125. Мазмұнының көлеміне қарай есеп регистрлері:
1) Синтетикалық жинақтау, аналитикалық жіктеу, құрамдас;
2) Жинақтаушы, жекеленген;
3) Көп жолды, аз жолды;
4) Жүйелеуші, шахматтық;
5) Құрамдас және жекеленген болып бөлінеді.
126. Шаруашылық процесі дегеніміз не?
1) Біртектес шаруашылық операцияларының нәтижесінде шаруашылық процестерінің қалыптасуы;
2) Шаруашылық операцияларының жиынтығы;
3) Үш кезеңнен тұратын процесс;
4) Бухгалтерлік есеп счеттарында жүргізілетін процесс;
5) Жабдықтау және өнім өндіру процесі.
127. Шаруашылық процестерінің кезеңдерін анықтаңыз:
1) Жабдықтау (қамтамасыз ету), өнім өндіру, оларды сату (өткізу);
2) Құжаттау, счеттардағы жазу, жинақ шығару;
3) Счеттарды ашу, операцияларды тіркеу, соңғы қалдықты есептеу;
4) Жабдықтарды сатып алу, өндірістік шығындарды, өнімнің өзіндік құнын есептеу;
5) Өнім өндіру және сату.
128. «Негізгі өндірістегі жұмысшыларға еңбекақы есептелді»
Счеттар корреспонденциясының дұрысын атаңыз:
1) Дт 8010 Кт 3350
2) Дт 1340 Кт 3350
3) Дт 3350 Кт 1010
4) Дт 1040 Кт 3410
5) Дт 8030 Кт 3350
129. «Құжат» - дегеніміз?
1) Заңды мағынасы бар фактілерінің мазмұнын арнайы үлгідегі қағаздар рәсімдеп жазумен куәландыру;
2) Шаруашылық операцияларын үздіксіз жүйелеп отыру;
3) Бухгалтерлік есептің негізі;
4) Құжаттардың негізінде шаруашылық операцияларына счеттарға жазу;
5) Бухгалтерлік есеп әдістерінің түрлерінің бірі.
130. «Құжаттар реквизиті» - дегеніміз не?
1) Құжаттардың өзіне тән арнайы ережелері мен белгіленген деректер;
2) Құжаттардың көрсеткіштері;
3) Құжаттардағы қажетті деректер;
4) «Реквизиті» латын сөзі, «қажетті деректер»;
5) Дұрыс жауап жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |