Бухгалтерлік есепке заңнамалы- нормативтік құжаттардың әдістемелік жинағы 0705002 «Бухгалтерлік есеп және аудит»


Мамандандырылған салалар § 276. Ауыл шаруашылығы



бет18/45
Дата04.07.2016
өлшемі2.96 Mb.
#176747
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45

33. Мамандандырылған салалар




§ 276. Ауыл шаруашылығы

610. Осы Стандартты қолданушы және ауыл шаруашылығы қызметімен айналысатын субъект өзінің биологиялық активтері үшін шамадан тыс шығынсыз мен күш салмай оның әділ құнын анықтаудың мүмкіндігін бағалайды:

1) субъект әділ құнын шамадан тыс шығынсыз мен күш салмай анықталуы мүмкін биологиялық активтерді есепке алу үшін 10-29 ХҚЕС (IAS)  «Ауыл шаруашылығы» 41-ге сәйкес әділ құны бойынша есепке алу моделін пайдалануы, сондай-ақ ХҚЕС (IAS) 41 талап ететін барлық тиісті ашуларды ұсынуы тиіс.

2) субъект әділ құнын шамадан тыс шығынсыз мен күш салмай анықталуы мүмкін емес биологиялық активтерді жинақталған амортизация мен құнсызданудан жинақталған шығындарды шегере отырып, өзіндік құны бойынша өлшеуі тиіс. Мұндай биологиялық активтерге қатысты субъект мынадай:

биологиялық активтердің сипаттау;

әділ құнын жеткілікті сенімділік дәрежесінде өлшеу мүмкін болмағының себептерін түсіндіру;

мүмкіндікке қарай, ең алдымен, ішінде әділ құны жатқан бағалау диапазоны;

амортизацияны есептеудің пайдаланылатын әдісі; және

пайдалы мақсатта қолданудың мерзімдері немесе амортизациялық есептеу нормалары; және

кезеңнің басы мен соңында жиынтық баланстық құны және жинақталған амортизацияны (құнсызданудан жинақталған шығындармен бірге) ақпаратты ашуы тиіс.

Субъект егінді жинау кезінде сатуға жұмсалатын шығынды шегере отырып, биологиялық активтерден жиналған ауыл шаруашылығы өнімдерін әділ құны бойынша өлшеуі тиіс. Мұндай көрсеткіш осы Стандарттың 12-бөлімін немесе басқа бөлімдерін қолдану кезінде сол күнгі өзіндік құны болып табылады.

§ 277. Өндіруші сала

611. Осы Стандартты қолданатын және пайдалы қазбаларды барлаумен, артық қорларын бағалаумен немесе өндірумен айналысатын субъект барлау жүргізілген уақыттағы шығыс ретінде жұмсалған шығындарды сезінуі тиіс. Пайдалы қазбаларды өндіру қызметінде пайдалануға арналған материалдық және материалдық емес активтерді сатып алуға немесе әзірлеуге жұмсалатын шығындарды есепке алу кезінде субъект тиісінше «осы Стандарттың 16 және 17-бөлімдерін пайдалануы қажет. Егер субъектіде объектіні қайта жөндеуге не жоюға немесе учаскені қалпына келтіруге міндеттеме болса, мұндай міндеттемелер мен шығындар осы Стандарттың 16 және 20-бөлімдеріне сәйкес ескеріледі.



34. Тоқтатылған қызмет және сатуға арналған активтер



§ 278. Тоқтатылған қызмет

612. Тоқтатылған қызмет субъектінің не шығып кеткен не сату үшін жіктелетін құрамдас бөлігі болып табылады, және

1) қызметтің жеке белгілі бір түрін немесе қызметті жүргізудің географиялық ауданын білдіреді;

2) қызметтің жеке белгілі бір түрінің немесе қызметті жүргізудің географиялық ауданының бірыңғай үйлестірілген шығу жоспарының бөлігі болып табылады немесе

3) кейіннен қайта сату мақсатында ғана сатып алынған еншілес кәсіпорын болып табылады.
§ 279. Ақпаратты ұсыну және ашу

613. Субъект:

1) мыналардан:

тоқтатылған қызметтен түкен салықтардан кейінгі пайда мен залалдардан және

сату немесе активтердің не активтер тобының (топтарының) шығындарын шегерудің әділ құны мен тоқтатылған қызметке жататын міндеттемелер бойынша өлшеу кезінде танып, қабылданған салықтардан кейінгі басқа да табыстардан немесе зияндардан жинақталатын пайда мен залал туралы есептегі бірыңғай соманы;

2) мыналарға:

кірістерге, шығыстар мен салыққа дейінгі пайдаға немесе тоқтатылған қызметтің пайдасына салынған салық бойынша зияндар мен шығындарға;

сату немесе активтердің не активтер тобының (топтарының) шығындарын шегерудің әділ құны мен тоқтатылған қызметке жататын міндеттемелер бойынша өлшеу кезінде танып, қабылданған салықтардан кейінгі басқа да табыстарға немесе зияндарға және пайдаға салынатын салықтар бойынша тиісті шығыстарға осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген бірыңғай соманың айырмасын ашуы тиіс.

Құрайтын айырма ескертпеде немесе пайда немесе зиян туралы есептің өзінде берілуі мүмкін. Егер айырма пайда немесе зиян туралы есептің өзінде берілсе, онда ол тоқтатылған қызметке жататын бөлімде, яғни жүргізілетін қызметтен бөлек болуы тиіс.

3) операциялық және инвестициялық қызметке, сондай-ақ тоқтатылған қызметті қаржыландыру жөніндегі қызметке жататын ақша қаражатының таза ағынын ашуы тиіс. Мұндай ашулар ескертпеде немесе қаржылық есептің өзінде берілуі мүмкін.

614. Егер соңғы ұсынылатын кезең үшін нақты жүзеге асырылмайтын болса, субъект ашылатын ақпарат есепті кезеңнің соңында тоқтатылатын барлық қызметке қатысты болуы үшін ұсынылған қаржылық есептердегі алдыңғы кезеңдерге қатысты алдыңғы тармақта ашылатын ақпаратты қайта есептеуі тиіс.

615. Егер субъект сатуға арналған компонентті жіктеуді тоқтатса, онда субъект тоқтатылған қызмет ретінде бұрын ұсынылған компонент қызметінің нәтижелерін қайта жіктеуі және оларды барлық ұсынылған кезеңдер үшін жүргізіліп жатқан қызметтен түскен пайдаға қосуы тиіс. Алдыңғы кезеңдердегі сомаларға қатысты олардың қайта есептелгені көрсетілуі тиіс.


§ 280. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

616. Субъект, егер оның баланстық құны жүргізіліп жатқан пайдалану арқылы емес, негізінен сату есебінен өтелетін болса, сатуға арналған ретінде ұзақ мерзімді активтерді (негізгі қаражатты, материалдық емес активтер мен еншілес және қауымдасқан ұйымдарға және бірлескен қызметке инвестицияларды қоса алғанда) жіктейді. Бұл үшін актив шұғыл сатылуы үшін жұмыс істеп тұрған жағдайда және мұндай активтерді сату жалғасатын әдеттегі жағдайларда болуы тиіс, оны сатудың ықтималдығы жоғары болуы тиіс және субъект оны сатуды сатуға арналған ретіндегі жіктеу сәтінен бастап бір жыл ішінде аяқтауды жоспарлауы тиіс.

617. Субъект сатуға арналған ретіндегі жіктелген ұзақ мерзімді активті (немесе шығуға арналған топты) баланстық құнынан неғұрлым аз шамада және сату шығынын шегергендегі әділ құны бойынша өлшейді.

618. Субъект ұзақ мерзімді активті сатуға арналған ретінде жіктелгенше немесе сатуға арналған ретіндегі жіктелген шығу тобының бөлігі болып тұрғанда амортизациялауға тиісті емес. Сатуға арналған ретіндегі жіктелген шығу тобының міндеттеріне жататын пайыздар мен басқа да шығыстар одан әрі танылуы тиіс.


§ 281. Ақпаратты ашу

619. Субъект ұзақ мерзімді активтер не сатуға арналған ретіндегі жіктелген, не сатылған кезде мынадай ақпаратты:

1) активтің не шығу тобының сипатын;

2) сатуға немесе көзделетін шығуға жататын фактілер мен міндеттемелерді және осы шығудың күтілетін тәсілдері мен мерзімдерін сипатын; және

3) егер пайда мен залал туралы есепте олар көрсетілсе, танып, қабылданған табыс пен зиянды ашады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет