Боөж тақырыбы: Педагогикалық зерттеулердің теориялық және эмпирикалық деңгейлеріндегі әдістері Тексеруші: аға окытушы Жумабаева А. Ж. Орындаушы: Жоламанова. Г. Ж


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық ұстанымдары



бет3/3
Дата29.04.2024
өлшемі19.54 Kb.
#500137
1   2   3
Ғылыми зерттеу теория эмп

Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық ұстанымдары:
Зерттеу жұмысының әдіснамалық ұстанымдары мен амалдары зерттеудің кешенділігін, жан-жақтылығын қамтамасыз етеді. Зерттеуші өз тақырыбы бойынша қарастырылатын мәселенің ұстанымдары мен амалдарын дұрыс таңдай білген жөн.
1.Біртұтастылық (целлостность) – білім мен тәрбиенің бір-бірімен бөліп қарауға болмайтын тұтастығы. Білім бере отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып білім береміз.
2.Тұлғалық (личность) – зерттеу жұмысының тұлғаға бағытталуы, оның дамуының түп-тамыры өзін-өзі дамытумен байланысты екенін назарда ұстау, оның еркіндігін: адами интеллектуалдық еркіндігін мойындау, яғни зерттеу жұмысымыз адамның жеке қасиеттеріне әсер етпейтіндей жүргізілуі керек. Гуманистік ізгіліктік қасиеттер қатар жүруі керек.
3.Әрекеттік (деятельностный) ұстаным – әдіснаманың басты ұстанымының бірі болып табылады. Оның нәтижесінде адамның қоршаған ортаны өзгертуі орын алады. Әрбір әрекеттің төмендегідей құрылымы бар:
— қажеттілік (танымдық, рухани, әлеуметтік)
— мотив
— іс-қимыл
— шарттары
— құралдары
нәтижесі
— рефлексия

  1. Диалогтық ұстаным – оқытушымен, ұжыммен, кітаппен қарым-қатынас. М.М.Бахтин «Тек қарым-қатынаста өзара әрекетте «Адамдағы адам оянады, ашылады». Диалог адамды қалыптастыруқұралы ғана емес, сол адам болудың өзі» дейді.




  1. Мәдениеттанымдық ұстаным – әдіснаманың негізгі ұстанымдарының бірі. Мәдениеттің үлгілері адам жанын өңдейді, құнарландырады, нәрлендіреді.

  1. Аксиологиялық (құндылық) ұстаным. Аксиологиялық зерттеудің басты құндылығы – адам.

  1. Синергетикалық ұстаным. «Синергия» — өзін-өзі ұйымдастыру деген мағынаны білдіреді. Бірлесе жұмыс жасау, сол бірлескен әрекетте өзінің орнын табу; осы екі ұйғарымда дұрыс шешім қабылдауды жүзеге асырады.

8.Акмеологиялық (биіктік, шың) ұстаным – адамның белгілі бір биіктерді бағындыруы.

  1. Антропологиялық

  1. Этнопедагогикалық



Эмпирикалық және теориялық әдістердің арасында нақты шекара жоқ, өйткені олардың құрамдас бөліктері нақтылау мен абстракция, талдау мен синтез, салыстыру, индукция мен дедукция, модельдеу болып табылады. Сонымен қатар, «... ғылыми зерттеудің екі деңгейі де: эмпирикалық және теориялық, органикалық түрде өзара байланысты және ғылыми білімнің интегралдық құрылымында бірін-бірі болжайды» . Ғылым (жаңа білімді игеру үдерісін де, осы қызметтің нәтижесін де қамтитын адам қызметінің саласы) жаңа эмпирикалық деректермен байымай дами алмайды, әйтпесе оның эмпирикалық негізі қартаюда, шындықтан ажырауда. Эмпирикалық зерттеулер теорияны ашатын және жаңа деректермен қамтамасыз ете отырып, теориялық зерттеулердің негізін жасайды және дамуын ынталандырады, оның алдына жаңа міндеттер қояды. Екінші жағынан, теориялық зерттеулер ғылымның теориялық мазмұнын дамыта және нақтылай отырып, фактілерді түсіндіру мен болжау үшін жаңа перспективалар ашады, эмпирикалық зерттеулерге бағыт береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет