Бул ұлпа мен периодонт кабынуы кезіндегі жергілікті патологиялық үрдіске ұшырайтын тіндердің жиынтығы. Дәлелдеп айтқанда ол ұлпа және қуыс қабырғасын құрайтын дентин


Түбір өзектерін кеңейтудің химиялық , физикалық әдістері



бет38/90
Дата25.12.2023
өлшемі0.77 Mb.
#487940
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   90
эндо

2.2.11 Түбір өзектерін кеңейтудің химиялық , физикалық әдістері.
Түбір өзектерін тек қана эндодонтиялық инструменттердің көмегімен кеңейту мүмкін емес. Әсіресе жіңішке каналдарда қиынға соғады. Сол себепті бұл жағдайда химиялық препараттар қолданады. Олар түбір өзегіне енген соң декальцинация үрдісі және қабырғалық(пристеночный) дентиннің жұмсаруы жүреді.
Түбір өзегін химиялық кеңейту үшін комплексондар және хелатты заттар қолданылады. Олар дентиннің минералды компоненттерімен байланысып, жұмсартады, борпылдақ структураға айналдырады. Комплексондардың токсикалық әсері жоқ, қолдануы оңай, ұзақ уақыт белсенділігін сақтап тұрады
Түбір каналын химиялық кеңейтуге арналған препараттар:
сұйықтықтар гельдер
Қазіргі уақытта практикада 10-20% этилендиаминтетрацетаттың (ЭДТА) бейтарап немесе әлсіз сілтілі ерітінділері және оның тұздары: динатрий қышқылы(трилон Б) және тетацин-кальций-динатрий қышқылы жиі қолданыста. Бұл препараттар дайын күйінде шығарылады және қосымша құрамында антисептиктер, стабилизаторлар және т.б. компоненттер болады.
Бұл препараттар барлық, тіпті жіңішке түбір каналдарына жақсы енеді және сумен шайылады. Қышқыл ортада белсенділігі жоғары, сол себепті қолданар алдында түбір каналын бейтараптау қажет: пульпа қалдықтарын және сілтілі өнімдерді(натрий гипохлориді) толықтай алып тастау. Осы препараттарды гидрофобты заттармен қосуға болмайды, себебі қасиеті төмендейді

  • тіс қуысын кептіру

  • пипетка немесе пинцет(щёчек) көмегімен өзек сағасына препарат ерітіндісін жағады және 2-3 мин К-файл немесе К-ример көмегімен каналға енгізеді.

  • кейін түбір өзегін эндодонтиялық инструменттер көмегімен механикалық кеңейтеді

Химиялық және механикалық өңдеуді кезекпен жүргізеді.

Түбір өзектерін физикалық әдіспен өңдеу Соңғы жылдары стоматологияда жаңа қатардағы физикалық факторлар мен технология кеңінен қолданылуда. Түбір өзектерді өңдеу үшін құрал – саймандар Canal Leader жүйесі бойнша жұмыс ұштықтар: Canal Leader T-1 “Титан” және Canal Leader 2000. Бұл ұштықтар сағат тілі бойынша және сағат тіліне қарсы 90 градусқа дейін қайтатын жіберілетін қозғалумен 0, 4 – 0, 8 мм амплитудамен тігінен қозғалуды қамтамасыз етеді.
Түбірлік өзекті өңдеу үшін вибрациялық және ультрабыбыстық түріне арналған ұштықтар жатады. Түбірлік өзектерді өңдеуге арналған дыбысты теңселістерді генерациялайтын жүйелерге Sonic air және 1500 Micro Mega, Endostar жүйелері жатады. •
Ультрадыбыстық теңселістер 2 әдіспен жүргізіледі:
магнитострикционды және пьезоэлектрлік. Бірінші әдісте тұрақты сулық суыту ирригатор қажет. Екінші әдіс қарапайымырақ және суытуды қажет етпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет