131. «Түгендеу» - дегеніміз?
1) Ұйым меншігіндегі барлық тауарлы – материалды құндылықтардың қолда барын бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырып тексеру;
2) Сақтаудағы және қозғалыстағы құндылықтарды тексеру;
3) Баланстағы материалдардың жетіспеушілігін анықтау;
4) Тауарлы – материалды құндылықтардың дұрыс сақталуын тексеру;
5) Дұрыс жауабы жоқ.
132. Түгендеу жұмысы көлеміне қарай қандай түрлерге бөлінеді?
1) Жоспарлы және жоспарсыз;
2) Толық және жекеленген объектілер бойынша;
3) Кенеттен және жоспарлы;
4) Құжат негізінде және нақтылы;
5) Ішкі және сыртқы.
133. Есеп регистрлеріне анықтама беріңіз.
1) Бастапқы құжаттардағы мәліметтердегі экономикалық маңызына қарай әртүлі үлгілер түрінде жасалған кестелер;
2) Тәжірибеде қолданылатын бухгалтерлік счеттар;
3) Счеттар корреспонденциясын тіркейтін арнайы үлгілер;
4) Шаруашылық операцияларын құжаттардың негізінде тіркейтін арнайы үлгі;\
5) Жорнал – ордерлер, ведомостер.
134. Бухгалтерлік есепте қолданылатын регистрлер қандай классификациялық топтарға бөлінеді?
1) Негізгі үш топқа: сыртқы пішініне, жазылу тәртібіне және көлемі мен құрылымы жазылған;
2) Синтетикалық және аналитикалық;
3) Сыртқы үлгісіне қарай;
4) Операциялар мазмұны және жазу түрлеріне қарай;
5) Бухгалтерлік жазудың түрлеріне қарай.
135. Мазмұнының көлеміне қарай есеп регистрлері:
1) Синтетикалық жинақтау, аналитикалық жіктеу, құрамдас;
2) Жинақтаушы, жекеленген;
3) Көп жолды, аз жолды;
4) Жүйелеуші, шахматтық;
5) Құрамдас және жекеленген болып бөлінеді.
136. «Түгендеу кезінде кассада артық шыққан ақша» осы операцияға қайсы жазу беріледі?
1) Дт 1010 Кт 6280
2) Дт 1280 Кт 1010
3) Дт 1020 Кт 1211
4) Дт 1040 Кт 1010
5) Дт 1010 Кт 6010
Достарыңызбен бөлісу: |