Болжам тұрғысынан қауіпті экстрасистолия: Жүрекшелер фибрилляциясына тән емес экг белгіні атаңыз



бет6/7
Дата01.11.2022
өлшемі113.19 Kb.
#463800
1   2   3   4   5   6   7
ПжІА ІАН емтихан тесттері жауапсыз 2022-2023 күз (1)

Жүйелі қызыл жегі

567.Жүйелі қызыл жегінің III-ші белсенділікте айқын висцеритпен ауыратын 34 жасар әйелге метилпреднизолонмен пульс-терапия жүргізуге жоспарлануда. Тәуліктік дозаның қай дозасы тиімді?


1000мг

568.32 жасар әйел білезік буындарында ауырсынуға, ісінуіне және қозғалысының шектелуіне, салмақ тастауына, субфебрильді температураға шағымданады. Объективті: лимфоаденопатия, аллопеция, хейлит, кардит, бетте "көбелек тәрізді" эритема. Антинуклеарлы антиденелер, нативті ДНК-га қарсы антиденелер оң мәнді. ЭТЖ-46 мм/саг. Төмендегі аталған препараттардың қайсысы тиімді?


Преднизолон 60 мг/ тәулігіне

568. 28 жастағы әйел кеуде, тобық пен сан аймақтарындағы терінің депигментациясына, жүрек аймағының шаншып ауырсынуына, аздаған физикалық куштемеде ентігуге,қол саусақтарының ісінуіне,беттің ісінуіне, полиартралгияға салмақ жоғалтуына шағымданады. Объективті: бет пен қол саусақтары терілерінің индурациясы, аяқ-қолдарың ұстап көргенде салқындау, өкпенің төменгі бөліктерінде қатаң тыныс,тыныс алу кезінде-құрғақ ысқырықты сырылдар.ЭТЖ - 27 мм / сағ. Қанда оксиприн деңгейінің жоғарылауы. Ең ықтимал диагноз қандай?


Жүйелі склеродермия

569.60 жастағы науқас шынтақ сүйегінің ауырсынуына шағымданады. Жүрек ауруын емдеуде диуретиктер мен гепарин қолданған. Қарап тексергенде: шынтақ буынындағы ісіну, гиперемия, олардың қозғалысы шектеулі, бұршақ түріндегі тығыз түйіндер. Жүрек тондары тұйыкталған, жыбыр аритмиясы, ЖСЖ - 100 рет/мин. ЖКА: эритроциттер - 4,2 млн Гемогл-150 г / л, лейкоциттер – 10 000*109. ЭТЖ - 2мм /сағ. ЖЗА: сал. тығыздығы-1020, лейкоциттер 4 - 5 к/а., эритроциттер 6 - 8 к/а. Ураттар +++. Қандай зерттеу әдісі диагнозды растайды?


570.56 жастағы науқас көзге кұм түсу сезіміне және аузының кұрғауына шағымданады. Объективті: бірнеше тісті кариес, склера мен ауыз қуысынын шырышты қабығынын қатты кұрғауы, оң жақ
құлақ маңы және сілекей бездері үлкейген. Ширмер мен Бенгал қызылдарының сынамалары он мәнді. Гематокрит - 35%, лейкоциттер - 3,2 мың, ЭТЖ - 47 мм / саг. IgG жане IgM концентрациясы
жоғарылаған. РФ - 1: 640 және әр түрлі формадағы антиядролық антиденелердің титрі - 1: 250. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз:
571.20 жыл бұрын науқасты тізе мен білек буындарының ісінуі мен ауырсынуы мазалаған. Бір ай бұрын кеуде және бел омыртқалары тұсындағы, сол жақ жамбас буынының ауырсынуы қайта мазалаған.Қарап тексергенде: омыртқа бойымен ауырсыну. Омыртқаның, сол жақ жамбас буынының козғалысы шектелген. Сол жақ төс-бұғана байланысының деформациясы. Сіздің болжам диагнозыңыз:
572.40 жастағы ер адам кіші буындардың ауырсынуына және ісінуіне шағымданады. ЭТЖ - 30 мм / сағ, зәр қышқылы - 0,56 ммоль / л. Қандай патология туралы ойлану керек?
573.Науқас әйелде 20жыл бұрын босанудан кейін бұлшықеттерінің ауырсынуы мен әлсіздігі пайда болған. Бір апта бұрын көз қабақтарының ісінуі, аздаған физикалық күштемеден соң ентігу, манқалану, тамаққа шашалу пайда болды.Объективті: иық аймақтары ауырсынады, ісінкі, беті амимиялық. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйықталған. ЖСЖ-100 рет/мин.АҚҚ-140/90 мм с.б. ЖҚА: Эрит-4,5млн, Гемогл-110 г/л, лейк-7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ, АЛТ-17ХБ. Диагноз: идиопатиялық дерматомиозит. Емдеуді қай топ дәрілерінен бастаған жөн?
574.Науқас 15жаста, вирусты инфекциядан кейін ірі буындардың ауырсынуы, субфебрилитет, бас ауырсынуы, бас айналуы, көз көруінің кенеттен нашарлауы, дене кызуының 38 С-ға дейін жоғарылауы,салмақ жоғалту мазалайды. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары солға ығысқан, жүректің барлық тыңдау нүктелерінде систолалық шуыл естіледі. Сол білезік артериясында пульс әлсіз. АҚҚ оң қолда-230/130 мм с.б., сол қолда-150/130 мм с.б., аяқтарда-220/110 мм с.б. Көз түбі тамырлары өзгерген. Болжам диагноз?
575.30 жасар науқаста тұмаудан кейін бұлшыкеттерінің ауырсынуы, қабақтарының ісінуі, аздаған физикалық күштемеден кейін ентігу, даусының қарлығып шығуы, дисфагия пайда болған. Объективті: шайқалмалы жүріс,"көзілдірік симптомы", периорбитальды ісіну, бет, мойын аймақтарында эритематозды дақтар. Пальпацияда йық пен сан бұлшықеттерінің ауырсынуы, козғалысы шектелген. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйықталған. ЖСЖ-100 рет мин. АҚҚ-140/90 мм с.б. Қанда: эритроциттер-4,5 млн, гемогл-110 г/л,лейкоцит-7 мың,ЭТЖ-66 мм/сағ. Қай көрсеткіш аса мәліметті ?
576.16 жасар науқаста қатты суықтаудан соң мономорфты, симметриялы терілік дақтар, жамбас пен аяқтардың кейбір жерлерінде ісінумен қатар папулезды-геморрагиялық дақтар пайда болды. Дене қызуы 39 С-га дейін жоғарлаған. Бір аптадан соң бел аймағынын ауырсынуы мен зәр түсінің қара түске енуі байқалған. Қанда: лейк-18 мын, ЭТЖ-54 мм/сағ, диспротеинемия, гиперфибриногенемия, Виллебранд факторының 3 есе жоғарлауы, криоглобулиннің жоғарлауы, СИА сынама-оң мәнді. Зәрде- протеинурия, макрогематурия, цилиндрурия. Болжам диагноз:
577.Метатрексатты базисті ем ретінде қабылдайтын,ревматоидты артритпен ауыратын науқасты физикалық тексеру барысында әлсіз ентігу, бас ауруы, әлсіздік анықталды. Рентгенограммада өкпе
түбірінің кеңеюі, өкпе суретінің күшеюі, ұяшықтәрізді өкпе суреті. Сыртқы тыныс қызметін тексеруде: форсирленген тыныс шығару көлемінің төмендеуі. Болжам диагноз:
578.39 жасар науқас таңертеңгілік кұрысудың 1 сағатқа созылуына, жалпы әлсіздікке, субфебрилитетке шағымданады. Ревматоидты артритпен 6 жыл бойы ауырады. Объективті: Жүктілік 18 апта. Қолдың 2-4 саусақтарының проксимальды буындарының симметриялы дефигурациясы, қозғалысы шектелген. Қай препарат аса тиімді?
579.Вирусты гепатит С бар 32 жасар науқас көп жылдан бері ревматоидты артритпен ауырады. Базисті ем ретінде метотрексатты қабылдағаннан кейін токсикалық гепатит дамыды.
Метилпреднизолонмен пульс-терапия жүргізу сәтсіз. Қай препарат аса тиімді?
580.Қошқыл эритема мен периорбитальды ісіну, ентігу, құрғак жөтел,үдемелі бұллшықет әлсіздігі, йық және жамбас бұлшықеттерінің ауырсынуы.Болжам диагноз:
581.15 жасар науқаста баспадан сон 3 аптадан кейін дене қызуының жоғарылауы, ірі буындар да ауырсыну мен жүрегінің шалыс соғуы пайда болды. Қарап тексергенде: тізе буындары ісінген, ұсақ тері асты түйіндер анықталады. Динамикада антистрептолизин-О, антистрептогиалуронидаза титрлерінің жоғарлауы анықталады. Медикаментозды емдеуде қай препарат тиімді?
582.Науқасты қарап тексергенде беті амимиялы, ауыз аймағынын қапшық тәрізді қатпарлануы байқалады. Диагнозды нақтылау үшін аса мәліметті зерттеу әдісі:
583.29 жастағы ер адам балтыр бұлшықеттеріндегі ауырсынуға, аталық бездердің ауырсынуына, аяқтардың жансыздануына, аяқ терісіндегі бөртпелерге, салмақ жоғалтуға, әлсіздікке шағымданады.Объективті: аяқтардың сезімталдығының бұзылуы, аяқ терісінде папулонекротикалық бөртпелер. Қан қысымы 190/110 мм с.б. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер -10,8 х 109 / л, эозинофилдер - 17%, ЭТЖ 49 мм / сағ. Ең ықтимал диагноз қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет