Бул ұлпа мен периодонт кабынуы кезіндегі жергілікті патологиялық үрдіске ұшырайтын тіндердің жиынтығы. Дәлелдеп айтқанда ол ұлпа және қуыс қабырғасын құрайтын дентин


) Созылмалы гипертрофиялық ұлпа қабынуын емдеудің витальді аралас әдісінің реттілігі



бет2/90
Дата25.12.2023
өлшемі0.77 Mb.
#487940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
эндо

1.1.3.) Созылмалы гипертрофиялық ұлпа қабынуын емдеудің витальді аралас әдісінің реттілігі
Витальді ампутация әдісі. Сауыт ұлпасын ампутациялағаннан кейін түбір өзектердегі тіршілікке қабілетгі ұлпаны сақтап қалу әдіс. Әдіс тұбірлік ұлпаның репаративті үрдіске қабілеттілігіне негізделген. Көрсеткіштері: 1. ұлпаның жедел жартылай қабынуы 2. ұлпаның кездейсоқ ашылуы 3. жарақаттық ұлпа қабынуы 4. созылмалы фиброзды ұлпа қабынуы 5. түбірі қалыптаспаған тіс. Бұл әдіс сауыт және түбір ұлпасы арасында шекара анық көрінетен көп түбірлі тістерде, дені сау жас адамдардың периодонты және пародонты қабынбаған жағдайда қолданылады.
Орындау тәсілі: 1.Жансыздандыру 2. Тісжегі қуысы егеп-тазалау, некроэктомия 3. Тіс қуысын ашу 4. Асептика және антисептика қағидасын сақтап сауыт ұлпасын ампутациялау өткір экскаватор немесе шар тәрізді бормен жүргізеді. Тіс қуысын жылы, тітіркендірмейтін антисептиктермен шаяды. Өзек сағалары қанаса 5 % аминокапрон қышқылы еріт-мен, гемостатикалық мақтамен немесе электрокоагуляция әдісімен тоқтатады. Содан кейін тіс қкысын мақта анжымен немесе жылы ауа ағынымен кептіреді. 5. Өзек сағасына емдік төсем салу, қысым болмау керек 6. Стерильді тампон, уақытша пломба.
5-7 күннен кейін науқас адамның шағымын сұрап, тісті перкуссияға тексеріп, уақытша пломбаны алып тастаймыз, емдік төсем өзгеріссіз болса оны қалдырамыз, тісжегі қуысын антисептикалық өңдейміз, кептіреміз, емдік төсем үстіне жасанды дентиннен төсем салып, одан кейін аралық төсем ШИЦ-тен, тұрақты пломба. Физиотерапия әдістерін қолдану керек. Витальды ампутация әдісте ампутациялық жара бетінде дәнекер тінді капсула немесе дентинді көпір түзіледі. Науқас адам диспансерлік есепке алынады. Шағым болмаса түбірлік ұлпа өлі еместігіне көз жеткізу үшін 1, 6, 12 ай сайын ЭҚ анықтап отыру керек.
Витальді экстирпация әдісі. Алдын ала мышьяк қойыртпағын салмай, тек анестетиктердің көмегімен ұлпаны толығымен алу әдіс. Әдістің артықшылығы: - мышьяк препараттарының периодонт тіндеріне токсинді әсерінің болмауы - емдеу бір сеанста жүргізіледі - тіске жасалған манипуляция ауырсыз
Әдістің кемшілігі: - анестезия жүргізгенде аллергия туу қаупі бар - өзек ішінен ұлпаны алғанда қанның тоқтамауы - эндодонттық манипуляция кезінде науқаста реакция болмауы - периапикальді аумақта гематома түзілуі немесе пломбалық материалды түбір үшына шығару нәтижесінде, тістеу кезінде ауыру туындауы.
Әдіс ұлпа қабынуының барлық түріне арналған, әсіресе шіри және өсе қабынған түрлерінде, бұндай кездерде мышьяк қойыртпағын пайдалануға болмайды. Сонымен қатар биологиялық және витальды ампутациялық емдеу әдістері нәтиже бермеген жағдайда. Қарсы көрсеткіштері: - егер емделетін тістің түбір өзектері мүлдем өтпейтін болса - егер науқастың жағдайы нашар болса - егер науқас адамның анестетикке аллергиясы болса.
Орындау тәсілі: 1. Жансыздандыру 2. Тісжегі қуысын егеп-тазалау, тіс қуысын ашу 3. Сауыт ұлпаны ампутациялау, түбір өзектердің сағасын кеңейту, түбір ұлпаны алу 4. Түбір өзектерді аспаптармен өңдеу, сонымен қатар құрамына ЭДТА бар препараттармен өңдеу 5. Түбір өзектерді медикаментозды өңдеу, кептіру, пломбылау 6. Рентген жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет