Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет51/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Қайталау үшін сұрақтар:
1. ҚР әлеуметтік қамсыздандыру қоры бойынша кәсіпорындар 
қайда тіркеледі?
2. ҚР әлеуметтік қамсыздандыру қорының қаржылары есебінен 
қандай шығыстар жасауға болады?
3. Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақтардың төлемі 
қалай есептеледі?
4. Ауырған баласына күтім жасау бойынша төлем қалай есеп-
теледі?
41. Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу есебі 
бойынша негізгі бухгалтерлік проводкалар 

Жинақтаушы зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру қоры-
мен есеп айырысудың есебі № 3220 «Зейнетақы аударымдары 
бойынша міндеттемелер» мен № 3230 «Басқа міндетті төлемдер 
бойынша өзге міндеттемелер (Әлеуметтік қамсыздандыру қоры)» 
пассивті шоттарында жүргізіледі.
№ 3220 «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер» шо-
тының кредиті бойынша жинақтаушы зейнетақы қорына есептеудің 
(10 %) сомалары, ал № 3230 «Басқа міндетті төлемдер бойынша өзге 
міндеттемелер (Әлеуметтік қамсыздандыру қоры)» шотының кре-
диті бойынша әлеуметтік қамсыздандыруға есептелген қаржылар 
(3 %) сомасы көрсетіледі. Осы шоттардың дебеті бойынша тиісті 
қорлардан жұмсалған және сол қорларға аударылған сомалар 
бейнеленеді. 
Қайталау үшін сұрақтар:
1. № 3220 «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер» 
және № 3230 «Басқа міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер 
(Әлеуметтік қамсыздандыру қоры)» шоттарының кредиті бойынша 
нелер көрсетіледі?
2. Бұл шоттардың дебеті бойынша нелер бейнеленеді?


81
IV бөлімше. МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР, ӨНДІРІС 
ЖӘНЕ ӨНІМДІ ӨТКІЗУДІҢ ЕСЕБІ
42. Өндірістік қорлардың есебі
Өндірістік қорларға материалдар, құрал-саймандар, аспаптар 
және т.б. жатады. Кәсіпорындарда материалдар есебінің тәртібі 
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарындағы материалдардың 
есебі бойынша ережелерімен белгіленеді.
Материалдар төмендегі синтетикалық баланстық шот пен 
субшоттарда есепке алынады:
1310. Шикізат пен материалдар;
1311. Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтау 
бұйымдары, конструкциялар мен тетіктер;
1312. Отын;
1313. Ыдыс және ыдыс материалдары;
1314. Қосалқы бөлшектер;
1315. Өзге материалдар;
1316. Ұқсатуға берілген материалдар;
1317. Құрылыс материалдары.
Материалдар келуінің есебі көтерме бағалар бойынша олардың 
құны (қосымша құнға салынатын салықсыз (ҚҚС) мен көлік-
дайындау шығыстарынан (КДШ) құралатын дайындаудың нақты 
құны бойынша жүргізіледі. 
Материалдардың келуі мен шығыс етілуін жазу сызбасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет