Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет47/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Еңбекақы бойынша есеп айырысу қай шотта бейнеленеді?
2. № 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» 
шотының кредиті бойынша нелер анықталады?
3. № 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
шотының дебеті бойынша нелер анықталады?
4. Егер 3 күн мерзімі өткеннен кейін шотты жабу кезінде еңбекақы 
толық алынбаса, не істеу керек?
5. Депонирленген еңбекақының аналитикалық есебін қалай 
ұйымдастыру керек?
6. Депонирленген еңбекақы қай синтетикалық шотта есепке 
алынады?
7. Бұрын депонирленген еңбекақыны төлеу қажет болған кезде не 
істеу керек?
8. Сұралмаған депонирленген еңбекақымен не істеу керек?
37. Еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі жөнінен негізгі 
бухгалтерлік проводкалар 
Еңбекақы, өнім, жұмыстар мен қызметтер өзіндік құнның 
элементі болып саналады. Бірақ, ол өзіндік құнға алуан түрде енгі-
зіледі. Тікелей өнім өндіретін жұмысшылардың еңбекақысы № 8012 
«Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы» шотына жабылады. 
Әкімшілік-басқару және кіші қызметші персоналдың еңбекақысы 
№ 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотына жабылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік сақтандыру мен зейнет-
ақымен қамтамасыз ету қорлары есебінен жәрдемақыларды есептеу 
кезінде № 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» 
шоты және кредиттеледі, ал онда тиісті қорлар қалыптастырылған 
№ 3540 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» шоты дебеттеледі.
Қазіргі уақытта кейбір кәсіпорындарда жұмысшыларға еңбек-
ақыны заттай, яғни тауар, өнім және қызметпен төлеу әдісі кеңінен 
таралған. Бұл жағдайда № 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа 
мерзімді берешек» шоты дебеттеледі, ал № 3540 «Өзге қысқа 
мерзімді міндеттемелер» шоты кредиттеледі. Бұған «Заттай төлеу» 
субшотын ашу ұсынылады.


76
Еңбекақы бойынша есеп айырысулардың жазылу сызбасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет