1.1.9.) Эндодонтия туралы түсінік
Эндодонтия (лат. endodontics). Ұлпа мен периодонт ауруларына қатысты терапевтік стоматология тарауы. Тіс каналдарында қолмен жасалатын емдік өдістерді жетілдіру, түбір каналдарды толық зарарсыздандыру жолдарын қарастыру, каналды тазалайтын және пломбалайтын арнайы саймандарды ойлап табу, канал толтыратын жаңа зиянсыз әрі сапалы материалдарды іздестіруді қарастырады.
Эндодонтия-стоматологиялық хирургия мамандығы. Эндодонт, ауруды, тістің ішкі жағынан емдейді.
Эндодонтия-целюлоза мен периапекс (периодонт және альвеолярлық сүйек) ауруларының алдын алу, диагностикалау және емдеуден тұрады. Ол патологиялық тісті сау, симптомсыз және функционалды тіске айналдыру үшін қолданылады.
Бул ұлпа мен периодонт кабынуы кезіндегі жергілікті патологиялық үрдіске ұшырайтын тіндердің жиынтығы. Дәлелдеп айтқанда – ол ұлпа және қуыс қабырғасын құрайтын дентин (ұлпа-дентинді жиынтығы).
Клиницисттер буған тағы ұлпа-периапикальды жиынтығын қосады.Оның ішіне ұлпа мен тiс қуысының қабырғасындағы дентиннен басқа түбір ұшы маңайындағы тіндер (апикальды периодонт, цемент, кортикальды пластинка) кіреді.
Эндодонтия-тiс куысында (сауыт белiгiнде және түбір өзектерінде) орналасқан тіндерінің морфологиясы туралы, ұлпа мен периодонт тіндерінде патологиялық үрдістер пайда болуының және ағымының ерекшеліктері туралы, диагностика мен емдеу әдістері туралы ғылым.
1.1.10.) Эндодонтиядағы заманауи құрал-саймандар
Эндодонттық аспаптар түбір өзектерін механикалық өңдеу үшін қолданылады. Бұл асппатар қолмен және машинаның көмегімен жұмыс істейді.
Заманауи эндодонттық аспаптар дайылдалған: көміртекті болаттан, хромникельді қорытпадан, никель-титанды құймадан. Олар жұмысшы бөліктің толық практикалық беріктігін, жақсы иілгіштік қасиетке ие және майысқан жағдайда өзінің бастапқы қалпына келі мүмкіндігі жоғары.
Стоматологияда айналмалы никель-титан құймасынан жасалған инструменттер түбір каналының пішінін қалыптастыру үшін және тазалау үшін қолданылады. Эндодонтияның негізгі мақсаты: түбір каналының обтурациясы кезінде қолайлы жағдай жасай отырып тазалау, дезинфекциялау.
Достарыңызбен бөлісу: |