Буканова асель кайратовна


Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар



бет7/31
Дата29.02.2024
өлшемі7.27 Mb.
#493319
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
bukanova-a-k-povtor-phd-s-sp

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  • болашақ информатика мұғалімдерін дайындауда цифрлық білім беру технологиялары негізінде информатика тарихын оқытуды жетілдірудің қажеттілігі;

  • білім беруді цифрландыру жағдайында информатика тарихы курсының мазмұны;

  • информатика тарихы курсы бойынша төңкерілген оқыту ресурсы;

  • болашақ информатика мұғалімдеріне информатика тарихы курсын төңкерілген оқыту ресурсын пайдаланып оқыту әдістемесі.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу.
Зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелері «Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер. 1-кезең (Нұр-Сұлтан, 2019), «Математикалық модельдеу мен ақпараттық технологиялар білімде және ғылымда» (Алматы, 2020), «Информатизация образования и методика электронного обучения» (Красноярск, 2019), «Цифровой университет: международная глобализация педагогического образования» (Красноярск, 2019), «ICEST-2020: Economic and Social Trends for Sustainability of Modern Society» (Saint-Petersburg – Krasnoyarsk, 2020) атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияларында талқыланды. Диссертация мазмұны бойынша зерттеу нәтижелері 10 жарияланымда көрініс тапқан, оның ішінде Scopus деректер базасына кіретін журналдарда – 1, Web of Science деректер базасына кіретін ғылыми-практикалық конференциялар жинағында – 1, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің ұсынған басылымдарда – 4, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың материалдар жинақтарында – 4 (оның ішінде, шетелдік конференциялардың материалдар жинақтарында – 2).
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2018-2019) – психологиялық-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық зерттеу жүргізілді. Отандық және шетелдік зерттеулердегі болашақ информатика мұғалімдерін даярлау барысында информатика тарихы курсын оқыту мәселелері талданды, «төңкерілген оқыту ресурсы» ұғымының мәні айқындалып, теориялық тұжырымдар жасалды.
Екінші кезеңде (2019-2020) цифрлық білім беру технолоияларын пайдаланып информатика тарихы курсын оқытудың әдістемесін оқу үдерісіне енгізу жұмыстары нақтыланып, мазмұны іріктеліп, төңкерілген оқыту ресурсы негізінде информатика тарихы курсын оқыту әдістемесі жасалынды.
Үшінші кезеңде (2020-2021) болашақ информатика мұғалімдерін даярлауда информатика тарихы курсы бойынша білім деңгейінің арттыруына септігін тигізетін курсты оқыту әдістемесінің тиімділігі практика жүзінде зерттеліп, эксперимент нәтижелері тексерілді, әдістеменің нәтижелері қорытындыланды және оны өңдеу жұмыстары жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет