49 Бухгалтерлік есептің пәні дегеніміз
1) ұйымдардың мүліктері, қорлану көздері және шаруашылық процестері;
2) ұйымдардың мүліктері;
3) шаруашылық қаражаттары және олардың қорлану көздері;
4) шаруашылық операциялар және процестер;
5) шаруашылық мүліктер, шаруашылық процестер (дайындау, өндіру, бөлу).
50 Есеп саясаты дегеніміз
1) ұйымдардың шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз;
2) кәсіпорын басшыларының нұсқауы бойынша дайындалатын құжат;
3) қорытынды есеп жасау мен қалыптастыру барысында есеп әдістеріндегі
принциптердің жинағы;
4) есеп жүргізуде арнайы әдістерді жинақтап, оны кең түрде дамыту;
5) дұрыс жауабы жоқ.
51 Бухгалтерлік баланстың негізгі ерекшелігі неде
1) белгілі бір мерзімге жасалынатын баланстың активі мен пассивінің тең болуы;
2) баланстың екі жақтылығында;
3) мүліктер мен шаруашылық қаражаттарының бірыңғай қалыптасуында;
4) тек қана ақша өлшемімен жасалуында;
5) субъектілердің экономикалық ресурстарының жинақталуында.
52 Егер «банк несиесі қоюшы және мердігерлердің қарызын» өтеген болса, бұл операция балансқа қалай әсер етеді және ол қай типтік өзгеріске жатады:
1) II-тип Активтердің сомасыпассивтердің сомасына (+пассив, -пассив);
2) I-тип Активтердің сомасыпассивтердің сомасына (+актив, -актив);
3) IV-тип Активтердің сомасыпассивтердің сомасына (+актив, +пассив);
4) III-тип ( актив-, пассив- );
5) ешқандай өзгеріс болмайды.
53. Мына операциялардың қайсысы баланстың пассивіне өзгеріс береді
1) негізгі құралдарға амортизация есептелді;
2) бөлінбеген таза пайда есебінен резервтік капитал құрылды;
3) еңбеккерлерге кассадан еңбекақы төленді;
4) дайын өнімдер қоймаға кіріске алынды;
5) дұрыс жауабы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |