Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет39/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Кассалық кітапты дайындау үшін қандай талаптар қойылады?
2. Кассалық кітаптағы жазу неше данада жазылуы тиіс?
3. Кассалық есепті жазудың мерзімділігі қандай?
4. Қолма-қол ақша қайда сақталады?
5. Кассада қолма-қол ақшадан басқа нелер сақталуы мүмкін?
6. Қатаң есеп берудің бланкілері қай шотта есепке алынады?
7. Касса бойынша жазулар үшін қай шот қолданылады?


66
30. Есепті тұлғалармен есеп айырысу
Есепті тұлғалар болып кассадан шаруашылық, іссапар шығыстары 
мен материалдар сатып алу үшін қолма-қол ақшаны алдын ала алған 
кәсіпорынның қызметкерлері саналады. Кассадан шаруашылық 
және басқа шығыстарға қолма-қол ақша алуға құқылы лауазымдар 
мен тұлғалардың тізімін кәсіпорынның басшысы бекітеді, ал 
іссапарларға қаражаттар оның бұйрығы негізінде беріледі.
Қызмет іссапары болып тұрақты жұмысынан (кәсіпорынның 
жайғасу орнынан) тыс қызмет тапсырмасын орындау үшін ұйым 
басшысының ұйғарымы бойынша қызметкердің сапары саналады. 
Іссапарына берілетін соманың мөлшері іссапардың мерзімі және 
оның тағайындалу орнымен шектеледі, өйткені сапардың екі жағына 
жолақы, іссапардағы тәуліктік және пәтер ақылар төленуге жатады.
Қызмет іссапарларының тәртібі мен жағдайлары Қазақстан Рес-
публикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленеді.
Есепті тұлғалармен есеп айырысу № 1250 «Қызметкерлердің
қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотында жүргізіледі. Есепті 
тұлғаның кәсіпорын алдындағы қарызы іссапар мен алынатын со-
малар бойынша есеп беру мерзімдері өтіп кетпегенше әдеттегіше 
болып есептеледі.
Бұл қарыз № 1250 шоттың дебеті, ал оның жойылуы кредит бой-
ынша бейнеленеді. Егер барлық алынған ақшалар жұмсалмаған 
жағдайда, олардың сол бөлігі кәсіпорынның кассасына қайтарылады 
(№ 1010 шоттың дебеті мен № 1250 шоттың кредиті бойынша). Егер 
ақшалар артық жұмсалса және ол шығыстар құжаттар арқылы 
дәлелденіп, кәсіпорынның басшысымен бекітілсе, онда кассадан 
қосымша ақша беріледі.
Қалай болған жағдайда есепті тұлға оған барлық шығындарды 
дәлелдейтін құжаттар (көліктерге билеттер, қонақүйлер мен дүкен-
дердің шоттары және т.б.) қоса тігілген аванстық есеп жасайды.
Егер есепті тұлғалардың саны көп болса, онда арнайы ведомо-
старда олардың аналитикалық есебін жүргізу мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет