Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет119/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Мысалдар келтіреміз: 1) жаңа өндірістерді дайындау, сондай-ақ 
жаңа агрегаттарды орнату және басқа ұзақ мерзімді активтер үшін 
2005 жылы маусым айындағы жұмыс жүргізушінің материалдық 
есебіне сәйкес, 8000000 теңге сомада құрылыс материалдары 


194
жұмсалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2940 — 1317 = 8000000 1 типті операция
А (+) А (-)
2) 2005 жылы I-тоқсанда кен орнындағы кен-дайындау жұмыста-
рын жүргізу үшін 2005 жылы наурыз айының 26 жұлдызындағы 
кен-жүргізу бригадасының жүктеліміне сәйкес, 1900000 теңге 
сомада кеншілерге еңбекақы есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік 
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2940 — 3350 = 1900000 3 типті операция 
А (+) П (+)
г) Берілген аванстар бойынша. Олар бойынша есеп айырысу
№ 2910 «Берілген ұзақ мерзімді аванстар» активті шотында бейне-
ленеді. Олардың келіп шығу көздері ақша қаражаттары болғандықтан, 
шаруашылық операциялардың жазылуы № 2910 активті шоттың 
дебетіне № 1040, 1050, 1070 шоттардың кредитінен жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2910 1040, 1050, 1070 Төлем тапсырмалары 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті 
шоттар орналасқан. Демек, бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті» 
операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер 
болады (бір жағынан берілген аванстар бойынша дебиторлық 
қарыздар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның 
ақша қаражаттары шығыс етіледі). 
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында күрделі құрал-жабдықты жасап 
беру үшін 2005 жылы шілде айының 26 жұлдызындағы № 832 төлем 
тапсырмасына сәйкес, 2400000 теңге сомада аванс аударылды. Бұл 
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:


195
Дт Кт Сома Ескерту
2910 — 1040 = 2400000 1 типті операция 
А (+) А (-) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет