1.2.13 Эндодонтиялық ем кезінде болатын асқынулар мен қателіктер.
Эндодонтиялық ем кезіндегі қателіктер.
Түбір өзектердің күрделі анатомиялық құрылысына байланысты қателіктер:
40% - төменгі күрек тістерде 2 түбір өзек болады;
58% - жоғарғы жақтың екінші премолярында 2 түбір өзек болады;
31% - төменгі жақтың бірінші премолярында 2 түбір болады;
20% - алдыңғы тістердің негізгі түбір өзегінен жанама өзектер бұтақтанады.
Статистика бойынша:
Эндодонтиялық емдеудің негізгі қателігі– түбір өзектерінде бактериялардың толық жойылмауы (76%).
Емдеуге деген дұрыс емес көрсетілімдер (22%).
Рентгенографияны жүргізбеу.
4 пен 10 жас аралығында 10% -эндодонтиялық емделген тістер хирургиялық кірісуді талап етеді.
Тіс сауытын ашу кезіндегі асқынулар:
Тіс жегі қуысының қабырғасының сынып кетуі.
Себебі – бордың дұрыс емес бағдарлануы, оған қатты қысым көрсету.
Емдеу –қабырғаны композитпен немесе стеклоиономермен қалпына келтіру (реставрациялау).
Тіс қуысының сауыт бөлігінің қабырғасының немесе түбінің перфорациясы.
Себебі – тіс қуысының топографиялық анатомиясын еске алмай өңдеу.
Емдеу – перфорациялық тесікті ШИЦ-пен бітеу.
Түбір өзегін өңдеу кезіндегі қателіктер
Түбір өзектің формасын өзгертпей, оны тым кеңейту.
Белгілері – үлкен диаметрлі саймандардың өзекте бос жүруі.
Профилактикасы – өзектің өңдеуден кейінгі диаметрін еске ала отырып, оны 2-3 размерге үлкейту. Түбірдің майысқан жерлеріндегі өзектердің тым кенеюі.
Белгісі – саймандардың өзекте тым бос жүруі.
Себебі – түбір өзекте майыспайтын немесе аз майысатын саймандармен жұмыс істеу.
Тамыр қабырғасының латеральді перфорациясы.
Белгісі – дұрыс емес жолға барғанда ауру сезімінің пайда болуы және түбір өзегінен қан ағу.
Себебі – ұшы өткір құралды, оны майыстырмай қолдану
Емдеу – дұрыс емес жолды пломбылық материалмен обтурациялау (мысалы, Pro Root).
2.2.1. Түбір өзегін медикаметозды емдеу.
Қазіргі таңда түбір өзектерін өңдеуге арналған препараттардың сан алуан түрлері бар. Олар қасиеттері жағынан, құрамы жағынан,әсер ету спектрі жағынан ерекшелінеді. Олар спецификалық емес, спецификалық және арнайы комплексондар болып бөлінеді.Медикаментозды өңдеудегі препараттар келесі талаптарға сай болуы керек: Бактеридцидті қасиеті болу керекАпикальді тінге зиянды болмау керекСенсибилиздеуші әсер көрсетпеуі және тұрақты штамды микроорганизмдердің пайда болуына қарсы әсерінің болуыТез әсер беруі және дентинді өзекке тереңірек кіруіОрганикалық заттың болуында өзінің эффективтілігін жоғалтпау керекМүмкінділігінше нашар иісі және дәмі болмау керекХимиялық тұрақты және өзінің белсенділігін ұзақ уақыт сақтауы қажет.Түбір өзектерін өңдеуге арналған медикаментозды заттардың жіктелуі. Спецификалық емес.
Достарыңызбен бөлісу: |