Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек



бет4/55
Дата14.04.2023
өлшемі171.45 Kb.
#472262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Экзамен.шұғыл көмек-2

5. Гипертониялық криз асқынған түрі. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек.
Гипертониялық криз деп АҚ дереу көтерілуімен, өмірлік маңызды ағзалардың қызметі
бұзылуымен және нейровегетативті өзгерістермен көрінетін жағдайды атайды. Криз
ауырлығы АҚ көтерілу жылдамдығы және күтпеген жерден пайда
болуымен сипатталады.
Гипертония ауруы (синондары: бірінші ретті эссенциалдық гипертензия, жоғары қысымды артериялық ауру) – басты клиникалық белгісі артериялық қысымның ұзақ мерзімді, әрі тұрақты түрде жоғарылауымен (гипертензиямен) бейнеленетін созылмалы
ағымды сырқат.
Гипертониялық криз этиологиясы:
• психикалық, эмоциялық стрестер, күйзелістер;
• сүйықтықты, түзды тағамдарды мөлшерден асыра ішу;
• ауа райының, атмосфералық қысымның өзгерістері,
• инфекциялық ауруларга шалдьпу (грипп эпидемиясы кезінде гипертониялық криздер жиіленеді);
• бүйрек қан ағымының рефлекторлық бұзылыстары;
Бірінші типті гипертониялық криз нейровегетативті көріністерімен сипатталады.
Криз ұзақтығы бірнеше минуттан, бірнеше минутқа дейін созылуы мүмкін. Науқаста бет гиперемиясы, теріде қызыл дақтар, терлегіштік байқалады. Сырттай науқастар қозғыш, мазасыз, бас ауруына, дене қызуына, дененің барлық аумағындағы дерілдер, көз алдындағы тұманға шағымданады. Біріншілік типті кризде науқаста көбінесе
Систолиялық қан қысымы көтеріліп,гиперкинетикалық қан айналым түрі байқалады.
Екіншілік гипертениялық криз бірнеше сағаттан бастап, бірнеше күнге дейін созылуы
мүмкін. Науқастар әлсіз, тежелген (вялый). Бас ауруына, бас айналуына, әлсіздікке
шағымданады. Ауыр түрде гипертониялық энцефалопатия дамиды. Гипертониялық
энцефалопатияда бастың қатты ауруы, көрудің бұзылуы соқырлыққа дейін жетуі мүмкін, лоқсу, құсу, естің бұзылуы комаға дейін жетуі мүмкін. Екінші типті криз кезінде қан айналымның гипокинетикалық түрі көрініс береді.
Асқынған гипертониялық криз кезінде маңызды ағзалардың жедел түрде зақымдалу көріністері (нысан ағзалар)байқалады. Оларға: жүрек, ми, бүйрек, тамырлар, көз
түбі жатады.
Асқынған гипертониялық криздерде кезесетін асқыну көріністері:
-Гипертониялық энцефалопатия;
-Аорта ажырауы (расслоение);
-Жедел коронарлы синдром;
-Өкпе ісінуі;
-Ми қан айналымының жедел бұзылысы
-Феохромоитома;
-Эклампсия;
Гипертониялық криздің симптомдары:
- диастоликалық артериалды қысымның 110-120 ммсынбағ-нан жоғары көтерілуі;
- қатты бас ауыру, әдетте желке тұсында;
- самайдағы тамыр бүлкілдеуі;
- ентігу (жүректің сол қарыншасына түсер жүк күшейгендіктен);
- жүрек айнуы немесе құсу;
- көру бұзылыстары (көз алдындағы “кіреукелену”, көру өрісінің ішінара жоғалуы мүмкін);
- тері жамылғыларының қызаруы;
- төс астында қыспалы аурудың пайда болуы ықтимал;
- қозу, ызалану.
Емі :Асқынған гипертензиялық криз:
1. Тыныс жолдарын санациялау.
2. Оксигенотерапия.
3. Венаға ену.
4. Дамыған асқынуды емдеу жəне гипотензивті препараттарға салыстырмалы таңдау жасау.
5. Антигипертензиялық терапияны парентеральдық препараттармен жүргізеді.
6. Тездетіп АҚҚ төмендету (соңынан 1 сағат ішінде 15-20%, содан соң 2-6 сағатта 160 жəне 100 мм с.б.б. (дəрілерді ішкізу арқылы беруге, ауыстыруға болады).
1. Нитроглицерин 0,5мг тіл астына
2. Пропранолол (селективті емес β-адреноблокатор ) – көктамырға баяу
1 мл 0,1% ерітінді (1мг), осы дозаны ЖЖЖ минутына 60
жеткенде АҚҚ мен ЭКГ бақылай отырып әр 3-5 минут сайын қайталауға болады;
жалпы ең жоғарғы доза 10 мг;
3. АҚҚ жоғары деңгейден түспеген жағдайда: эналаприлат (АПФ ингибиторы) 5
минут ішінде 0,625-1,250 мг баяу көктамырға жібереді, шамамен 20 мл 0,9%
натрий хлориді ерітіндісіне ерітеді;
4. Морфин (есіріткі анальгетик) 1 мл 1% ерітіндіні 20 мл 0,9% натрий хлориді
ерітіндісіне араластырып және 4-10 мл бөліп (немесе 2-5мг) әр 5-15 минут
сайын, ауырсыну сезімі мен ентігу басылғанша, немесе жанама әсерлері пайда
бүлінгенге дейін (гипотензия, тыныстың тежелуі, құсу) көктамырға құяды;
5. Варфарин 2,5 мг, немесе ацетилсалицил қышқылы –160-325 мг шайнайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет