263
б) Негізгі өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысын есептеу.
Бұл операциялар № 8012 «Өндірістік
жұмысшылардың еңбегіне
ақы төлеу» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар
өндірістік жұмысшылардың еңбекақысына шығындардан пайда
болатындықтан, шаруашылық операциялар № 3350 шоттың
кредитінен № 8012 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт
Құжаттар
8012 — 3350 Жүктелімдер, еңбекақы
есептеу бойынша есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3350) баланстың активі
мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті»
операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорын өндірісіндегі шығыстары, екінші
жағынан бір мезгілде сол сомаға еңбекақы есептеу бойынша
кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Мысал келтіреміз: қыркүйек
айының соңында шойын құю
цехының жұмысшыларына 2007 жылдың қыркүйек айының
жүктелімі мен есебі бойынша 2000000 теңге мөлшерде еңбекақы
есептелінді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
8012 — 3350 = 2000000 3 типті операция
А (+) П (+)
в) Негізгі өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы есебінен
әлеуметтік салық және әлеуметтік мұқтаждықтарға қаржылар
есептеу. Бұл операциялар № 8013 «Еңбек ақы қорынан аударымдар»
шотының дебеті бойынша бейнеленеді.
Шығыстар өндірістік
жұмысшылардың еңбекақысы есебінен қаржы бөлу мен әлеуметтік
салықтан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 3150,
3210 шоттардың кредитінен № 8013 шоттың дебетіне жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
264
Дт Кт Құжаттар
8013 — 3150, 3210 Еңбекақы, әлеуметтік салық
пен
әлеуметтік мұқтаждықтарға
қаржы бөлу бойынша есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
пассивті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3150, 3210) баланстың
активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорын өндірісіндегі шығыстары, екінші
жағынан бір мезгілде сол сомаға әлеуметтік салық пен әлеуметтік
мұқтаждықтарға қаржылар есептеу бойынша кредиторлық қа-
рыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: