Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет20/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Калькуляциялау деген не?
2. Тікелей шығындарға не жатады?
3. Жанама шығындарға не жатады?
4. Өнімнің жеке түрлері бойынша жанама шығындар қалай үлес-
тіріледі?
5. Салық инспекциясы калькуляция жасаудың дұрыстығын неге 
тексереді? 
6. Тікелей шығыстар қай шотқа апарылады?
7. Жанама шығыстар қай шотқа апарылады?
8. «Әкімшілік шығыстар» шоты қашан жабылады?
9. Үстеме шығыстар қай шоттарда жабылады?
13. Есеп регистрлері. Қателерді түзету әдістері 
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы қажетті 
мәліметтер алу үшін бастапқы құжаттарда көрсетілген шаруашылық 
операциялар туралы мәліметтерді топтастырып тіркеу қажет. Ол 
үшін есеп регистрлері қолданылады.
Есеп регистрлері, бұл — шаруашылық операциялар туралы 
мәліметтерді тіркеу мен топтастыру үшін бейімделген арнайы тәр-
тіптер. 
Сыртқы түріне байланысты олар бухгалтерлік кітаптар, карто-
чкалар және бос парақтар (ведомостар) болып бөлінеді.


39
Бухгалтерлік кітаптарда барлық беттер тігіліп және нөмірленген 
болуы тиіс. Соңғы бетте кітаптың қанша беті нөмірленгенін, одан 
соң басшы мен бас бухгалтердің қолтаңбалары мен ұйымның 
мөрі қойылады. Бухгалтерлік кітаптың үлгісі болып бас кітап пен 
кассалық кітап саналады.
Карточкалар өзара бір бірімен бекітілмейді және арнайы жәшік-
картотекада тұрады. Карточкаларды толтырудың үлгісі болып 
материалдардың санды-сомалық есеп карточкалары саналады.
Бос парақтар да өзара бір бірімен бекітілмейді, бірақ олар 
карточкалардан өзгеше үлкен көлемді болады, жұқалау қағаздан 
жасалады және папкілерде сақталады. Бос парақтардың үлгісіндегі 
есеп регистрлерінің мысалы болып еңбекақы беру үшін төлеу 
ведомостары табылады.
Бұл регистрлердің дұрыс жағы мен кемшіліктері де бар. 
Карточкалар мен бос парақтар қандай да болсын топтастыруға оңай 
келеді, сондықтан олармен жұмыс істеуді бірнеше қызметкерлер 
арасында бөліп беру мүмкіндігі бар. Бірақ, басқа жағынан картотека 
немесе папкіде қайсы бір парақ немесе карточканын еркін алынуы 
оның жоғалуына, бір карточканың басқасымен ауыстырылуы немесе 
олардың ішіндегі жазулардың өзгеруіне алып келуі мүмкін.
Кітаптарда, керісінше, әрбір парақтың сақталуы қамтылған, бұл 
жағдай белгілі дәрежеде тәртіп бұзуға жол бермейді.
Есеп регистрлерін толтыру кезінде бухгалтер тарапынан қателер 
жіберілуі мүмкін. Қателер қызметкердің шаршағандығынан
салақтығынан немесе калькулятордың бұзылуынан туындайды.
Қателер локальды, яғни бір жердің шеңберінен аспайтын (мысалы, 
күні дұрыс қойылмаған) және транзитті, яғни өтпелі, болып келеді 
(егер қате өзінен-өзі бірнеше есеп регистрлерінен өтетін болса, 
мысалы, операциялардың журналында қайсы бір соманың жазуын 
бұрмалау шоттарда, айналым ведомосында және баланста қателерге 
алып келеді).
Қателер операцияның мәтінінде және сандарында (көбірек 
кездесетін) болуы мүмкін, онда олар бұрыс проводка жасауға 
соқтырады.
Көбінесе бухгалтер бір шоттың дебетіне соманы жазып қойып, 
екінші шоттың кредитіне жазуды ұмытып кетеді немесе керісінше 
болады. Бір уақытта журналға соманы жазып қойып, оны шоттар 
бойынша жазуды есінен шығарады. Кейде синтетикалық есеп 
регистрлерін толтыра отырып, бухгалтер аналитикалық есеп туралы 
есінен шығарып алады.


40
Қателердің соңғы тобы №8 «Қосарлы жазудың бақылау маңызы» 
бөлімшесінде көрсетілген бақылаудың әдістерін қолдану кезінде 
айқындалады.
Сандар бойынша қателерді іздеу үшін оларды калькуляторда 
есептеңіз, одан соң сол есептеуді «минус» белгісімен қайта 
қайталаңыз.
Қателерді түзету үшін екі тәсіл пайдаланылады. Бірінші тәсілді 
қолдану кезінде бұрыс жазу сызылады және жоғарыда дұрыс жазу 
жазылады, қате қызыл сиямен қайталанады. Бұл оның алғашқы 
сомасынан шегерілетінін білдіреді. Одан соң, дұрыс соманы жазады, 
бірақ әдеттегі сиямен. Осылай дағдылы түрде транзитті қателерді 
түзейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет