Пішін терезесі
Жаңа жоба ашқаннан кейін экранның ортасында пішін кострукторы/құрастырушысы/ орналасады. Пішін – қосымша терезесі. Коструктор терезесінде болашақ бағдарламаның сыртқы түрі жасалады. Алғашқыда ол код терезесін жауып экранның алдыңғы бетіне шығып тұрады.
Пішін – C++Builder ортасында кездескен бірінші нысан. Басты терезеде орналасқан компоненттер де нысандар. Олардың бір-бірімен байланысы арқылы C++Builder бағдарламасы құрылады. Ондай бағдарлама нысанға бағытталған бағдарламалау деп аталады. Егер компонент жолынан бір нысанды шертсек, ол белгіленеді. Пішін бетінде шертсек, сол нысан пішінде пайда болады. Пайда болған нысанның орнын, өлшемін, түсін тағы басқа да параметрлерін өзгертуге болады. Ол үшін қасиеттер терезін немесе көрсеткішті қолдануға болады.
Әрбір Windows-қосымша өз терезесінде орындалады. Мұндай терезенің ең аз саны – 1. C++Builder жүктелгенде автоматты түрде тұтынушыға Form1 деп аталатын бос терезе аша отырып, жаңа жобаны ұсынады және оны басты терезе етіп тағайындайды.
5-сурет Кодты өңдеу терезесі
Бұл терезенің тақырыбы терезе жүктелгенде Unit1 болады. Кодты өңдеу терезесінде бірден бірнеше файл ашық бола алады. Әрбір ашылған файл жеке бетте орналасады да, оның аты жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Егер Сіздің бағдарламаңызда үш терезе болса, онда олар жұмыс барысында үш модульмен (Unit) әрекеттеседі. Осы үш модульдің үшеуі де кодты өңдеу терезесінде пайда болады. Код терезесінде тұтынушы бағдарламаның мәтінін тікелей жазады. Мәтін бөлігі бірнеше бөліктерге бөлінеді. Олар процедуралар мен бағдарламалар деп аталады және бір-бірінен бөлек жұмыс жасайды. Тұтынушы жұмыстың негізгі бөлігін осы бөлімде атқарады. Мұнда //, { }, * * - кейін жазылған сөздер комментарий деп аталады. Комментарий орындалмайды, ол түсініктеме жазу үшін қолданылады. Си тілінен ерекшелігі мұнда класс типін пайдалану керек.
unit Unit1; {модульдің басы мен аты}
interface {интерфейс бөлімі басталады}
uses {қосымша қолданған модульдер аты}
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,
Dialogs, StdCtrls;
Type {форма класын жариялау}
TForm1 = class(TForm)
Button1: TButton;
procedure Button1Click(Sender: TObject);
private {кластың ішкі бөлігі}
{ Private declarations } Мұнда осы форма класына кіретін тұрақты, айнымалыларды, функция, процедураларды жариялауға болады, олар басқа модульдерден көрінбейді.
Public // кластың ашық бөлігі
{ Public declarations } Мұнда басқа модульдерден көрінетін осы форма класына кіретін тұрақты, айнымалыларды, функция, процедураларды жариялауға болады.
end;
var {айнымалыларды жариялап, сипаттау бөлігі}
Form1: TForm1; {осы форма класына кірмейтін тұрақты, айнымалыларды, функция, процедураларды жариялауға болады}
implementation
{модульдің орындалатын бөлігі}
{$R *.dfm}
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
begin
орындалатын іс-әрекеттің – бағдарлама денесі
end;
end.
Түстер палитрасынан оған элементтерді орналастырғанда ол терезе алдын ала көркемделеді. Жобада тек бір ғана басты терезе болуы керек. Ал, басқа терезелер оған қосымша болады.
Бағдарламаны орындау. Енді қосымшаны орындауға кірісейік. Бұл әрекетті саймандар тақтасынан батырмасын, мәзір қатарындағы Выполнить әмірін немесе F9 басу арқылы жүзеге асыруға болады. Алдымен компиляция жүреді, яғни процессор бастапқы бағдарламаны машина тіліне аударады. Сонан соң бағдарлама орындалуға кіріседі. /Егер бағдарламаның жазылуында синтаксистік қате болса, онда қате туралы хабар шығады/. Нәтижесінде ЕХЕ файл жасалады. Ары қарай, қатесіз болған жағдайда бұл файл орындалуға жіберіледі. Бағдарлама орындалуы кезінде С++Builder-дегі барлық терезелердің орнында тек бір терезе – кодты өңдеу терезесі қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |