в) жақын қарым-қатынастарды еш қиындықтар болмаса да сақтай алмау; д) кінә сезінбеуі және өмірден сабақ алмауы; тіпті жазаласа да тәжірибе алмауы,; е) басқаларды кінәлау және қоғаммен қайшылыққа әкелетін өзінің тәртібіне жақсы түсініктеме беруде айқын ұрдіс. Шекаралық тұлға бұзылуы - Шекаралық тұлға бұзылуы (тұлғаның эмоционалды тұрақсыз бұзылуы, шекаралық түрі) — албырттық, өзін-өзі бақылауы төмендікпен, эмоционалдық тұрақсыздықпен, ақиқатпен тұрақсыз байланысымен, өте қатты мазасыздықпен және қоғамға бейімсіздікпен сипатталатын тұлға бұзылысы.
Истерикалық психопати́я — көңіл алудағы таусылмас қажеттілікпен, тұрақсыз өзін-өзі бағалауымен, жынысының маңызын асыра бағалаумен сипатталатын тұлға бұзылуы. Бұл бұзылысты истероидті, сахналық, театралдық деп атайды. - Театралдық, өзін-өзі драматизациялау, эмоцияға шамадан тыс берілу;
- Жағдайларға немесе басқалардың әсеріне оңай берілу, тез сену;
- Эмоцияларының терең болмауы және лабильділігі;
- Басты назарда болу үшін, басқалар оны жұмыс істеп жүр деп мойындау үшін үнемі белсенді, қозу жағдайда болуға тырысу;
- Өзінің сыртқы тартымдылығына шамадан тыс назар аудару;
Ананкасттық тұлға бұзылуы - Ананкасттық тұлға бұзылуы (от др.-греч.ἀναγκαστῶς — «мәжбүр етілген»); Обессивті-компульсивтік тұлға бұзылуы.
- а) күдіктер мен сақтыққа шамадан тыс бейімділік;
- б) ережелер, тәртіп, тізімдер, деректемелер, кестелер және ұйымдасуына деген қатты алаңдау;
- в) перфекционизм (мінсіз болуға тырысу);
- г) шамадан тыс адалдық, нәтиже жайлы үнемі уайымдау
- д) шамадан тыс педанттық, әлеуметтік шарттарды ұстану
- е) қаттылық және табандылық
- з) тұрақты және жағымсыз ойлар мен импульстерінің пайда болуы.
Тұлғаның үрейлі болу бұзылысы а) үнемі қобалжу сезімінде болу және алдын-ала жаман жағдай болады деп сезіну; б) өзін әлеуметтік жағынан кем, тартымсыз және басқаларға қарағанда төмен санау; в) өзі жайлы айтылған сындарға аса мән беру және әлеуметтік жағдайларда түсінбеушіліктен қорқу; г) ұнаймын деген кепелсіз қарым-қатынасқа түсуден қорқу; д) өмір сүру жағдайларының физикалық қауіпсіздік қажеттілігінен шектелуі; е) тұлғааралық байланыстармен байланыста сын айтудан, қолдамаудан және бас тартудан қорыққаннан әлеуметтік және профессионалды жұмыстардан бас тарту, қашу.
Достарыңызбен бөлісу: |