Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек


Босанудың 3 кезеңімен ерте босанғаннан кейінгі кезеңде қан кету



бет29/55
Дата14.04.2023
өлшемі171.45 Kb.
#472262
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55
Экзамен.шұғыл көмек-2

36. Босанудың 3 кезеңімен ерте босанғаннан кейінгі кезеңде қан кету. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы.
Босанғаннан кейінгі қан кету - табиғи жолдармен босану кезінде 500 мл және одан көп, кесар операциясы кезінде 1000 мл және одан көп қан жоғалту.
Жіктелуі:
• Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде қан кету - босанғаннан кейінгі алғашқы 24 сағат.
• Босанғаннан кейінгі кеш кезеңде қан кету - босанғаннан кейін 24 сағаттан соң.
Қауіп факторлары
•Босанудың үшінші кезеңінің созылуы
•Преэклампсия
• Анамнезінде босанғаннан кейінгі қан кету
Көп ұрықтық
• Босану жолдарының жұмсақ тіндерінің зақымдануы
• Ұзаққа созылған босагу
• Қынаптық оперативті босану
• Плацентаның және оның бөліктерінің жатыр қуысында қалуы
• Плацентаның төмен орнығуы
•Тромбофилия
• Ірі ұрық
•Көп босанулар
Алдын алу
• Босанғаннан кейінгі қан кетудің ең тиімді алдын алуына босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу, бұл қан кетуді 2,5-3 есе төмендетеді («Физиологиялық босану» протоколын қара).
Қан кетудің диагностикалық критерилері:
• босанғаннан кейінгі кезеңде қан кетудің белгілерін ерте анықтау
• босанушы әйелдің жағдайын, АҚ, тамыр соғуын, ТАЖ бағалау
Жоғалған қан мөлшерін анықтау
• Гемотокрит деңгейін бастапқыдан 10%-дан азаюы
• Визуалді әдіс (30% қате).
• Гравиметриялық әдіс - операциялық материалды өлшеу (15% қате),
• Өлшегіш ыдыспен өлшеу (кружка, градуирленген лоток).
Жедел жәрдем:Қолы бос персоналдың мобилизациясы (науқасты жалғыз қалдырмай: көмекке тәжірибелі, толық көлемде оперативті техниканы меңгерген акушер – гинекологты, анестезиолог – реаниматолог пен лаборантты шақыру).
Қан жоғалту көлемін бағалау.
Аурудың күйін бағалау және ағзаның өмірлік маңызды қызметін тексеру (ҚҚ, тамыр соғысы, дене қызуы, демнің жиілігі).
Жіті терапия картасын толтыру үшін бір қызметкерді тағайындау.
Қуықтың катетеризациясы – қуық бос болуы керек.
Кристалойд инфузиясын жүргізу үшін екі перифериялық көк тамырдың катетеризациясы (№№ 14 – 16G) қан жоғалту көлеміне 3:1 қатынастажәне утеротоник ( бұлшық етке 10 бірлік окситоцин енгіземіз, системаға 1000 мл физиологиялық ерітіндіге 20 бірлік окситоцин ерітіп, минутына 60 тамшыдан енгіземіз).
Әйелді жылындыру (көрпе жабу, ылғалды жаймаларды құрғаққа ауыстыру)
Дымқылды оттекпен қамтамасыз ету.
Қанның жалпы талдауы.
Коагулограмма немесе қанның ұю уақыты.
Қан тобын анықтау, Rh – факторды, қанды үйлесімділікке тексеру.
Себебін анықтау
o жатырды зерттеу (тонусын,тіндерін)
o босану жолдарын қарау (жарақат).
Утеротониктер (бұлшық етке 10 бірлік окситоцин ерітіндісін қайталап енгізу,
20 бірлік окситоцин ерітіндісін 1000 мл физиологиялық ерітіндіде ерітіп минутына 167 тамшыдан көктамырға енгізу)
Қан кету жалғасқан кезде


Бір уақытта:
Барлық қолы бос персоналдың мобилизациясы (көмекке қосымша: бөлім меңгерушісін, анестезиолог – реаниматологты, лаборантты, стационардағы қан құюға жауапты маманды шақырту).
Керуеттің басын түсіру.
Дымқылды оттекті 10 – 15 л/минутына беруді жалғастыру.
Қан жоғалту көлемін бағалау. 1500 мл және одан астам қан жоғалтқан кезде орталық көк тамыр катеризациясын жасау керек.
Әйелдің күйін бақылап және ағзаның өмірге маңызды қызметтеріне қадағалау жүргізу (мониторинг, ҚҚ, пульс, ЭКГ, пульссоксиметрия, дене қызуы, демнің жиілігі, диурез) жіті қадағалау картасын толтырумен.
Кристаллойдтарды енгізуді жалғастыру, қан жоғалту көлеміне арақатынасы 3: 1. Инфузияның жылдамдығы 1,0 литр 15 минут ішінде. Кейін инфузиялық терапияның бағдарламасы анестезиолог – реаниматологпен бірігіп құралады.
Ота бөлмесін дайындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет