Презентация түрінде есеп жасалынып, қорытынды конференцияда есеп беріледі. 2 «Жалпы жертану» пәнінен оқу-далалық практикалық



бет1/7
Дата05.12.2023
өлшемі36.08 Kb.
#485530
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6   7
китап


презентация жасалынады. Есеп беру барысында географиялық зерттеу әдістерін табиғи ортаның жеке компонеттерін зерттеудің жолдарын, физикалық-географиялық сипаттама беруді меңгергендігін көрсетуі тиіс
Топ есебі төмендегідей мазмұнда дайындалды:

  1. Кіріспе

  2. Күнделік жазу

  3. Карта, схема, фотоальбом жасау

  4. Презентация түрінде есеп жасалынып, қорытынды конференцияда есеп беріледі.

2.2 «Жалпы жертану» пәнінен оқу-далалық практикалық
Бағдарламасы

«Жалпы жертану» оқу курсы бойынша өтілетін оку-далалық практикасында «5В011600-География», «5В060900- География» мамандығының 1-курс студенттері қатысып, алған теориялық білімдерін әрі қарай пысықтай түседі. Практика барысында кешенді зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеру арқылы география мамандықтары бойынша кәсіби дайындығының деңгейі артады. Оку-далалық практика өту барысында ауданның географиялық орнының ерекшеліктері мен аумағына, геологиялық даму тарихына, жер бедеріне, геологиялық құрылысына, климаттың ерекшелігіне, ішкі суларына, топырағына, өсімдіктері мен жануарлар әлеміне, табиғат зоналары мен биіктік белдеу- леріне кешенді зерттеулер жүргізіледі. Сондай-ақ, студенттер табиғаттың түрлі құбылыстарымен, құрал-жабдықтарды іс- жүзінде пайдалана отырып, жұмыс істеу тәсілдерімен танысады. Мысалы, Шатқалдың оң жағы мен сол жағының өсімдік және топырақ жамылғыларындағы айырмашылықтарды көзбен көру арқылы желдің бағытын, жауын-шашынның түсу мөлшерін, күннің түсу бұрышын анықтау арқылы практика жүзінде іске асырылады.


Максаты - географиялық қабықты біртұтас ғаламдык табиғат кешені ретінде қарастыра отырып, оның құрылымы мен дамуының жалпы заңдылықтарын, табиғи-аумақтық ерекшеліктерін анықтау.
Міндеті - жалпы зандылықтарға бағынған географиялык қабық құрамдас бөліктері (атмосфера, гидросфера, литосфера) және биосферадағы тірі заттардың өзара байланысы мен бір- біріне бағынышты әрекеттеріне, жыл мезгілдері аралығында табиғат кешендерінде байқалатын маусымдық өзгерістеріне байқау жасау арқылы:
а) техникалық санитарлық-гигиеналық және биологиялык қауіпсіздік ережелерімен танысып, алдын-ала дайындауға үйрету;
ә) болашақ мұғалімдерді мектепте физикалық-географиялык дала практикасын кешенді жүргізуге үйрету;
б) далалык оку практикасында орындалатын іс-шаралар- дың ұйымдастырушылық әдістерін үйрету;
в) кешенді физикалық-географиялық далалық практикасында зерттеуге арналған жерді таңдап білуге үйретеді;
г) далалық жағдайда зерттеу жұмыстарын жүргізуге үйрету;
д) аудиториядағы пайдаланған приборларды іс жүзінде колданып, нәтижесінде талдау жасауға үйрету болып табылады.
Физикалық география ғылымдары географиялық қабық компоненттерін, олардың құрамдас бөліктерін зерттейді. Олар: геоморфология (жер бедерін зерттеу), климатология (климатты зерттеу) және метеорология (ауа райы), океанология (дүние- жүзілік мұхитты зерттеу), гидрология (құрлық суын зерттеу), топырақтану (топырақтың қалыптасу заңдылығын зерттеу), биогеография (өсімдіктер мен жануарлардың географиялык таралуын зерттеу) сияқты аса маңызды ғылым салаларымен тығыз байланысты және олар үшін пререквизит міндетін де атқарады. <<Жалпы жертану» пәні бойынша теориялық және далалык зерттеу тәсілдерін оқып-үйрену арқылы студенттер бұдан кейін окылатын <<Ландшафттану», «Материктер мен мұхиттардын физикалық географиясы», Қазақстанның физикалық географиясы», «Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» пәндері мен педагогикалық практика өткізу барысында постреквизит болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет