Бородулиха ауданының 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы



Дата23.02.2016
өлшемі121.29 Kb.
#6820
Бородулиха ауданының 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өндірілген өнеркәсіп өнімінің  көлемі қолданыстағы бағамен  10808,3 млн. теңге, ал 2007 жылы 7797,4 млн. теңгені құраған, 2007 жылдың қаңтар-желтоқсанында  өнеркәсіп өнімінің табиғи көлемінің индексі 118,2 % құрады. Ауданның өнеркәсібі «Қазақмыс Корпорациясы», «Жезкент кен байыту комбинаты» ЖШС тау-кен байыту кәсіпорынының филиалымен ұсынылған. 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өндірілген өнімнің негізгі түрлері: кен өнімі- 1527,91 мың  тонна, ал 2007 жылы 1230,607 мың тонна өндірілген, кен өнімін өңдеу- 1530,47 мың тонна, өткен жылы 1234,106 мың тонна, мыс концентратынан мыс өндіру– 69315,62 тонна, 2007 жылы 59208,00  тонна, мырыш концентратынан мырыш өндіру -48965,53 тонна, ал 2007 жылы өндірілгені  40970,00 тонна.

2009 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында 35475 бас ірі қара мал тіркелген немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,2 пайыз,  оның ішінде сиыр 15771 бас (111,2 %),  шошқа – 9508 бас (84,04 %), қой мен ешкі – 26932 бас (105,2 %), жылқы –  3488 бас (94,9 %),  құс – 75121 бас (106,98 %).

2008 жылдың қаңтар-желтоқсанында ауданның барлық шаруашылық санаттарында малды және құсты тірі салмақта сойып өткізу 70267,5 центнерді ( 2007 жылдың сәйкес кезеңі деңгейіне 102,3  %) )құрады, 418583,9 центнер (100,9 %)– сүт сауылған,  7885,0 мың дана (103,2 %) – жұмыртқа алынған, 508,2 центнер ( 107,7%)  жүн қырқалған.

2008 жылы дәнді және бұршақ дақылдылар алаңы  130648,7 га,  оның ішінде: 6121,7 га -күздік бидай,  бидай-82629 га, арпа -18039,1 га, сұлы 2181 га, қарақұмық -21487,6 га, майлы дақылдылар-68690,6 га, сүрлем-2402,6 га, бір жылдық шөп-2135,4 га құрады.
2009 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша  Бородулиха ауанында  тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны  1633 бірлікті құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 135 бірлікке көп.
2008 жылдың қаңтар-желтоқсанында орташа атаулы айлық жалақы 45491 теңге, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 123,3 % құраған.
2009 жылдың 1 қаңтары бойынша жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 183 адам тіркелген, бұл  2008 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 11 пайызға  аз. 

Жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының желісінің ұзындығы 523 км құрайды, соның ішінде:



  1. 341 км ұсақ қара таспен;

  2. 182 км қиыршық ұсақ тас жамылғысымен.

2008 жылға аудандық бюджет қаржаты есебінен жеке санаттағы азматтарға тұрғын-үй сатып алуға 8667,0 мың теңге бөлінген, 8661,7  мың теңге, немесе  99,9 % орындалған.

Жалпы алаңы 376 шаршы метр тұрғын үй ғимараты пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9 есе көп. 


2008 жылдың қаңтар- қазанында негізгі капиталға инвестиция жұмсау 4662562 мың теңге құраған, соның ішінде республикалық бюджет қаражат есебінен 508105 мың теңге, жергілікті бюджет қаражатынан – 1227607 мың теңге, жеке қаражаттары –3921773 мың теңге, қарыз қаражатынан-5077 мың теңге.
2008 жылдың 1 қазаны жағдайы бойынша ауданның тұрғындарының саны 40300 адам (жедел деректер). 2008 жылдың 1 қазаны жағдайы 475 сәби дүниеге келген, 461 адам қайтыс болған.

2008 жылдың  қаңтар-қарашасында тіркелген қылмыстардың саны 229, оның ішінде ауыр және аса ауыры – 36


2009 жылғы 1 қаңтарда еңбек нарығында бақыланған жұмыссыздар саны, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 11 %-ға төмендеп, 183 адамды құрады. 2008 жылғы 1 қазанға дейін 212 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл жылдық тапсырманың 126%-ын құрайды.
70 адам жұмысқа орналастырылды.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 37 жұмыссыз қатыстырылды, «ЭЕМ операторы» мамандығы бойынша – 2 жұмыссыз кәсіби оқуға жіберілді. 
Жастар тәжірибесін 2 адам аяқтады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 3 адам жұмысқа орналастырылды.

Жергілікті бюджет қаражатынан 670 көмек алушыға 4398,7 мың теңге сомасында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 715 балаға 2545,0 мың теңге сомасында 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы, 217 отбасына  21482,0 мың теңге сомасында тұрғын үй көмегі, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жекелеген санаттардағы азаматтарға 6198,6 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді, соның ішінде облыстық трансферттер есебінен 3878,6 мың теңге, жекелеген кейбір санаттардағы азаматтарға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін 309 көмек алушыға 3274,1 мың теңге материалдық көмек көрсетілді, оқу орындарын аяқтағаннан кейін ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген 5 жас маманға (мұғалімдерге, дәрігерлерге) 600,0 мың теңге материалдық көмек көрсетілді, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де облыс әкімінің грантында оқитын 1 студенке жатаханада тұру құны 4,5 мың теңге, жергілікті бюджет қаражатынан 2320,0 мың теңге  төленді, соның ішінде: азық–түліктің 4 АЕК (4672 теңге) қымбаттауына байланысты атаулы әлеуметтік көмек пен 18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақы алушы отбасылардың ішінен 373 отбасына әлеуметтік төлемақы төленді, ардагерлер активтеріне, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, еңбек ардагерлеріне, аз қамтылған отбасылардан шыққан мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар мен селолық, кенттік округ жұмыстарына белсенді қатысушыларға 1752,0 мың теңге сомасында 2009 жылғы жылғы бірінші  жарты жылдыққа 232 дана «Пульс района» газетіне жазылу үшін, 2009 жылға 15 дана облыстық «Дидар» газетіне, 90 дана  «Рудный  Алтай» газетіне  мерзімдік баспасөзге жазылу үшін жалпы сомасы 350,0 мың теңге бөлінді, адамдардың өтініштері бойынша әлеуметтік төлемақы бөлу жөніндегі аудандық комиссияның шешімімен 13 отбасына 170,0 мың теңге сомасында әлеуметтік төлемақы бөлінде, Жаңа жыл қарсаңында жасы 99 жасқа жеткен және одан үлкен жастағы қарт адамдарға 48,0 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді.

38 үйден оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға 918,0 мың теңге сомасында материалдық қамтамасыз ету төленді.
Мүгедектерді оңалту мақсатында «Уба» санаториіне 16 жолдама бөлінді, 21 мүгедек адамдар міндетті гигиеналық құралдармен құралдармен қамтамасыз етілді.
ҚХР-нан көшіп келген 4 оралман отбасы 1888 мың теңге сомасында мемлекеттік төлемақы алды. Жыл басында көшіп келген 4 отбасы көшіп келу квотасына енгізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуде.
1941 жылғы 21 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдардың өтілін растау үшін 4 іс қаралған 4 отырыс өткізілді.
Ауданда барлық білім беру және мәдениет мекемелерінде ҚР Президентінің Жолдауы насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Түсіндірмелік жұмыстарын белсендету мүддесінде мемлекеттік мерекелер мен айтулы даталар әлеуеті пайдаланылады. Барлық мерекелік іс –шараларда көрнекі үгіттеу түрінде және де жастарда азаматтық бастамашылығын дамытуға және отаншылдыққа тәрбиелеуге  мемлекеттік рәміздер, Президент Жолдауынан дәйексөзді ұрандар пайдалынады.
Қазақстандық отан сүйгіштіктің негізгі жағдайының бірі Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша жұмыс болып табылады. Ауданның барлық мектептерінде Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік Ту және екі тілдегі Мемлекеттік әнұран мәтіні орналасқан «Біздің мемлекетіміздің рәміздері» атты стендтері ресімдерген.
Ауданның ұйымдары мен мектеп оқушылары арасында Мемлекеттік рәміздерді үздік білуге конкурстер өткізіледі. Оған қоса дәрістер, әңгімелер және Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларының негізгі ереже –шарттарын түсіндіріледі.
Бірінші қыркүйек – Білім күні АНТ мүшелері аудан мектептерінде барды, салтанатты іс –шараларына қатысып, мұғалімдер және оқушылармен әңгімелесу өткізді.

11 қыркүйек күні Ішкі саясат бөлімінің (ІСБ) қатысуымен, бейбітшіліктің және әр алуан ұлтттар адамдарының бірлігін нығайтуға бағытталған «Орта Азия -2008 Достық жүгірісі» Шырақты эстафета өтті.


12 қыркүйек күні ІСБ қатысуымен, Шәкәрәм Құдайбердиевтің 150 жылдығына арналған іс –шара дайарланып, өткізілді.
Ауданда азаматтық бастамашылықты дамыту және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бойынша  тұрақты жұмыс жүргізілуде.
Ауданда Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс –шара, мерекелік концерт және ауылшаруашылық жәрменкесі өтті.
Ауданда, ағымдағы жылдың қазан айында жоғарғы сынып оқушылары және аудан жастарының белсеңділері қатысқан «Ізгілік ниет» айлығы өтті. Балалар жалғыз тұратын қарттар мекендері бойынша жүріп, қысқа дайындық бойынша әр түрлі көмек көрсетті.
Ауданның бес селолық, кенттік округтер командалары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған, «Астана –болашақтың қаласы» тақырыбына КВН конкурсіне қатысты.

Аудан мектептерімен, кітапханаларымен, кәмелеттік жасқа толмағандар бойынша инспекциясымен бірлесе, жасөспірімдер мен жастар арасында қылмыс пен нашақорлыққа қарсы күрестің алдын алу бойынша  іс –шаралара жоспары даярланған. Нашақорлыққа қарсы күрестін алдын алу бойынша барлық жұмыстар «Біз нашаға қарсымыз!» ұранында өткізіледі.

Аудандық орталық кітапханада және селолық, кенттік округтер кітапханаларында: «АВИ алдын алу», «Шылым шегу мен маскүнемдіктің зияны туралы» тақырыпттамалық әдеби сөрелер рәсімделген. «Наша және балалар», «ЖОҚ –деп айта ал!» деген тақырыптарға әдістемелік материалдар даярланған.
«Ауданның елді мекендерін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық жағдайларын жақсарту бойынша екіайлық өткізу туралы» аудан әкімінің 2008 жылдың 27 наурызындағы №64 қаулысына сәйкес, 2008 жылдың 1 сәуірінен бастап ауданның барлық селолық, кенттік округтерінде жеке меншіктің барлық түріндегі мекемелердің және тұрғын үйледің айналасын санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша жұмыстар өткізілді.
Округтер арасында «Үлгілі округ» атағына конкурс өтті. Конкурс қорытындысы бойынша жеңгендерге ақшалы сыйақы берілді, ең үлгілі округ –Краснояр округіне – 100 мың тенге, жақсы екі округке – Дмитриевка, Ивановкаға – 50 мың теңгеден.

Бородулиха ауылы «Ең үлгілі елді мекен» атағына облыстық конкурске қатысып,  онда 3, 0 миллион теңге жүлделі бірінші орынға ие болды. Ауданның барлық тұрғындары таза сенбі күніне қызу қатысады. Көк бұтақтар салу ұйымдастырылды, ауданда ортақ 4600 ағаштар, құыстар және  гүл салатын орындар салынды.

Жеңіс күнін  мерекелеуге қарсы ауданның елді мекендерінде ескерткіштерді, қоршауларды жөндеу, санитарлы тазалау өткізілді. Ауданның мұсылман және хрестиан молаларын жөндеу және тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.
Ауданның елді мекендерін абаттандыруға,  жарықтандыруға және олардың санитарлы жағдайларына жергілікті бюджеттен 2008 жылы:
«Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша -12727 мың теңге,
«Елді мекендерді синитариямен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша – 3165 мың теңге,
«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша -5001 мың теңге,
«Туыссыздарды жерлейтін және қоятын жерлерді қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша -3369 мың теңге бөлінді.
6 елді мекенде (Новая Шулбба, Буркотово, Уба –Порфост, Дмитриевка, Зубаир, Песчанка) 89000, 0 мың теңге соммасына 77 шам құрылғылары құрылған.
Жезкент кентіндегі мүсылман және христиан мололары 3256,0 мың теңге соммасына қоршалған.
Бородулиха ауданындағы Жеңіс саябағында  393 мың теңге соммасына орындықтар, урналар қойылып, ескерткіштер бойалды.
2008 жылдың мамырында тротуар салынуы, бордюр тастары салынуы аяқталды, 225 сібір тікпе көшеттер және 115 шетен салынды, 90 кг газон шөттері салынды,  тікпе көшеттерді суғарылуы жасалады, сағаруға 192,0 мың теңге бөлінген.
Барлық бөлінген қаражаттар қаржы жоспарына сәйкесінше иеленуде.

Ауданда 2008 жылдың 20 мамырының №48 шешімімен 2008-2009 ж.ж қысқы мерзімдегі ауданның тіршілікті қамтамасыз ететін нысаналардың тұрақты жұмысы мәселелері бойынша штаб құрылған. Ауданның тұрғын үй, әлеуметтік –мәдени және әкімшілік –шаруашылық белгідегі нысаналарын 2008-2009 жылдарының жылу беру мерзіміне дайындау бойынша іс –шаралар жоспарлары дайарланған.

2008-2009 жылдыр жылу беру мерзімінің алдында білім беру, деңсаулықсақтау кәсіпорындарымен қазандықтардың, жылутрассаларының қазандықтарын тексеруі өткізілді, қазандықтардың ағымдағы және толық жөндеу жұмыстары: түтін шығатын жолдарды тазалау, қазандықтарды жылу маталармен орау, жылу беру жүйелерін нығыздау, едендерді цементтеу, шатырларды жөндеу, қазандықтарды ауыстыру жүргізілді. Барлық жоспарланған іс –шаралар белгіленген уақытында орындалды. Бүгінгі күні барлық тіршілікті қамтамасыз ететін нысаналар тұрақты жұмыс жасауда.

2008-2009 ж.ж. жылу беру мерзіміне көмір жеткізушісі - Семей қаласының «Қаражыра -Транс» ЖШС белгіленді. Көмір көмір жеткізу кестесі бойынша жеткізіледі.


Бородулиха ауданындағы елді мекендердің көшелерін және жергілікті маңызды автомобиль жолдарының қызметін жабдықтауға 2008 жылға  аудан бюджетінен 85 миллион 418,4 мың теңге қарастырылды.
Елді мекендердің көшелеріне  және жергілікті маңызды автомобиль жолдарын қысқы мерзімде қамтамасыз етуге  18 миллион 169 мың теңге жұмсалды.
Жергілікті бюджет  қаражаты есебінен «Дмитриевка -Вавилоновка -Шемонаиха» және «Бородулиха -Жезкент»  автомобиль жолдары учаскесін күрделі жөндеуге екі жұмыс жобасын жөндеу жүргізілді, бұл жобалар мемлекеттік сараптама қорытындысымен облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жіберілді.

Ауданда жергілікті маңызы бар автомобиль жодары мен елді мекендердің көшелерін жөндеу бойынша бағдарлама өңделді және осыған сәйкес сәуір айынан қазан ауына дейін орташа және   ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді.     


8 шаршы мерт ұзындықтағы «Дмитриевка -Вавилоновка -Шемонаиха» 49-57 шаршы метр учаскесіне  орташа жөндеу жұмыстарын «Семей жолдары» ЖШС  47 миллион 414 мың теңге соммасына  жасады.
Жергілікті маңызды автомобиль жолдарына ағымды жөндеуді «Казахавтодор» РМК ШҚ ОФ ЖПТ №25 және «Лазарев и К» ЖШС орындады барлық бөлінген 14 миллион 530,3 мың теңге толығымен игерілді. 125 шақырым қара жабулы жолының шұңқырлар жөндеу және 112 шақырым гравииді жолдарға материял қосу жоспарлау жұмыстары орындалды.
Облыс бюджеті есебінен   ұзындығы 12 шақырым «Дмитриевка -Вавилоновка -Шемонаиха» автомобиль учаскелеріне күрделі жөндеу жүргізілді. жөндеу жұмысының ортақ соммасы 351 миллион теңге.

«Коммуналды шаруашылық» МККК күшімен аудан орталығында көшелердің шұңқырларын қара бұркеумен жабу және 24 шақырым ұзындықтағы көшелерді гравийлі жабу жөндеу жұмыстарын жоспарлау жұмысы өтті, жұмыс 1 миллион тенгеге орындалды.


Бородулиха ауылының су құбырларының жүйесін қайта құру бойынша қаулыға сай, республикандық бюджет қаражаты есебінен Кирова көшесі бойынша 1,4 шақырымда, 16 миллион теңгеге жаңа қара бүркеу жайылды.

2008 жылы жергілікті маңыздағы автомобильді жолдарда жарамсыз болған белгілер орнына 54 жаңа жол белгілері 672 мың теңгеге дайярланып және орнатылды.


2008 жылдың 4 кварталында  аудандық  жер комиссиясының 3 отырысы болды, онда заңды  және жеке тұлғаларға жер телімдерін беру бойынша 49 өтініші қаралды. Азаматтарға жер телімінің меншік құқығына  231 мемлекеттік акт берілді. Сонымен қатар, шаруа-фермер қожалықтарының басшыларынан, қосымша жер телімдерін беру немесе бұрын берілген жер телімдерінің жер пайдалану мерзімін ұзарту туралы келіп түскен 17 өтініштері қаралды.
Ауданда «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне» арналған салтанатты жиын өткізілді. 2008 жылдың жиынтық қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының ең жақсы қызметкерлері сыйлықтармен және алғыс хатымен марапатталды.
Өскемен қаласындағы «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне» арналған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне «Лада», «Е.Зайтенов» шаруа қожалықтары, сонымен қатар Бородулиха, Новопокровка, Уба-Форпост селолық округ тұрғындары қатысты, соммасы 500,0 мың теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.

Ауыл шаруашылығы бөлімінде қызмет еткен еңбек ардагерлеріне барып, материалдық көмек көрсетілді.


Семей қаласында және Бородулиха ауданында  апта сайын ауыл шаруашылығы  жәрмеңкелері өткізіліп тұрды, атап айтсақ Ново-Шульба, Бородулиха ауылдарында және Жезкент кентінде. 30,0 тонна сиыр, 25,0 тонна шошқа еті сатылды.
Семей қаласының әкімдігі және Бородулиха ауданының әкімдігі арасында 2009 жылдың сәуір-шілде айларында «Семей Базарына» 100 тонна көлемінде бекітілген баға бойынша сиыр етін жеткізу туралы 3 жақты меморандум бекітілді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Сахновское» ЖШС 200 басқа арналған бордақы алаңы ашылды, «Е.Зайтенов» ш/қ Германияда шығарылған сүт сауатын құрал-жабдық іске қосылды.

Шығыс Қазақстан облысының тұрақтандыру қорына астық өткізу бойынша құрылған комиссия отырысы апта сайын жүргізілді. Ауданның ауыл шаруашылығы  тауар өндірушілерінен барлығы 5300 тонна астық облысының тұрақтандыру қорына сатып алынды.


Спорттық-көпшілік іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес 2008 жылдың 18 қазанында ауданымызда мемлекеттік қызметкерлер арасында, спорттың 7-түрінен  9 аудандық спартакиада басталды. Спартакаиаданың мақсаты мен міндеттері:
- мемлекеттік қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысуға тарту;
- мемлекеттік қызметкерлердің бос уақытында  салауатты өмір салтын ұйымдастыру;
- облыстық спартакиадаға ең мықты спортшыларды таңдау.

Жарыс қорытындысында бағдарламаның әр түрінен ең жақсы спортшылар анықталып, 2008 жылдың 3-5 қараша аралығында Өскемен қаласында шахматтан жарыс өтті, облыстың 14 ауданының арасында 16,5 ұпаймен 4 орынды иеленді.


6-8 қараша аралығында облыс орталығында 9 облыстық спартакиада бағдарламасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Бородулиха ауданы команда капитаны Е. Кабдрахмановтың басшылығымен 7-орын алды.

Сонымен қатар 11-13 қараша аралығында Өскемен қаласында үстел теннисінен жарыс өткізілді. Ауданымыздың командасы  Қатонқарағай, Ұржар, Аягөз, Глубоки және Күршім аудандары бәсекелестерімен кездесіп, 6- орын алды.


Бильярдтан Бородулиха ауданының командасын аудан әкімі Талап Байғалиұлы Қасымов басқарды. Алдыңғы ойындардың қорытындысында Ұржар, Көкпекті аудандарының командасымен бірге біздің командамыз жартылай финалға шығып, 5-8 орындарға Аягөз және Қатонқарағай аудан командаларымен кездесті. Екі кездесудеде сенімді жеңісті иеленіп 5 орын алды.
Волейболдан мемлекеттік қызметкерлер командасы қажырлы күресте 6 орын алды. Аудан әкімі Т.Б.Қасымовтың және аудан әкімінің орынбасары  А.А.Нургожиннің жарысқа қатысқаны үшін қосымша берілген 3 ұпай Бородулиха ауданы командасын спартакиаданың жалпы есебінде 5-орынға шығарды.
Жеңістеріне нық сенген, команда капитаны С.В.Сороканың басшылығымен ауданның жүзушілер командасы турнир кестесінде 3-орынға шықты.
Спартакиаданы 12-13 желтоқсан аралығында Өскемен қаласында өткен шаңғы жарысы аяқтады, онда ауданымыздың командасы 7-орын алды.
Спорттың әр түрінің қорытындысында Бородулиха ауданы турнир кестесінде 5 орынға шықты. 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған спорттық іс-шаралар қатары Бородулиха ауданында жалғасты.


Хоккей маусымының ашылуына ауданымызда 4  хоккей корты: Пролетарка, Камышенка, Бородулиха ауылдарында, Жезкент кентінде және 26 мұзды сырғанақтар дайындалды.

14 желтоқсанда үлкен спорттық мейрам – хоккей маусымының ашылуы Пролетарка ауылында өтті. Шайбалы хоккей жарысына ауданның: Жезкент кентінің, Бородулиха, Пролетарка ауылдарының ерлер командасы қатысты. Бұл турнирде сенімді жеңісті - Жезкент кентінің командасы, екінші орынды – Пролетарка ауылының командасы, үшінші орынды – Бородулиха иеленді.


16 желтоқсанда Бородулиха ауылы БЖСМ кешені қазақша күрестен  ауданның ашық біріншілігіне қатысушыларды қабылдады, онда Новопокровка, Коростели, Андроновка ауылдарының командасы, АОРБЖСМ-нің, АБЖСМ-нің, Семей қаласы командалары барлығы 120 қатысушылар күресті. Жарыс 1991-1993 және 1994-1997 жылғы топтар арасында өткізілді.

Сонымен қатар Новопокровка селолық округінде 16 желтоқсанда ауданның ерлер командасы арасында  волейболдан жарыс өткізілді. Барлығы ауданның Жезкент кентінің, Андреевка, Белағаш, Бородулиха, Новопокровка ауылдарының ең мықты 6 командасы жиналды. Іс-шараның демеушісі «Семей Гидрогеология» ЖШС басшысы С.Т.Жакупов болды. Бұл жарыста сенімді жеңісті иеленген Новопокровка селолық округінің командасы, екінші орынды – Бородулиха, үшінші орынды – Жезкент кенті иеленді. Жарыс жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және бағалы силықтармен марапатталды.


Осы күні Жезкент кентінде мектеп оқушылары арасында, Шемонайха аудан командасының шақырылуымен шайбалы хоккейден жарыс өткізілді.
Жарыс мерекелік концертпен жалғасты. Жеңіске жеткен – Жезкент кенті командасы, екінші орында – Пролетарка ауылы, үшінші орында – Бородулиха ауылының командалары болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет