Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет17/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Құжаттау деген не?
2. Есеп құжаттарының құрамында бастапқы құжаттар қандай 
орын алады?
3. Бастапқы құжаттардағы реквизиттер деген не?
4. Бастапқы құжаттардағы қандай реквизиттер міндетті болып 
саналады?
5. Барлық міндетті реквизиттері толтырылмаған құжаттың заңды 
күші бола ма?
6. Бастапқы құжаттар қай уақытта жасалуы тиіс?
7. Құжаттың жасалу дұрыстығына кім жауапты болады?
8. Қандай бастапқы құжаттарда қателерге жолберілмейді?
9. Бастапқы құжаттағы қате қалай түзетіледі?
10. Түгендеу 
Барлық шаруашылық операцияларды құжаттау мен шоттардағы 
қосарлы жазу жүйесі бәрібір кәсіпорынның шаруашылық қызметінің 
толық бейнелеуін қамтамасыз ете алмайды. Күнделікті құжаттаудың 
ықпалына түспейтін (табиғи кему) немесе кейбір себептермен 
бастапқы құжаттардың мәліметтерін бұрмалайтын (қоймадағы опе-
рацияларды жасау және есептеу кезіндегі қателер, қиянат етушілік, 
ұрлық, иесіздік) процестер де болады.
Мұндай фактілер туралы мәліметтер түгендеу кезінде ғана 
ашылуы мүмкін. материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары 
мен есеп айырысулар түгендеуге тап болады.
Түгендеу, бұл — кәсіпорында сақталу орындары бойынша 
тауар-материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есеп бойынша 
құжаттарын олардың нақты бар болуымен салыстыру.
Түгендеу есептегі қателерді айқындау мен Материалды жауапты 
тұлғалардың есебіндегі материалдық құндылықтардың түгелдігін 
тексеру үшін қажет.
Егер, материалдардың түгендеуі жүргізілсе, онда олар есептеледі, 
таразыға тартылады, өлшенеді және олардың техникалық жағдайы 
бағаланады. Бұл жұмыстың барысында тиісті үлгідегі түгендеу 
тізімі толтырылады. Материалдық құндылықтардың нақты бар 
болуы бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырылады. Атап 
айтқанда, материалдық құндылықтарды сақталу орындарынан 
алынған түгендеу тізімінің мәліметтері бухгалтерлік шоттардағы 


34
жазулармен салыстырылады. Ол үшін тиісті үлгіде салыстыру ве-
домосы түзіледі.
Соған ұқсас, салыстыру ведомосындағы түгендеу тізімі үлгісінің 
шамалы өзгеруінен басқа негізгі құралдардың түгендеуі жүргізіледі. 
Негізгі құралдарды түгендеуде әрбір мүлік объект бойынша есепке 
алынады.
Ақша қаражаттарын түгендеу кезінде олардың кассадағы нақты 
бар болуы мен анықталған сома бухгалтерлік есеп мәліметтерімен 
салыстырылады.
Есеп айырысуларды түгендеу кезінде оларға мұқият салысты-
ра тексеру жұмысы жүргізіледі. Түгендеу толық немесе бөлшекті 
түрде (материалды-жауапты тұлғаларды бақылау үшін), жоспарлы 
және кенеттен болады. Түгендеу төмендегі жағдайларда міндетті 
түрде жүргізіледі. Олар: 
1. Кәсіпорынның мүлкін жалға беру, сатып алу, сату, сондай-ақ 
меншіктің түрі өзгеру жағдайында;
2. Жылдық есеп беруді дайындау алдында. Үйлер, ғимараттар 
мен негізгі құралдардың басқа да қозғалмайтын объектілерінің 
түгендеуі екі-үш жылда бір рет жасалуы мүмкін;
3. Материалды жауапты тұлғаның ауысуы кезінде (жұмысты 
қабылдау-тапсыру күніне);
4. Ұрлық және қиянат ету, сондай-ақ құндылықтардың бұзылу 
фактілері анықталған кезде;
5. Өрт немесе басқа табиғи апаттар болған жағдайда.
Түгендеу кезінде анықталған артықшылықтар кіріске алынып, 
кәсіпорынның табыстарына есепке алынады. Кем шығулар айып-
ты тұлғалардан өндіріледі. Егер айыптар анықталмаса немесе сот 
органы талапты қанағаттандырмаса, онда кем шығу өндіріс немесе 
айналым шығындары ретінде бейнеленеді. 
Түгендеу комиссия құрамына Материалды жауапты тұлғаны 
қатыстырумен жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет