Эндодонтиялық аспаптар қолдану ерекшелігіне қарай 6 топқа бөлінеді.
Нақтамалық аспаптар( түбір өзегінің ұзындығын анықтауға арналған );
Түбір өзектердің сағасын кеңейтуге арналған аспаптар;
Түбір өзегін жұмсақ тіндерден арылтатын аспаптар;
Түбір өзектерін өтуге арналған аспаптар;
Өзектерді кеңейтуге арналған аспаптар;
Түбір өзегін бітеуге ( пломбылауға) арналған аспаптар.
Түбір өзектерің өтуге және кенейтуге арналған аспаптар.
Бұл топқа эндодонттық аспаптардың 3 түрі - өзекті тегістегіш, кенейткіш және түбір өзегіне белгілі бір пішін бере отырып кенейтетің аспаптар жатады. Дрильбордың көмегімен түбір өзегін кенейте отырып, толық өтуге мүмкіндік жасалады. Сонымен бірге түбір өзектерің де пломбаланған өтуге болады
Кей жағдайда пломбаланған өзекті өту киынға туссе, машиналық дрильбордың көмегімен жузеге асыруға болады. Бірақ машиналық дрильборды көп пайдаланған дұрыс емес, себебі машинаның айналым жылдадығы жылдамдығы жоғары болған кезде, түбір өзегінен тыс кетіп, сынымқалуы мүмкін.
Түбір өзектерін пломбалауға арналған аспаптар.
Оларға бұранда тәрізді өзек толтырғыш, пломбаны нағыздағыш, қолмен істейтің кенейткіш – дрильбор жатады. Осы аспаптардың көмегімен эндодонттық емнін сонғы шешуші сатысы жүргізіледі. Ең басты негізгі саты болып саналады, себебі пломбаны түбір өзегінің шыңындағы нүктесіне (санылауына) жеткізіп салу емнің сапалы жасалуына ықпалын тигізеді.
1.1.5.) Ұлпа кешеніне анықтама
Тіс ұлпасы (пульпа зуба - pulpa dentis) тiс куысында (полость зуба - cabum dentis) орналасқан және екі бөліктен тұрады (1-сурет): сауыт ұлпасы (коронковая пульпа - pulpa coronalis), түбiр ұлпасы (корневая пульпа - pulpa radicis). Көптүбiрлi тiстерде түбiр ұлпасы мен сауыт ұлпасынын арасында өте анық анатомиялык шекара бар. Ол шекара - өзек сагалары (устья каналов) болып табылады.
Тістің түбірі ұшында тесiк орналасқан (верхушечное отверстие - foramen apicalis). Тiс толық қалыптасқаннан кейін бұл анатомиялык тесiк физиологиялык тесікке айналады. Түбір ұшында цементтің қалыптасуына байланысты жана анатомиялык тесік пайда болады және физиологиялық тесіктен түбір ұшына қарай алшақтай береді және осы екі тесік арасында қалыңдығы 0,8-1,5 мм негiзi цементтен тұратын аймақ қалыптасады.
Сауыт ұлпасы сауыт куысының күмбездері астында шайнау және тiстеу қыры төмпешіктеріне сай шығынкы ошақтар құрай орналасады. Ұлпаның әрбір шығыңқы аймағын ұлпа мүйiзшесi (рог пульпы - cornu pulpae) деп атайды. Дер кезінде емделмеген тісжегі үрдiсi кешікпей ұлпа қабынуымен асқынады.
Тіс ұлпасы немесе тiстiн жұмсақ тіні эмбриональды типті күрделі дәнекертінді шағын ағза, жасушалық (клеткалық) құрылымдарға, қантамырларына, нерв талшықтарына және рецепторлык аппараттарға бай. Бұлардың барлығы ұлпанын кызметiн және өміршеңдігін қамтамасыз етеді. Тіс ұлпасы тіс куысын толығымен толтырып, тубiр ұшы тесігі аймағында периодонт тініне ауысады. Ұлпаның жалпы көрiнiсi тістің пішінін және сыртқы рельефін қайталайды. Тістің сауыт қуысында орналасқан ұлпанын белiгi сауыт ұлпасы, түбір өзектерiнде жатқан бөлiгi түбiр ұлпасы деп аталады. Бұл атаулар тек анатомиялық бөлшектеуді көрсетпейдi, сауыт және түбір ұлпасынын орналасу ерекшелiктерiне, пiшiндерiне, құрылымдарының және қызметтерiнiң әртүрлілігіне негiзделе отырып берілген. Бұл ерекшеліктер көптүбiрлi тiстерде өте анық көрініс тапқан және олардың анатомиялық шекарасы түбірлер өзектерінің сағалары (устья) болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |