандай ем тағайындаған дұрыс:
414.Төмендегі дәрілердің ішінен прокинетикалық әсерлісін тандаңыз:
415.Ойық жара ауруының этиологиялық факторы:
416.Асқазан ойық жарасының малигнизациясын айыруда қандай әдіс сенімді:
417.Ұйқы безі патологиясын анықтауда маңызды диагностикалық әдіс болып табылады:
418.Әйел 35 жастағы науқас психоэмоциональды фактордан кейін пайда болатын іштің бүріп ауру сезіміне, шырышпен сұйық нәжіске, жалпы әлсіздікке шағымданады. Пальпациялағанда тоқ ішегінде спазмдалған бөліктері анықталады. Колоноскопияда органикалық патологиялар жоқ. Сіздің емдеу тактикаңыз?
419.ГЭРА ажырату диагностикасы жүргізіледі:
420.Созылмалы холециститке тән белгілер:
421.Вирусты гепатит В мына жолдармен беріледі:
422.Тітіркенген ішек синдромы бар науқастарға қолданылатын диетотерапия:
423.Созылмалы гиперацидті гастритке тән белгілер:
424.Созылмалы гипоацидті (немесе атрофиялы) гастритке тән белгілер:
425.Жүйелі склеродермияда иммунодепрессанттарды тағайындаудағы көрсеткіш:
426.Жегілік (волчаночные) жасушалар- олар:
427.Бушар түйіні пайда болады:
428.Ревматоидты артриттің диагностикалық критерийі:

429.Жүйелі склеродермияда Рейно синдромын емдеуде қолданылатын едәуір әсерлі препарат:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет