Болжам тұрғысынан қауіпті экстрасистолия: Жүрекшелер фибрилляциясына тән емес экг белгіні атаңыз



бет5/7
Дата01.11.2022
өлшемі113.19 Kb.
#463800
1   2   3   4   5   6   7
ПжІА ІАН емтихан тесттері жауапсыз 2022-2023 күз (1)

Нативті ДНК-ға қарсы антидене
447.36 жасар әйел жүйелі қызыл жегімен ауырады, ауру ағымының жоғарғы белсенділікте болуына байланысты преднизолонды 60 мг/тәу, 2 ай бойы қабылдап жүр. Он жамбас-сан буынын тұрақты
ауырсынуына, түнгі мезгілде күшеюіне шағымданады. Аталмыш белгілердің науқаста кездесуінің себебі қандай?
Сан сүйегі басының остеонекрозы

448.Пациент әйел Н. 50 жаста, бойы 152 см, салмағы 90 кг, емханада кезекті алдын ала қарауды өту барысында глюкоза 5,9 ммоль/л (гюкометрде) болды. Аш қарынға қандағы глюкозаны қайталап анықтағанда ол – 5,1 ммоль/л болды. Алынған нәтижеге талдау жасаңыз:


449.35 жастағы әйел емханаға кенеттен басталатып, 25-30 минутта басылатын бас ауруына, тершендікке, жүрек соғуына шағым айтып келді. Үйде жедел жәрдем бригадасы келгенде АҚ 210\110 мм.с.б. дейін көтерілген. Ауруханаға барған кезде АҚ 135/85 мм с.б. болуына байланысты үйге қайтарылған. Объективті: тері жамылғылары боз, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары күшейген, тахикардия, АҚ -190/110 мм.с.б.. ЭКГ-да- синусты тахикардия 100 рет мин, жүрек электрлік өсінің солға ығысуы, сол қарыншаның гипертрофиясы. Клиникалық хаттаға (2019) сәйкес тиімді зерттеуді тағайындаңыз:
450.Пациент әйел К. 45 жаста, бойы 158 см, салмағы 95 кг, емханада кезекті алдын ала қарауды өту барысында глюкоза 6,1 ммоль/л (глюкометрде) болды. Қайталап қан тапсырғанда аш қарынға глюкоза деңгейі – 5,9 ммоль/л, күштемеден 2 сағаттан кейін – 7,6 ммоль/л болды. Алынған нәтижеге талдау жасаңыз:
451.Пациент әйел А. 50 жаста, бойы 162 см, салмағы 98 кг, емханада кезекті алдын ала қарауды өту барысында глюкоза 5,9 ммоль/л (глюкометрде) болды. Қайталап қан тапсырғанда аш қарынға глюкоза деңгейі – 6,0 ммоль/л, күштемеден 2 сағаттан кейін – 9,6 ммоль/л болды. Алынған нәтижеге талдау жасаңыз:
452.Пациент әйел Ж. 55 жаста, бойы 157 см, салмағы 60 кг, емханада кезекті алдын ала қарауды өту барысында глюкоза 6,0 ммоль/л (глюкометрде) болды. Қайталап қан тапсырғанда аш қарынға глюкоза деңгейі – 5,9 ммоль/л, күштемеден 2 сағаттан кейін – 10,6 ммоль/л болды Жағдайға баға беріңіз:
453.28 жастағы келіншек бедеулікке, етеккір бұзылысына шағымданып келді, 8 айдан бері еттеккір тоқталған. Еш бір дәрі- дәрмек қабылдамайды. Бойы 168 см, салмағы 63 кг. Сүт безінен ашық түсті бөліктер бөлінеді. Қандағы гормондар: ТТГ – 1,5 мЕд/мл, пролактин 5000 мЕд/мл.
Қандай қосымша зерттеу әдісі БАРЫНША көрсетілген?
454.Пациент К. 50 жаста, бойы 172 см, салмағы 110 кг, емханада кезекті алдын ала қарауды өту барысында глюкоза 5,9 ммоль/л (глюкометрде) болды. Қайталап қан тапсырғанда аш қарынға глюкоза деңгейі – 5, 8 ммоль/л, күштемеден 2 сағаттан кейін – 8,6 ммоль/л болды. Алынған нәтижеге талдау жасаңыз:
455.Пациент Д. 55 жаста, бойы 172 см, салмағы 112 кг, емханада кезекті алдын ала қарауды өту барысында глюкоза 10,9 ммоль/л (глюкометрде) болды. Қайталап қан тапсырғанда аш қарынға глюкоза деңгейі – 8,8 ммоль/л, күштемеден 2 сағаттан кейін – 12,6 ммоль/л болды. Алынған нәтижеге талдау жасаңыз:
456.Пациент К. 50 жаста, бойы 162 см, салмағы 101 кг, емханада кезекті алдын ала қарауды өту барысында глюкоза 9,9 ммоль/л (глюкометрде) болды. Қайталап қан тапсырғанда аш қарынға глюкоза деңгейі – 10,8 ммоль/л, күштемеден 2 сағаттан кейін – 13,2 ммоль/л болды. Алынған нәтижеге талдау жасаңыз:
457.Емханаға 36 жастағы әйел тершендікке, жүрек соғуына, шаршағыштыққа, тәбеттің жоғары болуына қарамастан жүдеуіне шағым айтып келді. Объективті: тершендік, тітіргенгіштік, тахикардия, жүрек тондарының қатты естілуі, қол саусақтары мен тілдің треморы, экзофтальм, қалқан безі өлшемі күрт үлкейген. Клиникалық хаттамаға сәйкес (2017 ж) негізгі диагностикалық шараларды тағайындаңыз:
1. қанның биохимиялық талдауы (креатинин, АЛТ, АСТ, билирубин, натрий, калий); 2. қандағы тиреотроптық гормонды (ТТГ) анықтау; 3. ТПО қарсы антидене, ТГ қарсы антидене, рТТГ қарсы антиденелерді анықтау; 4. қандағы бос Т4 пен бос Т3 анықтау; 5. қалқан бездерінің УДЗ.
458.Емханаға 36 жастағы әйел тершендікке, жүрек соғуына, шаршағыштыққа, тәбеттің жоғары болуына қарамастан жүдеуіне шағым айтып келді. Объективті: тершендік, тітіргенгіштік, тахикардия, жүрек тондарының қатты естілуі, қол саусақтары мен тілдің треморы, экзофтальм, қалқанша безі өлшемі күрт үлкейген. Клиникалық хаттамаға сәйкес (2017 ж) қосымша диагностикалық инструментальды зерттеулерді тағайындаңыз:
1. Жіңішке инелі аспирациондық биопсия (ТАБ) - қалқанша безі обырын жоққа шығару үшін цитологиялық зерттеуі (көрсеткіштері бойынша); 2. ЭКГ; 3. Қалқанша безі сцинтиграфиясы (көрсеткіштері бойынша); 4. Қандағы бос Т4 пен Т3 анықтау; 5. Қалқанша безінің МРТ.
459.Емханаға 36 жастағы әйел тершендікке, жүрек соғуына, шаршағыштыққа, тәбеттің жоғары болуына қарамастан жүдеуіне шағым айтып келді. Объективті: тершендік, тітіргенгіштік, тахикардия, жүрек тондарының қатты естілуі, қол саусақтары мен тілдің треморы, экзофтальм, қалқан безі өлшемі күрт үлкейген. ЭКГ-де анықталуы мүмкін мәліметтерді болжаңыз:
1. тахикардия, 2. брадикардия, 3. аритмия, 4. АВ бөгемелер (блокада), 5. фибрилляция.
460.Емханаға 36 жастағы әйел тершендікке, жүрек соғуына, шаршағыштыққа, тәбеттің жоғары болуына қарамастан жүдеуіне шағым айтып келді. Объективті: тершендік, тітіргенгіштік, тахикардия, жүрек тондарының қатты естілуі, қол саусақтары мен тілдің треморы, экзофтальм, қалқан безі өлшемі күрт үлкейген. Анықталуы мүмкін лабораторлық мәліметтерді болжаңыз:
1. ТТГ – төмендеген; 2. ТТГ – жоғарылаған; 3. Бос Т4 – төмендеген; 4. Бос Т4 – жоғарылаған; 5. рТТГ қарсы антиденелері – жоғарылаған.
461.Емханаға 48 жастағы әйел әлсіздікке, ұйқышылдыққа, парестезияларға, іш қатуына, шаш түсуіне шағым айтып келді. Объективті: апатия, тежелген, гипомимиялы, көз айналысының тығыз ісінуі, баяу сөйлеу, дауыс тембрі төмендеген, терісі құрғақ және салқын, шашы сыңғыш, брадикардия, диастолалық артериалдық гипертензия, тілде тіс іздері бар. Амбулаторлық деңгейде жасалатын диагностикалық шараларды тағайындаңыз:
1. Жалпы қан талдауы; 2. ТТГ, босТ4 анықтау; 3. ТГ, ТПО қарсы антиденелер анықтау; 4.ЭКГ; 5. Қалқан безінің УДЗ.
462.Емханаға 48 жастағы әйел әлсіздікке, ұйқышылдыққа, парестезияларға, іш қатуына, шаш түсуіне шағым айтып келді. Объективті: апатия, тежелген, гипомимиялы, көз айналысының тығыз ісінуі, баяу сөйлеу, дауыс тембрі төмендеген, терісі құрғақ және салқын, шашы сыңғыш, брадикардия, диастолалық артериалдық гипертензия, тілде тіс іздері бар. Қалқан безінің УДЗ күтілетін мәліметке болжам жасаңыз:
463.Емханаға 45 жастағы ер кісі әлсіздікке, ұйқышылдыққа, парестезияларға, іш қатуына, шаш түсуіне шағым айтып келді. Объективті: апатия, тежелген, гипомимиялы, көз айналысының тығыз ісінуі, баяу сөйлеу, дауыс тембрі төмендеген, терісі құрғақ және салқын, шашы сыңғыш, брадикардия, диастолалық артериалдық гипертензия, тілде тіс іздері бар. Гормоналдық зерттеуден күтілетін мәліметтерге болжам жасаңыз:
464.Емханаға 25 жастағы жігіт қан қысымы жиі жоғарлауына шағым айтып келді. Амбулаторияда гликемия, ұстама кезінде адреналин мен норадреналин деңгейлері анықталды. Күтілетін мәліметтерге болжам жасағыз:
1. Адреналин деңгейі жоғары; 2. Адреналин деңгейі төмен; 3. Норадреналин деңгейі жоғары; 4. Норадреналин деңгейі төмен; 5. Аш қарында гипергликемия.
465. Емханаға 47 жастағы ер кісі қан қысымының күрт жоғарлауына шағым айтып келді. Анамнезі: АҚ жиі жоғарылайды. Қан плазмасында метанефрин деңгейі 140 пг/мл (қалыптыда 0-90). Тәуліктік несепте ванилилминдаль қышқылы, адреналин, норадреналин экскрециясын анықтау тағайындалды. Күтілетін нәтижеге болжам жасаңыз:
1. Ванилилминдаль қышқылы жоғары; 2. Ванилилминдаль қышқылы төмен; 3. Адреналин жоғары; 4. Адреналин төмен; 5. Норадреналин жоғары; 6. Норадреналин төмен.
466.Емханаға 54 жастағы ер кісі бас ауыруына, бас айналуына, көрудің нашарлауына, жүрек соғуының жиіленуіне, шалыс соғуына, тершендікке, қобалжу мен үрей сезіміне, ауыздың құрғауына, АГ кризі кезінде қол-аяқтардың треморына, жүдеуіне шағым айтып келді. Объективті патологилық өзгерістер табылмады. Клиникалық хаттамаға сәйкес (2018 ж) жоспарлы госпитализацияға көрсеткіштер: 1. диагностика және дифференциальдық диагностикасы үшін терапевтік бөлімшеге; 2.ота жасау үшін хирургиялық бөлімшеге; 3.орынбасу терапиясы үшін адекватты дозаларын анықтау үшін; 4. криз дамыған кезде; 5.науқастың өтініші бойынша.
467.Клиникалық хаттамаға сәйкес (2017 ж) жіті бүйрекүсті жетіспеушілігі кезінде амбулаторлық деңгейде жүргізілетін негізгі диагностикалық шараларды тағайындаңыз:
1. Қанда кортизола мен АКТГ деңгейі; 2. Жалпы қан мен несеп талдауы; 3. Қанның биохимиялық талдауы (жалпы белок, мочевина, креатинин, СКФ, глюкоза); 4. Қанда электролиттер деңгейін; 5. Қанда ренин (плазмада ренин белсендігі – ПРБ/АРП).
468.Клиникалық хаттамаға сәйкес (2017 ж) жіті бүйрекүсті жетіспеушілігі кезінде амбулаторлық деңгейде жүргізілетін құрал-саймандық зерттеулері:
1. Бүйрекүстібезінің КТ; 2. Бас миының МРТ, 3. Люмбальдық пункция, 4. Кеуде сарайының рентгенографиясы, 5. Іш қуысы ағзаларының УДЗ; 6. ЭКГ
469.Науқас Н, 20 жаста менструальды циклдің бұзылысына, бас ауруына, әлсіздікке шағымданды. Объективті: бет аймағында шамадан тыс түктену, беті ай пішіндес, терісі қызғылт түстес. Іш пен бел аймағында шамадан тыс май жиналған. Іш аймағында «минус» тін бойынша созылған, қызыл қоңыр түсті жолақтар бар. Салмағы 88 кг, бойы 168 см, бел айналымы - 102 см, АҚ 160/90 мм.сын.бағ. Кортизол 1200 нмоль/л. Дәрігер бас қаңқа сүйегінің рентгенологиялық зерттеуін тағайындады.
Рентгенологиялық зерттеу нәтижесінде қандай өзгерістердің болуы мүмкін?
470.35 тегі науқас қатты бас ауруына, әлсіздікке, сыртқы келбеттің өзгеруіне (мұрынның, қолдың, аяқтың ұлғаюы) шағымданады. Аяқ киім мөлшері 1 жылда 2 размерге үлкейген.
Объективті: бойы -182, салмағы 93кг. Қас үсті доғасының, иектің, қолдарының ұлғаюы байқалады. Беттің жұмсақ тінінің гипертрофиясы, тілдің үлкею, тісаралықтардың кеңеюі байқалды. АҚ 150/90мм.сын. Пульс мин 82рет, ырғақты.
Қандай гормон синтезінің бұзылуы БАРЫНША мүмкін?
471.28 жастағы келіншек бедеулікке, етеккір бұзылысына шағымданып келді, 8 айдан бері еттеккір тоқталған. Еш бір дәрі- дәрмек қабылдамайды. Бойы 168 см, салмағы 63 кг. Сүт безінен ашық түсті бөліктер бөлінеді. Қандағы гормондар: ТТГ – 1,5 мЕд/мл, пролактин 5000 мЕд/мл.
Қандай қосымша зерттеу әдісі БАРЫНША көрсетілген?
472.Гипохромия, микроцитоз, ферритин мен сарысулық темір деңгейінің төмендеуі және 1 айдай темір препараттарымен емдеудңғ оң нәтиже беруі қандай ауруға БАРЫНША тән?
473.26 - жастағы ер адам, үдемелі әлсіздікке, дене қызуының 38°С көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына 2 ай болған. Объективті: терісі мен көрінетін кілегей қабаты бозарған; кеуде, іш, сан терілерінде петехия және экхимоздар. Қанында: эритроциттер - 1,8 млн., Нв - 56 г/л, ТК - 0,93, лейкоциттер - 2,6 мың, тромбоциттер - 30 мың. ЭТЖ - 50 мм/сағ. Стерналды пунктатта –майлы сүйек кемігі басым. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША тиімді?
474.Мына қан анализі қандай анемияға БАРЫНША тән: эритроциттер -1,8 х 1012/л , Нв – 36 г/л, ТК – 0,9; лейкоциттер – 1,6х109/л, тромбоциттер – 5,0х109 /л?
475.30 - жастағы әйел, соңғы жарты жылдың ішінде әлсіздік, жүрек қағуы, меноррагияға шағымданады. Объективті: тері мен шырышты қабаттары бозғылт, тырнақта көлденең сызықтар, койлонихия. Жүрек ұшында систолалық шуыл, тахикардия. Қанда: эритроциттер - 2,8 млн., Нв - 72 г/л, ТК - 0,77, лейкоциттер - 4,2 мың, тромбоциттер - 192 мың. ЭТЖ - 16 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Миелограммада: сидеробластар - 12%. Диагнозды нақтылауға төмендегі көрсетілгендердің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?
476.55 - жастағы ер адам, әлсіздік, ентігу, мұрын мен қызыл иегінен қан ағу, жүдегеніне шағымданады. Объективті: тері жабындысы бозғылт, дене қызуы 38,1°С. Жақ асты және қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауыру сезімінсіз. Бауыр қабырға астынан 3 см, көкбауыр 4 см ұлғайған. Қанда: эритроциттер - 2,5 млн., Нв -76 г/л, ТК -0,9, лейкоциттер - 2,0 мың, тромбоциттер - 40 мың, ЭТЖ - 48 мм/сағ. Сүйек кемігінде қандай өзгерістің болуы БАРЫНША мүмкін?
477.57 - жастағы әйел жалпы әлсіздік, басының айналуы, жүргенде ентігу, эпигастрий аймағындағы аыуру сезіміне шағымданады. Объективті: жүдеу, тері және шырышты қабаттары бозғылт-сарғыш түсті, «географиялық» тіл. Аздап спленомегалия. Қанда: эритроциттер - 2,1 млн., Нв -89 г/л, ТК -1,1, лейкоциттер - 2,8 мың, тромбоциттер - 115 мың, ЭТЖ - 14 мм/сағ, макроцитоз. Осы аурудың диагнозына БАРЫНША тән белгіні көрсетіңіз:
478.Келесі көріністер: гемокоагуляционды шок, гемостаздың бұзылысы, геморрагиялық синдром, ағзалардағы микроциркуляцияның бөгемесі мен оның қызметінің бұзылысы және дистрофиясы, жедел бүйрек жетіспеушілігі, церебральді айналымының бұзылысы қандай ауруға БАРЫНША тән?
479.23 - жастағы пациент, үдемелі ентігу, мұрынынан қан кету, дене температурасының 38ºС дейін жоғарылауына шағымданады. ЖРВИ-дан 10 күннен соң жағдайы нашарлаған. Объективті: терісі бозғылт, іші мен сандарында петехиальды-дақты бөртпелер. Жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ -110 рет минутына. Көкбауыр қабырға астынан 3 см төмен, ауыру сезімсіз. Төмендегі белгілердің қайсысы аурудың толық ремиссиясын анықтауға көмектесуі БАРЫНША мүмкін?
480.40 - жастағы ер адам әлсіздікке, тершеңдікке, жүдеуге, сол қабырға астындағы тұйық ауру сезіміне шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, көкбауыры кіндік деңгейінде, тығыз, ауру сезімінсіз. Қанда: эритроциттер - 3,0 млн., лейкоциттер - 96 мың, миелобласттар - 2%, промиелоциттер - 4%, метамиелоциттер - 8%, таяқша - 12%, сегменттер - 52%, эозинофилдер - 5%, базофилдер - 5%, лимфоциттер - 12%, тромбоциттер - 200 мың. ЭТЖ - 56 мм/сағ. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысы ауруды емдеудің тиімділігін бағалауға БАРЫНША мүмкіншілік береді?
481.Созылмалы миелолейкозға БАРЫНША тән қанның көрінісін көрсетіңіз:
482.48 - жастағы ер адам бас айналуы, әлсіздік, аяқ-қолдарының ұюы мен әлсіздігіне шағымданады. Анализінде созылмалы гастрит. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, склералары субиктериялы. Жүрек ұшында систолалық шуыл, ЖСЖ – 93 рет мин. Тілі – «географиялық». Аздаған гепатоспленомегалия. Қанында: эрит. – 2,4 млн., Нв – 79 г/л, ТК – 1,3, лейк. – 3,6 мың, тромб – 134 мың, ЭТЖ – 34 мм/сағ. Төмендегі себептердің қайсысы анемияның дамуына әкелуі БАРЫНША мүмкін?
483.Гиперхромды анемия, ахилия, атрофиялық гастрит мынаған БАРЫНША тән?
484.23 - жастағы пациентті зерттегенде, келесі қан көрінісі анықталды: эр – 2,6 млн., Нв – 89 г/л, ТК – 0,9, лек – 2,4 мың, бласттар – 45 %, т/я – 1 %, с/я – 21 %, лимф – 34 %, мон – 8 %, тромбоцит – 79 мың, ЭТЖ – 43 мм/сағ. Көрсетілген аурудың диагностикасында, БАРЫНША мәліметті критерилерге жатады:
485.Науқасқа 20 жас – кеуде, аяқтарының терісінде және ауыз қуысының кілегейінде ұсақ бөртпелер бар. Бауыр және талақ ұлғайған. Нв – 120г/л, эр. – 3,8х10/²л, түс.көр. – 0,94, Л – 5,1х10/л, формула өзгермеген, тромбоциттер – бірең-саран, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Қан кету уақыты – 30 минут, қанның қоюлық ретракциясы бұзылған, протромбин индексі - 90%, АЧТВ – 45 с, фибриноген – 5,6 г/л. Қан кетудің механизмі қандай?
486.Гемоглобиннің, қан сарысуындағы ферритиннің, трансферриннің темірмен қанығу пайызының төмендеуін, эритроциттердің микроцитозын және гипохромиясын қамтитын гематологиялық синдром:
487.Созылмалы лимфолейкозда байқалады:
488.Эритремия кезіндегі плетораялық синдромға тән:
489.Гематомалық типтегі қан кетуді тоқтату тактикасы қандай?
490.В12-жетіспеушілік анемияда сүйек миында қандай өзгерістер болады?
1. лимфоциттер басым; 2. қан түзудің нормобластық түрі; 3. мегакарициттер санының азаюы; 4. мегалобластоз. Схеманы қолдана отырып дұрыс жауабын таңдаңыз:
491.Гипопластикалық (апластикалық) анемияға тән көрсеткіш? 1. түстік көрсеткіштің төмендеуі; 2. шеткі қандағы нейтрофилез; 3. микросфероцитоз; 4. миелокариоциттер санының азаюы. Схеманы қолдана отырып дұрыс жауабын таңдаңыз:
492.Ослер-Рандю ауруында көрініс береді: 1. фибринолиздің бұзылысы; 2. қан ұйындысы ретракциясының бұзылысы 3. VIII фактор құрамының төмендеуі; 4. қантамыр қабырғаларында серпінді мембрананың болмауы. Схеманы қолдана отырып дұрыс жауабын таңдаңыз:
493.Сарысулық темір мәні 3-7 мкмоль/л болса қандай диагноз қоюға болады?
494.Лейкоз патогенезінің негізінде не жатыр:
495.Жүрек ұстамасының кездейсоқ басталуы мен аяқталуы, жүрек маңында жағымсыз әсер, бастың айналуы, құлақта шудың пайда болуы, тершеңдік пен минутына 180-нен аса жүрек соғысы, ЭКГ-де ритмнің дұрыс Р тісшесі әр QRS комплексінің алдында пайда болуы, қандай құбылысты сипаттайды:
496.67 жастағы науқас төс артындағы қысып ауыру сезіміне шағымданып емханаға кардиолог кеңесіне келді. 2 жыл бойы ЖИА-мен ауырады. Соңғы аптада ауыру сезімінің жиіленуінен, қарқындылығының ұлғаюынан науқастың жағдайы нашарлаған. ЭКГ тағайындалды. Электрокардиограммада не ең анықталуы мүмкін?
497.Әйел 56 жаста, тыныштық жағдайда және әдеттегі жүктеме кезінде пайда болатын, сол қолға берілетін төс артындағы ауру сезімінің жиілеуіне және ұзақтығының ұзаруына шағымданады. Анамнезінде: 3- жылға жуық ЖИА ауырады. Қарағанда: аускультацияда жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСЖ - 80 рет мин. АҚ - 110/70 мм рт.ст. ЭКГ: STV1-V3 депрессиясы.. P-Q интервалының ұзаруы, Р тісшесі сақталып периодты түрде QRST комплексінің түсіп қалуы (Самойлов-Венкебах кезеңі) анықталады. Науқасқа аталған препараттардың қайсысын тағайындаған ең тиімді?
498.Науқас, 50 жаста. Қабылдау бөліміне 50 минут бұрын пайда болған төс артындағы өте қатты керілген ауру сезімімен, айқын әлсіздікпен жеткізілді. Бірнеше минтуттан кейін есін жоғалтты. Анамнезінде: артериалық гипертензиясы бар - АҚ максимальды 210/120 мм.сын.бағ. дейін көтерілген. Объективті: жағдайы өте ауыр. Жүрек тондары тұйық, ритмі дұрыс. ЖСЖ-150 рет/мин. АҚҚ 110/60 мм с.б. Төмендегі аталған патологиялардың қайсысы болу мүмкіндігі жоғары?
499.Науқас В., 78 жаста, қабылдау бөлімшесіне тыныштықтағы ентікпе, аяғының ісінуі, ішінің көлемінің үлкеюі шағымдарымен жеткізілді. АГ-мен 30 жылдан бері ауырады, 10 жылдан бері — жүрекше фибрилляциясының тұрақты формасы. Жағдайының соңғы рет нашарлауына бір айдай болған. Объективті: акроцианоз, ортопноэ. Өкпенің төменгі бүйір бөлімдері үстінен іркілген ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек қызметі ырғақсыз, жүрек ұшында 1 тон әлсіреген, АҚ 165/95 мм сынап бағаны, ЖЖЖ 110 соққы/мин., пульс минутына 94 рет. Іші жұмсақ, асцит болғандықтан көлемі үлкейген, бауыры қабырға доғасынан 4,5 см төмен, тығыз. Сирақтары ісінген. ЭКГда- V1–V4 тіркемелерде QS типіндегі қарыншалық комплекс, ST сегменті изолинияда. Қойылған диагноз: ЖИА инфаркттан кейінгі кардиосклероз, жүрекше фибрилляциясының тұрақты формасы, СЖЖ ФК III. Әрі қарайғы әрекет?
500.Науқас Н., 41 жаста, 2 жылдан бері АҚ бірінші дәрежеге дейін жоғарылайтынын байқаған және АҚ-ды дәрілерсіз қалпына келтіріп отырған. Қазіргі кезде науқас жүкті, 28 апта болған. Бірінші жүктілік. АҚ 160/100 мм сынап бағаны, 3 күннен бері түспей тұрақты болып тұр. Шағымы жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық, жүректің қызметі ырғақты, ЖЖЖ минутына 92 рет, жүрек ұшындағы тондары анық. Ісінулер жоқ. Зәр талдауында патология жоқ. Жоспарлы түрде АҚ коррекциялау үшін жүкті әйелге қандай препаратты тағайындауға болады?
501.Науқас 48 жаста, Артериялық гипертонияға байланысты индапамид 1,5 мг, эналаприлді тәулігіне 10 мг, бисопролол 5 мг мөлшерде қабылдайды. Бірнеше аптадан кейін науқаста құрғақ жөтел пайда болған. Объективті: жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Жүректің салыстырмалы тығыз-дыбысты жиектері қалыпты, қолқада ІІ тонның акценті. ЖЖЖ минутына 64 рет, АҚ 145/90 мм сынап бағаны. Өкпесінде везикулалы тыныс, сырылдар жоқ. Ісінулер байқалмайды. Науқаста құрғақ жөтел пайда болуының себебі қандай?
502.50 жастағы әйел жүрек аймағындағы басып ауыруына, бас айналуына шағымданады. Үйінде үй шаруашылығымен айналысып жүргенде, кенет есінен танып қалған. АҚҚ-90/55 мм с.б.б. ЭКГ-да QS III, II, AVF ST элевациясы, ЖСЖ 32 мин толық ІІІ дәрежелі атривентрикулярлы блокадасы тіркелді. Науқастағы естен танудың болуы мүмкін себебі?
503.56 жастағы ер адам 40 минуттан астам қарқынды кеуде артындағы ауыру сезіміне шағымданады. Тропонин Т-9,5 нг/мл. ЭКГда: Q@@0,04с V1-V3, SТ сегменті 6 мм тәрізді жоғарылаған. Көрсетілген қорытындылардың қайсысы дұрыс?
504.56 жастағы ер адам бір баспалдаққа көтерілгенде және 150-200 м жүргеннен кейін пайда болып, сол қолға иррадияцияланатын және нитроглицерин қабылдағанда басылатын төс артындағы басып ауру сезіміне шағымданады. Объективті: ДСИ-31 кг/м2. Перкуссияда жүректің сол жақ шекарасы шамалы кеңейген. Аускультациясында жүрек тондары бәсеңдеген, ритмі дұрыс. ЭКГ: сол қарынша гипертрофиясы. Физикалық жүктемеге толеренттылықтың өзгерісін анықтау үшін қандай зерттеу әдісін қолданған ең мәліметті?
505.52 жастағы ер адам 150-200 м жүргеннен кейін пайда болып, сол қолға иррадияцияланатын және нитроглицерин қабылдағанда басылатын төс артындағы күйдіріп ауру сезіміне шағымданады. Объективті: аускультациясында жүрек тондары бәсеңдеген, ритмі бірен саран экстрасистоламен үзіледі. ЭКГ-да: сол қарынша гипертрофиясы. Стандартты терапия тағайындалғаннан соң бір айдан кейін стенокардия ұстамасы толық жойылды. Физикалық жүктемеге толеренттылықтың өзгерісін анықтау үшін қандай зерттеу әдісін қолданған ең дұрыс?
506.ЖИА-мен ауыратын және сол қарынша жеткіліксіздігінің айтарлықтай белгілері бар 60-жастағы науқастың ЭКГ –да келесі өзгерістер анықталған: ЖСЖ- минутына 50 рет, толық атриовентрикулярлы блокада, бірен-саран қарыншалық экстрасистолалар. Төменде берілген препараттардың қайсысын науқасқа қолдану тиімсіз?
507.Бұрын инфаркт миокардын өткерген 60 жастағы ер адам ентігу және түнде болатын тұншығу ұстамаларына шағымданып ауруханаға жатқызылды. Тәуліктік ЭКГ мониторлауда миокардтың ауыру сезімсіз ишемия эпизодтары, қарыншалық пароксизмальды тахикардия анықталды. Науқаста ең жиі дамитын асқыну?
508.Қайталамалы артқы диафрагмалы миокард инфарктысы диагнозымен 73 жастағы ер адамның ЭКГ-да PQ аралығы 0,4 с дейін бірдей ұзарған, кезекті Р тісшесінен кейін QRS комплексі түсіп қалған. ЖСЖ - 49 рет/мин. ЭКГ-дағы өзгерістерді анықтаңыз?
509.Кардиологиялық бөлімшеге 62 жастағы ер адам интенсивті төс артындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Об-ті: тері жамылғылары бозғылт. Жүрек үндері тұйықталған, айқын тахикардия, АҚҚ 110/70 мм с.б.б. ЭКГ: тәжді қанайналымның жедел бұзылысы. Пароксизмальді қарыншаүстілік тахикардия. Жүрек ырғағын қалыптастыру үшін препараттардың қайсысы тиімді болады?
510.61 жастағы реанимация бөлімшесінде миокард инфарктымен емделіп жатқан науқаста ангинозды ауырсыну басылған. ЭКГ- мониторда қарыншалар жыбыры анықталды. Науқасқа ең бірінші қандай ем шарасын жүргізген дұрыс?
511.65 жастағы ер адам 1,5 ай бұрын миокард инфарктын алған. Кезекті тексеру кезінде ЭКГ-да динамикада миокард инфаркты оң өзгеріс байқалмады. Дәрігер аневризмаға күдіктенді. Жүрек аневризмасының ЭКГ белгілерін қандай көрініс арқылы дәлелдейді?
512.77 жастағы ер адам кардиологиялық бригадамен тыныштықтағы ентікпе, жүректің қағуы, аяғының ісінуі, ішінің көлемінің үлкеюі шағымдарымен жеткізілген. Артериялық гипертензия 25 жылдан бері, ал 10 жылдан бері - жүрекше фибрилляциясының тұрақты формасы мазалайды. Соңғы 2 айда жағдайының нашарлауын байқаған. Объективті: акроцианоз, ортопноэ. Өкпенің төменгі бүйір бөлімдерінің үстінен іркілген ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүректің сол жақ шекарасы солжақ бұғананың ортаңғы сызығынан 3 см сыртқа кеңейген. Жүрек тондар ырғақсыз, жүрек ұшында 1 тон әлсіреген, систолалық шу, АҚ 165/95 мм сынап бағаны, ЖСЖ 110 соққы/мин. Аяқтары ісінген. ЭКГ-да: V1–V4 жалғамдарында QS типіндегі қарыншалық комплекс, ST сегменті изолинияда. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
513.67 жастағы ер адам жүрек қағуына, ауа жетіспеу сезіміне, оң қабырға астының ауырлығына шағымданады. Анамнезінде – 2 жыл бұрын басынан өткерген миокард инфаркты. Қарағанда: өкпесінде іркілісті сырылдар. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақсыз. Пульс дефициті – 30 мин. Бауыры ұлғайған. ЭКГ: Р тісшесі жоқ, R-R аралығы әртүрлі. Бұл аритмия ұстамасын басу үшін ең тиімді дәрі?
514.55 жастағы науқаста күш түсу кезінде төс артында жаншып ауырсыну пайда болған. Науқас бозарған, денесін суық тер басқан. ЭКГ-да: II, III, avF тіркемелерінде Q патологиялық тісшесі, R тісшесі жоқ, ST сегментінің монофазалы қисық түрінде элевациясы. Сіздің тұжырымыңыз:
515.Ер адам 43 жаста, 1 аптадан бері тәулігіне 8-10 ретке дейін байқалатын сол қолға және жауырынға берілетін төс артындағы 8-10 минуттық ашып ауыру сезіміне шағымданады. Бұрын ауырсыну байқалмаған. Объективті: жүрек тондарының бәсеңдеу. АҚҚ– 140/90 мм.с.б. Тыныш жағдайда ЭКГ-да: өзгеріссіз. Қандай патолгиядан күдіктенуге болады?
516.32 жастағы ер адам жүрегінің қатты соғып кетуіне шағымданып келді. Айтуынша 1 жылдан бері екінші рет мазалап отыр. Объективті: Өкпесінде везикулалық тыныс. АҚ-125/80 мм.сын.бағ. ЭКГ-да: тахикардия-155 рет минутына, QRS-комплексі 0,04 с. Науқасқа көмек көрсету әрекетін таңдаңыз:
517.Клиникаға 55 жастағы әйел жүрегінің «лүпілдеп» қағып кетуіне және ентігуге шағымданып келді. Анамнезінде: 10 жылдан бері артериялық гипертониямен сырқаттанады. Максимальді АҚ – 210/120 мм.сын.бағ. Соңғы 1 ай ішінде айтылған шағымдары мазалайды. ЭКГ – ритм синусты, барлық QRS комплексі 0,06 сек., V2 тіркемеде кеңіген (0,14 сек.), деформацияланған QRS комплексі жұп болып көрінеді. Науқасқа диагноз қойыңыз?
518.Кардиологиялық бөлімшеге 57 жастағы ер адам түсті. Туысының айтуынша интенсивті төс артындағы 1 сағатқа дейін созылған күйдіріп ауыру сезімімен бірге оқтын-оқтын 1 минуттық естен тану көрінісі байқалған. Об-ті: тері жамылғылары бозғылт. Жүрек үндері тұйықталған, айқын – брадикардия (ЖСЖ -33 рет минутына), АҚҚ 100/65 мм с.б.б. Науқаста ырғақ бұзылысының қандай түрі болуы мүмкін?
519.60 жастағы ӨСОА-мен ауыратын науқаста аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, бөлінетін зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ үннің акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. Науқастың ЭКГ-да анықталатын белгісі:
520.Тромбофилиямен ауыратын науқаста тыныспен байланысты кеуде қуысындағы ауру сезімі, жөтел, қан қақыру, субфебрильді қызбаға шағымдар пайда болды. Анамнезінде өкпе артериясының майда бұтақтарының тромбоэмболиясы. Қарап тексергенде: цианоз, эпигастральды пульсация, семсер тәрізді өсінді үстіндегі систолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ үннің акценті. Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың қайсысын бірінші кезекте қосқан жөн:
521.65 жастағы науқас қиын бөлінетін қақырық, физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге шағымданады. 15 жыл бойы бронхоөкпелік дертпен ауырады. Объективті: қатаң тыныс, барлық өкпе беткейінен құрғақ ызыңдаған сырылдар мен демді шығарудың ұзарғаны естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз:
522.Бронхоэктаздық аурумен ауыратын науқаста күшті жөтелден кейін кенеттен оң жақ кеуде торшасында ауру сезімі мен ентігу пайда болды. Қарап тексергенде: тыныс алғанда кеуде торшасы сол жақ бөлігінің қалыңқырауы мен қабырғааралық ісінуі, перкуторлы – тимпаникалық дыбыс анықталды. Науқаста қандай асқынудың дамуы мүмкін:
523.Компьютерлік томографиядағы өкпенің «ұя тәрізді» және екі жақты «бұлыңғыр шыны» тәрізді өзгеруі тән:
524.Өкпе абсцесінің, туберкулездің және өкпе рагының қуысты формасының дифференциясында келесі тексеру тәсілдері шешуші роль атқарады:
525.Бронхоэктаз ауруының өршуін емдеуде клиникалық көріністерін, сатысын, зақымданудың жайылмалылығын, асқынуларын ескере отырып емге қосады:
526.15 жастағы науқас жөтелуіне, 200 мл көлемінде иісті іріңді-кілегейлі қақырықтың бөлінуіне, қан қақыруына, ентігуіне, дене қызуының 37,50С биіктеуіне, делсалдылығына шағынады. Балалық шағында жиі жөтелген. Соңғы 5 жылдың көлемінде ауруы жыл сайын өршиді. Болжам диагноз:
527.39 жастағы науқаста ішімдік ішкеннен кейін қызу 40 градус, кеуде клеткасындағы ауру сезімі, құсу пайда болды. Рентгенде: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде біртекті тығыз массивті күңгірттену. Массивті антибактериальды емге қарамастан, жағдайы нашарлап, лейкопения дамыды, ЭТЖ – 52мм/сағ. Қақырықтан алтынды стафилококк егіліп алынды. Бір аптадан кейінгі рентгенограммада күңгірттену тек жоғарғы емес, ортаңғы бөлігін қамтып, деструкция ошақтары байқалды. Бұл жағдайда қандай емдеу тәсілі тиімді:
528.Созылмалы бронхит пен бронхоэктаз ауруын айыру үшін ең сенімді зерттеу әдісі:
529.Кенеттен пайда болған кеуде торшасындағы ауру сезімі, үдемелі ентігу, цианоз, қорап тәрізді перкуторлық дыбыс, кенет тыныстың әлсіреуі қандай ауруға тән:
530.Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы және өкпетекті жүрекпен ауыратын, жағдайы тұрақты науқастың өмірлік болжамының жақсаруы келесі шараларда болуы мүмкін:
531.65 жастағы науқас қиын бөлінетін қақырық, физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге шағымданады. 15 жыл бойы бронхоөкпелік дертпен ауырады. Объективті: қатаң тыныс, барлық өкпе беткейінен құрғақ ызыңдаған сырылдар мен демді шығарудың ұзарғаны естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз:
532.Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауыратын науқастардың емдік жоспарында тиімді:
533.65 жастағы науқас қиын бөлінетін қақырық, физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге шағымданады. 15 жыл бойы бронхоөкпелік дертпен ауырады. Объективті: қатаң тыныс, барлық өкпе беткейінен құрғақ ызыңдаған сырылдар мен демді шығарудың ұзарғаны естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз:
534.Ауыз-жұтқыншақтың инфекцияланған сөлінің төменгі тыныс жолдары арқылы элиминациясы осы жағдайда бұзылады:
535.Көптеген ошақты, өкпе тканінің деструкциясы бар екі жақты стафилококтық пневмония кезінде антибиотиктермен патогенездік емді қосарлап тағайындағанда қолданылмайды:
536.50 жастағы әйел бала кезінде өкпе туберкулезімен ауырған: әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Сол жауырынаралық аймағында перкуссиялық дыбыстың қысқаруы, тыныстың әлсізденуі байқалады: жөтелгеннен кейін бірең-сараң ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгендік зерттеуде – сол бұғана астында 2х3 см домалақ пішінді интенсивтілігі орташа, контуры айқын емес, арасында ақшылданған бұрыс пішінді дағы және түбірге жалғасқан «жолы» бар көлеңке. Айналасында интенсивтілігі әртүрлі балалаған ошақтар анықталады. Бұл рентгенологиялық-клиникалық көріністер өкпе туберкулезінің келесі түріне сәйкес келеді:
537.Осыдан 3 күн бұрын 27 жастағы науқаста қалтырау, құрғақ жөтел, оң бүйірінің ауырсынуы, 38,90С қызба кенет пайда болды. Тыныс алғанда кеуденің оң жартысы қалыңқы. Перкуссияда: алдыңғы бетте 3-ші қабырғадан, артқы бетте жауырын аралықтың ортасынан бастап төмен қарай-тұйық дыбыс, бұл аймақта тыныс естілмейді. Жүрек шала тұйықтығының сол жақ шегі бұғана ортасы сызығынан 1,5 см сыртқа ығысқан. Сіздің болжам диагнозыңыз:
538.Өкпенің барлық бетінде құрғақ ысқырықты сырылдардың естілуі тән патологиялық процесс:
539.72 жастағы ауыр бөліктік пневмониямен ауыратын науқаста, өте жоғары дене қызуының критикалық түсуінен кенет әлсіреп, басы айналып, құлағы шуылдап, жүрегі айнып, лоқсу пайда болды. Объективті: науқас бозғылт, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек үндері тұйықталған, АҚҚ төмен. Науқас жағдайының кенет нашарлауының себебі:
540.Тромбофилиямен ауыратын науқаста тыныспен байланысты кеуде қуысындағы ауру сезімі, жөтел, қан қақыру, субфебрильді қызбаға шағымдар пайда болды. Анамнезінде өкпе артериясының майда бұтақтарының тромбоэмболиясы. Қарап тексергенде: цианоз, эпигастральды пульсация, семсер тәрізді өсінді үстіндегі систолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ үннің акценті. Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың қайсысын бірінші кезекте қосқан жөн:
541.Аяқтың терең веналарының тромбофлебитімен ауыратын науқаста кенеттен ентігу, қан жолақтары аралас жөтел, жүрек қағуы, айқын әлсіздік дамыды. Дамыған жағдайдың себебі:
542.22 жастағы әйелде ЭФГДС да асқазанның антральді бөлігінде жара анықталған. Қандай зерттеу әдісін бірінші кезекте тағайындау қажет?
543.24 жастағы ер адам, пневмонияға байланысты антибиотиктер қабылдаған. Екі аптадан соң тамақ ішкеннен кейін пайда болып, нәжіс шыққаннан кейін басылатын ауыру сезімі пайда болған. Нәжісі тәулігіне 4-5 ретке дейін жиілеген, сұйық, көпіршікті, көп мөлшерде. Төменде аталған диагноздың қайсысы мүмкін:
544.25 жастағы ер адам 40оС дейін дене қызуымен құрсақ қуысындағы жайылмалы ауырсынумен ауыр жағдайда түсті. УДЗ - өт қабының өзегінде көлемі 3,5 мм тас. Қан анализінде нейтрофильді лейкоцитоз, сілтілі фосфатаза 3 есе жоғары, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Қандай емдеу шарасының тәсілі тиімді?
545.25 жастағы ер адамды, ішінің оң жақ жартысындағы сыздап ауыру сезімі, жиілігі тәулігіне 6-8 рет болатын нәжіс, соңғы 2 жылда 8 кг жүдеу, ірі буындардағы ауыру сезімі, ұзақ мерзімге созылған субфебрилитет мазалайды. Зерттегенде: екі балтырында түйінді эритема, оң жақ мықын аймағында айқын ауыру сезімі байқалады. Қанда: лейкоциттер – 12,6 мың, ЭТЖ - 56 мм/сағ, жалпы белок - 49 г/л, альбуминдер - 39%. Колоноскопияда соқыр ішектің шырышты қабатында саңлаулы терең ойық жаралар анықталды.Төмендегі көрсетілген препараттардың қайсысын емге қосу тиімді?
546.28 жастағы әйел, оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді ауыру сезімі, ауыздағы қышқыл дәм, жалпы әлсіздік, аздаған сарғаюға шағымданып түсті. Емдәмді бұзғаннан кейін пайда болатын ауырсыну ұстамаларының мазалағанына 10 жыл болған. Көк тамырішілік холангиографияда: жалпы өт жолы аздап ұлғайған. Өт қабы ұлғайған, төмен орналасқан, қатпар түзбей толады, түбінде үлкен тас бар. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?
547.29 жастағы ер адамда, жүйкелік-психикалық жүктемеден кейін ашқарында және түнгі уақытта эпигастрийде ауыру сезімі пайда болады. Қандай зерттеу әдісі мәліметті?
548.29 жастағы әйел ұзақ мерзім жыныс жолымен берілетін ауыруға байланысты антибактериальды препараттарды қабылдады. Нәжістің бактериальды анализін жүргізгенде Candida туқымды саңырауқұлақтар анықталған. Емдеу шаралары жоспарының қайсысы тиімді:
549.30 жастағы ер адамда қан аралас диарея, ішінде толғақ тәрізді ауырсыну сезімі, қызба пайда болған. Проктосигмоскопия кезінде шырышты қабаттың қансыраған, борпылдақтығы анықталды. Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау тиімді?
550.32 жастағы ер адам, 3 ай бойы ашқарынға эпигастрийдегі ауыру сезімі, «түнгі» уақыттағы ауыру сезімі, тамақ ішкен соң эпигастрийде ауырлық және толу сезімі, лоқсуға шағымданады. Жүргізілген зерттеулерде (уреаздық тыныстық сынама, ЭФГДС) өзгерістер анықтамады. Төмендегі емдеу шараларының қайсысы тиімді?
551.32 жастағы ер адам, тамақ ішкеннен немесе алкоголь қабылдағаннан жарты сағаттан соң пайда болып, тек сода ішкеннен кейін басылатын асқазан тұсындағы басып ауырсыну сезімі мен шыдатпайтын қыжылға шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, емделмеген. Обьективті: тілі ақ жабындымен қапталған, терең сипағанда эпигастрии аймағында жайылмалы ауырсыну. ЭФГДС: асқазанның шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, антральді бөлігінде бірен-саран қан құйылулар бар. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы мәліметті?
552.33 жастағы әйел оң қабырға астындағы ауыру сезімі, әлсіздік, ұйқышылдык, тәбетінің төмендеуі, терісінің қышуы, соңғы 4 айда әлсін-әлсін мұрнынан қан ағуға шағымданады. Анамнезінде өкпе туберкулезы. Қарағанда: терісі және склералары сарғайған, тарақ іздері бар. Іші жұмсақ. Бауыр қабырға доғасынан 5-6 см төмен, ауыіру сезімді. Аздаған спленомегалия. Қанда: билирубин - 118,6 мкмоль/л, АЛТ - 2,8 мкмоль/л, тимол сынамасы - 10 бірл., сілтілі фосфатаза - 7,6 мкмоль/л. Емдеу шараларының қайсысы тиімді\:{
553.34 жастғы ер адам, тағам қабылдағаннан соң 40-50 минуттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы басып ауыру және ауыртпалық сезімге, қышқылды кекіруге, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке шағымданады. Екі жыл бұрын рентгенологиялық тексеруде асқазан полипі анықталған, операциядан бас тартқан. Сипағанда эпигастрий аймағында ауырсыну. Қан анализі: аздаған гипохромды анемия. Рентгенологиялық: асқазанның үлкен иінінде – алып қатпарлар. Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау тиімді?
554.34 жастағы ер адам, құрсақтың төменгі бөлігінің сыздап ауыру, тәулігіне 10 ретке дейін болатын қан аралас сұйық нәжіс, салмақтың төмендеуіне шағымданып түсті. Қарағанда: тоқ ішектің ауыруы сезімі. Ирригоскопияда тоқ ішек саңылауының тарылуы, ішек контурынан шығып тұратын көптеген гаустрациялар анықталған. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?
555.36 жастағы ер адам, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезім, ішінің кебуі, ұйқысыздық, жалпы әлсіздік, есінің төмендеуіне шағымданады. Бұрын наркотикалық заттарды тамырішіне қабылдаған. Жағдайы соңғы 3 айда нашарлаған. Қарағанда: жүдеу, телеангиоэктазиялар. Тері және склералары сарғайған. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан 4 см төмен, тығыз, сезімтал. Аздаған спленомегалия. НСV-ға ПЦР оң. Емдік шаралардың қайсысы тиімді?
556.37 жастағы әйел, көбінесе түнгі уақытта және ашқарында пайда болатын, тамақ қабылдағанда азаятын, эпигастрий аймағындағы басып ауырсыну сезіміне шағымданады. Обьективті: тілі ақ жабындымен қапталған, сипағанда эпигастрии аймағында жайылмалы ауырсыну байқалады. Төмендегі емдеу шараларының қайсы жоспары тиімді?
557.37 жастағы әйел, эпигастридегі ауырлық және толу сезімі, тамақ ішкеннен кейін тез тою сезімі, кейде жүрек айнуына шағымданады. ЭФГДС, УДЗ жүргізгенде ас қорыту жүйесінде айқын өзгерістер жоқ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?
558.38 жастаіы ер адам, оң жақ қабырға астындағы ауыртпаалық сезім, мұрнынан қан ағуға шағымданып қаралды. Қарағанда: көрінетін шырышты қабат аздап сарғайған. Бауыр қабырға доғасынан 3-4 см төмен, тығыз, ауыру сезімді. Аздаған спленомегалия. Қанда: ЭТЖ - 21 мм/с, жалпы билирубин - 58,8 мкмоль/л (тікелей билирубин - 22,4 мкмоль/л), тимол сынамасы-12 бірл., АЛТ-6,4 мкмоль/л, АСТ-5,9 мкмоль/л. HBV–ға ПЦР оң. Емдеу шараларының жоспарына қосу тиімді:
559.38 жастағы ер адам эпигастрий аймағындағы күшті ұстамалы ауырсыну, терісінің сарғаюы, дене қызуының 390С жоғарылауы мазалайды. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісінің түсі сарғайған, бауыры қабырға доғасынан 4 см төмен, сипағанда ауырсынады. Зертханалық анализде: лейкоциттер – 15 мың, ЭТЖ - 28 мм/сағ., УДЗ - холедохтың 9 мм кеңеюі. Қандай емдеу шарасы тиімді?
560.38 жастағы әйел, бас сақинасы тәрізді бастың ауыруына, тез шаршағыштық, ауа жетпеу сезімі, психоэмоциональды жүктемеден кейін жүрек аймағының қағуына шағымданады. Ішінің ауруы, тәулігіне жиі 2-3 рет болатын аздаған көлемді сұйық нәжіс. Қандай зерттеу әдісі мәліметті:
561.38 жастағы әйел, эпигастрии аймағындағы өткір ауырсыну, кейін ауырсыну бүкіл ішке таралып, ауырсыну кезінде бір рет құсқып, ауруханаға түсті. Обьективті: тері жабындылары бозғылт, суық тер басқан. Науқас мәжбүрлі жағдайда, аяқтарын ішіне тартып, арқасымен жатыр. Тынысы беткей, терең тыныс ішіндегі ауырсынуды күшейтеді. АҚ - 90/40 мм с.б.б. ЖЖЖ 50 рет мин. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Рентгенде іш қуысында бос газ анықталады. Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысының болуы мүмкін:
562.39 жастағы ер адам, созылмалы панкреатитпен көптен бері сырқаттанады. Соңғы 1,5-2 айда ауызы құрғап, шөлдеу (күніне 4-5 литр су ішеді) пайда болып, айқын арықтаған. Төмендегі емдеу шараларының қайсысы тиімді:
563.42 жастағы ер адамды, ас қабылдағаннан соң 40-60 минуттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы басып ауыру және ауыртпалық сезім, қышқылды ауамен кекіру, кенеттен тәбетінің төмендеуі мазалайды. Ауырғанына 2 жыл болған. Объективті: терең сипағанда эпигастрий аймағында ауыру сезінеді. Қан анализі: гипохромды анемия, гипопротеинемия. Эндоскопиялық зерттеуде: асқазанның шырышты қабатының рельефі ми иірімдеріне ұқсайды. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?
564.45 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін басталып, алға еңкейгенде күшейетін кеуде артындағы ауырсыну, кекіру, құсу және спазмолитиктерді қабылдағаннан кейін азаятын ауыру сезіміне шағымданады. Рентгенде асқазанның фундальды бөлігінің кеуде қуысына ығысуы және диафрагманың өңеш тесігі тұсында асқазан пішінінің деформациясы анықталды. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы ақпаратты?
565.45 жастағы әйел тамақ ішумен байланыссыз эпигастрий аймағындағы тұйық, сыздап ауыру, жүрек айнуына шағымданып түсті. Объективті: іші жұмсақ, эпигастрий аймағында аздаған ауыру сезімі. Қан, зәр, нәжіс анализдері қалыпты. ЭФГДС – асқазанның төменгі үштен бірінде және антральді бөлігінде үлкен иінінде – көптеген дөңгелек тәрізді мөлшері 0,5-1,0 см полиптер. Қандай зерттеу әдісі мәліметті?
566.44 жасар әйел қол саусақтарының буындарында ауырсыну мен сіресуге, күнге шыққаннан кейін дененің ашық жерлеріндегі терінің қызаруына шағымданады. Объектвиті: шықшыт сүйегінде -
эритематозды дерматит, беттің, аяқтардың ісінуі, жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу. Қанның жалпы анализінде эритроциттердің мөлшері 2,1 х 10 12 / л, ЭТЖ 40 мм / сағ, тәуліктік протеинурия - 3,58 г, кандағы креатининнің мөлшері -133 мкмоль / л. Ең ықтимал диагноз қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет